Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет26/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
Тұтас сөз әдісі.
Тұтас сөз әдісі алғаш Англияда 19ғасырдың екінші 
жартысында пайда болды. Соңынан Америкада кеңінен қолданылды. 
Сондықтан да оны «американдық әдіс» деп те атайды. Ағылшын тілінің 
табиғи ерекшелігі бойынша сөздің айтылуы мен жазылуы арасында 
өзгешелік күшті болады. Онда сөз ішіндегі кейбір дыбыс екі не үш әріппен 
таңбаланып жазылады. Сол себепті көп құрамды сөздерді дыбыстық 
жүйемен оқыту қиынға түседі. Ал, осы бір тілдің және бір ерекшелігі тілдегі 
сөздің 80 процентке жуығы бір құрамды, яғни бір буынды сөзден тұрады.
 
Тұтас сөз әдісі орыс мектебінде 1905 жылдан бастап ешқандай 
талғамсыз қолданыла бастайды. Бұл әдіс орыс тілінің табиғатына мүлдем 
қайшы келеді. Себебі, біріншіден орыс тілінде бір құрамды сөз өте аз 
кездеседі. Екіншіден, орыс сөзінің айтылуы мен жазылуы көп ретте 
бірдейге жақын ұқсас келеді. Бұл әдіс, комплексті оқуға қолайлы 
болғанымен, балалардың сөз мағынасын түсінуіне, оның дыбыстық мәнін 
айырып, әріптік элементтерін тануына өте қолайсыз. Оқушылар сөзді тек 
сырт түріне қарап көру қабілетімен ғана таниды. Сауат ашу жолы өте 
қиын әрі тым ұзаққа созылады. Баларға арналған оқу материалды өте 
шұғыл түрде күрделендіре береді де, әлі оқу дағдысы, білім дәрежесі 
дұрыс қалыптасып болмаған оқушыға көп құрамды бүтін сөзді тұтас 
қалпында бірден танып оқу қиынға түседі. Сөзге дыбыстық талдау-
жинақтау процесі жүрмегендіктен, балалар жазғанда әріп тастап кетеді, 
сөйтіп шала сауаттанады. Оқуда да жаңсақтық жібереді. Сөзді көз 
қаныққан тұрпатына қарап жобамен оқитын болған соң, саналы ұғым ала 
алмайды. Бұл әдістің осылар сияқты көптеген қолайсыз жақтары 
мұғалімдерін қатты ойландырады. Сөйтіп олар тұтас сөз методынан бірте-
бірте бас тартып, сөз дыбыстық талдау жолымен оқы тәсіліне көше 
бастайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет