Арнайы білім беру



бет3/5
Дата08.12.2022
өлшемі3,2 Mb.
#55805
1   2   3   4   5
Р.А.Сулейменова
Қазақстан дефектологтары кемтар балалардың тілдік оқу мәселесін зерттеп, бұл салада құнды еңбектермен танымал. Соның бірі Өмірбекова Қ.Қ. «Көмекші мектеп оқушыларының жазуындағы қателерінің түрлері» атты жұмысында мектепке дейінгі жастағы қазақ тілді балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізді. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілді ЕБҚЕ балалардың сөйлеу тілінде көптеген кемшіліктер, қателіктер кездесетінін анықтады. Ол кемшіліктер сөйлеу тілінің құрылымдық компоненттерінің барлығына қатысты, атап айтсақ: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жағы. Сөйлеу тілі дамымаған қазақ тілді балалардың дыбыс айтуын тексеру барысында көбінесе ызың, ысқырық дыбыстардың жиі бұзылатыны байқалады. Қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде: ң, қ, ү, ұ фонемаларын алмастыру, шатастыру жиі кездеседі. Сонымен қатар балалардың фонематикалық қабылдау деңгейі өте төмен екені, ал дыбыстық талдау дағдыларының қалыптаспағанын анықтаған және көмекші мектеп оқушыларын тілге оқыту әдістемесінде мазмұндама және шығармалар жазуға үйрету жұмыстарымен толықтырған.
Арнайы білім беру жүйесінің дамуы туралы ғылыми еңбектер Г.М.Коржова мен А.Қ.Сатованың диссертацияларында көрініс алады. Нақты Г.М.Коржова кемтар балаларды еңбекке баулу жүйесінің даму тарихын анықтаған, ал А.Қ.Сатова дефектолог кадрларын даярлау жүйесінің қалыптасу мен жетілдіру мәселелерін зерттеген. Арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы үшін бұл жұмыстар аса маңызды.
2002 жылы А.К.Ерсарина дамуында ауытқушылықтары бар балаларды ерте жастан анықтау, кеңес берудің психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысып, қажетті әдістемелік нұсқау, құралдарды мамандарға ұсынған. Сонымен бірге, ЕБҚЕ балаларға ерте жастан көмек көрсету саласындағы А.Д.Жалмұхамедованың мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан білім беруге баулудың, ұйымдастырушы-әдістемелік негіздерін қарастырған еңбегінің мәні зор.
Еліміздегі ЕБҚЕ балаларды ерте жастан коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету жүйесін әзірлеген қазақстандық ғалым Р.А.Сүлейменованы атауға болады. Оның зерттеуі қазіргі таңда бес деңгей бойынша жүзеге асырылуда:
1) Сәбилердің психикалық және дене дамуын жаппай тексеру. Ерте жастан көмекті көрсетуді іске асыру үшін жаппай тексеруді (скринингті) перзентханалар мен емханаларда жүргізілуі тиіс. Скрининг – «қатер» тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.
2) Скрининг нәтижесінде анықталған «қатер» тобындағы балаларды ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді.
3) Арнайы бала-бақшаларды жалпы үлгідегі бала-бақшалардың арнайы топтарында алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелердің түзету кабинеттерінде оңалту аймақтарында іске асырылатын түзетушілік жұмыс
4) Ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Бұл жұмыс барысында барлық мәліметтерді жүйелеп, компьютерге енгізу және ғылыми зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыру нәтижелері бойынша нұсқауларды дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет