Ж.И.Намазбаева 80-шы жылдары психология саласында психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нақты М.Ш.Адилова кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың психомоторикалық ерекшеліктерін зерттеген, бұл еңбектің психомоториканы дамыту мен түзету теориясы мен тәжірибесіне практикалық маңызы зор болды.
Л.О.Сарсенбаева көмекші мектеп оқушыларының тұлғалық бағытын қарастырса, Л.Х.Макина ақыл-ойы кемтар балалардың тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу жұмысын жүргізген.
XXI ғысырдың басында елімізде кемтар (ЕБҚЕ) балалардың саңы өсіп, мамандарды сол себептен туындаған мәселерге көңіл аударуға мәжбүр етті. ЕБҚЕ балалардың барлығына арнайы білім беру, түзету-педагогикалық қолдау өзекті проблемалардың бірі. Бұл күрделі жағдайдын жолын табу бағытында, Р.А. Сүлейменова ғылыми жүмысын арнайы білім берудгі әлі зерттелмеген мәселеге арнаған. Бүл еңбектің нэтижесінде 2001 жылы ЕБҚЕ балаларға ерте жастан түзету-педагогикалық көмек көрсету жүйесімен оның моделі әзірленген. Аталмыш жүмысында ерте жастағы балалардың психофизиологиялық ауыткушылықтарын скринингтен өткізу технологиясы мен әдіснамалық негіздері дэлелденген. Р.А. Сүлейменованың жетекшілігмен қазіргі арнайы білім берудегі ғылыми зерттеулер белсенді атқарылып жатыр.
2002 жылы А.Қ. Ерсарина ЕБҚЕ балапарды ерте жастан анықтау, кеңес берудің психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналасып, қажетті әдістемелік нүсқау, кұралдарды мамандарға ұсынған. Сонымен бірге, ЕБҚЕ балаларға ерте жастан көмек көрсету саласындағы А.Қ. Жалмухамедованың мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан білім беруге қосудың ұйымдастырушы-әдістемелік негіздерін анықтаған, зерттеген еңбегін айту қажет.
Қазақстан дефектологтары кемтар балалардың тілді меңгеру мәселесін зерттеп бұл салада да құнды еңбектер жазды. Атап айтқанда, Бектаева К.Ж., Өмірбекова Қ.Қ көмекші мектеп оқушыларын тілге оқыту әдістемесі бойынша мазмұндама және шығармалар жазуға үйрету жұмыстарымен толықтырған. Ал математика әдістемесі бойынша Р.А.Сүлейменова ақыл-ойы кемтар балалардың емеп шығарудағы қиындықтарының ерекшеліктерін зерттеуі мен И.Е.Терехованың көмекші мектепте ондық бөлшектерге оқыту туралы ғылыми жұмыстары өзектілігімен ерекшеленген. Арнайы мектептің негізгі міндеті түлектерін әлеуметтік бейімдеу жұмысын әзірлеу үшін А.Қ.Рсалдинованың ақыл-ойы кемтар балалардың стандартты нұсқау бойынша жұмыс жасауға үйрету аса маңызды, бағалы еңбек.