Репродуктивті (жоспарлы) сұрақтар – бұл сұрақтар жеңіл, түсінікті болып келеді және жәй қана «Иә», «Жоқ» деген жауапты талап етеді. Мысалы, Ойыншықты алғың келе ме? – Иә. Бұл кім? – Бұл әке. Бұл не? –Бұл доп.
Не істеді? – Ойнады! -деген сияқты сұрақтар.
Ізденуші (зерттеу) сұрақтары. Олар кішкене күрделі және құрылымы толық сөйлеммен жауап беруді талап етеді. Мұндай сұрақтарға жауап беру сөйлемнің бастапқы сөзінен басталады. Мысалы: Мысық қайда ұйықтап жатыр? – Мысық үстелдің үстінде ұйықтап жатыр. Балалар қайда барады? –Балалар мектепке барады!
Мәселелі сұрақтар– бұл сұрақтар мәселелі Неге? Не үшін? деген сөздерден басталады. Сұрақтар құрылымы бойынша күрделі және ойландыратын, ойды қозғайтын жауап беруді талап етеді. Бала жауап беру кезінде себеп салдарын анықтай отырып, логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Ерте жастаға баланың сөйлеу тілін дамыту мақсатында қолданылатын ойын түрлері мен жұмыстары: -балаларға арналған өлең-шумақтар, тақпақтар, желілі-рөлді ойындар, дыбысты еліктеу арқылы айту ойыны.Бұл ойындар мен жұмыстарды орындау барысында ересектердің сөйлеу тілі, балаға сөзді қимыл-қозғалыс негізінде қабылдап, оны қайталап айтып, сөзді естуімен ерекшеленеді.
-Желілі-рөлді, қимылды-бейнелі ойындарды ойнау барысында,баланың ересектермен эмоционалдық байланысы орнайды. Ойынды ойнау барысында бала ойынды өзі, өз еркімен ойнауды бастайды.
-Дыбысты еліктеу арқылы қайталап айту ойындарында баланың фонематикалық есту қабілеті дамып,белгілі бір дыбысты анық айтуға дайындайды.
-Желілі-рөлді ойыншықтармен, белгілі кейіпкерлері бар ойыншықтармен ойнау баланың диалог құруына және сөздік қорының молаюына әсер етеді.
-Әдебиеттік шығармаларды оқу және ертегі айту,әңгіме, тақпақтар, жырларды, тарихи оқиғаларды айту.
-Балалар әдебиетінің иллюстративті (мазмұнды) суреттерінің құрылымын қарау, талқылау.
-Заттық және мазмұндық суреттермен ойын сабақтарын жүргізу.
-Суреттерді ересектермен қарау барысында балалар, сурет мазмұнымен киіпкерлердің атауымен танысып, қайталап айтып еске түсіреді.