Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет62/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73
 
 
 
 


13.
Орфографиялық дағдыларын қалыптастыру және
ережелерді оқыту 
1. Орфографиялық ережелерде кездесетін қиындықтар және осы 
қиындықтарды жою жолдары. 
2. Диктантың түрлері, әдістері. 
3. Орфографиялық жаттығулардың кезеңі, әр кезеңнінде жүргізілетін 
жұмыстар. 
Оқушылар орфографиялық ережелерді өткенде мынадай қиындықтар 
кездеседі: 
1) ережені тез ұмытады; 
2) оларды шатастырады; 
3) практикада қолданбайды. 
Сондықтан осы қиындықтарды жою үшін мынадай жүйеге келтіру керек: 
1) оқушыларды ережені қабылдауға дайындау керек; 
2) ереже қабылдау; 
3) мәтіннің ішінен ережеге сай сөздерді табу; 
4) өзінің жұмысын керек ережені қолданып тексеру. 
Балалардың орфографияға үйренген дағдылары мен шеберліктерін байқау 
мақсатында диктант жаздырылады. Мұнда мұғалім тексті, сөйлемдерді 
немесе жеке сөздерді оқиды. Оқушылар оны аяғына дейін тыңдап, естерінде 
ұстайды, жазады. 
Диктанттың арнайы мектепте жүргізілетін түрлері: 
1. 
Ескерту диктанты
. Мұнда мұғалім тексті тұтас оқып шығады. Балалар 
жақсылап тыңдап отырады. Сонан кейін түсініксіз деген сөздердің мағынасы 
түсіндіріледі. Мұғалім әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған 
сөйлемдер балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің жазылуына, өтіліп 
отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті дыбыстарды көрсетеді, ережесін 
айтып береді, олардың қателескен жері болса, түзетіледі. Осындай 
жұмыстардан кейін ғана балалар сөйлемді жазуға кіріседі. 
2.
Іріктеу диктанты
. Мұның ескерту диктантынан айырмашылығы- 
балалар мұғалімнің айтқан сөздерінің барлығын жазып отырмайды, оның 
ішінен белгілі бір ережеге қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп 
жазады. Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер мен 
сөйлемдер көбірек жазылады, ең бастысы оқушылар тексті аса зейін қоя 
тыңдап отыруға мәжбүр болады. 
3. 
Түсіндіру диктанты
. Мұнда текст жазылып болғаннан кейін ғана 
талданады, қателері түзетіледі. Диктанттың бұл түрін жазуға кірісерде 
қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұны ескерту диктантынан бақылау 


диктантына өткел ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру 
диктантының бір түрі ретінде сөздік диктантын да жүргізуге болады. Онда 
сөйлем де тексте емес, жеке сөздер айтылады. Бұған оқушыларға қиындық 
келтіретін немесе ережеге бағынбайтын сөздер алынады. Сөздік диктант ұзақ 
болмайды, 5-10 минут шамасы, көбінесе сабақтың аяғында жүргізіледі. 
4. 
Шығармашылық диктант
балалардың тілін дамыту үшін де өте 
қолайлы, өйткені оқушылар тексті құрауға белсенді қатысады, сөздерді де 
өздері ойлап табады. Осы көрсетілген орфографиялық дағдыны 
автоматтандыру мақсатын көздейді. 
5. Бақылау немесе тексеру диктанты.
Бұл балалардың алған білімдері 
мен қалыптасқан дағдыларын тексеру мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушы 
өзі білетін ережені қолданып, өз күшін өз бетімен байқай алады. Мұғалім 
қандай да болмасын бір орфографиялық ережені оқушылардың қалай 
меңгергендері жөнінде мәлімет алады. Қандай ереже қайталану керек, кімге 
қандай көмек керек- соны анықтайды. 
Жұмыстардың жүйесі:
орфографиялық жаттығулардың бірнеше кезеңі 
бар: 
а) алғашқы кезеңде, әдетте, оқулықтардың немесе тақтаға жазылған 
дайын, материал алынады. Бұл материалдар мұғалімнің көмегімен 
талданады, оқыған ереже бойынша, жазылған сөздер табылады, нақты үлгі 
бойынша, балалар ереженің практикада қалай қолданылатынын түсінеді. 
Мұнда оқылған орфограммаға сай, жеке сөздер, сөз тіркестері немесе 
сөйлемдер ғана беріледі. Мұны дағдыны бекітудің алғашқы кезеңі деуге 
болады. 
ә) Екінші кезеңде де дайын текст: сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер беріледі. 
Мұнда оқылып отырған орфограммаға сай, сөздердің ішінде басқа 
ережелергеде жататындары болады. Ұсынылған материалдардың ішінен 
балалар керектісін, оқылып отырған ережеге сай келетіндері іріктеп, тауып, 
алады; неге ол сөзді алды, ол сөз бұл ережеге сай келе ме- дәлелдейді. Бұған 
қосымша, балалар сұрақтарға жауап қарастырады, ескерту диктантын 
жазады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет