Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет29/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

9-10 сабақ 
Тақырыбы:
Көшеде жүру тәртібі. Көліктер. Сөз 
Сабақтың мақсаты- оқушыларды көшеде жүру ережесімен, көлік 
аттарымен, қоғамдық көліктерде өзін-өзі ұстай білумен таныстыру. Сөздерге 
буындық талдау жасату. 
Бағдаршамның қызыл, сары, жасыл көздері қандай белгіні білдіретінін 
түсіндіру. Көшеден өтерде бағдаршамның «тілдеріне» бағыну адам өмірінің 
қауіпсіздігі үшін зор маңызы бар екендігін ұғындыру. Көшені кез-келген 
жерден кезіп өтуге болмайтыны, арнайы өтетін жолақшамен сызылған 
жолдан өту керектігі айтылады. Жер асты жолы- метромен таныстыру. 
Елімізде метро Алматы қаласында жұмыс істей бастағанын айту. 
Метро
сөзіне буындық талдау жасату. 
Метро 
сөзінде екі буын бар. Бірінші буын-
ме

екінші буын-
тро
. Бірінші буында екі дыбыс бар: м, е, екінші буында үш 
дыбыс бар: т, р, о; 
метро 
сөзінде екі дауысты дыбыс бар: е, о. Үш дауыссыз 
дыбыс бар: м, т, р. Вагон сөзінде осындай буындық талдау жасау.
18-19 беттегі көліктермен таныстыру. Олар: ат, ұшақ, тікұшақ, кеме, 
автобус, троллейбус, машина. Әрбір көліктің қай жерде жүретіні, ерекшелігі, 
маңызы, т.б. туралы түсініктер беру. Басқа да көліктермен таныстыру. 
Сөздерге буындық талдау жасату. «Әліппе серігінде» берілген осы 
тақырыптағы материалдарды пайдалану. Дәптермен жұмыс жүргізу.
11-12 сабақ 
Тақырыбы:
Үй жануарлары. Буынды талдау. 
 
Бұл сабақта оқулықтың 9 імен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар үй 
жануарларын түрлеріне қарай ажыратып, малдардың және олардың 
төлдерінің атауларын білулері тиіс. Әр малдың ерекшеліктері, өзіне тән 
қасиеттері, пайдасы, оларды күту, т.б. туралы түсінік беріледі. Әр мал атасы, 
оларды бағатын адамдарды қалай атау керектігі жөнінде мағлұмат беріледі.
Оқулықтағы берілген дыбыс сызбаларымен жұмыс жүргізіледі. 
Сызбада дауысты дыбыс белгісі қызыл дөңгелекшемен көрсетілген. Мысалы, 
бірінші сызба бойынша сөзге дыбыстық талдау жүргізілгенде, бұл сөз үш 
дыбыстан құралған, біріншісі- дауыссыз дыбыс, екіншісі- дауысты дыбыс, 
үшіншісі- дауыссыз дыбыс болатынын айтып, суретке қарап, қай сөз екенін 
таптыру керек. Оқуышлар сызбаға сәйкес сөзді дұрыс тапқандарын тексеру 
үшін осы сөзге дыбыстық талдау жасату қажет. Осылайша барлық дыбыс 


сызбасымен жұмыс жүргізіледі. Сабақты бекіту, толықтыру мақсатында 
«Әліппе серігін» пайдалануға болады. Дәптермен жұмыс жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет