Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет19/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

2. Дыбыстарды үйрету 
Қазақ тілінің фонетика тарауынан бастауыш сынып оқушыларына 
негізгі білімдік мағлұмат пен практикалық дағды біршама жеткілікті беріледі. 
Дыбыс пен әріптер 2-ші сыныпта да өтіледі. Қазақ тілі курсында дыбыс, әріп, 
олардың мәні, жазылу емлесі, алфавит, буын және тасымал жайлы бастапқы 
ұғымдармен танысады. 
Балалар қазақ тілі дыбыстарының ерекшелігін мектепке келгенше 
практикалық тұрғыда әжептеуір игереді. Бірақ ол жеке сөздегі әрбір дыбысты 
саналы түрде ажырата алмайды. Әліппені өту кезеңдерінде сөзді, буынды 
талдау жолымен дыбыстарды айырып үйренеді. Мұнда да тіл дыбыстарының 
бір-бірінен өзгешелік белгілерін толық тани қоймайды. Ал, тіл дыбыстарын 
және олардың өзіндік айырмашылықтарын білудің балаларды сауаттандыру 
үшін де, грамматика мен емлені жетік меңгеру үшін де және ауызша,
жазбаша тіл дамыту үшін де маңызы күшті. «Дыбыс пен әріп» тақырыбы ең 
негізгі мәселе ретінде 2-ші сыныпта оқытылады да, 3-ші сыныпта ол 
меңгерілген білік пен дағды тереңдетіліп, бекітіле түседі. Сондықтан бұл 
тақырып материалдарын 2-ші сыныпта мұқият танытуға мұғалімдер білімі 
мен әдіс-тәсілдерін көп пайдаланады. Бұл тарау грамматика сабағында да 
практикалық жолмен өтіледі. Демек, балалар сөзді дәл әрі дұрыс сөйлеп, 
сөзді буынға бөліп, одан дыбыстарды айырып жазуда дыбыстарды әріппен 
таңбалай білуге үйретеді. 
2-ші сыныпта қазақ тілін оқытқанда, «Дыбыс пен әріп» тақырыбын 
үйрету жұмысы ол жөнінде әліппе кезеңінде өтілген материалды қайталаудан 
басталады. Сауаттандыру кезеңінде дыбыс, әріп туралы түсінік алған 
оқушылардан олардың ерекшелігі тәжірибелік тұрғыда жаттығу жұмыстарын 
орындату жолымен еске түсіріледі. Дыбыстың сөз бөлшегі екендігі 
дыбыстарды тыңдату, айтып жаттығу тәсілдерімен меңгертіледі. Дыбыстың 
сөз мағынасы түрленуіне әсер ететіндігін практикалық жұмыс орындату 
арқылы түсіндіруге болады. Ол үшін қосу мен алу әдістері қолданылады. 


Тиісті сөзге тағы бір дыбыс қосқанда немесе сөзден бір дыбысты алып 
тастағанда, сөз мағынасы өзгеріп, түрленетіні байқалады. Сөздегі 
дыбыстардың саны көбейсе не азайса, сөздің мағынасы өзгеретіні айқындала 
бастайды. Сөзде басы артық, қажеті жоқ дыбыс болмайтынын сөздегі дыбыс 
санын көбейту амалы мен ойын элементін ендіре отырып, қызғылықты түрде 
түсіндіру-тиімді әдіс. Ән-әнші, әншілер, ө-өзен, өзендер. Ескертетін бір жайт, 
осындай осындай тәсіл қолданудың барысында мүғалім әлгі дыбыстарының 
санына қарай әртүрлі мағына ұстайтын сөздерді бірінен екіншісі, одан 
үшіншісі өрбіген сөздер деген тәрізді жаңсақ ұғымды жас балаларға айтып 
қоюдан сақтану мәселесі. Оқушыларға үйретілетін бастапқы ғылыми 
ұғымның дұрыс болуына айрықша жауапкершілікпен қарау керек, өйткені 
жас баланың психологиялық бір ерекшелігі- ең алғашқы алған әсерін 
(көргенін, істегенін, ұғынғанын) қатерінде ұзақ мезгіл сақтай алатындығы. 
Ендеше, оларға я теріс берілген ұғымды түзетіп, дұрыстап қайталап 
түсіндіру мұғалім үшін өте қиын емес. 
Дыбыстарды, 
оның жазудағы таңбасы әріп деп аталатыны 
оқушыларға үйретіледі. Осы мәселе 2-ші сынып қазақ тілін оқуға түскенде 
дыбысталады. Мұнда «Сөз дыбыстардан құралады, дыбыстар жазуда әріппен 
таңбаланады» деген ережелер беріледі. Ал, практикалық жұмыстада сөз 
ішіндегі дыбыс пен әріптер айтылады, олардың қанша екені сұралады. 
Белгілі тапсырма бойынша не дауысты, не дауыссыз дыбыстардың асты 
сызылады. Сөйлемдегі кейбір сөзге фонетикалық талдау жасатылады. 2-ші 
сыныпта өтілген материалдың негізгі тақырыптары 3-ші сыныпта оқу жылы 
басында қайталанады. Бірінші сыныпта жеті дауысты дыбыс (а, е, о, ө, й, ү, ұ 
және олардың емлесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет