оқулықтың орнын толтыру үшін мысалға екі не төрт сөйлем алып, оның
алғашқысында айтылған зат есімнің (адам, нәрсе аты) орнына келесі
сөйлемдерді есімдік қойып, түсінік беріледі.
Жіктеу есімдігін таныстырғанда, зат есімнің жіктелу жолын балалардың
есіне салған жөн. Бұл әрі тақырып арасындағы байланыс, әрі өткенді
пысықтау тәсілдерін қолданғандық болса, оған қоса оқушылардың жіктік
туралы ұғымы, оның үш жақпен айтылатыны жөніндегі бұрыннан білетін
білімдерін жаңа материалдың мәнін тануға, оған оңай түсінуге негіз етіп
пайдаланамыз. Сонда оқушылар зат есім жекеше және көпше түрде үш
жақпен жіктелгенде оған байланыстырып қолданған «мен, біз, сен, сіз;
сендер, сіздер; ол, олар»; деген сөздерді тез еске түсіреді. Осы дайындық
сәтті пайдаланып мұғалім аталған сөздер (мен, сен, ол т.б.) жіктеу есімдіктері
екенін таныстырады. Мысалыға келтірген есімдіктерді бақылата тұрып,
олардың ІІІ жақта айтылатынын, әр жақтың есімдіктері қайсылар екенін
оқушылардың өздерінен сұрап, соларға тұжырым жасатуға әбден болады.
Одан әрі мұғалім жіктеу есімдіктерінің мәнін дәлелдеп түсіндіреді.
Оладың адам ұғымын білдіретін зат есімдердің орнына жүретін орынбасар
сөз табы екені айтылады. Сондықтан жіктеу есімдігінде Кім? қойылатыны
мысалмен дәлелденеді. Тек ІІІ−ші жақта ғана «ол, олар» есімдігі басқа
заттарды да көрсетіп, оларға Не? Сұрағы қойылатыны ескеріледі.
Мұғалім сабаққа керекті тілдік фактіні яғни (мысалды) оқулықтағыға қоса
өзі ойластырып тиіс.
Жіктеу есімдіктерінің І−ші жағы сөйлеуші кісінің өзін көрсетсе, ІІ−ші
жағы сөз арналып айтылған кісіні білдіреді, ал ІІІ−ші жағы менде, сенде
емес, үшінші кісі екенін аңғартады. Бұл ұғымдарды таблица түрінде
жинақтап көрсетсе, тиімді болады.
Достарыңызбен бөлісу: