Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


Көру және кеңістікті түсінуін (және түйсінуін) қалпына келтіру



бет16/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67

Көру және кеңістікті түсінуін (және түйсінуін) қалпына келтіру


Арнайы мектептің бірінші сыныбына келген оқушылардың көру түйсігін дамыту бағдарламаның басты міндеттерінің басты міндеттерінің бірі болып есептеледі. Өйткені, көру түйсігі негізінде балалар ұқсас әріп белгілерін (с-о,п-т,ш-п) ажырата білуге, оқуға, жазуға үйренеді.
Аталған жұмыс түрі мынадай бағытта жүргізіледі.

      1. Заттардың ұқсастықтарын, ерекшеліктерін табуға дағдыландыру.

      2. Бірден көріп, дұрыс қабылдауға үйрету.

      3. Бүтінді бөлшектерге бөліп, бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету.

      4. Солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге дағдыландыру.

      5. Көру қабілетін күшейту.

Осы бағытта жүргізілетін жұмыс алдымен балаларды негізгі түр-түспен (ақ, қар, қызыл, жасыл, көк, сары) таныстырудан, ажырата білуден басталады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін қалыптастыруда, түрлі әдістемелік тәсілдермен бірге, ойын элементтері кеңінен пайдаланады. Солардың кейбір түрлерін қарастырайық:
А)Суретті ойындар
Балаларға таныс суреттерді (жеміс, киімдер, ыдыстар) іріктету жұмысы әр алуан ойын түрінде жүргізіледі.

  1. Берілген үлгі бойынша суретті табу (тақтаға үлкен сурет, ал балаларда сондай кіші суреттер).

  2. Мұғалімнің айтуы бойынша суретті табу.

  3. Ұқсас суреттердің ішінен бірдей суреттерді табу. Мысалы, көйлектердің тек гүлдерін ғана іріктеу.

  4. Үлгі бойынша үлгісіз, мұғалімнің айтуы бойынша, суреттерді ойға сақтап, орны ретін өзгертпей тауып, айтып шығу. Сурет саны бірте-бірте көбейтіледі.

  5. Мұғалім заттың атын атамай, ол туралы не жұмбақ, немесе затты сипаттайтын әңгіме, тақпақ айтады. Сол бойынша балалар затты тауып көрсетеді.

Ә) Таяқшалармен, қағаз жолақшаларымен, геометриялық фигуралармен
жүргізілетін ойындар.
Мұндай ойындар әртүрлі мақсатпен жүргізіледі. Әріп-белгілерді сапалы меңгеру үшін қолданылатын ойын түрлері:
1.Үлгі бойынша үстел, орындық, баспалдақ сияқты заттарды құрастыру. 2.Үлгі бойынша мұғалімнің айтуымен геометриялық фигуралар тұрғызу. 3.Үлгі бойынша ұқсас фигуралар құрастыру.
Арнайы мектеп балаларының көпшілігі дәптер бетін, дәптер жолдарын бағдарлауға қиналады. Осы жағдайда әліппеге дейінгі кезеңде төмендегідей жаттығуларды әрдайым пайдаланған жөн.

  1. Мұғалім балалардан тақтағы суреттерді жақсылап қарап есіне сақтап қалуын өтінеді. Сол суретті оқушылар дәптер бетінен шықпай жолақша, таяқшалардан құрастыру қажет.

  2. Үлгі бойынша мұғалімнің айтуы бойынша геометриялық фигуралады дәптер беріне орналастыру. Мысалы, дәптердің жоғарғы оң жақ бұрышына шеңберді қой, төменгі сол жақ бұрышына үшбұрыш қой ортасына, ортасына төртбұрышты қой т.б геометриялық фигуралардың орнына суреттер, әр түсті жолақша, таяқшаларды пайдалануға болады.

  3. Солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге жаттықтыратын тапсырмалар:

а)Балаларда таныс сурет, фигуралар бңрнеше қатарға қойылады. Оқушы көрсеткіш таяқшамен солдан оңға қарай көрсетіп суреттерді атап шығуы керек.
ә) Сынып тақтасына бірнеше суреттер қойылады. Тақтаға шақырылған оқушы суреттердің сығарын тауып,олардың астына солдан оңға қарай орналастырып,атап шығады.
б) Әр түсті таяқшалардан, қағаз жолақшаларынан үлгі бойынша қорған тұрғызу.
в) Тақтаға екі қатар тор көз салынады. Бірінші қатар тор көзге жануарлар суреті қойылады. Екінші қатар тор көзге солардың балаларын қойып, солдан оңға қарай орналастырып, анықтап айтып шығуы керек.
Б) Бөлінген суреттерді құрастыру.
Тақтаға балаларға жақсы таныс заттардың үлгісі қойылады.(үй, машина, балық т.б)
Балалар заттың атын,бөлшектерін атап шығады да (шатыр, қабырға, терезе), сол ретпен құрастыруға жаттығады. Екіге, үшке, төртке бөлінген суреттер екі данадан болуы керек. Ертегі, әңгімелердің мазмұны бойынша макет жасау ойыны балалардың солдан оңға қарай жылжитын қимыл дағдыларын жетілдіруге зор көмегін тигізеді. Ол ойынды былай жүргізуге болады.
Мұғалім ертегінің мазмұнын айтады. («Шалқан», «Жеті лақ» т.б) Балалар мұғаліммен бірге үстел үстінде ертегі кейіпкерлерін солдан оңға қарай отырады да, соңынан тағы да сол ретпен көрсетіп атап шығады.
Арнайы мектеп оқушыларының арасында заттарды керісінше қоятын, ретін сақтап айта алмайтын (атағанда, кейбір заттарды тастап кетеді), бірден затты тани алмайтын ұқсас суреттерді (фигураларды) ажырата алмайтындар кездеседі. Ондай балалармен жекеше, қосымша сабақ түрлерін жүргізу керек. Аталған бұзылыстарды жетілдіру үшін «Не өзгерді?», «Несі ұқсас?»,
«Бұл суретте не жетіспейді?», «Суретші нені ұмытты?» т.б ойын түрлері көп септігін тигізеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет