қабылдау, талдау, түсіну.
Осындай шарттың бірі –
шығарманың оқушыға түсінікті болуы және оқушылардың шығарманы
түсіне білу дәрежесі. Осы мақсатта оқулыққа енгізілген материалдар мына
шарттарға жауап беретін болып жинақталады:
1)
Балалардың өмірімен
байланысы. Мұнда
балалар
мектеп
оқушыларының өмірімен танысады. Үлкендер мен мектеп оқушыларының іс
әрекеттері, жылдың әр мезгілінің суреттері, табиғат және жан жануарлар
туралы мағлұмат.
2) Оқыған шығарманың мәнін түсіну өрісі. 2 – 4 сыныптарда оқушылар
әңгімелер, табиғат, адамдар және жануарлар туралы ертегілер оқиды. Осы
тақырыптармен әлденеше рет танысқаннан кейін, ақыл есі кем балалардың
бұдан да күрделі, әсіресе, жеңіл ғылыми көпшілік мақалаларды түсіну
қабілеті дамиды. Сонымен қатар түсіну өрісі оқушының бұрынғы білген
дүниесін одан да молайтып, ұғымын кеңейтіп, кейбір құбылыстарды
салыстырып зерттеуіне мүмкіндік береді.
3) Оқушыларды әуелде жаңа тақырыптарды игеруге алдын ала дайындау.
Осы мақсатпен мұғалім балаларды аталмыш тақырып бойынша экскурсияға,
киноға және диафильмдер көруге, сурет залына алып барады. Алған білімді
іс жүзіне асыру үшін білім тиянақты болуы шарт. Ол үшін материалды толық
ұғынып, трең түсіне білу керек. Әдістеме мынадай тәсіл ұсынады:
тақырыпты мұғалім әр бөлім бойынша оқиды, оқушылар да әр бөлімді оқып
талдайды. Осы айтылған тәсілдің оқыған тақырыпты түбегейлі есте сақтауға
жәрдемі бар.
Берілген білімнің тиянақты болуы тапсырмаларды орындағанда
оқушылардың өз бетімен жұмыс істей алу дәрежесіне, материалдың
күрделілігіне және олардың қанша жылдан бері оқып жүргеніне
байланысты. Ал, тапсырманы орындауы, оны баяндап, қорытындылауы
балалардың жеке басының ерекшелігіне, өз бетімен жұмыс істей білу
дәрежесіне тікелей қатысты. Мұнда ғылымға негізделген арнаулы
дидактикалық, саналылық принципіне сай оқу құралдарын жазудың кейбір
ерекшеліктерін ескерген жөн. Сондай – ақ көмекші мектептерде оқитын
балалардың даму ерекшелігін ескеріп қана қоймай, оқытудың коррекциялық
бағытын, мәтіннің күрделілігін, оның мазмұнының балалардың сөздік
қорларына сәйкес келуін ескеріп, кейбір ескірген мәселелерді түбірімен қайта
қарап, кеңейтіп жазу керек. Ол үшін, мәтінді бермес бұрын бір жүйеге
келтіріп, балалардың қосылып, дауыстап оқуы, айтуы сияқты жұмыстарды
жүргізу керек.
Мәтін кейде бір жүйеге келтірілген өмірдегі тәжірбиеге сүйенсе, екінші
жағдайда, қоғамдық, табиғи құбылыстарға, кино, диафильм т.б.тиянақты
бақылау жүйесіне сүйенеді. Егер әдебиеттік оқу сабағы мұндай қосымша
дайындықсыз өтетін болса, онда ол – тіл дамытудың коррекциялық құралы
ретіндегі міндетін атқара алмайды. Материалды саналы түрде меңгеру тек
оқушылар ынтамен жұмыс істегенде ғана жүзеге асады. Ол үшін әдебиеттік
оқу сабағында балалардың ынтасын үнемі қолдап, көтермелеп отыру қажет.
Сабақ өткізгенде көрнекі құралдарды, көп тараған ойын түрлерін тағы басқа
тапсырмалар мен жаттығуларды кеңінен пайдаланған жөн.
Тіл сабақтарындағы көрнекі құрал оқушының сөйлем құрауына, дұрыс
сөйлеуіне ерекше ықпал етеді. Дәстүрлі көрнекі құралдардан басқа тіл
сабағында мимика, дауыс ырғағы, мәнерлеп оқу сияқты тәсілдердің де рөлі
зор. Соңғы тәсілдер оқушының сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағына және сөз
саптауына көп көмегін тигізеді.
Сабақта тәрбие жұмысы отанға, табиғатқа деген махаббат, еңбекке
ынталылық, шыншылдық пен интернационалдық сезімдерге тәрбиелейтін
материалдарды кірістіру арқылы жүзеге асады. Тілінің даму дәрежесі онша
жетілмеген, шапшаң оқи алмайтын, ақыл ойы кем балалар үшін оқу
құралдарына әдістемелік нұсқаулар жазғанда, әр оқушының өзіне жеке көңіл
бөліп өзіндік әрі дифференциалдық жұмыс істеу принциптері ескеріледі.
Соған байланысты құралда әр түрлі сұрақтар беру және жекеленген
оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың сабаққа белсенді әрі
бар ынта жігерімен қатысуын қамтамасыз ету керек.
Психологиялық – ұстаздық негізге сүйене отырып, әр түрлі мәтіндердің
талдануын анықтайтын төмендегі әдістемелік шарттарды ұсынуға болады:
a) Шығарма мазмұнының талдануы және оқу әдістерінің қалыптасуы
мәтіннің мазмұнын түсінуге бағытталған біріккен процеске қосылады (оқу
тәсілін дамытатын тапсырмалар);
ә) Шығарманың сюжеттік жағын, сурет композициясын ажырата білу
көмекші мектеп оқушыларының толық азамат болып қалыптасуына және
олардың сөйлеу мәдениетінің дамуына көмектеседі;
б) Балалардың өмірлік тәжірбиесіне сүйену олардың сол шығарманы
түсініп, оны қабылдауының және дұрыс талдауының ең керекті шарты болып
табылады;
в) Шығарманы талдаудағы негізгі фактор – бұл оның оқушыларға
эмоциялық әсер етуі. Мәтінді талқылау ой сезімді оятып, өз пікірін білдіруге
деген ынтасын тудыруы керек және ол өзінің өмірлік тәжірбиесін автор
көрсеткен факторлармен салыстыруға талпынуы тиіс. Шығарманы талдау
процесінде логикалық талқылау эмоционалды бейнелі талқылаумен
байланысты болуы негізгі шарт;
г) Оқу сабақтарындағы сөздік жұмыс. Көркем әдебиет шығармаларын
талдағанда біз көмекші мектептерге арнап орысша және қазақша шығарылған
оқулықтардың мазмұндық көркемделуінде мынаған көңіл аудардық: қазақ
тілінде жазылған әдебиетте мәтін кейіпкерлік мәнерлеуге өте бай. Егер
оларды қарапайым тілмен түсіндірсе немесе қысқартса мәтіннің мазмұны
бұзылады немесе әлсірейді. Осыған байланысты көркем әдебиет
шығармаларындағы тілдік мәнерлеу құралымен істелген жұмыс дұрыс шығу
үшін оны ойластырып, ол нақты жағдайда қандай бағытпен және қандай
тәсілдермен жүргізілуі керектігін белгілеу қажет. Осы кездегі мәнерлеп оқу
әдісі педагогика ғылымдары талқылап берген теориялық жағдайларға
негізделеді. Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшін көркем әдебиет
шығармасының өзіндік ерекшелігін ескерген жөн. Сондай ақ әр сатыдағы
оқу процесінен психологиялық негізін, ақыл есі қалыптасып жетілмеген
балалардың мәтінді қабылдап, оны түсіну ерекшеліктері де еске алынады.
