Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру



бет14/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Байланысты:
Àðíàéû ìåêòåïòå ?àçà? ò³ë³ ¼ä³ñòåìåñ³

4. Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру


Мүмкіндігі шектеулі, баяу дамыған балалар, әдетте сөздің дыбыстық жағын жетік меңгеріп, дұрыс сөйлей алмайды. Олардың басым көпшілігі жеке дыбыстарды («с», «з», «ш», «р», «л», «қ», «ғ») дұрыс айта алғанмен, сөз ішінде дыбыстарды ажыратқанда, айтқанда қиналады. Бұл мәселе жөнінде арнайы зерттеулер мен әдістемелік құралдарда айтылған (Г.А.Каше, М.Е.Хватцев, Н.И.Орлова). Арнайы мектептің бірінші сыныбына келген оқушылар дыбыстық талдау жасауды, сөзді дыбысқа талдауды мүлдем білмейді.
Сауат ашу (оқу мен жазу) дыбыстық талдау-жинақтау әдісі арқылы жүргізілетіні баршаға мәлім. Сондықтан әліппеге дейінгі кезеңнің басты бір талабы-балалардың дыбыс есту қабілетін дамытып, тіліміздегі түрлі дыбыстарды ажырата білуге, дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Сөздің дыбыстық құрамын таныту қарапайым жұмыстардан басталып, бірте-бірте күрделене жүргізіледі. Баланы ең алдымен айнала қоршаған табиғаттағы түрлі дыбыстарды естіп, оларды бір-бірінен ажыратып,
«дыбыс» деген ұғымның өзін түсіне білуге жаттықтырады. Мұндай жұмысты әннің ырғағы, түрлі көңіл-күйдегі адамның даусы, құстың үні, жануарлардың
дыбыс шығаруы, заттың сыңғыры, ағаштың сыбдыры т.б. дыбыстарға балалардың назарын аудару арқылы жүргізуге болады.
Балалар әуелі дыбысты ажырата білуге, одан соң дыбыс шыққан бағытты мөлшерлеуге үйренеді. Ол үшін әртүрлі ойын түрлері пайдалынады. Мысалы: «Еденге не түсті?», «Қай аспапта ойнадым?», «Кім атыңды атады?»,
«Қай жануар үн шығарды?», «Дыбыс қай жақтан шықты?», т.б дыбыс есту қабілетін жетілдіру үшін қолданылатын ойындармен қатар дидактикалық қысқа әңгімелердің де пайдасы зор. Мұғалім әртүрлі жануарлармен, құстармен кездесу, не болмаса оркестор, орман, т.б. туралы қысқа әңгімелерді өзі-ақ құрастырады. Мысалы:

Басында отырып бұтақтың, Көк-көк-көк-көк-деп,


Не шақырады өз атын? Малшы жігіт Хамиттің Таң атпастан жайылымға, Өк-өк-өк деп
Өріске айдап шығатын, Кешке қарай ауылға,
Не ме-ме-ме деп қайтатын?
Баспалдақ
Аулада баспалдақ тұр. Бірінші баспалдаққа шығып ап әтеш шақырады:
«Ку-ка-ре-ку». Екінші баспалдақта мысық шығып мияулайды: «Мияу-мияу», үшіншісіне ит отырып ырылдайды: «р-р-р».Төртіншісіне ара келіп отырып, өлең айтты: «з-з-з».
Ауылда
Сара жазғы демалыста мамасымен ауылға барды. Әжесі оны тамақтандырып, ұйықтатты. Таңертең ерте Сара «ку-ка-ре-ку» -деген едауыстан оянып кетті. Оған балапандар «пи-пи-пи»-деп қосылады. Ағашта отырған торғайлар «шиқ-шиқ»-деп әндетіп Сараны далаға шақырғандай болды.
Мұғалім әңгімесін айтып болған соң, сұрақ арқылы балаларға кім қалай дыбыстағанын анықтатады. Мұндай әңгімелер сөз қорын молайтып, оқушылардың тілін дамытуға да көп себебін тигізеді. Айналадағы дыбыстарды ажырата білуге дағдыланған соң, балалар сөздегі дыбыстарды естіп, бөліп айтуға үйренеді. Ол жұмыс сөздегі өздігінен жеке буын жасайтын дауысты дыбысты бөліп айтудан басталады.
Дыбысты ерекшелеуде артикуляциясына, яғни дыбысты айтуда ерін, тіс, тіл, мұрын т.б дыбыстау мүшелеренің қандай қалыпта болатыны баланың назарын аудару қажет. Керекті дыбысты бөліп айтуға жаттықтыру үшін төмендегідей тапсырмаларды орындатуға болады.

  1. Мына суреттегі кім? –Ата.

-Қайталап айт. Бұл сөз-ата
Сөзді қандай блгімен белгілейміз? Белгілеңдер.
-Ал мына суреттегі не?-Ара.
Ара-бұл да сөз. Дұрыстап белгілеңдер.
Ата. Ара деген сөздердегі бірінші дыбысты созып, күшейтіп айт: Ааата,ааара. Қандай дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда анық естіледі. Сол дыбысты айт.

  1. Мына сөздерді (оқушы, оқытушы, орындық) мұғалім өзі айтады да, балалардан атаған сөздердің суреттерді көрсетуін өтінеді. Осы сөздердегі бірінші дыбысты созып айтыңдар. Қандай дыбыс естіледі? «О»-дыбысын ерінді дөңгелетіп, әндетіп те, созып та айталамыз, тіл мен тіс ешқандай кедергі жасамайды. Дәл осылайша айтылатын дыбыстарды қалай атаймыз?

  2. Мына суреттегі адамдарды (әже, әке, апа, ата) бір сөзбен қалай атаймыз: (Отбасы) «әже», «әке»деген сөздердегі «ә» дыбысын созып, күшейтіп айт: әәәже. «Ә» дыбысын айтқанда ауызды қалай ашамыз?

  3. Мұғалім суреттерді (маса, мақта, май) атағанда «М» дыбысын созып айтады да (мммаса), балалардан қандай дыбысты созып айтқанын сұрайды. Сонан соң оқушылар «м» дыбысын созып, суреттерді атап шығады. Әліппеге дейінгі кезеңде арнайы (түзету) мектеп балалары дыбысты тек сөз басынан бөліп айтуға жаттығады. Ол дыбыстар естілуі мен айтылуы жеңіл және әліппеде ең бірінші өтетін дыбыстар болу керек.

Дегенмен дыбысты талдау тәсілдерінің түрлеріне, кезектілігіне тоқтала кетейік. Ол мыналар:

  1. Сөздегі өздігінен жеке буын жасайтын дауысты дыбысты бөліп алу (а- та,а-ра, о-рақ т.б)

  2. Сөздегі бірінші дауыссыз дыбысты бөліп айту (лақ, мысық, сағат т.б) 3.Сөздегі соңғы дауыссыз дыбысты бөліп айту (қалам, қаз, қар, тарақ т.б) 4.Сөздегі соңғы дауыссыз дыбысты бөліп айту (алма,ине,егеу т.б) 5.Сөздегі дыбыстардың саны мен орын, ретін анықтау.

Балаларды дыбыстық талдауға үйретудің тиімді тәсілдері ретінде төмендегідей әр түрлі жұмыс түрлерін ұсынуға болады:

  1. Мына сөздердегі «а» дыбысын созып қайтала: бақ, қар, тас, қияр, тырна.

«А» дыбысын айтқанда аузыңды кеңірек аш, даусыңды қаттырақ шығар.

  1. Мына суреттерді (кітап, пенал, қалам) мұғалім ретімен орналастырып , өзі атайды да, балалардан дұрыс көрсетуін сұрайды. Кітап, пенал, қалам-бұл сөздер. Осы сөздерді белгілеңдер. Енді осы сөздердегі «а» дыбысын басқа дыбыстардан ұзағырақ естілетіндей етіп айтыңдар.Мысалы, кітааап. Бұл суреттерді бір сөзбен қалай атауға болады? (Оқу құралдары)

  2. Суреттегі заттарды анықтап айтыңдар (қуыршақ, аю, ат, доп). Енді «а» дыбысын созып, дауыстарыңды көтеріп айтыңдар. Қай сөзде «а» дыбысы кездессе, сол суреттің үстіне қызыл текше қойыңдар. Осы суреттерді бір сөзбен қалай атаймыз? (Ойыншықтар)

  3. Оқу құралдарын тегіс айтып шығыңдар. Қандай оқу құралдарының атында «а» дыбысы естіледі? Суреттен көрсет те, «а» дыбысын созып айт.

Сөзден жеке дыбысты бөліп айтуға жаттықтырған соң, дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Ол үшінде жаттығуларды пайдалануға болады.

  1. А-на деген сөздегі бірінші дыбысты созып айт. Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?

О-тан деген сөздің бірінші дыбысын созып айт. Сөз қандай дыбыстан басталады?

  1. Сурет бойынша балалар дене мүшелерін атап айтады. Қас, бас сөздердегі

«а» дыбысын созып айт. Қол, мойын сөздеріндегі «о» дыбысын созып айт.

  1. Мен сендерге бірнеше сөздер айтамын. Егер «а» дыбысын естісеңдер үшбұрыш белгісін, «ә» дыбысын естігенде төртбұрыш белгісін көтеріңдер. Мұғалім мына сөздердегі (апа, әже, ата, бала) «а», «ә» дыбыстарын созыңқырап айтады.

  2. Мына суреттерге анықтап қараңдар (ат, ара, әтеш, әке, оқушы).

«а» дыбысынан басталатын сөздерді тауып атаңдар, сосын «ә», «о» дыбыстарынан басталатын сөздерді табыңдар.

  1. Мына суреттерді дұрыс атап шық: қас-қаз; парта-балта; бас-тас; бала- дала; апа-ата. Осы суреттер бойынша тапсырманы өзгертіп беруге де болады. Мысалы, мұғалімнің айтуы бойынша балалар суретті тауып көрсетуі керек.

