Өзіндік тексеріске арналған сұрақтар:
Мүмкіншілігі шектеулі оқушылардың оқу дағдыларының:
а) ерекшеліктері
ә) оларды түзету жолдары.
Әдебиеттер:
1.
Бектаева.К.Б. Ана тілі - әдістемелік нұсқау. Алматы, 2004
2.
Бектаева К.Б. Ана тілі оқулықтары және жұмыс дәптерлері 2-6
сыныптарға арналған (көмекші мектеп) Алматы,2002-2004
3.
Белякова И.В. Организация работы с умственно отсталыми младшими
школьниками при заучивании ими стихотворений.
4.
Колеватова Р.С. Особенности чтения на первом этапе обучения
грамоте – сбор.науч.руд. Свердловск 1983
3. Дауыстап және іштен оқу
1. Мүмкіншілігі шектеулі оқушыларды дауыстап оқуға үйрету.
2. Мүмкіншілігі шектеулі оқушыларды іштен оқуға үйрету.
Дауыcтап та, іштен де оқуға болады. Дауыстап оқу – бұл басқаларға, яғни
тыңдаушыларға шығарманың мазмұнын жеткізу. Бұл оқуға үйретудің
маңызды түрі, ал дұрыс, шапшаң оқуға, сыныппен фронтальді жұмыстар
жүргізуге, рөлдерге бөліп, бірігіп оқытуға үйретеді.
Дұрыс қойылған іштен оқу оқушының шығарма мазмұнын өзінше
ұғынуына ықпал етеді. Бұл оқуды үйретудің практикалық мәні зор, өйткені
адам өмір бойы үндемей іштен оқиды.
Іштен оқуда төмендегідей әдістерді пайдалануға болады:
1.
Тақтаға жазылып берілген тапсырмаларды іщтен оқу. Мысалға,
«Дәптерді көрсет, қолыңды көтер», т.б.
2.
Оқушылар мәтінді іштен оқып, мұғалімнің айтуына қарай кітапты
жабады. Балалардың біреуі оның мазмұнын айтады, басқалары оны
толықтырады.
3.
Тақтаға сұрақтар жазылады. Оқушылар оны дауыстап оқып, қойылған
сұрақтарға жауап береді.
4.
Іштен оқудан кейін оқушылар ауызша мәтінді немесе оның бөлімдерін
суреттейді, кітаптағы сұрақтарға жауап береді.
5.
Оқушылар диафильм көргенде кадрлар астындағы жазуларды іштен
оқып отырады. Кейін түсінгенін толық айтып шығады.
Бір мәтінмен жұмыс істегенде бұл оқудың 2 түрі пайдаланылады.
Оқу сабақтарында балалардың тәлімдік қызметін дамыту
Мәтінмен жұмыс істеуде талдау мен синтез процестеріне ерекше мән
беріледі. Өйткені ол оқушылардың тәлімдік қызметін жетілдірудің ең басты
қайнар көзі болып табылады және балалардың ақыл-есін жетілдіруде үлкен
мүмкіндіктер береді. Оқушылар әдеби және ғылыми-көпшілік мәтіндерді
оқи отырып, өздерінің тәжірибелерін байытады және мол білім алады. Оқу
процесінде олар қоршаған айналаны танып-біліп, айтылған сөз арқылы өз
ортасын байқайды. Кітап арқылы олар, өздері онда болмаса да, алыстағы ел
туралы, ғарыш туралы біледі. Осыдан-ақ белгілі, балалардың оқу және оқу
материалдарын түсінікті оқу арқылы олардың мәтінді қабылдауы басталады,
ойлау қабілеттері артады. Ол ойлау қызметін дұрыс әрі ұқыпты
пайдаланудағы негізгі психолгиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды
тануға мүмкіндік береді, сонымен бірге көмекші мектеп оқушыларының
білімді қабылдау процесін сипаттайды. Білімді игеру процесінің заңдылығын
ашу- бұл оқушылардың білімді игеру деңгейлерін зерттеу және анықтау.
Мұның өзі түрлі оқу тапсырмаларын талдауға және байытуға ықпал жасайды.
Ақыл-есі кемшін оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу прцесіндегі ойлау
барысын, біз олардың осы қызметтегі сипатталатын бірқатар белгілерге
қарап жанама түрде талдай аламыз. Сол талдау барысында оқушылардың
орындаған мәтінінде өзгерістің болғандығы байқалса, онда оның қандай
өзгеріс енгізгендігі, оны қалай байытқандығы ерекше мәнге ие болуы керек.
Осы ерекшеліктерді зерттеу және есепке алып оқу атқарған жұмыс сипатын
түсінудің шарты болып табылады. Оқу тапсырмасының кез келген шешімінің
нәтижесін түсіну және бағалау оқушының сол шешімге баруға дейінгі жүріп
өткен жолы процесін анықтауға қажет. Оқушының жұмыс істегенін немесе
не нәрсеге қол жеткізгенін біліп қана қоймай, оның осы жолда қандай
әдістерді пайдаланғандығын да білу керек.
Осы жағдайда ғана оқушылардың білімді игеру процнсіне белсенді
көмектесуің және өз жұмысыңды ықпалды ұйымдастырып, дұрыс бағалай
алуың мүмкін.
Енді оқушылардың оқу сабағында өздеріне берілген тапсырманы орындау
барысында ойлау қабілетінің қалай арттырылатындығына тоқталайық. Ол
үшін талдау және синтез процестерінің ерекшеліктеріне зер салайық. Оқу
тәжірибесінде жиі кездесетін жаттығуларды аламыз: мәтінді бірнеше
бөлімге бөліп, 4-сыныптан бастап беріліп, 7-9 сыныптарды күрделеліне
түседі. Яғни оқушыларға оқыған мәтінге қарай жоспар жасау тапсырылады.
Ол қалай орындалады? Оқушылардың мәтіні бірнеше бөлімдерге бөлініп,
әр түрлі формада болады.
1.
Ол мұғалімнің тақырып немесе сурет бойынша берген тапсырмалары
арқылы жүзеге асырылады.
2.
Балалардың өздерінің еркін түрде жұмыс істеуі, яғни мәтінді өздері
бөлімдерге бөлуі мүмкін.
Енді оқушылардың әр түрлі деңгейдегі оқуда мәтінді талдаудың бірінші
түрін қалай жүзеге асыратындығын қарастырайық. Арнаулы зерттеуден
алынған материалдар 3-4-сыныптың оқушыларына оңай тиеді екен. Ал мұны
бастауыш сыныптардағы балалар қалай орындайды?
Оқушылар бірден мәтіннің нақты бөлігіне немесе тақырыпқа (суретке)
дұрыс қарамайды. Осы операцияны орындау барысында олар мәтінді
бөлімдерге бөлуді бірнеше рет жүргізуге мәжбүр болады. Мұнда не гәп бар?
Тапсырманы орындаудағы қателіктер жіберудің себептері: оқушылар
мәтіннің толық мазмұнымен түгел таныспайтындығынан талдау мен
синтездеу процестері арасындағы байланыс баолығына олардың ойлау
қабілеті жеткіліксіз болғандығынан. Талдау және синтез арасындағы дұрыс
байланысты орнатудың маңыздылығы мәтіннің жоспарын құру жөніндегі
жұмыс арқылы белгіленеді. 4-сыныптың оқушылары тапсырманы
орындағанда мәтін бойынша тақырып қояды. Бірақ, мәтінді толығымен
қайталап айтып бере алмайды. Бұл жерде мәтіннің синтезі (репродуктивті)
көзге көрініп тұр, ал талдау (мазмұнды жіктеу) бұл жерде жүргізілмейді.
4-сыныптың оқушылары мәтіннің талдауын жүргізе бастайды, бірақ ол
өнімді синтезбен жалғастырмайды.
Оқушылар мәтіннен жеке сөздерді бөліп алады, бірақ бөлунген сөздерді
бір-бірімен біріктірмейді. Сонымен қатар мәтіннің мазмұны байланыспайды.
Жоғары сынып оқушылары бұл тапсырманы орындау барысында талдау
мен синтездің сәйкестігін анықтайды. Оларға бөлінген жоспардың бөлімдері
біріктіріледі және мәтіннің кейбір бөлімдері байытылады.
Талдау синтезге бағынбаған жағдайда, мұғалім оқушыларға мәтіннің
мазмұнын жіктеуге, оны біркелкі жағдайда қабылдауға көмектеседі. Егер
синтездің тапсырмасына байланысты қиындық туса, онда мұғалім мәтіннің
жеке бөлімдері арасындағы байланысты түсіндіруге көмектесіп, ондағы ойды
біріктірудің мүмкіндіктерін көрсетеді.
Мәтіннің мазмұнын дұрыс жіктеу үшін онымен толық танысу қажет.
Мұның өзі оқушылардың байланыстарды орнатуы, мәтін бөлімдерін
толықтыруы кезінде пайда болады. Балалар бұл байланыстарды жақсы
ұғынған кезде ғана мәтіннің мазмұнын толық түсіне алады.
Жүргізілген эксперимент арқылы ақыл-есі кем оқушылардың мәтін
синтезін бұзудағы «сезімділігі» анықталды. Яғни оқушылар мәтінді сол
тұрған қалпында ғана қабылдап, оның мазмұнына мән бермеген.
4 – 6-сыныптың оқушыларына мәтіннің құрылымындағы кемшіліктер
түсіндірілсе де, олар оны қайталап айтудағы олқылықтарын түзей алмаған.
Алайда, 4-сыныптағы оқушылардың 70 пайызы оқыған мәтінді қайталап
айтып беру жоспарын жүзеге асыра аалды.
Жоспар жасауда, тақырыптарды қоюда және анықтауда қиындақтардың
кездескендігі белгілі. 7 – 9-сыныптардағы тәжірибеде бұл қиындықтар аз
болған және синтездің кемшілігі ойдағыдай түзетілген. Оқушылардың 85
пайызы жоспарды өздігінен жасап, сол бойынша мәтіннің құрылымын
тапқан. Бірақ олар өздері жасаған жоспардың пункттерін жүйелі түрде құра
білмеген. Яғни олар мәтіннің топтаспағандығын аяғына дейін түсінбеген.
Бұдан шығатын қорытынды – мәтіннің хронологиялық және логикалық
құрылымын түсіну көмекші мектептердегі оқушылар үшін онша қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: |