Мәтінмен жұмыс істеуде талдау мен синтез процестеріне ерекше мән
беріледі .Өйткені ол оқушылардың тәлімдік қызметін жетілдірудің басты
қайнар көзі болып табылады және балалардың ақыл-есін жетілдіруде үлкен
мүмкіндіктер береді.Оқушылар әдеби және ғылыми көпшілік мәтіндерді оқи
отырып,өздерінің тәжірибелерін байытады және мол білім алады.Оқу
процесінде олар қоршаған айналаны танып - біліп,айтылған сөз арқылы өз
ортасын байқайды.Кітап арқылы олар,өздері онда болмаса да,алыстағы ел
туралы,ғарыш туралы біледі.Осыдан – ақ белгілі,балалардың оқу
материалдарын түсінікті жүргізуі арқылы олардың мәтінді қабылдауы
басталады,ойлау қабілеттері артады.Ол ойлау қызметін дұрыс әрі ұқыпты
пайдаланудағы негізгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды
тануға мүмкіндік береді,сонымен бірге көмекші мектеп оқушыларының
білімді қабылдау процесінің заңдылығын ашу-бұл оқушылардың білімді
игеру деңгейлерін зерттеу және анықтау.Мұның өзі түрлі оқу тапсырмаларын
талдауға және байытуға ықпал жасайды.Мүмкүндігі шектеулі оқушылардың
мәтінмен жұмыс істеу процесіндегі ойлау барысын,біз олардың осы
қызметтегі сипатталатын бірқатар белгілерге қарап жанама түрде талдай
аламыз.Сол талдау барысында оқушылардың орындаған мәтінінде өзгерістін
болғандығы байқалса,онда оның қандай өзгеріс енгізгендігі,оны қалай
байытқандығы ерекше мәнге ие болуы керек.Осы ерекшеліктерді зерттеу
және есепке алып оқу атқарған жұмыс сипатын түсінудін шарты болып
табылады.Оқу тапсырмасының кез келген шешімінің нәтижесін түсіну және
бағалау оқушының сол шешімге баруға дейінгі жүріп өткен жолы процесін
анықтауға қажет.Оқушының қандай жұмыс істегенін немесе не нәрсеге
қолжеткізгенін біліп қана қоймай,оның осы жолда қандай әдістерді
пайдаланғандығын да білу керек.Осы жағдайда ғана оқушылардың білімді
игеру процесіне белсенді кқмектесудің жіне өз жұмысынды ықпалды
ұйымдастырып,дұрыс бағалай алуы мүмкін.Енді оқушылардың оқу
сабағында өздеріне берілген тапсырманы орындау барысында ойлау
қабілетінің қалай арттырылатындығына тоқталайық.Ол үшін талдау және
синтез процестерінің ерекшеліктеріне зер салайық.Оқу тәжірибесінде жиі
кездесетін жаттығуларды аламыз:мәтінді бірнеше бөлімге бөліп,әр бөлімнің
атын қоямыз.Бұл тапсырма 4-сыныптан бастап беріліп, 7-9сыныптарда
күрделілене түседі.Яғни оқушыларға оқыған мәтінге қарай жоспар жасау
тапсырылады.
Ол қалай орындалады?Оқушылардың мәтіні бірнеше бөлімдерге
бөлініп,әртүрлі формада болады.
1.Ол мұғалімнің тақырып немесе сурет бойынша берген тапсырмалары
арқылы жүзеге асырылады.
2.Балалардың өздерінің еркін түрде жұмыс істеуі,яғни мәтінді өздерінің
еркін түрде жұмыс істеуі,яғни мәтінді өздері бөлімдерге бқлуі мүмкін.
Енді оқушылардың әртүрлі деңгейдегі оқуда мәтінді талдаудың
бірінші түрін қалай жүзеге асыратындығын қарастырайық.Арнаулы
зерттеуден алынған материалдар 3-4сыныптың оқушыларына оңай тиеді
екен.Ал мұны бастауыш сыныптардағы балалар қалай орындайды?
Оқушылар бірден мәтіннің нақты бөлігіне немесе тақырыпқа дұрыс
қарамайды.Осы операцияны орындау барысында олар мәтіндерді бөлімдерге
бөлуді бірнеше рет жүргізуге мәжбүр болады.Мұнда не гәп бар?Тапсырманы
орындаудағы қателіктер жіберудің себептері:оқушылар мәтіннің толық
мазмұнымен түгел таныспайтындығынан,талдау мен синтездеу процестері
арасындағы байланыс барлығына олардың ойлау қабілеті жеткіліксіз
болғандығынан.Талдау және синтез арасындағы дұрыс байланысты
орнатудын маңыздылығы мәтіннің жоспарын жоспарын құру жөніндегі
жұмыс
арқылы
белгіленеді.4-сыныптың
оқушылары
тапсырманы
орындағанда мәтін бойынша тақырып қояды.Бірақ,мәтінді толығымен
қайталап айтып бере алмайды.Бұл жерде мәтіннің синтезі көзге көрініп
тұр,ал талдау бұл жерде жүргізілмейді.4сыныптың оқушылары мәтіннің
талдауын
жүргізе
бастайды,бірақ
ол
өнімді
синтезбен
жалғастырылмайды.Оқушылар мәтіннен жеке сөздерді бөліп алады,бірақ
бөлінген сөздерді бір-бірімен біріктірмейді.Сонымен қатар мәтіннің мазмұны
байланыспайды.
Жоғары сынып оқушылары бұл тапсырманы орындау барысында талдау
мен синтездің сәйкестігін анықтайды.Оларға бөлінген жоспардың бөлімдері
біріктіріледі және мәтіннің кейбір бөлімдері байытылады.
Талдау синтезге бағынбаған жағдайда,мұғалім оқушыларға мәтіннің
мазмұнын жіктеуге,оны біркелкі жағдайда қабылдауға көмектеседі.Егер
синтездің тапсырмасына байланысты қиындық туса,онда мұғалім мәтіннің
жеке бөлімдері арасындағы байланысты түсіндіруге көмектесіп,ондағы ойды
біріктірудің мүмкіндіктерін көрсетеді.
Мәтіннің мазмұнын дұрыс жіктеу үшін онымен толық танысу
қажет.Мұның өзі оқушылардың байланыстарды орнатуы,мәтін бөлімдерін
толықтыруы кезінде пайда болады.Балалар бұл байланыстарды жақсы
ұғынған кезде ғана мәтіннің мазмұнын толық түсіне алады.
Жүргізілген эксперимент арқылы ақыл-есі кемшін оқушылардың мәтін
синтезін бұзудағы (сезімділігі) анықталды.Яғни оқушылар мәтінді сол тұрған
қалпында ғана қабылдап,оның мазмұнына мән бермеген.
4-6 сыныптың оқушыларына мәтіннің құрылымындағы кемшіліктер
түсіндірілсе де,олар оны қайталап айтудағы олқылықтарын түзей
алмаған.Алайда,4-сыныптағы оқушылардың 70 пайызы оқыған мәтінді
қайталап айтып беру жоспарын жүзеге асыра алады.
Жоспар жасауда,тақырыптарды қоюда және анықтауда қиындықтардың
кездескендігі белгілі.7-9 сыныптардағы тәжірибеде бұл қиындықтар аз
болған және синтездің кемшілігі ойдағыдай түзілген.Оқушылардың 85
пайызы жоспарды өздігінен жасап,сол бойынша мәтіннің құрылымын
тапқан.Бірақ олар өздері жасаған жоспардың пунктерін жүйелі түрде құра
білмеген.Яғни олар мәтіннің топтаспағандығын аяғына дейін түсінбеген.
Бұдан шығатын қорытынды-мәтіннің хронологиялық және логикалық
құрылымын түсіну көмекші мектептердегі оқушылар үшін онша қиын емес.
Оқу процесінде балалар синтездің басқа да түрлерін жүзеге асыра білуі
керек.Яғни әртүрлі жерден алған материалдарды біріктірулері тиіс.
9-сынып оқушыларына (жеке сабақтарды)екі бөлімнен тұратын үш әңгіме
беріледі.Әр әңгіменің бірінші бөлімінде күз айларындағы табиғаттың көрінісі
суреттеліп,бұл уақыттағы болатын өзгерістер сипатталған.Екінші бөлімінде
әр түрлі жануарлардың күзде қыс айларына қалай дайындалатындығы
айтылған.Оқушыларға мәтіннің мазмұнын біріктіріп,содан (Күз)
тақырыбында әңгіме құру тапсырылады.Тәжірибеде бастауыш сыныптардағы
оқушылардың
жүзеге
асырған
синтездеуін
сипаттайтын
бірқатар
ерекшеліктер анықталды.
7-сыныптың оқушылары екі бөлімнен тұратын мәтінді біріктірудің
орнына бірінші бөлімнен соң екінші бөлімді жалғастыру жұмысын ғана
жүргізді.Ең алдымен,бір мәтінді айтып беріп,содан соң басқа мәтіндерді айта
бастайды.Яғни, олар мазмұны жағынан біріне- бірі ұқсас тақырыптарды жеке
бөле алмады және оны бірге құра алмады.Дегенмен бұл кемшіліктер
түсіндірілген соң балалар тапсырманы орындап шықты.
Сонымен 7-9 сыныптарда мұндай тапсырманың орындалуының мүмкін
екендігі анықталды.Бірақ орындалу деңгейі әр түрлі болады.Оқушылардың
үш мәтінді қабылдаудан соң емес,оқу процесі барысында бөлімдердің
арақатынасын
анықтауы
нәтижелі
болды.Бұл
жерде
8-сынып
оқушысы:Әңгіменің не жайында екендігін түсіндім. Алдымен табиғат
туралы,содан соң ағаштар және аңдар туралы,-деп өз ойын айтты.(Мұнда
синтез мәтінді оқып болған соң емес,дауыстап оқу процесінде жүзеге
асырылған.)
Материалдар берілген тапсырмаларды орындау деңгейінің қалай
анықталғандығын
сипаттайды.Егер
оқушылар
тапсырманы
толық
түсінбесе,онда синтез толық болмайды.7-9сыныптың оқушылары мәтіндерді
біріктіріп және тақырыптарды жүргізілген синтез бойынша құра
білді.Олардың оқығандарын айтып беру ерекшклігі өз ойларын әр түрлі
деңгейде байытқандығынан танылды.Оқушылар:Күзде ауа райы қалай
өзгереді?,Күз басталысымен жануарлардың өмірінде өзгеріс болады-деген
сияқты
сөздерден
бастады.Мұндай
байыту
мәтінде
болмаған
еді.Абстракцияны жүзеге асыруға байланысты оқу сабақтарындағы міндеттер
оқушылардың алдыңда мәтінді ішінара қысқаша оқу үшін қажет
болады.Алдын ала тәжірибе көрсеткеніндей,абстракциялаудың ойлау
операциясы ретіндегі ерекшелігі бір-біріне тығыз байланысты екі нәрсені
қамтиды.Сонымен қатар,қарама-қарсы екі процесс жүреді:бөлу процесі және
көңілді басқа жаққа бөлу процесі.
Оқушылар алдында ішінара немесе қысқаша мәтінді айтып беру міндеті
тұрған жағдайда мәтіннің белгілі бір бөлігі ерекшеленуі керек.Және соған
сәйкес мәтіннің кейбір бөліктері ерекшеленбеуі керек.Бұл жағдайда өзінше
бірдей екі мазмұн пайда болады:біріншіден,ерекшеленген мазмұн,екіншіден
оған керісінше,ерекшеленбеген мазмұн,екінші мазмұннан міндетті түрде
көңілді басқа жаққа бұру керек.Ішінара және қысқаша айтып беруде,егер
ақыл-есі кемшін балалар ерекшеленген және ерекшеленбеген мәтіндердің
арасындағы қажетті қарым қатынасты біле алмай қалса,ең қиыны сол
болмақ.
Кейде олар ерекшеленбеген мәтіннің мазмұнын қайта жаңғыртады.Ал
кейде,керісінше,
ерекшеленген
мәтінге
көңіл
аударады.
Бұл,
әсіресе,оқушылардың ішінара айтып беру жағдайында көбірек кездеседі.Біз
қарастырып отырған оқу курсының теориялық және әділік негізі қазақ
тіліндегі көмекші мектептердің бастауыш сыныптарында оқытылатын
оқулықтар мен бағдарламалардың мазмұнын анықтауда басшылыққа
алынады.
Оқу мен сөйлеуді дамыту бағдарламасының талдауы - әдебиеттік оқу –
қазақ тілі бағдарламасының бір бөлімі. Бұл бағдарламаның негізгі
жағдайлары түсініктеме қағазда және бағдарламаның өзінде оның сыныпқа
бөлінуіне сәйкес белгіленген. Оқу пәндерінің тапсырмалары төмендегідей: 2
– 4-сыныптардағы оқу пәнінің негізгі тапсырмасы - дұрыс, тез түсініп және
мәнерлеп оқудың қалыптасуы. Осының негізінде шығарманың мәтінімен
жұмыс істеу әрі өз бетінше кітап оқуды дамыту болып табылады. Мұның
мағынасы жайында бөлімнің мазмұнында кеңінен ашылып жазылған. Одан
мұғалім оқу тематикасының негізгі бағыттарымен, әр оқу жылында
балалардан түсінгенін талап ету шарттарымен танысады.
Оқудың мазмұны көмекші мектептердің тәрбиелік бағыттарына сай
қойылған: балаларға туған жерге деген махаббатты сезіндіру, еңбек
адамдары мен еңбекке деген сүйіспеншілікті туғызу, табиғатқа деген нәзік
сезімге тәрбиелеу.
Сонымен қатар отбасы мен жолдастарының арасында өзін мәдениетті
ұстау шарттарын қалыптастыру. Шығармаларды тақырыптар бойынша
бөліп, оны жыл айларына қарай орналастыру оқуды әр жылдың мезгіліндегі
құбылыстармен және адамдардың еңбектерімен байланыстыруға мүмкіндік
береді. Ал ол тек еңбекпен шектелмей, мейрамдар өткізумен, яғни өмір мен
оқудың тығыз байланысын туғызады. Тану мен білудің талаптары
бағдарламада топтастырылып, әр сыныпқұа белгіленген тақырып бойынша,
олар оқушының қабілетіне қарай біртіндеп қиыгдатылатын жүйені көрсетеді.
Бұл жүйе оқушыларға көркем әдебиет шығармаларын өз бетінше оқуға және
ғылыми танымдық мәтіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мәтінмен
жұмыс және қоршаған ортаны тани түсу оқушылардың мәнерлеп сөйлеуін
дамытудың нақты талаптары қойылады және сөздік қорымен молайып,
сөйлеу сөздіктерінің нақтыланып, олардың қолданысын белсенді арттыруды
қамтамасыз етеді. Оқу пәндеріне бағдарлама бойынша әр апта сайын 4 – 5
сағат бөлінеді.
Бағдарламаларда белгіленген 2 – 4 сыныптардағы талаптардың орындалуы
әдістемелік кеңес бекіткен оқулықтар және жеке – дара арнайы оқулықтар
көлемінде жүргізіледі. Бұл оқулықтарда балаларға арналған қазақ әдебиетінің
ең жақсы шығармалары, халық мұрасының үлгілері және ғылыми-танымдық
мақалалар болуға тиіс. Барлық шығармалар тақырыптар бойынша
топтастырылған, ал атаулары олардың танымдық-тәрбиелік мағынасын
анықтайды. Мысалы, «Тату отбасы», «Жақсы деген немене, жаман деген
нмене?», «Аналар мерекесі», «Табиғатты аялайық!», т.б. Бастауыш
сыныптарға арналған мәтіндердің көпшілігі ертегі болады, кейін біртіндеп
қиындай түседі. Жаңа білім мен тапсырмалар бағдарламаның талабына
байланысты: «Оқу материалы – оқушының әр сыныпта бір сатыға жоғары
көтеріліп, әр жаңа материал негізінде эстетикалық, білімдік, сезінушілік
қатынастарды түсінуіне мүмкіндік жасайды». Көп шығармалардың мәтіндері
көркемделген. Әр шығармада мәтінмен өз бетінше жұмыс істеуге арналған
сұрақтар мен тапсырмалар бар. Тапсырмалар әр түрлі: оқып шыққанды
түсіну, мағынасының дұрыс құрылуына көмектесу, мамұнын бейнелеумен
байланыстыру, шығарманың ең негізгі ойын табу, өз ойын айту,т.б. Көптеген
тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын толықтырып, белсенділігін
арттыруға арналған. Оқулықтың бұл әдістемелік амалы мұғалімнің сабақты
ұйымдастыру кезінде ақыл есінің дамуы жағынан артта қалған балаларға
мәтінді талдауды үйретуі үшін маңызы зор.
Бағдарламаның негізгі мәселелері түсінік хатта айтылып, одан әрі сәйкес
сыныптар бойынша бағдарламалардың өзінде нақтылана түскен. Ана тілі
сабақтарының міндеті мына тұрғыда баяндалған. «Ана тілі сабақтарының
маңызды міндеті оқушылардың дұрыс,сапалы,жүгіртіп,мәнерлеп оқу
дағдыларын қалыптастыру және осы негізде шығарманың мәтінімен өз
бетінше жұмыс істеуге үйрету, білімін дамыту болып табылады». Бұл
тұжырым, әсіресе, «Ана тілі және тіл дамыту» тарауының мазмұнын толық
аша түседі. Одан мұғалім оқулық тақырыптарының негізгі бағыттары туралы
нұсқауларды және балалардың білімі мен біліктігіне оқу жылы сайын
қойылар талаптарды табады.
Оқу мазмұны көмекші мектеп мақсатына орай анықталған: балалардың
туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін тудыру, еңбекке және еңбек
адамдарына құрметпен қарауға, табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу,
отбасы мен ұжымда мінез құлықтың адамгершілік негіздерін қалау.
Шығармаларды тақырыптар бойынша іріктеу және оларды оқу жылы
бойына жүйемен орналастыру оқуды жыл мезгілдерімен, адамдардың
еңбегімен, мереке күндерімен, яки күнделікті өмірмен байланыстыруға
мүмкіндік береді.
Білік пен дағдыға қойылатын талап бағдарлама арқылы әрбір сынып үшін
сәйкес тақырыптан соң топтастырылады,олар белгілі бір жастағы оқушының
мүмкіндігін ескеріп жасалды және біртіндеп күрделене түсетін міндет
жүйесімен сипатталады. Бұл жүйе көркем әдебиетті өз бетінше оқу және
ғылыми техникалық мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіндіктерін қамтамасыз
етеді.
Бағдарламадағы мәтінмен жұмыс және оны өмірмен байланыстыра
пайдалану оқушылардың тілін дамытуға жаттықтыру үшін негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |