«Арнайы педагогика» пәні бойынша Педагогтардың білімін бағалауға арналған тест спецификациясы



бет2/3
Дата28.03.2023
өлшемі24,78 Kb.
#76987
1   2   3
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасында арнайы педагогиканың ғылым ретінде дамуы мен арнайы білім берудің нормативтік-құқықтық құжаттары. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың арнайы білім беру ұйымына бейімделуі, әлеуметтенуі. Арнайы педагогиканың оқыту үдерісі мен білім беру технологиялары. Арнайы білім берудің педагогикалық жүйелері (психикалық дамуы тежелген, зияты, сөйлеу тілі, есту мен көру қабілеті, эмоционалды-ерік-жігер сферасы, тірек-қимыл қозғалыс аппараты зақымдалған, әлеуметтік қарым-қатынасы бұзылған, күрделі бұзылыстары бар балаларға арнайы білім беру). Инклюзивті білім берудің ҚР нормативті-құқықтық құжаттары. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар.


5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 26 %; орташа деңгейде (B) – 60 %; жоғары деңгейде (C) – 14 %.
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, тестіленушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.


6. Тест тапсырмаларының формалары: Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған жабық формадағы тест тапсырмалары.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет