Ағымдық бақылау: тест сұрақтары, жазбаша/ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тәжірибелік тапсырманы орындау нәтижелерін тексеру, кіші топпен жұмыс кезінде топтық және өзіндік бағалау, SAQ (клиникалық есеп)
Аралық бақылау 1 «Неврология» немесе «Психиатрия, наркология» пәндерінің (кестеге сәйкес) ағымдық баға балының 30%-нан, БӨЖ тапсырмасы (студенттің жеке БӨЖ журналы бойынша жинаған ұпайы) балының 20%-нан, MСQ немесе LEQ -25%, SAS- 25%-нан құралады.
Аралық бақылау 2 «Неврология» немесе «Психиатрия, наркология» пәндерінің (кестеге сәйкес) ағымдық баға балының 30%-нан, БӨЖ тапсырмасы (студенттің жеке БӨЖ журналы бойынша жинаған ұпайы) балының 20%-нан, MСQ немесе LEQ -25%, SAS- 25%-нан құралады.
Қорытынды бақылау (суммативті) емтихан – барлық модульдер аяқталғаннан кейін жүргізіледі және екі кезеңде: MCQ және OSCE (практикалық дағдыларды қабылдау) түрінде өткізіледі.
Білім мен тәжірибелік дағдыларды бағалау шкаласы
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдардың сандық эквиваленті
|
%
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Д+
|
1,33
|
55-59
|
Д
|
1,0
|
50-54
|
Fх
|
0
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
Қорытынды бағаның аралық бақылау - 60%, емтихан – 40% құрайды.
Бағалау критерилері
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Білімін бағалаудың белгілері
|
Өте жақсы
А 4.00 95-100
А- 3,67 90-94
|
1.Барлық теориялық сұрақтарға және тапсырмаларға материал негізінде дұрыс және толық жауап құрастыра білуі; мысалдар мен дәлелдер келтіріп жауап беруі;
2.Практикалық есептер толық шығарылған;
3.Бағдарламаның талаптарына сәйкес жауаптың толық мазмұнының берілуі. Жауап мазмұнының тізбекті берілуі;
4.Берілген уақыт ішінде білім алушы тапсырмаға сәйкес шығармашылық қабілетін толық және жан-жақты шығармашылық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетуі;
5.Жобаның ерекшелілігі, жүйелі құрылуы, баяндау шеберлігін (кқрнекі құралдармен) қолданып, өз ойын қорытындылай толық дәлелдей алуы;
6.Барлық негізі және қосымша тапсырмаларға сәйкес кәсіби тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларды жоғары деңгейде көрсетуі.
|
Жақсы
В+ 3,33 85-89
В 3,00 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-4
|
1.Теориялық сұрақтарға жауап дұрыс, бірақ толық емес, кейбір маңызды емес қателіктер мен ауытқулар бар;
2.Практикалық есептер шығарылған, бірақ біршама қателіктер бар;
3.Білімгер тұжырымдама жасауда дәлсіздіктер, кішігірім қателіктер, материалдың қисынды және тізбекті түрде беруі, жауабын нақты мысалдармен дәлелдеуі.
4.Берілген уақыт ішінде білім алушы тапсырмаға сәйкес шығармашылық қабілеттілігін жақсы дәрежеде және дағдыларын жақсы деңгейде көрсетуі;
5.Кәсіби теориялық және практикалық білімін жобаны дәлелдеуде ұштастыра білуі; жаңа технологияларды пайдалана отырып жобаны қорғауы;
6.Тапсырмаға сәйкес кәсіби тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларды жақсы деңгейде көрсетуі
|
Қанағаттанарлық
С 2,00 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,00 50-54
|
1.Теориялық сұрақтарға берген жауаптары жалпы дұрыс, бірақ толық емес, сипаттамада және логикада қателер жіберілген;
2.Практикалық есептер шығарылған, бірақ толық емес, әлі қателер орын алған;
3.Жауап беру кезінде логика мен бірізділік сақталмайды. Ұымдарды түсіндіру, терминдерді қолдануда қателіктер жіберуі;
4.Білім алушы тапсырма орындауда біршама қателіктер жіберген, берілген уақыттан кешіктіруі;
5.Жобаға қойылатын талаптар сақталып, толық көлемде ұқыпты құрастырылып, эстетикалық талаптарға сай, алайда бірнеше қателіктермен орындалуы
6.Орындалатын жұмыс мақсатының болуы, тапсырманың жартысын орындауы.
|
Қанағаттанарлықсыз
FX 0,5 25-49
F 0 0-24
|
1.Теориялық сұрақтарға жауап қате;
2.Практикалық есептер шығарылмаған;
3.Жауапта грамматикалық, терминологиялық қателер бар, логикалық байланыс жоқ.
4.Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындай алмауы;
5.Уақытына сай жобаны өткізбеуі;
6.Барлық тапсырмаларды орындай алмады.
|
*ҚР МЖБС «ҚР білім жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы бақылау және бағалау» негізінде дайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |