Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


 Жоғары сыныптарда көркем шығармалармен жұмыс жүргізу



Pdf көрінісі
бет44/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

7. Жоғары сыныптарда көркем шығармалармен жұмыс жүргізу 
1.
Күрделі әдеби шығармалардын әдістемесі: 
2.
Шығарманы мұғалім өзі оқиды. 
3.
Шығарманы оқушылар өздері оқиды (болігіне боліп дауыстап немесе 
іштен). 
4.
Шығарманың мазмұнын әдістемелік аппарат бойынша талдайды. 
5.
Шығарманық идеяасын анықтау және тәрбиелік мәнін дәлелдеу. 
Арнайы мектептердің 4-сыныбына көшкен оқушылар тыныс белгілерін 
сақтай отырып, сөздерді бұзбай, кемшілік жібермей оқи алады. Сонымен 
бірге оларда мұғалімнің жетекшілігімен материалдың мазмұнын талдай білу 
дағдылары жетіледі. Оқиғаның мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап 
бере отрып, олар құрылымы қарапайым мәтінді бөлшектеп, оның 
әрқайсысына ат қойып, өз жауптарын бөлшектердің белгілі бір тұсына 
келтіруі және ең оңай әрі тиімді жоспар құруы, сөйтіп жоспар бойынша 
мәтінді ауызша әңгімелеп беруі мүмкін. 


Мүмкіншілігі шектеулі оқушылар 5-сыныпта белгілі бір мөлшерде
қарапайым тапсырмаларды (мәтіннен белгілі бір жерін табу, сұрақтарға 
жауап әзірлеу, т.б.) орындай отрып, өз бетінше іштен оқу дағдысын 
меңгереді, сондай-ақ мектеп кітапханасындағы сыныптан тыс оқуға арналған 
кітаптарды пайдалана білуге машықтанады. 
Оқушылар жалпы әңгімеге ұйымдасқан түрде қатысуға икемделіп, 
қарапайым түрде соған бірте-бірте жаттығады. Олар жеткілікіті дәрежеде 
әңгімелесушілерін аса сергек тыңдайды, оларға сұрақтар береді, 
талқыланған тақырыптан ауытқымай, өз кезектерінде пікірлерін айта алады. 
Алайда жоғары сыныптарға көшер кезде, жекелеген оқушыларда қарапайым 
сөз дағдыларын игеруде қайсыбір ақаулар байқалуы мүмкін. Сондықтан 
олармен оқу процесі барысында және сабақтан тыс уақытта қосымша 
арнайы жаттығулар жүргізу керек. Көмекші мектептің жоғары
сыныптарында оқу ісін ұйымдастыру мәселесіне көше отырып, ең алдымен 
сыныпқа 
жаңа 
өткен 
оқушыларға 
тап 
болатын 
жағдайларды 
қарастырғанымыз жөн. 
Арнайы баспалдағы болып табылады. Бұл жүйенің күрделілігі-көбіне 
оның бірнеше бөлімдерден тұратындығында. Егер бұған дейінгі кезеңде 
білім беру курсы даралап оқытудың орыс тілі мен математика тәрізді негізгі 
екі оқу пәнін үйрету бағытында жүргізілген болса, енді олармен қатар дербес 
пәндер ретінде жаратылыстану, география, тарих оқытыла бастады. 
Оқушылардың көптеген мұғалімдермен жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл 
жағдай – олигофрен – оқушыларға сабақ өту кезінде жағдайды ауыстыруға 
итермелейтін бірқатар қиындықтар тудырады. Жоғары сынып оқушыларына
біршама күрделі материалдармен жұмыс істеуге және бірқатар теориялық 
мәліметтерді игеруге (қазақ тілі сабағында) тура келеді. Сондай-ақ оқу 
тапсырмаларын орындау жұмыстарының әдістері де күрделене түседі: олар 
едәуір ақыл ой әрекетін және өз бетінше жұмыс істеуді талап етеді. 
Мұғалім әдеби шығармалармен жұмыс жүргізе отырып, оқушылардың оқу 
техникасын жетілдіруге, баршама тез және мәнерлеп оқи алуына, сондай-ақ 
сөзді анық айтудағы орын алған кемшіліктерді жоюға баса назар аударуы 
керек. Әдеби шығрмалардың мазмұнын талдау бірқатар терең сипат алады. 
Суреттелген оқиғаның желісін түсініп алу жеткілікті болмаса да, мәтінде 
тікелей айтылмаған басты ойды жеткізу талап етіледі. Көркем 
шығармалардан алынған үзінділерде оқушылардың күнделікті өмірінде 
қолданып жүрген сөздерінен гөрі, тосын естілетін сөздер мен сөз тіркестері 
жиі кездеседі. Олардың мәнін мәтінге орай түсіндіруге және белгілі бір 
мөлшерде балалардың сөздік қорына енгізуге тура келеді. 


Жоғары сынып оқушылары оқыған және талданған шығармалардың
жоспарын жасауда өз беттерінше көбірек еңбектенеді. Олар материал 
мазмұнын тек мәтін бойынша әңгімелеп бермейді, сондай-ақ баяндау түрі 
мен ретін өзгертіп те, айта алады, басқаша ретпен немесе басқа жақтан 
(мысалы, ІІІ жақтан) әңгімелейді. 
Арнайы мектептің жоғары сыныптарындағы оқу сабақтарында едәуір 
күрделі әдеби шығармалармен жұмыстар жүргізіледі. Ол шығармалардың 
кейбірі тұтас, ал кейбірі қысқарған немесе үзінді түрінде оқытылады. 
Материалдың сипатына орай әдеби шығарманы оқытуда әр түрлі әдіс 
қолданылады. Бір шығарманы не оның бөлігін алғаш мұғалімнің өзі оқиды, 
енді бірде шығарманы оқушылар дауыстап оқиды, ал қайсыбірде жеңілірек 
үзінділерді оқушылар өз беттерінше оқып талдауға дайындалады. 
Оқылған материалға мұғалім басшылығымен жасалған талдауда шығарма 
оқиғасын игерумен бірге сонда бейнелердің айшықты шығуында, 
кейіпкерлердің негізгі сыр сипатын (мінез-құлқын) даралай түсуде
қолданған кейбір тіл құралдары арқылы жазушының қол жеткізген мақсатын 
анықтау көзделеді. 
Оқылған шығарманың жоспары оның жекелеген бөлігіне оқушылар 
ойлап қойған аттармен ғана емес, сондай ақ реті келгенде, мәтіннен 
алынған тиісті дәйексөз арқылы да жасалады. 
Оқу кітабында (оқулықта) көлемі аса үлкен шығармалар 
кездесетіндектен, олардың мазмұнын оқушылардың ықшамдап әңгімелеуіне 
тура келеді. Оларды осыған үйрету керек. 
Әдеби шығармаларды талдау мен оқуда тиісті көрнекі және техникалық 
оқу құралдарымен үйлестіре отырып жұмыс жүргізген жөн. Сыныптағы 
оқумен қатар кітаптарды сыныптан тыс оқу дағдысын барынша кең іске 
асыру қажет. Оқырмандардың өзара тәжірибе алмасуына немесе оқушылар 
арасына кең тараған шығармаларды талқылауға арналған оқушылар 
мәслихатын, әдеби кештерді, викториналарды тұрақты жүргізіп отыру өте 
пайдалы. Балалардың ертеңгіліктері мен кештерде, жиналыстарда өнер 
көрсетіп, сөйлей білуі де аса маңызды іс. Мұндай дағды олардың қоғамдық 
өмірге белсене қатысуына көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет