Сонымен қатар форма бетіне MainMenu1 компонентін орнатып, MainMenu1>Items командасын орындап меню бөлімдерін енгіземіз және де баспаға шығару үшін PrintDialog компонентін орнатып, Баспа-ға келесі кодты енгіземіз:
PrintDialog1.Execute; //баспаға шығару
2.2.2-сурет.
Бізге енді тізім бойынша іздеу қажет болады. Формаға Panel1, Label1, Edit1 компоненттерін қоямыз. Panel>Align>alTop командасы орындаймыз, бұл мәзір мен деректер қатарын бөліп тұру үшін қажет.
Компонент
Caption
Panel1 Label1 Edit1
Бос
Іздеу
Бос
Тізімнен іздеу үшін Edit1 компонентіне келесі код енгіземіз:
procedure TForm2.Edit1Change(Sender: TObject);
var help1, help2:string;
begin
help1:='%'+Form2.Edit1.Text+'%';
help2:=QuotedStr(help1);
with Form2.ADOQuery1 do
begin
Close;
SQL.Clear;
SQL.Add('select * from Тауар where Тауараты like'+help2+' or Багасы+help2+'or Материал like'+help2+'or Бренды like'+help2+' order by
Тауараты);
Open;
end;
end;
2.2.3-сурет.
Ендігі кезекте тізімді өзгертуге арналған жаңа форма құрамыз Form3. Формаға 7-Label, 7-DBEdit компоненттерін, 2-Button және Image-ді енгіземіз. DBEdit компонентін деректер қорымен байланыстыру үшін DataSource→Form2.DataSource1, DataField→Fam командасын орындаймыз. Басқа DBEdit компоненттерін осылай өңдейміз.
2.2.4-сурет.
Қосымша бетті сәндеу мақсатында Image→Picture, пайда болған Load Picture терезесінде Load арқылы суретті таңдап алып ОК батырмасын басамыз. Суреттің өлшемі дұрыс болу үшін Stretch қасиетін True-ге өзгертеміз
2.2.5-сурет.
2.2.6-сурет.
Жазбаны жою үшін оған арнайы хабарлама түрінде форма бетін жасаймыз. Жаңа Form5 бетін құрып, онда Label және 2-Button компоненттерін орнатамыз