ұзақ уақыт қолданған жағдайда ғана нақты нәтиже береді. Осы әдіс
көмегімен оқушылар және түрлі топтардың мүмкіндіктері жайлы мағлұмат
алуға болады. Ойын әрекеттерін қолданған кезде оқушылардың белсенділік
деңгейін анықтауға болады. Бақылаулардың берілгендері хаттама негізінде
жазылады. Бақылау тәжірибе сияқты басқа әдістемелермен бірге қолданыла
береді.
4. Ғылыми зерттеулерде бақылаумен қатар балалардың жұмыстарын және
құжаттарын зерттеу әдісі де қолданылады. Жазбаша жаттығуларын талдау,
шығармаларын, мазмұндамаларын, бақылау жұмыстарын, диктанттарын
талдау, оқушылардың жұмысқа деген дайындығын әр сабақ үстіндегі
мүмкіншіліктерін анықтауға көмек береді. Балалардың жұмыстарын
тексеруін және анамнездік құжаттарын зерттеу жеке топтардың
ерекшеліктерін анықтауға және түзету жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік
береді.
5. Ғылыми әдістемелік әдебиеттерді талдау. Әдеби құралдарды зерттеу
өткен замандағы әдістемеде берілген тақырыптың қандай түрде болғанын
білуге мүмкіндік береді. Әдебиетті талдау пәнге арнайы жолдарды табуға
көмектеседі. Әдебиетті талдау негізінде және тәжірибенің бар болуы
гипотезаға алып келеді. Қазіргі таңдағы әдістеменің негізгі міндеті
заңдылықтарды зерттеу негізінде және осы мақсатпен өзіндік концептуалдық
жүйені қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: