Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет32/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

V.
 
Онтогенез дамуының заңдылықтарын басшылыққа алу 
коррекциялық-дамыту жұмыстарын жүйелі құруға негізделеді. Мысалы, 
логопедиялық көмек көрсету жұмыстары дыбыстардың онтогенездегі ерте 
даму кезеңінен бастап, саусақ моторикасының дамуымен қатар 
жүргізіледі. Бір сыныпта немесе топта білім алатын балалар сөйлеудің, 
сенсорлық қабілеттің, ойлау операцияларының дамуындағы түрлі 
кезеңдерімен ерекшеленеді. Осы кездегі әр оқушымен жүргізілетін жеке 
жұмыстар дамудың ерекшеліктерін, олардың көрсеткіштерін анықтайды. 


79 
VI.
 
Оқыту мен тәрбиелеудегі баланың жетекші әрекетке бағыну
 
– 
баланың жас ерекшелік кезеңдеріндегі дамудағы жетекші әрекеттерді 
басшылыққа алу арқылы дамытуды көздейді. Мысалы, өмірдің алғашқы 
жылында жетекші әрекет баланың жақындарымен тікелей эмоциялық 
қарым-қатынасқа түсуі болғандықтан жетекші әрекеттің түрі бала мен 
анасының қарым-қатынасы. Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі аралықта 
жетекші әрекет заттық әрекет, үш жастан жеті жасқа дейін ойын әрекеті 
жетекші болғандықтан, жеті жастан кейін оқу әрекеті, жасөспірімдік 
шақта эмоциялық-тұлғалық қатынастарды анықтаушы қарым-қатынас 
құралына айналады. Оқыту мен тәрбиелеудегі жетекші әрекетке бағыну 
арқылы оқытуды ұйымдастыруда әрбір жетекші әрекетті коррекциялық 
түзету жұмыстары арқылы дамыту көзделеді. 
VII.
 
Педагогикалық оптимизм қағидасы 
«баланың барлығын да 
даму мүмкіндігі бар» деген ұстанымға бағынады. Бұл қағида негізінде 
баланың оқуға деген қабілетін арттыру, қиындықты жеңуге үйрету, 
баланың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету, өмір сүрудегі 
құзіреттілігін 
қалыптастыру 
жұмыстары 
орындалады. 
Арнайы 
педагогиканың қағидалары өзектілігі жағынан маңызды болып табылатын 
күрделі кемшілігі бар, ауыр ақауға ұшыраған, ерте жастағы аутизмге 
шалдыққан балаларды оқытудағы реабилитациялау жұмыстарын 
кеңейтуді көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет