77
6. Басқа жыныстағылармен сәйкесінше қатынас орнату
.
Басқа
жыныстағылармен қатынастағы шынайы қажеттілік әр жас кезеңінде
ескерілуі тиіс. Баспаналық және оқу орнында екі жыныс бойынша
өздерінің басқарушылары болулары тиіс.
7. Орналасқан жағдайға байланысты стандарт.
Орналасқан
жағдайға байланысты құрылған стандарт «қалыпты» болуы тиіс. Мұнда
мекеменің орналасуы, оның жарықпен қамтылуы есепке алынады. Мекеме
өте үлкен болмауы тиіс, олар басқа адамдармен араласа алмай қалмауы
керек және басқа әлеуметтік ортадан алшақ та орналаспауы керек.
В. Вольфенсбергердің трактатындағы қалыптандыру принципі
Вольф Вольфенсбергер қалыптандыруды халықтың әлеуметтік сәтсіз
топтарының пайдалы жағы мен белсенді бейнелерін қамтамасыз етуден
бастап, содан кейін қоғамның басқа жақтарына кіріктіруге бағытталады
деп есептейді.
Вольф Вольфенсбергердің ойынша, қалыптандыруға сай адамдардың
топтарына қолданылатын әдістер мен заттар, оларға көмек көрсету,
қамқорлық жасау, сыртқы келбеті, мінез-құлқы жатады. Ол МШ
адамдардың қоғамдық жағдайының жақсаруына көмегін тигізетін екі
мазмұнға назар аударды:
- барлық өмірге қажетті жағдайларды дамыту және бекіту арқылы
олардың құзыреттіліктерін дамыту: еңбектік, қарым-қатынастық,
әлеуметтік, эмоциялық, когнитивтілік;
- олардың сыртқы келбетін, мінез-құлқын жақсарту, бірақ оның шаш
үлгісіне, киіміне, қылықтарына қатты назар аударудың қажеті жоқ, себебі
бұл қалыптан ауытқушылыққа алып келеді. Екінші мазмұнға қатысты
Вольф Вольфенсбергер жеткілікті түрде белсенді оймен қосылды, тіпті
олардың келбеттерін косметикалық емдеуден өткізуге кеңес берді және
соған сәйкес қоғамның оларды жақсы қабылдайтыны жайлы айтып өткен.
Осы жағдайға байланысты канадалық бұл ғалымға сынаушылық
ескертулер жиі келді.
Қалыптандырудың принциптерінің авторлары МШ адамдарды
«қалыпты» деп қабылдаған жоқ және қалыпты нормалар мен қоғамдық
жағдайларға итермелеген жоқ. Олар алдымен қоғамдағы барлық адамдар
сияқты МШ адамдардың да мүмкіндіктерін мойындағандарын қалады.
Достарыңызбен бөлісу: