Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет50/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған арнаулы 
мектеп. 
Бірінші сыныпқа 7 жасар балалар қабылданады. Мектепте арнайы 
қозғалыс режимі орнатылған. Білім баланың қозғалыс аясын, оның сөйлеу 
қабілетін және жалпы танымдық қызметін қамтитын кешенді түзету 
жұмысы жүргізіле отырып беріледі. Бұл мектептерде тірек-қозғалыс 
аясында ақауы бар, бірақ қосымша кемістігі байқалмайтын жалпы білім 
беру бағдарламасын меңгеруге толық мүмкіндігі бар оқушыларды 
қамтиды. 
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы 
(коррекциялық) мектептегі білім беру процесі жалпы білім беру 
бағдарламасы бойынша үш деңгейде ұйымдастырылады: 
1-ші деңгейі – бастауыш жалпы білім беру (4-5 жыл); 
2-ші деңгейі – негізгі жалпы білім беру (6 жыл); 
3-ші деңгейі - орта (толық) жалпы білім беру (2 жыл). 
Ой-өрісінде 
жетіспеушілігі 
бар 
(ақыл-ойының 
дамуында 
бұзылыстары бар) балаларға арналған арнайы (коррекциялық) мектеп. 


127 
Бұл мектептегі білім беру процесі цензалы емес, себебі білім берудің 
мазмұны оқушылардың әлеуметтік бейімделуі мен кәсіби-еңбекке 
дайындық жұмыстарын негізгі мақсат етіп ұстанады. Мектептерде оқыту 
мен тәрбиелеу жұмысы еңбекке баулу жұмыстарына емтиханнан өтумен 
аяқталады. 
Дайындық сыныбындағы оқушылардың саны 6-8 баладан аспауы 
тиіс, ал қалған сыныптарда 12 баланы құрайды. Мектептегі оқу мерзімінің 
ұзақтығы 9 жылды құрайды, ал кәсіби дайындықтан өту сыныптарын 
қосқанда 10 жылды құрайды. Мектептің материалдық базасы толық 
жасақталған жағдайда тереңдетілген түрдегі еңбекке дайындық 
сыныптары ашылуы мүмкін. Кәсіби еңбекке дайындық сыныптарын 
аяқтаған оқушыларға біліктілік разрядын игергендігін растайтын құжат 
беріледі. 
Ақыл-ой кемшілігі орта денгейдегі балаларға 5-6 баладан құрылған 
сыныптар ашылады. 
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп. 
Рәсімдеу 
құжаттарында бұл мектеп аталғанымен, 2010-2011 жылдары бұл 
мектептің түрлері жаппай жабыла бастады. Ол біздің мемлекетімізде 
инклюзивті білім беру процесінің дамуымен себепті. Соған сәйкес 
көптеген жалпы білім беру мектептерде психикалық дамуы тежелген 
балаларға арналған коррекциялық сыныптары ашылуда. 
Білімді игеру кезінде тұрақты түрдегі қиындықтар туғызатын 
психикалық дамуы тежелген балалар арнайы (коррекциялық) қолдауды 
жалпы білім беру мектептің жәй сыныбында алуға мүмкіндігі бар. 
Балаға қойылған диагнозды нақтылаудың қажеттілігі туындаған кезде 
мектепке қабылданған ПДТ бала бір жыл бойы білім алып шығады. Білім 
беру процесі кезінде жеке және топтық сабақ формасындағы түзету 
сабақтары, логопедиялық сабақтар қатар жүргізіледі. 
Арнаулы сыныптарға психопатиялық тәртіп, эпилепсия, психикалық 
аурулардың түрлері анықталған балалар қабылданбайды. Ол балалар ата-
аналарымен бірге кеңес беру орталықтарынан қажетті көмек ала алады. 
2002 жылы САТР орталығының ұсынысымен құрылған ҚР-ның 
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медациналық-педагогикалық түзете 
қолдау туралы» Заңы қабылданды. Бұл заңның қабылдануы ҚР-ның 
арнайы білім беру жүйесінің дамуына негіз болып, арнайы білім беру 
мекемелерінің жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болды. 
Сонымен, дәстүрлі тараған арнайы бала бақшалар мен арнайы 
мектептерден басқа мүмкіндігі шектеулі балаларға арналалған басқа да 
жаңа түріндегі мекемелер кең таралды. Олар: псхолого-медико-
педагогикалық кеңес беру ұйымдары; реабилитациялық орталықтар; 
психолого-педагогикалық коррекциялық кабинеттер; логопедиялық 
пункттер; мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар (ассоцияциялар) және т.б. 


128 
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі 
тұлғаларға ерте жастан медициналық білім беру және әлеуметтік қолдау 
жүйесін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру, басқару және 
қаржыландыру, кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету 
керек. 
Диагностикалық-кенес беру жұмыстары
психологиялық-
медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) үйымдарында өткізіледі. 
Психологиялық- медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) 
мүмкіндігі шектеулі баланы тексеріп және оның ерекше білім алу 
қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес білім беру мекемесінде оқытуға 
ұсыныс жасап, қорытынды шығарады. 
ПМПК іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары: 
1) психопрофилактикалық жұмыс; 
2) психодиагностикалық жұмыс; 
3) дамытушы және психокоррекциялық жұмыс; 
4) кеңес берушілік жұмыс. 
ПМПК жұмысының мазмұны - медициналық диагноз қою мақсатында 
баланы кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық тексеру, 
оның ауруларының пайда болу ерекшеліктерін және бірге жүретін 
патологиялық өзгерістерді анықтау болып табылады. 
Әрбір ПМПК-ң штатында міндетті түрде кіреді: арнайы педагог, 
логопед, психолог, балалар психиатры, психоневролог. 
Қосымша мамандар: офтальмолог, отоларинголог, хирург-ортопед, 
әлеуметтік педагог, неонотолог, педиатр және т.б. 
Кеңестің басқармасының басқарушысы болып арнайы білімі бар 
немесе психология мамандығы бойынша медициналық білімі бар тұлға 
тағайындалады. 
ПМПК-да келесі құжаттар жүргізіледі: кеңеске алдын ала тіркелу 
журналы, өткен тексеруде болған балалар журналы, тексеру барысындағы 
хаттама, қорытындысы және ұсынысымен жаттармаларын көшірме. 
Ата-аналар ПМПК-ның қорытындысымен білім беру мекемесін 
таңдауға құқылы. Ақыл-ой дамуы бұзылған балаларды әлеуметтік ортаға 
қосу, яғни тұрмыстық бағдарлау және әлеуметтік бейімдеу арнаулы 
мектептегі жүйелі жұмыстың қорытындысы болып табылады. Сондықтан 
осы балалармен жүргізілетін жұмыстар жан-жақты және толық жүргізілуі 
тиіс. 
Дамуында күрделі кемшілігі бар балалар мен жасөспірімдер үшін 
түрлі профильдегі реабилитациялық орталықтар құрылған. Мұндай 
орталықтардың 
санын 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
реабилитация және түзету орталығы, әлеуметтік-еңбекке бейімдеу мен 
кәсіби бағдар беру орталығы құрауы мүмкін. Мұндай орталықтардың 
негізгі міндеттері ауыр және күрделі кемшілігі бар балаларға түзету-
педагогикалық, психологиялық көмек көрсету, кәсіби бағдар беру, өз-


129 
өзіне қызмет етуге үйрету, әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын құру болып 
табылады. 
Бұл орталықтардағы сабақтар жеке және топтық жұмыс 
бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Мектепке дейінгі және мектеп 
жасындағы балаларға логопедиялық көмек көрсету жұмыстары 
логопедиялық кабинеттер мен орталықтарда жүргізіледі. 
Логопедиялық кабинеттердегі жұмыстардың негізгі міндеттері сөйлеу 
тіліндегі кемшіліктерді жою, педагогтар мен ата-аналарды логопедиялық 
біліммен хабардар ету болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет