Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет43/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

Әдебиеттер
1

Гнездилов М.Ф. Методика обучения русскому языку во всп.школе. М. 
1965 
2. Бектаева К.Б. Көмекші мектептерде ана тілін оқыту әдістемесі. Алматы. 
Мектеп.2004 
3. Рахметова С.Р. Қазақ тілін оқытудың тоериясы мен технологиясы. 
Алматы. 2007
 
 
6. Ғылыми-көпшілік мақалаларды оқыту 
1. Ғылыми мақалаларды оқытудың мақсаты мен ерекшеліктері. 
2. Ғылыми мақалаларды оқыту әдістемесі. 
Ғылыми-мақалаларды оқытуды арнайы мектеп оқушыларына ғылым 
саласына хабар беру және табиғат құрлыстары, еліміздегі бұрын болған және 
қазіргі қоғамдық саяси оқиғалар туралы бар мағлұматтын толықтыру 
мақсатымен оқулықтарда ғылыми мақалалар берілген. Мұндай мақалалардың 
ерекшеліктері бар.Олар: 
1. Тақырыптың не нәрсеге арналатыны анық және оның мазмұны, мақсаты 
болады. Мысалы, тақырыбы еңбек процесіне, ұжымның немесе жеке 
адамдардың әлеуметтік тұрмысына т.с.с арналады. Ал мақаланың мақсаты-
осы туралы дәл мағлұматтар беру. 
2. Ғылыми мақалалар бір құбылыстың ерекше белгілерін көрсетіп қана 
қоймайды, сонымен қатар оның басқа құбылыстармен, фактілермен 
байланысын көрсетеді, оны пайдалануға үйретеді. 
3. Ғылыми мақалалардың тіл ерекшелігі де болады: арнаулы 
терминология, сөзді дәл қолдану, сөйлемдердің синтаксистік құрлысының 
қатар тәртіпте болуы. 
Ғылыми мақалалар мен очерктер тақырыптық жағынан ұқсас. Очерк-бір 
нәрсеге қысқаша мәнерлі сипаттама беретін әдеби шығарма. Ғылыми 
мақалалардан ерекшелігі –очерк көркемдік сипатта жазылып, сюжетке 
құрылады («Қаһарлы күндерде», «Мерген қыз», «Азаттық сақшы» т.б ). 
Мақалаларда әдетте мүлде жаңа фактілер берілді, сондықтан кіріспе 
бұрын міндетті түрде дайындық жұмыс керек. Мұнда бірде біз балаларды 
мақалаладан жаңа ұғым алуға дайындаймыз, яғни оқуға деген қызығушылық 
сезімі туып, мақаланы қабылдауға балалар толық дайындалады. Екіншіде 
балаларды мақаланы қабылдаудағы ғана дайындап қоймаймыз, дайындық 
кезінің өзінде білім береміз. Мысалы, дайындық жұмысынан кейін мәтіні 


оқылады. Егер мәтін қысқа болса, тұтас оқылады, мазмұнын айтуға 
дайындалады. Оқушылыр мәтінді оқығаннан кейін берілген сұрауларға 
жауап қайтарып, тапсырмаларды орындайды. Мұнда қандай сұрауларға 
жауап беретіндері дайындық кезінде ескеріледі. 
Мақала оқылу барысында екі рет талданады. Бірінші оқығанда сөздің 
мағынасы екі рет талданады. Бірінші оқығанда сөздердің мағынасы, кейбір 
фактілер анықталып бөлімдерге басты ойды аңғарту мәселелері жөнінде 
жұмыс жүргізілсе, екінші рет оқылғанда фактілердің арасындағы 
байланыстарды табу, қортынды жасау жұмыстары жүргізіледі. Кейбір 
жағдайларда мақаланың мазмұнын менгерту үшін балаға үшінші рет оқуға 
болады. 
Ғылыми мақалаларда оқытуда терминдер мен қортындылыарға ерекше 
көңіл аударады. Терминдер, түсінуге ауыр сөздер қайта оқытылыды. 
Дайындық жұмысы кезінде оларға берілген анықтамалар қайталанады, 
қортындылар талқыланады, егер қысқа болса, тақтаға жазылады. 
Әдебиеттер: 
1. Аксенова А.К. Методика обучения русскому языку во вспомогательной 
школе. М., 2004 
2. Рахметова С. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». Алматы, 2007 
3. Гнездилов М.Ф. Методика обучения русскому языку во всп.школе.М. 
1965 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет