Тілдік және сөздік қозғамдардың жоғарғы ұстанымы қағидасы мәнді болып табылады.Арнайы метептің психологтары мен әдіскерлері мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың сөз қозғамдары тұйықтау, әлсіз болатынын белгіледі. Зерттеулер, қосымша тәсілдерді пайдалану оқушылардың тілдік материалдарын күшейтетінін, көлемді, мардымды ойлар айтуға көмектесетінін көрсетті.Әр түрлі оқытудың себептері болатын тәлім- тәрбие жүйесінсіз,белсенді тілдік және сөз қызметінің дамуы мүмкін емес. Дәл осы заңдылық жоғарғы тілдік және сөздік қозғамдардың негізінде жатыр
Оқу процесінде бұл қағиданың жүзеге асуы қазақ тілі сабағының мазмұнымен, оның құрылымымен,әдістерді таңдауымен, жаттығу түрлерімен, сонымен қатар мұғалімнің тәртібімен қамтамасыз етіледі.Осы қағиданың сапасын, әрекетін оқыту сабағында қараймыз.
Оқыту бойынша материал мазмұнының сұрыпталуы оқушылардың сөз белсенділігінің жоғарылауына әсер етеді: эмоция, психологиялық өмірлік- проблемалық жағдайлар – бәрі кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға беруге шақыртады, өздерінің басынан өткерген қиындықтарын айтуға себеп болады.Сол себепті де кітап мазмұны оқушылардың мүдделерімен сәйкес келуі тиіс.Мұндай зерттеулерді Л.А.Серова, В.Озолайте, Т.Б.Баширов жүргізген.
Оқушылардың сөз белсенділігіне сабақтың структурасы да оң ықпал етеді. Және оқыту сабағында, уақытты қою, ауызша сөйлеуді жазбашамен алмастыру, логикалық ойлау өте маңызды.
Жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдерді әліппе дейінгі кезеңде қолданылуы мүмкін.Қазақ тілі сабақтары үшін ең көп қолданылатын әдіс – әңгімелесу әдісі.
Әдістің, тәлім-тәрбиенің әдіс-айласының талғамы, тапсырманың түрлері қоян-қолтық сабақтың құрылымымен тығыз байланыста,оқумен бірге оқушылардың белсенділігін арттырады. М.Ф. Гнездилов бұл туралы былай деген: «оқушылардың тапсырманың орындауы кезінде түрлі әдіс - тәсілдерді қолдану қажет. Бұл оқушылардың ойлау қабілеттерін белсенділігін арттырады».
Грамматикалық сабақтарда оқушылар жай және күрделі сөйлемдер құрастыруды үйренеді /7-9 сыныптарда/.Барлық сабақтарда оқушылардың сөйлеу қызметтері белсенді болуы үшін,келесідей оқу және сөйлеу жаттығуларын пайдалануға болады:
1.Тақтада жазылған сөйлемдерді интонацимен оқу,олардың ішінен жай және құрмалас сөйлемдерді табу, грамматикалық белгілерін салыстыру 2.Оқулықпен жұмыс.Жай сөйлемнен құрмалас сөйлем құрастыру.Тыныс белгілерін қою, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табу
3.Карточкалармен жұмыс.Сөйлемді оқу, бір сөйлемнің екінші сөйлеммен байланысын табу.Дәпетерге жазу.Мысалы: Кеше біздің мектептің ооқушылары спорт алаңына барды. Онда жоғарғы сыныптың оқушылары эстафетаға қатысты, ал төменгі сыныптар еркін жаттығулар көрсетті. 4.Сұрақтарға жауап беру: Сендер кеше қайда болдыңдар? Онда сен және достарың не істеді?Сұрақтар әр түрлі болғандықтан, жауаптардың да
қорытындысы әр түрлі болмақ.Тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сызу, оқушылардың айыра алуына көмектеседі, бірақ көп шатастырады.
Біздің бақылауларымыз барлық қосалқы мүшелерді айрықша белгімен, айталық, пунктирмен белгілеу керек екендігін көрсетті. Бұл ретте келтірілген сұрақтардың жауаптары мынадай болады:
. . .
Кеше біз зауытта болдық.
Онда мен және менің досым дайын бұйымның жиынында жұмыс істеді.
. И
Екінші сұрақтың жауабынан күрделі сөйлем құрауға болады. Мен бөлшектерді шығардым,
ал менің досым жиында жұмыс істеді. Ол былай болады:
. . .
_ _._
А
5.Кесте бойынша сөйлем, мысал, адамдардың әр түрлі жағдайлардағы іс- әрекеттеріне баға беру: біреуі заводтағы жұмыста жоғары нәтиже көрсетеді.Тапсырма: Осы туралы айту және оның қызметіне баға беру
.
Кесте:
_ ._ _ ._
Миша Лебедев зауытта жұмыс істейді. Ол тапсырманы бірінші орындады және шеберші оны өте мақтады.
И
/Немесе: Ол тапсырманы жақсы орындады, біздің сынып оны мақтан етеді/
Оқушылардың сөздік қорын ынталандыруда сабақта мұғалімнің де тәртібі маңызды рөль атқарады.Мұғалім оқушының сабаққа деген қызығушылығын шақырады, сабақта оны баға арқылы көтермелейді, мейірімділік танытады.
Сабақты ұйымдастыруда мұғалім оқушылардың сөз белсенділігін шектемейді.
Достарыңызбен бөлісу: |