Жұмыстың келесі кезеңі-айтқан сөздерді талдау. Көмекші мектептің табалдырығын енді аттаған балалардың сөйлеу сөздерінің байланыстары дұрыс қалыптаспағандықтан, бұл мәселені бірінші кезектегі міндетке қоя отырып, оқыту жұмысын бір-бірімен мағыналары сәйкес келмейтін сөздердің айтылуындағы орындарын анықтап, олардың атқаратын қызметін, мағыналарын меңгеруден бастайды.
Мұғалім ең алдымен үстелдің үстіне қойылған заттардың (ойыншықтар, оқу құралдары) аттарын атауды, оларды санап шығуды ұсынады. Содан кейін қанша заттың атын,қанша сөзді атағандарын
анықтайды. Атаған сөздерді айтылу кезегі бойынша қайталап шығады. Алдымен әдеттегідей екі-үш сөзді, яғни балалардың өздері қанша сөзді айтады, соншасын алады. Осы кезден бастап графикалық жазуды шартты түрде енгізеді, алдымен сөзді,сосын сөйлемді, буынды, дыбысты. Бұндай жазуды ұзындығы және түстері әртүрлі тілікше қағаздармен ,ал дыбыстарды дөңгелек түрлі-түсті текшемен белгілейді. Қызыл текше-дауысты дыбыс, көк текше-дауыссыз дыбыс,жасыл-жіңішке дауысты дыбыс. Қанша сөз айтылса, сонша тілікше қағазды тақтаға іліп жапсырады. Әр оқушының алдына сонша тілікше қағазды жайып қояды. Осыдан кейін заттардың өз нұсқаларының орнына олардың көшірме көріністерін пайдаланады. Бейнелі суреттердегі заттар шартты түрде аталады да, сөз графикалық болып жазылады. Тек осындай алғашқы жұмыстан кейін ғана көрнекі құралдардың жәрдемінсіз балаларға «сөз» деген ұғымның мағынасын ұғыну үшін кез-келген сөздерді (әзірше тек заттардың аттарын) ұсынуға болады. Мұғалім сөздерді айтады, олардың мағыналары мен мәндерін оқушылар қаншалықты түсінетінін анықтайды, сосын бұл сөздерді шартты-графикалық белгімен жазып алуды үлгі ұсынады.
-Мен қанша сөз айттым?
-Партаның үстіне қанша тілікше қағазды қойдық?
-Бірінші, екінші, үшінші сөздері қандай?
Балаларға өздері жазғысы келген сөздері өздері атауды ұсынуға болады. «Сөз» деген ұғымның мағынасын анықтау сөздің мәнімен жұмыс істеуге байланысты. Мұндай жұмыс әліппеге дейінгі кезеңде айырмасы тек бір немесе екі дыбыста ғана болатын дыбыстық құрамы ұқсас сөздерді естуінде және айтылуында ажырату жоспарымен жүргізіледі. Бейнелі суретте көрсетілген заттардың атын атау (мысалы, бала, орындық), суреттен балға- балта, сабын-шыбын(ды) көрсетуді және бұл сөздерді анық айту ұсынылады.
Бір-бірінен ажырату үшін мынадай сөздерді ұсынуға болады: үй-күй, қол-көк, тал-төл, мал-мол т.б.
Одан кейін балаларды сөйлем құрастыруға, сөйлеуге үйретеді. Жұмыс балалардың тікелей өздерінің жасаған іс-әрекеттерінің, суреттегі көрсетілген бейнелердің, тақырыпқа құрастырылған сөйлемдердің, мұғалімнің бергенінің негізінде жүргізілді.
-Алма не істеп отыр? Әсет не істеп отыр?
-Алма сурет салып отыр. Әсет жазып отыр.
Мұғалім сөйлемдегі айтылған ойдың мазмұнын түсіндіреді. Сөйлемнің басын және соңын белгілеп, ұзын түзу сызықпен көрсетеді.
Сөйлем сөзден тұрады. Құрастырылған сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайды, сосын оларды оқып шығып, ұзын түзу сызықтың бойына, санына сәйкес белгі соғады.
Сөйтіп оқушылардың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру жұмысын жалғастыра отырып, сөзге заттың атын білдіретін сөзді ғана емес, сонымен бірге іс-әрекетін білдіретін сөздерді қатыстырады. Сөйлемді алдымен екі сөзден, сосын үш сөзден құрастырады.
Жеке өз алдына бір мағынаны білдірмесе де, сөз ретінде сөйлем құрамында тұрып мүше бола алатындығын ескеріп, жалғаулықтарды да сөйлем құрамына енгізуге болады. Оны белгімен жазғанда да бөлек көрсету керек. Мысалы, «қыздар доп ойнап жүр» деген бейнелі суреттегі көріністі
түзу сызықтың бойына белгілейді. Ақырында, мұғалім берген сөйлемін, оны алдын-ала шамалап құрастырудан бұрын, талдауға кіріседі. Бұл едәуір қиын жұмыс. Мұғалім сөздердің араларында үзіліс жасай отырып сөйлемді асықпай айтып шығады.
Шартты граффикалық жазу оқушылардың сөйлемнің сөздік құрамын неғұрылым көрнекі түрде түсінуіне және оны талдауына жәрдемін тигізеді.
Оқу жұмысының келесі кезеңі-сөзді буынға бөлу, сөзді талдау. Буын сөйлеу тілінің табиғи бөлігі болып табылады. Оқуға үйрету дыбыстан жасалған буын түріне негізделеді, балаларға алдымен сөзді буынға бөліп,сосын ол буындарды қайтадан қосып оқуды үйретеді. Сондықтан көмекші мектепте балаларды дыбыстық талдауды қалыптастыруға ыңғайлы кезеңдердің бір ретінде қаралатын сөздің бір бөлігі-буынмен таныстырмауға болмайды.
Алғашқы кезде «буын» деген сөздің орнына «сөздің бөлігі» деп аталатын сөзді қолданады. Әңгіме немесе балалардың есімі, тап осы жағдайда буын сайын естілетін сөздер бар бейнелі суретті пайдаланып балалардың өмірінің бір көрінісінен әңгіме шығарып айтуды ұсынуға болады.
«Қыздар қозықұйрық теруге орманға барды. Орманның ішінде жан- жаққа тарап кетекен қыздар «Ал-ма!», «Ша-ра!», «Сә-ли-ма!»-деп бірін-бірі дауыстап шақыра бастады»
-Қыздар бірін-бірі кім деп шақырды?
-«Ал-ма!», «Ша-ра!», «Да-на!» - деп шақырды.
Балалардың назарын аудару үшін сөз бөліп-бөліп айтылады, әрбір сөз бірнеше бөліктен тұратынын,бірінші, екінші бөліктері қайсысы екенін анықтайды. Шартты-графикалық жазумен буындық құрылысы үлгіленеді.
Талдауға жататын келесі сөздер сыныптағы балалардың есімдері, сосын екі- үш буыннан тұратын (ша-на,бал-та,ма-ши-на) басқа сөздер болуы мүмкін.
Бұдан былай сөзді буынға бөлу кезінде «сөздің бөлігі! Деген сөз қатар қолданады. Бірақ осы мұғалімнің де, оқушылардың да сөйлеу тіліндегі айтылуынан біртіндеп ығыстырып, кейін толық алмастыратын «буын» сөзі пайдаланатын болады.
Сөздің мағынасын тұрақтандыру үшін бірінші буынға, екінші буынға сөз ойлап табыңдар дейін ойындар ұйымдастырылады.
-Бірінші буыны- «ма»-дан келетін бір сөз ойладым. Мен қандай сөз ойлағанымды кім бірінші табады?
Бұдан кейін оқушылардың өздері бір сөзді ойлап алады да, кез келген бір буынын айтады, ал қалған оқушылар мұғаліммен бірге ол қандай сөз екенін іздейді.
Оқуға дайындық жұмысының соңғы кезеңі сөйлеу тіліндегі дыбыстарды бөлуге арналады. Әліппеге дейінгі кезеңде сыныптағы оқушылардың дайындығына байланысты 3 немесе 5 (а, о, л, м, т ) дыбыс бөлінеді. Бұл дыбыстар оқудың алғашқы кезеңінде үйретіледі.
Балаларды дыбыспен таныстыру құрамында бір «а» дауысты дыбысы бар буынды бөлуден басталады. Сөздің басындағы екпін түсіп тұрған дауысты дыбыстардың сөзден оңай бөлінуі жағдайды жеңілдетеді. Балаларға
«Бізге қонаққа қуыршақ келді. Оның есімінің кім екенін тек қана мен білемін. Ал, айтыңдаршы, мүмкін оның есімін біреу білетін шығар?»- деген сұрақты ұсынуға болады.
Егер сыныпта Алма деген қыз есімі мен Әсет деген бала болса, онда қуыршақтың есімін солардың есімдерімен атау оңай болады. Әрі қарай жұмыстың барысы таныс жолмен жүреді. Сөз буынға бөлінеді, бірінші буын бөлініп алынады. Бұл буынның бір ғана дыбыстан тұратындығын мұғалім түсіндіреді. Бөлінетін дыбысты дауыс ырғағымен баса айтып сөздегі естілуінде, сосын оны жеке бөліп ауына оқушыларға жәрдем береді. Дыбыстың шартты – графикалық жазылуы дөңгелек шеңбер немесе тең қабырғалы төртбұрышпен көрсетіледі.
Бұл кезде мұғалімге дауыстыларды қызыл, ал дауыссыздарды көк түспен белгілеу өте тиімді.
Келесі тапсырмада оқушылардың әр түрлі дыбыстарды күрделілігіне байланысты бөлуді меңгеруін қалыптастыру ұйғарылады.
Ұсынылған бір топ суреттердің арасынан атауларындағы бөлінетін дыбыстар алғашқы буындарында кездесетін сөздерді іріктеп оқуды байқап
көруге болады. Бұндай оқу жұмысына дидактикалық амал ретінде керекті дыбыс керекті жерінде тұрған жұмбақтардың жауабын шешу қолданылады.
Сонымен, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың айтылған сөзді ұғынуы үшін естігенін ықыласпен тыңдауға машықтануын дайындап отырып, сауат ашу барысында дыбысты талдау дағдысын қалыптастыру жұмысы одан әрі жалғастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет