121
Жалпы балақашалармен салыстырғанда арнаулы топтардағы балалар
санының толымы 15 тәрбиеленушіден аспайды.
Мектепке дейінгі арнаулы мекемелердегі штаттың құрамына арнайы
педагогтар (сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог, логопед)
мен қосымша медицина қызметкерлері қабылданады.
Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеудің арнайы ұйымдарында
қажетті орындар саны анықталған:
2.
Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға арналған балабақшада:
3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес; 3 жастан жоғары – 12 баладан
артық емес.
3.
Естімейтін (саңырау) балаларға арналған балабақшада:
3 жасқа
дейін – 10 баладан артық емес; 3 жастан жоғары – 12 баладан артық емес.
4.
Көру
қабілеті
терең
зақымдалған
балаларға
арналған
балабақшада: бір топта
– 10 баладан артық емес.
5.
Нашар көретін, амблиопияға шалдыққан, қыли көзді балаларға
арналған балабақшада
: 3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес; 3 жастан
жоғары – 15 баладан артық емес.
6.
Тірек-қозғалыс
аппараты
бұзылған
балаларға
арналған
балабақшада
: 3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес; 3 жастан жоғары –
12 баладан артық емес.
7.
Ойлау қабілеті бұзылған (ақылы кем) балаларға арналған
балабақшада
: 3 жасқа дейін – 6 баладан артық емес; 3 жастан жоғары – 10
баладан артық емес.
8.
Терең немесе күрделі кемістіктері
бар
балаларға арналған
балабақшада
: 3 жастан жоғары – 8 баладан артық емес.
Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың
толық дамуына қажетті жағдайлар жасалуда. Балабақша 1,5 жастан 7
жасқа дейінгі балалардың оқытылуын, тәрбиеленуін, күтімін және
сауықтандырылуын қамтамасыз етеді. Оқыту және тәрбиелеу арнайы
түзету-дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
7-ден кейін балалар арнайы мектепте білімін жалғастыруға болады.
Білім алу қажеттіліктері ерекше мектеп жасындағы балалар арнайы білім
беру стандарттарына сәйкес әртүрлі білім беру мекемелерінде немесе
үйлерінде оқытылады.
Достарыңызбен бөлісу: