Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


Коммуникативті бағыттылық қағидасы



Pdf көрінісі
бет7/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

Коммуникативті бағыттылық қағидасы
- оқушыларды қазақ тілінің 
аспектілерін оқытып қана қоймай оны тәжірибеде қолдана білу. Бұл принцип 
әсіресе бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасында жүзеге 
асатынын айту керек. Сондай-ақ жоғарғы сыныптың бағдарламасы осы 


принциптің жүзеге асуына көзделген. Алайда теориялық материалдың көлемі 
үлкен болғандықтан, жоғары сыныптарда тілдік құрамын нығайтатын 
грамматикалық жаттығуларды меңгеруі бақыланады, бірақ олар сөйлеу 
тәжірибесінде қолданылуы қамтамасыз етілмеген.Мүмкіндігі шектеулі
балалар грамматикалық теорияны тез ұмытатындықтан жаттығуларды 
орындауға кететін уақыт оқушылардың ауызша сөйлеуін жетілдіруде 
пайдасыз болады. Коммуникативке бағытталған қағиданың іске асырылуы 
сөйлеу жаттығуларды үйренуді толықтырады. Ол жаттығуларға жататындар: 
сұрақ- жауап, диалогты интонацияға сәйкес оқу, үлгі бойынша диалог 
құрастыру, әңгімелеу,атқарылған жұмысқа байланысты пікір алысу, 
диафильм, кинофильмдерді талқылау, рольдік ойындар және т.б. Бұл 
орындалған тапсырмалардың қорытындысында алынған мәліметтер дұрыс 
жазу және грамматика сабақтарында , лингвистикалық тапсырмаларды 
шешуде қолданылады. Сонымен қатар ауызекі сөйлеу және оқуды дамыту
сабақтарында, ақпараттық тапсырмаларды шешуде пайдаланылады.
Сөзді дамыту және ойлаудың бірліктері принципі (қағидасы) 
психологиялық заңдылықтарға арқа сүйейді.Мүмкіндігі шектеулі балалардың 
зият қызметінің бұзылысы сөйлеу тілінің жеткіліксіздігіне әкеледі. Сөйлеу 
тілінің жетілмеуі өз кезегінде логикалық ойлауын, көру- бейнелік 
формаларын қиындатады.Сөйлеу тілін жетілдіре отырып, біз сөйлем болсын, 
сөз немесе тест болсын мәнерлеп оқуға дәлдікке үйретеміз. 
Сөздің аталған сапаларының дамыту, кемшілікті түзетуге және 
оқушыларды ойлау қабілетін жетілдіруге оң ықпал етеді.Бұл туралы 
В.Г.Петрова жазған. 
Сөздік жүйенің дамыған мүмкіндіктері мүмкіндігі шектеулі балалардың 
тіл заңдылықтарын зерделі жақсы түсінуі үшін және сөзді ұғынарлықтай 
пайдалануға көмектеседі.Сөзді дамыту және ойлаудың оқу барысына енгізу 
қағидасы екі бағыттарда іске асады.
Біріншіден, мүмкіндігі шектеулі баланың сөйлеуі қоршаған орта және 
оларды ұғыну,заттар мен құбылыстарды бақылау негізінде қалыптасады. 
Екіншіден, грамматика және дұрыс жазу сабағында лексикалық және 
грамматиканың дұрыс түсінуі іске асады. Олардың барлығы жалпы 
шындықтың құбылыстары мен заттардың бейнелері(лексикалық мағынасы) 
және шын өмірде осы заттар мен құбылыстардың сол қатынасқа түскендегі 
бейнесі(грамматикалық мағынасы) .Мысалы:ағаш сөзінің семантикасы 
заттардың нақты тегін ашып көрсетеді.«Мама қайта оралды »сөйлемінде 
орындалған айқын әрекетті хабарлайады. «Қаладан келді» сөз тіркесінде 


мекен жағдайының грамматикалық мағынасы анықталған семантиканың сөз 
тіркесімен беріледі. 
Мүмкіндігі шектеулі оқушылар әр түрлі сөз бірліктерінің мағыналарын 
қиындықпен меңгереді. Баланың құс тұмсығын мұрын деп атағанына 
қарағанда сөздің лексикалық мағынасын ғана емес шындықтағы 
айырмашылығында ескермейді:адамның мұрны мен құс тұмсығы бір сөз деп 
есептейді.мектеп оқушысы шындықтың екі нысанының (объектісінің) өзара 
қарым-қатынасын түсінбейді.Грамматика және дұрыс жазу емлесі 
сабақтарында туындаған қиындықтарды шешу үшін бастауыш сынып 
оқушылары әуелі шындық ситуация және сол ситуациямен байланысты 
заттар туралы ойлануы қажет. Содан кейін осы байланыстың сөз ішіндегі 
жағдайын бақылау жұмысы ұйымдастырылады,содан соң жаңа сөздік қор 
материалын жасау мүмкіндігі туады,оқушыға оның лексикалық және 
грамматикалық мағынасын ұғынуға көмектеседі.
Осылайша, оқушылар заттың жағдайын басқа затпен қатысына 
байланысты қарастырады, мынадай сөз тіркестері мен мағынасын ашады: 
столдың үстіндегі доп, (стол астындағы, стол жанындағы ). 
Ауызша сөйлеу тілін дамыту сабақтарында сөздердің лексикалық 
мағыналары заттардың қасиеттері, сипаттарын бақылау нәтижесінде бұл 
сөздердің қолданыстағы мағынасы анық болады. Сөздердің грамматикалық 
мағынасы тәжірибелік деңгейде жаттығулар кезінде бекітіледі. Мысалы: 
Заттың атауы және оның әрекеті,бастауыш пен баяндауышты дұрыс 
үйлестіруді үйрену 
Әр жануардың негізгі сүйікті тағамын көрсету және осы мағлұматтың сөз 
ішіндегі қажет сөз формасын таңдай білу; қоянда сәбіз, аюда бал, түлкіде 
тауық,тиінде жаңғақ т.б. 
Ойлау мен тіл дамыту бірлігі принципі баланың сөйлеу тілі мен ойлау 
қабілетіне белсенді әсер ететін оқу әдістері мен тәсілдері көмегімен іске 
асады. Бұл әдіс-тәсілдерге анализ,синтез, нақтылыу, жалпылау, теңестіру 
және топтастыру жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет