Обучение русскому языку в начальных классах. Под ред. Львова М.Р. М.,2004
Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы. Алматы, 2007
2. Қазақ тілі арнайы әдістемесі оқу пәні ретінде
Қазақ тілі көмекші мектеп пәндерінің ішіндегі ең негізгісі болып табылады. Жазуға, оқуға, немесе ауызша сөйлеу тіліне оқыту мерзімі шамамен оқыту жоспарымен 20-50% бөлінеді. Қазақ тілі бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады: «Сауаттылыққа үйрету», «Ауызша сөйлеу тілін заттармен және айналамен таныстыру негізінде дамыту», «Оқу және тіл дамыту», « Грамматика, емле және тіл дамыту» .
Қазақ тіліне оқытудың түзетушілік және практикалық бағыттары болады. Бағдарламаның түзетушілік бағыты ең алдымен баланың сөйлеу тілінің дамуында көрініс табады. Өйткені қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты- сөйлеу тілін қарым – қатынас құралы ретінде оқушылардың таным әрекетін түзету және мектеп бітіргеннен кейін бейімделуін жеңілдету мақсатымен қалыптастыру болып табылады. Оқыту барысында баланың сөйлеу тілінің барлық жақтарын түзету жұмыстары жүргізіледі. Арнайы логепедиялық сабақтарда және қазақ тілі сабақтарында дыбыстарды түзетуді, фонетико- фонематикалық түсініктерін қалыптастырады. Оқытуға алты жыл бойы бағдарлама арнайы «Тіл дыбыстары» деген бөлімді қарастырады. Ол дыбыстық талдау, жинақтау жаттығуларын өткізуді, кейбір фонетикалық ұғымдарман таныстыруды, дыбыстар мен графикалық белгілерді сәйкестендіруді қарастырады. Бағдарлама материалының практикалық бағытта болуы да өте маңызды болып табылады. Бұл бағыт ең алдымен ауызша сөйлеу тілін дамытудың арнайы ұйымдастырылған сабақтарымен ерекшеленеді. Алғашқы сабақтардан – ақ бастап оқушылар мұғалімді мұқият тыңдауды, өз бетімен қарым – қатынасқа түсуге, құрбыларының сөйлеуіне адекватты түрде жауап қайтаруға дайындалады. Тек осы ауызша сөйлеу тілін дамыту сабақтарында, сөздік қорын дамыту интенсивті түрде жүреді. Сонымен қатар ауызша сөйлеу тілін дамыту және байланыстырып жазуға үйрету басқа да сабақтар үстінде жүргізіледі. Оған дәлел ретінде мына бөлімдер беріледі: «Оқу және тіл дамыту», «Грамматика, сауатты жазу және тіл дамыту».
Арнайы мектеп бағдарламасы қазақ тілін оқытудың келесі міндеттерін ажыратады:
Оқушыларға мәтінді дұрыс түсініп , ұғынып оқуды үйрету.
Грамматика жайлы қарапайым материалды меңгеруге байланысты сауатты жазудың дағдыларын қалыптастыру.
Баланың жалпы даму деңгейін жоғарылату.
Оқушыларға өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс жеткізуді үйрету.
Оқушылардың адамгершілік қасиетін дамыту.
Арнайы мектепте қазақ тілін оқытуды үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – оқытудың бірінші жылымен шектеледі, бұл жағдай ақыл ойы кем балалардың психологиялық жағдайына байланысты. Бұл ерекшеліктер білім беру спецификасын, оқыту міндеттерін, материалды саралау және білім беру әдістерін ажыратады.
Бірінші кезеңнің міндеті - балаларды жан-жақты терең зерттеу, мектеп сабақтарына қатыстыру, сөйлеу тіл кемістіктерін түзету, есту, көру және тірек – қимыл анализаторларын түзету, алғашқы оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, жай сөйлемдерді құрастыру әрекеттерін дамыту. Бірінші сынып оқушылары жұмыс істейтін материал ол әріптер мен дыбыстар, сонымен қатар сөйлем түрлері, шағын әңгімелер. Жұмыс жүргізудің негізгі әдістеріне бұл кезеңде ойын түрлері және жаттығулар жатады. Осы жағдайда дағдыларды қалыптастыруда ойын басты орын алады. Оқушылар буын кестелерін құрып, суреттерді сәйкестендіріп, шыршадан сөз жазылған ойыншықтар алып жарысады. Оқушылардың тез шаршағыштығын және талдау жаттығулардың қиындығын ескере отырып, бұл жаттығулардың арасында ойындарды қосқанды талап етеді.
2-4 сыныптарда оқытудың екінші кезеңі іске асады. Бұл кезеңде мынадай міндеттер шешіледі: ана тіліне деген қызығушылықтарын ояту, алғашқа тілдік жалпылауларды қалыптастыру, сөйлеу тілін жетілдіру, сөз қорын активтендіру, өз ойын ауызша жеткізе алуға үйрету, грамматикалық мағлұматтар мен орфографиялық емлелерді меңгерту, шығарма, әңгімелерді мәнерлеп және түсініп оқуға дағдыландыру. Бұл кезеңде материалды меңгеруі емлені механикалық түрде жаттауда емес, нақты материалмен жұмыс жасау кезінде іске асады. Негізгі әдіс - оқуда және жазуда түрлі практикалық жаттығуларды қолдану.
Ойын - оқытудың басты әдісі болып қала береді. Арнайы сабақтарда оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіле береді. Қоршаған орта туралы түсініктері байиды, өз қабылдауларын ауызша жеткізе алуға дағдыланады.
Үшінші кезеңнің (жоғары сыныптардың) міндеттері - оқу техникасын ары қарай жетілдіру, жүгіртіп оқу дағдыларын қалыптастыру, оқып отырған материалды саналы түрде түсіну, мазмұндап беру. Жоғары сынып оқушылары өз ойларын асықпай, сауатты, нақты, жазбаша және ауызша түрде жеткізуге үйренеді. Үшінші кезеңде жұмыстың негізгі әдісі жаттығулар дегенмен, тапсырмалар қиындай түседі, күрделі материал енгізіледі. Сонымен қатар бастауыш сыныптарда жаттығулар тілдік жалпылауды нақтылайды, жоғары сыныпты жаңа материалды бекіту мақсатымен жүреді.