Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет21/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

 
 
 
4. Буынға бөліп оқытып-үйрету 
Оқыту барысының өзін үйрету буынға бөліп оқытып-үйретуден 
басталады. Бұндай оқу барысының күрделілігі зияты дұрыс балаларға да, 
әсіресе танымдық қызметі, сондай-ақ есту қабілеті сияқты психофизикалық 
жағының дамуы, сөйлеуі, қимылы, оқуға тікелей қатысы бар көру түйсігі 
бұзылған зияты зақымдалған балаларға үлкен қиындық туғызады. Бұндай 
кінараттары бар оқушылардың дыбысты бөліп алуына, оның айтылуын 
анықтауына, әріпті түйсінуіне, дыбыстарды әріптерге біріктіруіне, бір 
дыбыстың айтылу артикулляциясынан екіншісіне ауысуына, көзқарасын 
біріншісінен екіншісіне аудаурына қиындық туғызады. Оқып-үйренудің 
шамасына қарай көрсетілген қиындықтар ерекше тәсілдер мен амалдардың 
жәрдемімен біртіндеп жойылады. Көмекші мектепте қолданылатын оқуға 
үйретудің негізгі тәсілі- «талдаудың ізімен» оқу. Талдауға жекелеген 
буындарды емес, ең алдымен сөздерді іріктеп алу керек. Сөздің мағынасы 
кәдімгі заттарды немесе олардың суретке салып көрсетілген нұсқаларын 
пайдалану арқылы түсіндіріледі. 
1.
Оқушыларға затты немесе суретті ұсынады. Олар заттың немесе 
суретте не көрсетілгенін айту керек. Заттың атын немесе суретте 
көрсетілгенді айтқанда сыныптағы оқушылар түгел бірауыздан және жекелеп 
жауап береді, сосын тақтаға графикамен белгілейді. 


2.
Сөз талданады. Сөздегі буындардың саны және олардың жүйелілігі 
анықталады (бірінші буын, екінші буын), буындар графикамен үлгіленеді 
және керекті буын қайталанады. 
3.
Бөліп алынған буын талданады. Буындағы дыбыстардың саны олардың 
жүйелілігі анықталады. Сөзді буындық және дыбыстық талдау жұмысы 
жаңалық емес, бұндай жұмыс әліппеге дейінгі кезеңде жүргізілген. Бұл 
міндетті түрде шартты-графикалық жазумен жүргізіледі. 
___________ Сөз. 
- - - - - - - Буындар. 
. . . . . . . . . Дыбыстар.
4.
Алдын ала жүргізілген осындай дыбыстық жұмыстан кейін бірінші, 
екінші әріптер анықталады. Қабырғаға ілінген кассадан әріптерді алып, 
жиналатын жұқа жолақтағы дыбыстарды көрсететін шеңбердің астына 
қояды. 
5.
Буынды мұғалім оқушылармен бір мезгілде, сосын кезекпен оқиды. 
6.
Одан кейін тақтада және әрбір оқушының партасында осы буынды 
құрастыру және оқу жаттығуы жүргізіледі. 
7.
Тақтаға жазылған және партаның үстіндегі буынды талдап болғаннан 
кейін, оны әліппеден оқиды. Әліппеден берілген сурет пен нобайы бойынша 
алдын ала талдау жұмысына жүргізу керек, сосын буындарды оқуға 
жаттығады.Енді әртүрлі бейнеде жазылатын буындармен жүргізілетін 
жұмысқа тоқталу керек.Тұйық буындар (ал, ол) бірініш кезекте оқып-
үйретіледі. Олардың бірігуінде қиындық жоқ. Олар жоғарыда ұсынылатын 
нобайы бойынша оқып-үйретіледі. Оқу кезінде дауысты әріпті оқып шыққан 
дауыссыздың жүйелілігін қалыптастыра отырып, осы буындарды құрастыру 
және оқу оқушылардың ең негізгі жаттығуы болып есептелінеді. Сөздің 
тізбегінде тұрған әріпті жеке бөлінбеген күйінде айырып тани білуге ерекше 
көңіл аударылуы керек. Ең қиыны ашық буынды( ла, та, па) оқу болып 
табылады. Бірінші оқу «талдаудың ізімен» жүреді. Ашық тура буынды оқуды 
меңгеруді жеңілдету үшін ең алдымен мұрын жолды жеке созылып 
айтылатын қатаң дыбыстарды оқып-үйренеді (1-2 кезең). Бұл кезеңдердің 
басты міндеті ашық буынды қосып оқу дағдысын тұрақтандырып, бекітумен 
шектеледі. Ол үшін оқып үйренуге ойын жаттығулары, көрнекі құралдары 
сияқты қосымша тәсілдерді пайдалану ұсынылады. 
1.
Біріктіріп оқуға жаттығу үшін бірінші дауыссызды созып бастап келесі 
тұрған дауыстыны қосып алып жалғастыра айтқан күйінше дауыссыздың 
айтылуын біртіндеп қысқартып баяулатады. 
А...............................................Л 


А..........................Л 
А.........Л 
АЛ 
Бұндай жаттығуға « лабиринт» деген ойын сәйкес келеді. Мұғалім 
көрсеткішімен дауыстыға дейінгі баратын жолды жүріп өтеді. Жол 
неғұрылым ұзарған сайын, сөйлеу тілі қимыл мүшелері дауысты дыбыстың 
айтылуына ыңғайланғанға дейін дауыссыз дыбыс соғұрлым айтыла береді. 
2.
Буындарды қосып оқып-үйрену жұмысына арнайы дайындалған оқу 
құралы лайықты үлесін қосады. Сыныпта отырған оқушылардың барлығына 
бірдей анық көріну үшін қалың қағаздан жасалған үлкен көлемдегі 
тікбұрышты алады. Тікбұрыштың екі-үш жерінен тесік қалта жасайды да, ірі 
етіп тік бұрыштың сыртынан сырғытып отырып тесік қалтадан әріптер 
көрінгенде пайда болатын буындарды оқушылар оқиды. 
3.
Балалар оқып-үйренген буындағы бір дауысты немесе дауыссыз әріпті 
ауыстырып буынды өзгерту жаттығуын жүргізеді. 
4.
Ең көп жаттығуды буындық кестені жасау керек. Бұл жаттығулар 
мүмкіндігі шектеулі оқушыларға буындардың бірігуіндегі қиындықты 
жоюға, таныс болып қалған буындардың оқылуын қалыптастырылуына 
жәрдемін тигізеді. 
Тура ашық буындардың құрылымы мен оқылуы кезінде осы 
буындармен салыстырып талдауға өте қатты ден қойып, көңіл аудару керек, 
себебі мүмкіндігі шектеулі балалар тура буынды қарсы буын сияқты оқи 
береді. Сондықтан бұл буындарды салыстыруда олардың орындарының 
айырмашылықтарын анықтаудың ұқсас буындарды, сосын сөздерді 
ажыратып оқуды меңгеру үшін үлкен маңызы бар. Тура және қарсы 
буындарды оқытқан кезде қызыл түсті – дауыстылар, көк түсті –
дауыссыздар, жасыл түсі- жіңішке дауыссыздар, қызғалт сары түсті – 
жіңішке дауыстылар деп белгілеп, түсті әріптерді пайдалануға болады. 
Серіппелі дауыссыздар бар буындарды оқыған кезде буынның екінші әрпі 
дауыстыны, сосын тұтас буынды оқу тәсілі қолданылуы мүмкін (а-ка, а-па, а-
та, а-ға). Дауыстыларды әріптің алдына шығаруды бірте-бірте тоқтатып, 
мұғалім балаларды алдымен екінші әріпті, сосын тұтас буынды оқуға 
бейімдейді. Оқушылар кейін екінші қайтара оқуына да болады, бұл әріпке 
мұғалім олардың тек назарын ғана аударады. Келесі кездесетін қиындықтары 
– тұйық буын ( сал, сол, сан, тон т.б. ). Алғашқы кезде әдеттегідей бір жабық 
буыннан тұратын сөз құрастырылып және оқылады. Сөзді оқу оқығанын 
түсінуге қалыптастыруға жәрдемдеседі. Бірінші сөздерге мал, мол сөздері 
жатады. 


1.
Басқа буындар сияқты жабық буындар да «талдау ізімен» құрылады 
және оқылады. 
2.
Бұл жердегі тәсіл бұрынғы игерілген буындық құрылысқа әріпті қосу 
немесе өсіріп жетілдіру болып табылады. Сондықтан кез келген буынға 
әріптің қосылуы арқылы жабық буын жасалуы мүмкін.(ша-р, ша-ш, қа-р, өа-
с, т.б.) 
3.
Бұдан кейін әріптерді алмастырып оқу ( сал-сол, қар-қас, т.б.) буындық 
кестеге ұқсас сөздерді оқу сияқты бұрыннан белгілі тәсілдерді пайдаланады. 
4.
Сөзді қарастыру және оқу. 
Оқушылар дыбыстады, әріптерді оқып-үйренумен және негізгі буындық 
құрылысты меңгерумен қатар, ең басынан бастап сөзді оқуға жаттығады. 
Әліппені оқу кезеңіндегі оқу, әдеттегідей буын жүйесімен оқу деп аталады, 
осыған сәйкес оқуға ұсынылатын сөздер буын жүйесіне бөлініп беріледі. 
Сөзді оқуға жаттығуды дұрыс қою үшін баланың түсінігіне жеңіл әрі оқуына 
оңай, таныс сөздердің, сонымен қатар, керісінше олар түсінбейтін, дыбыстың 
құрамы таныс емес күрделі сөздердің бар екенін еске сақтау қажет. Сөйтіп, 
оқушылармен сөздерді оқуға жаттығуды жүргізгенде дұрыс оқып шығу және 
оқығанның мағынасын барабар түсіну сияқты бірлесіп әрекет ететін екі 
негізгі кезеңді ескеруге тура келеді. Сөзді оқып шығу тәсілі жөнінде ең 
бірінші қойылатын қажетті шарт – сөздің құрамындағы дыбыстарды, 
әріптерді, буындарды анық етіп және барынша жеңіл оқи алатын болу керек. 
Негізінде бұл шарт балалрмен біріктіру жаттығуын жүргізе отырып 
дыбыстарды және әріптерді оқып-үйрену барысында жүзеге асады.Одан 
басқа, қосымша жұмыс ретінде оқушыларды келешекте сөздерді оқуға 
машықтандыру үшін іріктеп алынған сөздердің ішінен әйтеуір жекелеген бір 
буындарын оқуға алдын ала дайындау жаттығуын жүргізеді. Балалар
алғашқы кезде сөзді буынға бөліп оқығанымен, сол буынды жөнді түсіне 
алмай қиналады, сондықтан түсінбей оқудың салдарынан буындардың 
бастары бірікпей қожырап кетеді де, бастапқы мағынасын мүлдем 
жоғалтады. Оқып-үйренудің мұндай келеңсіз жағдайлары түсініп оөу 
дағдысына машықтандыруға кесірін тигізеді, мағынасын түсінбей оқу 
оқушының оқу тәсілін дамуын тежейді. Бұндай жағдайда тек арнайы 
жаттығулар ғана жәрдем беруә мүмкін. 
1.
Сөздерді «талдаудың ізімен» оқу. Сөз буынға және дыбысқа талданады, 
сосын буынға бөліп оқылады. Буындар жатық және анық айтылуы керек, 
үздік-создық қожыратып оқытудан аулақ болу керек. Оқылатын сөздегі 
буындардың арасын үзіп оқуын бірте-бірте қысқартып отыру қажет. 
2.
Ырғақпен оқу. 


3.
Сөзді тұтасымен қайталап оқу. 
Оқушыларды қысқа сөйлем оқуға жаттықтыру жұмысы лайықты түрде 
ұйымдастырылады. Сөздер оқылғанда түсінуге жеңіл болу үшін бірімен 
бірінің байланысын сақтай отырып, сондай-ақ олардың кейбіреулерінің 
мағыналарының алшақтығына қарай байланысу жақындығына да шек қою 
қажет. Әйтпесе оқудың барысы оқылатын сөйлемнің мағынасының өзара 
байланысын көрсететін сөздер сұрыпталып алынған мағынасыз буындардан 
құралған болып шығады.Тап осы жағдайда балаларды буындардың 
арасындағы үзілісті қысқарақ, ал сөздердің арасындағы үзілісті ұзағырақ етіп 
айтуға үйрету пайдалы. Оқып шыққан сөздің немесе сөйлемнің мағынасын 
түсіндіріп қана қоймай, сондай-ақ оқушының сөзбен айтқан жүйелі түсінігін 
санасына сіңіруге тырысу қажет. Ол үшін оқу сабағында әшекейлі суретті 
қолдануды, әр түрлі заттардың үлгілерін ермексаздан мыжғылап жасауды, 
заттар бейнеленген және оқиға желісіне құрылған бейнелі суреттерді қарап 
шығу ұсынылады. ( сөз оқылады, сөзді бейнелі суреттен тауып алады немесе 
сөз суреттерден құрастырылады, сосын қайталап оқылады). Сөзге тек қарап 
қана қоймай, сондай-ақ көру және есту түйсігінің айтылуындағы 
байланысына зейін қойып тыңдауға, сөздің мағынасын дұрыс және тезірек 
үйрету қажет. Сондықтан алғашқы кезде тек қана естіртіп отыру керек. Бұл 
кезде мұғалім балалардың оқығанда сөздің жеткілікті түрде қатты және анық 
айтылуын талап ету керек. Балалардың өздері жазғандары мен айтқандары 
бойынша сөздің мағынасының айырмашылығын анықтауға жаттықтыру 
орынды (қыс-қыз, қасық-қазық). Сөздің мағынасын оны оқып болысымен ұғу 
дағдысын жетілдіру жаттығуын ұсынуға болады. 
-
Оқы, қаздың есімін оқып болған соң қолыңды көтер. 
-
Оқы, ағаштың атын оқып болған соң суреттен көрсет және тағы 
басқалар. 
Оқу дағдысын жетілдіру үшін жаттығуға лайықты көрнекі құралдарды
іріктеп алу қажет. Жаттығу үшін іріктеп алынған сөз балалар күнделікті 
қолданып жүрген және түсінігі жеңіл болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет