Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет39/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

ав-автор-лар-лар. бас-бас-
пахана.
Мұндайдың көп қайталануын ақыл-есі кем балалардың күрделі 
құрамды сөздерді есте сақтау қабілетінің төмендігінен деп түсіндіруге 
болады, сондықтан да әлгіндей қайталаулардың болуы заңды. Сөздік 


қорларының төмендігі де баланың ой қорытып түсінуін және сөз бейнесін 
шапшаң қабылдауын тежейді. Ақыл-есі баяу балаларға тән шартты 
байланыстардың сылбырлығы қалыптасқан әдістермен жұмыс істеуді 
қиындатады. Оқушылар қысқа сөзді, сөйлемдерді оқып үйреніп қалады да, 
көп әріптен тұратын сөздер олар үшін жаңа қиындықтар туғызады. 
Н.К.Сорокинаның зерттеулерінде ақыл-есі кеш даму процестерінде ойлау 
және қабылдау буындары аналитикалық кезеңде бір-бірімен байланыссыз
жататындығын сондықтан сөздерді жиі қайталап, сол сөздердің мәнін 
түсіндіруге тырысу керектігін айтады. Сонымен, балалар оқығанда «сүйді» 
деген сөздің орнына «сүйеді» деп, «көрдім» деген сөздің орнына «көремін» 
деп, «ойлашы» деген сөздің орнына «ойлаңдаршы» деп, «жұмысшы» деген 
сөздің орнына «жұмысшылар» деп, т.б. оқиды. 
Оқушылардың барлық кезеңдегі оқу сатысында шатастыру мен мағына 
ауыстырудың кездесуі фонематикалық есту және артикуляциялық 
аппараттардың дұрыс дамып жетілмегендігінің салдары болуы мүмкін. 
Балалар былай оқиды: «қалқысыз» деген сөздің орнына «қалтқышы», 
«үйретемін» деген сөздің орнына «үйгететін», «ағаштан» деген сөздің 
орнына «ағастан»,т.б. 
Әріптердің орындарын ауыстырып, басқа әріптерді қосып оқудың бәрі 
жоғарыда айтылған сырқаттардың салдарынан деп түсіндіруге болады. 
Сыныпқа барғанда көптеген қателер түзеледі, бірақ қайталау мен 
әріптердің орнын ауыстыру есту қабілетінің дұрыс жетілмеуі әсерінен екенін 
айта кету керек. 
Ақыл-есі кем оқушылардың дұрыс оқуын жетілдіру үшін төмендегідей 
шарттарды сақтау керек: 
1.
Мұғалімнің бақылауымен күнделікті оқып жаттығуды ұйымдастырып 
отыру. Сабақтың 25-30 минутын тек оқуға бөлу. 
2.
Оқу кезінде қателердің алдын алып және уақытылы түзетіп отыру. 
Дұрыс оқуға мүмкіндік туғызатын арнаулы әдістерді ұсынамыз: 
1.
Сөз, әріп, дыбыстар талдауы. Сыныпта қиын сөздермен жұмыс істеу. 
Қиын сөздер буынға бөлініп оқылады, талданады, қиылған әріптерден сөздер 
құрастырылады. Сонан соң баяу ырғақпен оқылады. 
2.
Кестедегі қиын сөздер мен сөйлемдерді оқу. Оны оқушыларалдымен 
буынға бөліп содан соң бірге оқиды. 
3.
Тақтаға жазылған шағын мәтіндерді оқу. Мәтіндегі оқушылар жиі қате 
жіберетін сөздер іріктелініп жазылады: дауыссыз дыбыстардан жасалған 
сөздер, жуан, жіңішке белгілері бар, құрамында «е», «я», «ю» әріптері бар, 
тағы басқа сөздер. 


4.
Оқушылардың мәтін ішінен өзі таңдап алған қиын сөздерді мұғалімнің 
көмегімен оқуы. 
5.
Сөздердің мәнін уақытылы түсіндіріп отыру. 
6.
Әңгіменің қиын бөлігін сынып болып хормен әндетіп оқу. Осы оқылған 
мәтінді нашар оқитын оқушыларға қайта оқыту. 
7.
Оқу кезінде көрсеткіш пайдалану. Көрсеткіш кітап беттерінде жұмыс 
істеуді жеңілдетеді, сөзді толық және дұрыс көріп, қадағалап қабылдауына, 
көру қабілеті төмен және тыныш отырып тыңдай алмайтын балалардың дәл 
көріп, дұрыс қабылдауына жағдай жасайды. 
8.
Мәтінді жеке-жеке бөліп бергенде, әр оқушының мүмкіндігі мен 
қабілет дәрежесін ескеру керек. 
9.
Жеке сөздердің дұрыс оқылуын ұжым болып талқылау. Барлық оқушы 
басқа бала оқып тұрғанда өз кітабынан қарап, бірге ілесіп отырады. Белгілі 
бір бөлімді оқып біткен соң әр оқушының жіберген қатесін тіркеп отырады, 
тек қате сөз мағынасын бұзып жібергенде ғана оқушыны тоқтатып, қатесін 
түзейді. Мұғалім тақтаға жазып, көрсеткіш көмегімен сөзді буынға бөліп 
оқытады. Кейде қатені түзетуге оқушыларды да қатыстырады. Сөйлемнің 
мағынасын бұзбаса да сөздің оқылу процесін тежеп, қиындық туғызған 
сөздерді де мұғалім тақтаға жазып, бұл сөзді де буын-буынға бөліп оқуын 
талап етеді. 
10.
Дауыстап, жаппай оқу дегеніміз – барлық оқушылар бірден өз 
беттерімен, жолдастарына бөгет жасамай жартылай дауыстап оқиды. 
11.
Әрқайсысы өз жылдамдығымен, біреу жылдамырақ, біразы баяу. 
Мұндай жаттығу оқуы 
5 минутқа созылады. 
12.
Әр сабақта 5минуттық оқу. Әр сабақта, мейлі ол әдебиеттік оқу 
сабағы, ән сабағы, сурет, математика сабақтары болсын балалар сабақ 
басталарда 5 минут шуылдап оқып, сонан соң кітапты жабады, әрі қарай 
кәдімгі сабақ басталады. 
Жылдам оқу дағдысын дамытудың алғы шарттары: 
1.
Бала көп оқуы керек. Оқушылардың өз бетінше оқуына сабақтың 25-30 
минуты бөлінеді. Бұл кезде барлық балалардың оқуға қатысуын қадағалап 
отырудың маңызы зор. Нашар оқитындар қайта-қайта қайталап, 
қасындағыларын шаршатуы мүмкін, сондықтан оларды оңаша алып, аз-аздап 
оқыту керек. 
2.
Бір мәтін сабақ үстінде бірнеше рет қайталанып оқылуы керек. Бұл 
жұмыс шығармашылық ізденіспен жүргізілсін. Мәтіннің мағынасын
түсінбестен зуылдатып оқи беруден сақтандыру керек. Мұндай тәсіл 


оқушыларды сабақтан жалықтырып жібереді, материалға қызығушылығын 
төмендетіп, оқуға ынтасын кемітіп, селқос етіп жіберуі мүмкін. 
Қайта оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін төмендегідей нұсқау 
әдістерді ұсынуға болады. 
а) мәтінің оқылған жолдары бойынша сұраққа жауап беру; 
ә) мұғалім түзеткеннен кейін жіберген қатені түзетіп, қайталап оқу; 
б) мазмұнын талдау кезінде мәтіннің керек жерлерін тауып, қайталап оқу; 
3. Тез оқуды дамытуда оқушылардың мәтіннің мазмұнын алдын ала 
білуінің зор маңызы бар, мысалы, мұғалім: «Қазір біз ақ тиіннің қысқа қалай 
дайындалатыны туралы оқимыз» немесе «Ал қазір балық пен бақаның қысқа 
қалай дайындалатыны туралы оқимыз», - дейді. 
4. Мұғалім оқылатын мәтінде кездесетін қиын сөздерді алдын ала тақтаға 
жазып, балаларға дауыстап оқыңдар деп тапсырма береді. Осындай 
дайындық жұмысынан кейін, оларға мәтінді оқуқиын болмады және жылдам 
оқитындар саны көбейеді. 
5. Жылдам оқуға жаттығу үшін бір әріпте ғана айырмасы бар кестені 
пайдалануға болады: мал-мол, шыбын-шығын, мысық-пысық. Бірте –бірте 
бұл сөздердің оқылу қарқыны арта түседі. Содан соң жаңа кесте ілінеді. 
Онымен де осындай жұмыс жүргізледі. 
6. Мәтінмен әр түрлі әдістерді пайдаланып жұмыс жүргізу жылдам оқуды 
тез қалыптастыруға көмектеседі. Бір сабақта оқушылар мәтінді оқып, 
мазмұны, лексикасы, сөз тіркестері жағынан толық талдайды. Келесі сабақта, 
егер мәтін жеңіл әрі қызық болса, талдау жасамай-ақ мәтіннің жалпы 
мағынасы және оқиғалардың реті мен мазмұнын меңгеруге жеткілікті. 
Енді жылдам оқуға үйретудің кейбір ерекшеліктеріне тоқталайық. 7-
сыныпқа барғанда күшті топтарда жылдам оқи алу ерекше байқала түседі. 
Жасына қарай жіктеп, топтау әдісінің зерттеу нәтижесі осыны көрсетеді. 
Қабылдау формаларының толық қалыптасу ретінде орай, осы топтағы 
балалардың бір минутта оқи алатын әріптерінің саны 7-18 пайызға дейін 
өседі. Жалпы алғанда, оқуда синтетикалық қабылдау кезеңінің қалыптасуы 3-
сынып оқушыларына қарағанда, жоғары сыныптарда өзгеріссіз болады. 
Оқушыларды оқуға жаттықтыру техникасы әлсіз болған сайын қабылдаудың 
өзіндік ерекшелігі көбірек болады. 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың синтетикалық қабылдау жылдамдығы 
бағаналар бойынша, бұрынғы кезеңмен салыстырғанда өсе береді. Егер 
екінші (аналитикалық буын) кезеңде ақыл-есі кем дамыған 3-сынып 
оқушыларының жылдам оқу екпіні қабылдау қабілетінің төмендігіне, яғни 
өздерінің даму ерекшелігіне сай болса, бұл кезеңде жылдам оқу екпінінің 


нашар қалыптасу себебі оқушылардың (сөз тіркесіндегі) сөздерді баяу 
синтездеуінен деп түсіндіруге болады. Сонымен, оқушының оқу техникасы 
неғұрлым нашар болса, орын ауыстыру, басқа әріп қосу, мағынасы, 
құрылысы күрделі сөздерді оқуда қателер де солғұрлым көп болады. 
Мәтіннің мазмұнының құрылысын бұзып, бұрмалап оқу онша көп 
байқалмайды. Мұндай ақаулар көбіне көру қабілетінің төмендігінен болады 
да, қайталау, екпін, оқылу кезіндегі кеткен кемшіліктерге жатқызылады. 
Қателер мәтінге кіретін сөз мәнінің қиындық туғызуынан, сөз 
құрылысындағы сөздік құрылымның күрделілігінен деп түсіндірілуі қажет. 
Мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу техникасын үйретудегі кеткен 
қателерді қайталап отыру кейін басқа да ол қылықтарды болдырмауға 
көмектеседі. Екінші (аналитикалық буын) кезеңде әріптерді ауыстырып оқу, 
қайталай беру кенет көбейіп кетсе, ал үшінші (синтетикалық) кезеңде 
баяулық, көңіл қоймау жағдайлары секілді қателердің азайғанын байқаймыз. 
Оның негізгі себебі – буынға бөліп оқуды, сөздерді, сөз тіркестерін көп рет 
қайталау нәтижесі. Әдебиеттік оқуды қайталай балалардың жылдам оқуға 
ынтасын арттырумен бірге, мәтіндегі жекеленген мәнді мазмұн өлшемдерді 
түсінудегі жетіспеушіліктерді толықтырады. Ақыл-есі жетілмеген балаларды 
синтетикалық әдіспен оқытқанда, олар негізгі басқыштарда мәтіннің 
мзмұнын жасырып тұрған сөздерді жобалап оқи салуды үйрене бастайды. 
Мысалы: «Ол ағаштан қағаз жасап шығарды»,- дегенді оқушы «Фабрика ол 
ағаштан қағаз жасайды»,-деп оқиды. 
Мұндай ауыстыру берілген мәтіннің мазмұнын, мағынасын бұзбайды. 
Шамасы, жасырын сөзді ойлап табу сөйлемдегі жеке сөздердің мазмұнын 
дұрыс қабылдаудан туады. Мынадай сөз тіркесін қарастырайық: «Балаларға 
ата-бабаларының қалай өмір сүргенін, қандай өсиет қалдырғанын айтып 
беремін», - дегенді оқушы былай оқиды: «Балалаларға ата-бабаларға қалай 
өмір сүргенін, қандай өсиет қалдырғанын айтып беремін». Мұндай сөйлемді 
екі жерде ауыстыру бар. Екеуі де синтетикалық оқыту кезеңіндегі қалыптасу 
процесіне тән. Бірінші жағдайда «ата-бабаларының» деген сөз «ата-
бабаларға» деген сөзбен ауысуын қалыптасып кеткен, мән бермеушілік 
қатесіне жатқызуға болады, бірінші сөз «балаларға» - шешуші әсер етуші сөз, 
«бабаларға» сөзі «ата-бабаларының» деген ойлы жорамал сөзбен ауысқан. 
Айта кету керек, мұндай жорамал сөздер жоғары сынып оқушыларына ғна 
тән, дегенмен кейбір жеке оқушыларда тез оқу екпіні жақсы 
қалыптасқандықтан, олар оқып отырған мәтінің мазмұн-мағынасын түсініп, 
қадағалап отырады. 


Сонымен ақыл-есі кем балалардың жылдам оқи алуын қалыптастыру 
процесінде көбіне саналық жағынан өзгерту тенденциясы көп байқалады 
екен. Әр басқыштан өткен сайын көзбен көру, құлақпен есту 
анализаторының оқу кезеңінде бақылауы күшейе түседі. Ауыстырымдылық 
қатесі, заңды түрде, күшті және орташа топтарда өз-өзінен түзеліп кетеді. 
Ақыл-есі кеш қалған балалар тез оқимын деп оқып отырған материалының 
мазмұнын түсіне алмай қалады. Сондықтан олар қайталап оқып, өз 
ырғағымен, өзінің тез оқығанда түсінбей қалған жерлерін түсіне алатындай 
екпінмен қайта оқуына тура келеді. 
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 3-сыныптан 7-сыныпқа дейін мектеп 
оқушылары оқу техникасын өте баяу меңгереді. Ақыл-есі кеш дамыған 
балалардың тез оқу әдісін бәрінде бірдей дәрежеде қалыптастыру ешқашан 
да болған емес.
 
Жетінші сыныптарда күшті топтың оқушылары оқудың синтетикалық 
кезеңінде болса, орташа топтардың оқушылары синтетикалық және 
анлитикалық буындар кезеңдер аралығында, ал әлсіз топтағылар тек қана 
аналитикалық буын кезеңінде болады. 
Зерттеу жұмысына талдау жасау саналық оқу қателерді тауып, оларды 
формасы бойынша жіктеп, жүйеге келтіру негізінде жүргізілді. 2-5 және 7-
сынып оқушыларына «Кітап» деген мәтіннен «Қиқар ешкі» ертегісін бір 
оқыған соң, ауызша сұрақтар қойылды. Сұрақтардың кейбіреулері мәтін 
сөздерін сөзбе-сөз қайталап айтып шығуға талпындырса, басқаша жағдайда 
– балаларды өз бетінше сөздер тауып, мәтінің мазмұнын өз сөзімен баяндап 
шығуына ынталандырды. Талдау жасау кезінде мәтінді баяндаудың 
характері, яғни бет-бейнесі ашылып, идеяны баяндау жоспары жасалды. 
Балалардың берген жаубын талқылау олардың мәтінді қандай дәрежеде 
түсінгенін бағалауға мүмкіндік туғызды. 
Сонымен, берілген сұрақтардың бір бөлігі логикалық баяндау жоспарын 
қалай түсінгенін анықтауға құрылса, екінші бөлігі мақаланың идеясын және 
мазмұндық өлшемдердің күрделілігін қалай түсінгенін анықтауға арналды. 
Сұрақтардың бірінші тобына: 
1.
Кітапты не үшін бағалаймыз? 
2.
Неге біз кітаптарды ерекше күтіп сақтаймыз? 
3.
Кітап балаларды нелерге үйретеді? 
4.
Ол балаларға нені үйретеді? 
5.
Кітапты қалай жасайды? 
6.
Оны қалалар мен ауылдарға кімдер таратады? 


7.
Кітаппен қалай жұмыс істеуге болады?-деген тәрізді сұрақтар бар. 
Бірінші, үшінші және алтыншы сұрақтарға оқушылар толық өз ойларын 
айтып жауап берулері керек. Екінші сұрақа жауап бергенде, берілген мәтінге 
қорытынды жасатып, ал жетінші сұраққа оқушылардың өз сөздерімен жауап 
беруіне жағдай жасау дұрыс болады. 
2-топқа мынадай сұрақтар кірді: 
1.
Кітапты не үшін сақтау керек? 
2.
Сіз оған қалай қарайсыз? (Айтып беріңіз.) 
Мәтінді түсінудің негізгі нәтижелері мынадай: ақыл-есі кеш дамып келе 
жатқан үшінші сынып оқушыларының дұрыс шығарылған ой қорыту 
бірлігінің мөлшері – 20 пайыз, 5-сынып оқушыларында – 49 пайыз, 7-сынып 
оқушыларында – 54 пайыз . Мәтіннің ой қорыту бірлігін шығаруда ақыл-есі 
дамуы кеш қалған балалар әр түрлі кемшіліктер жіберіп қояды.(Сөйлем 
құрамынан жасалынған қорытынды.) «Балалар кітабы неге үйретеді?» деген 
сұраққа оқушылар былай жауап берді: «Бізде көп кітап бар, сурет қараймыз. 
Бізге кітап оқиды, ертектер айтады». Осыны олар: «Бізге білімді, өнерлі 
болуға үйретеді», - дегеннің орнына айтады. 
Осы үлгімен балалардың түсініктерін салыстыра отырып, біз бұдан 
оқушылар жаубының мәтін мазмұнына ешқандай қатысы жоқ екенін көреміз. 
Тек үшінші сынып оқушыларында ғана мәтінің мазмұнын өзгертетін 
жауаптар кездескен. Сонымен қатар 3-5-сынып оқушыларының кейьіреулері 
мәтінің сюжеттік бағытын өзгертпейтін түсініктер қолданған. «Кітаптар 
балаларға не туралы айтады?»деген сұрақа оқушылар былай жауап берген: 
«Кітаптар адамдар өмірі туралы, іс-әрекеті туралы, не үйренгені туралы 
айтады», «Кітаптар балаларға адамдардың өмірін айтады, қалай еңбек 
істегенін, көп әңгіме-ертектер айтады». «Кітаптарды қалай жасап 
шығарады?» - деген бесінші ой қорыту бірлігін енгізуде олардың біразында 
кескіндік қабылдау байқалды. Мұны кейбір оқушылардыңбар назарын оқу 
процесіне аударатынымен түсіндіруге болады, себебі оқу техникасы әлі 
жеткілікті біріктірілмеген. Қабылдаудың бөлшектенуі синтетикалық 
процестердің дамуын тоқтатады. Балалар оқыған дыбыс шығаруымен, 
мазмұнын ойламай-ақ қиындықты жеңгісі келеді. Көбіне үзік-үзік жауап 
беретін балалардың оқутехникасы төмен болады. Кейбір балалардың күрделі
мазмұндық бірліктерді бірінші, үшінші, төртінші және алтынша сұраққа 
жауап бергенде жағымды тенденциямен сөзбе-сөз беруі байқалады. Мысалы, 
«Адамға жақсы тұруды, бақытты өмір сүруді үйретеді». 
3.
«Кітаптардан балалар нені үйренеді?» - «Балаларды білімді, өнерлі 
болуға үйретеді». 


4.
«Олар балаларға не туралы әңгімелейді?» - «Балаларға біздің ата-
бабаларымыздың қандай өмір сүргенін айтып береді». 
5.
«Оларды қалалар мен ауылдарға кім таратады?» - «Жұмысшылар
машинамен, пойызбен кітаптарды таратады». 
Кейбір оқушылар мәтінді сөзбе-сөз айтуға оқталып, оның мазмұндық 
сұрағына көңіл бөлмей қалады: «Адамдар кітаптарды не үшін бағалайды?» - 
дегенге олар: «Бізде кітап көп. Біз оны оқимыз, сурет қараймыз. Біз көп сурет 
салдық. Мамаға сурет көрсетем». 
Бұл сұрақа жауап берген кезде қысқа мерзімдік есте сақтау қабілетінің 
кемшіліктері анық көрінеді, ал олар мәтінді логикалық сәйкестікте түсігуге 
кері әсер береді. Жетінші, сегізінші және тоғызыншы сұрақтардың мазмұны 
(олар 8-9 сұрақтардың екінші тобына жатады) балаларды қатты қиналдырған 
жоқ (көп оқушылар бір бірінің қайталайды), соған қарағанда, балалардың өз
тәжірбиелері олардың дұрыс жауап беруіне кері әсерін тигізді. 
Мәліметтерді жүйелеу бізді мынадай қорытындыға әкелді: 3-7 сыныпқа 
дейінгі аралықта оқылған мәтінің мазмұнын жүйелі түрде меңгеру байқалды. 
7-сыныпта мазмұндық бірліктер 54 пайызға өседі, жоғары сынып 
оқушыларында мәтінді үзік-үзік елестету 22 пайызға азайып және сөзбе-сөз 
берілудің жағымды тенденциясы аңғарылады (бұл 7-сынып оқушыларының 
кішігірім көлемдегі мақалаларына байланысты сияқты). Әрі қарай іздену, 
қосу жоқ, бұл ақпараттың және логикалық мазмұндама жоспардың толық 
игерілгенін көрсетеді. Алайда, балалардың дамуындағы жағымды жақтарды 
атап отыру қажет. Сонымен қатар, саналы түрде оқуындағы ойланбай үзік-
үзік оқу және мәтінің мазмұнын, оның себеп-салдарын түсінбеу, оқылғанның 
күрделі ой- байланысының синтездік бұзылуы жылдар бойы оқығанымен 
меңгерілмейді. Бұл оқу материалдар таңдап алғанда ерекше мұқият болу 
керектігін көрсетеді, олар оқушының ақыл-ой өрісінің төңірегінде болуы 
керек. 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамып келе жатқан оқу әдеттерінің 
ерекшеліктеріне байланысты, біз әр түрлі кезеңде оқыту және зерттеу 
нәтижесінде кездескен негізгі қиыншылықтарды, яғни оқушылардың оқу 
процесі кезінде бастан өткізген қиындықтарына байланысты оқудың
әдістеріне бағытталған топтау тәсілдерін және кейбір әдістемелік 
нұсқауларды ұсынамыз. 
Саналы түрде түсініп және мәнерлеп оқуды дамыту үшін төмендегідей іс-
шаралар жүргізу ұсынылады: 
1.
Алдын ала әңгімелесу. 


2.
Берілген мәтінді түгелдей айтып шығу және мәтіннің жеке бір бөлігін 
алып, соған талдау жасау. 
3.
Жоспармен жұмыс және оқығандағы түсінгенін айтып беру. 
4.
Сөздік жасау әрекеті. 
5.
Рөлдеп оқыту 
Мұғалімнің қойған сұрақтары қарапайым, түсінікті, қысқа мазмұнды, дәл 
және логикалық байланыста болса ғана сабақ сапалы, тартымды болады. 
Қиын, нақтылығы жоқ сұрақтар қашан да жауапсыз қалады, себебі оны 
оқушылар түсінбейді. Өте жеңіл сұрақтар баланың ойлау сезімін 
жандандырады. 
Әдебиеттік оқу сабағына жоспар құра білу жұмысы да, сананың 
қалыптасып, дамуына әсер етеді. Жеке бөліктерді қамтып қорыта білу бүкіл 
әңгіменің қандай ретпен дамитынын түсінуге көмектеседі. Бірақ ол көмекші 
мектеп оқушыларының мүмкіндігіне қарай қарапайым болады. Жоспар 
құрудың ең қарапайым түрі- суретке қереп жоспар жасау және соған қарап 
сурет салу. Әрі қарай суреттегі әңгіменің әр бөліміне тақырып қою, мәтінді 
тақырыбына қарай бөлу, ұжым болып ойласып, қойылған тақырыбына қарай 
оқушылардың мәтін дайындауы. Жоспар түзуге мұғалім де көмектеседі. 
Жоспар құру - өте жақсы логикалық жаттығу, ол балаларды түсінгенін 
айтуға дайындайды. Оқушылардың түсінгенін қайта айтып беруі олардың 
мәтіні қандай дәрежеде эмоциямен қабылдап және қандай дәрежеде ой
қорытқанын көрсетеді. Мәтінмен мұндай жұмыс жүргізу сұрақа қалай жауап 
дайындап, оны қалай баяндап беруді үйретуге тәрбиелейді. Оқушылар үшін 
оқыған тақырыбының мазмұнын толық ашып көрсететін бірнеше сұрақтар 
ұсынылады. Бірте-бірте оқушы өздігінен оқығанын айтып беруге 
дайындалады. Оқыған материалынан түсінгенін толық мазмұндап айтқан 
оқушыны мұғалім бір арнаға салып, негізгі оқиға төңірегінен басқа ұсақ 
оқиғаларға тіреліп, шатасып қалмауын үнемі бақылап, дұрыс бағытқа салып 
отырады. 
Алғаш рет түсінгенін айтуға берілетін материал көлемі жағынан шағын, 
формасы мен мазмұны түсінікті әрі жеңіл болуы керек. 
Арнайы мектептердің бастауыш сыныптарында түсінгенін қайта айтып 
шығуға мәтіннің бір бөлігін ғана алып, басқасына көңіл алаңдатпау керек. 
Мұндай түсінгенін айту әдісі оқушылардың сабақта ой қорытып айта білуіне, 
сергектікке тәрбиелейді. 
Өз тәжірибесімен немесе суретке қарап түсінгенін айтып беру 
шығармашылық жұмыс ретінде қызықта қиын жұмыс. Бұлайша түсінгенін 
айту балалардың ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлығын молайтады, суретті 


өмірдегі әр түрлі жағдайлармен салыстырып үйренеді. Мұндай тәсіл үшін 
сурет, аппликация, драиатургиялық шығармалардан үзіндіні пайдалануға 
болады. 
4-сыныптан бастап орындалатын түсінгенін қысқаша айтып үйрету, 
оқығанын қайталап айтып беру- оқудың өте күрделі түрі. Оқығанын 
қысқаша ғана айтып беру оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дәрежесін 
кемітеді, бірақ мұғалімнің көп жұмыс істеуін керек етеді. Қысқаша 
тұжырымдап, оқығаныңды қайталап айтып беру – ең жақсы оқыту құралы. 
Бірте-бірте жаттығулар мен сұрақтарды күрделендіре отырып мұғалімнің 
өзінің қысқаша баяндалуынан бастап, оны ұжым болып талдау, талқылау 
процесі кезінде, әңгімелеу кезінде қандай фактілер кіріп, қандай фактілер 
айтылмай қалғаны анықтала түседі. 
Саналы түрде әдебиеттік оқу сабағын оқытуды әдетке айналдыру 
тәрбиесінде сөздікпен жұмыс істеу үлкен рөл атқарады. Мұғалім сабаққа 
дайындалу барысынды қай сөз сабақтың қандай кезеңінде түсіндірілетінін 
анықтап алуы кеоек. Сөздікпен жұмыс істеу әдебиеттік оқу сабағының кез 
келген кезеңінде жүргізіле береді. Бірініші кезеңде алдлын ала қосымша 
әңгімелесуде оқитын материалдың мазмұнын ашып түсіндіруге көмектесетін 
сөдерге мән беріп, сол сөздердің сағынасын талдап, түсіндіру керек. 
Сабақтың келесі сатысында балалардың көңілін оқылған мәтіннің мағынасы 
түсінікті сөздеріне, яғни мұғалім оқығаннан кейін немесе оқушылар 
оқығаннан кейінгі сөздерге аудару керек. 
Кейіптеу сөздері мен сөз тіркестерін мәтінді оқып біткен соң талдаған 
жөн. 
Арнайы мектептердің бастауыш сыныптарының оқушыларына қандай 
түсіндіру әдістері тиімдірек деп есептеуге болады? 
1.
Көрнекі құралдар, заттардың бейнесі салынған суреттер, макеттерді 
кеңінен көрсету (муляжи), бедерлеп жасалған заттардың формасын (чучело, 
қуыршақ-қарақшы), т.б. пайдалану. 
2.
Синоним, антоним сөздер таңдай білу. 
3.
Жалпылама түсініктен жекеше түсінікке және жекеден жалпылама 
түсініктерге көшу (құрал-саймандар: сүргі, ара, қашау). 
4.
Оқушылардың практикадағы тәжірибесіне сүйену.т.с.с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет