Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет55/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Естудің нашарлауы 
– есту 
қалдығына сүйене отырып, сөйлеу қабілетін игерудің мүмкіндігімен 
анықталатын тұрақты түрдегі естудің бұзылуы. Естудің нашарлауына – 
күрделі түрдегі сөйлеу тілі бұзылған есту қабілеті нашар балалар жатады. 
Есту қабілетінің бұзылуын ғылыми тұрғыда зерттеген Рахиль 
Марковна Боскис есту қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-
педагогикалық классификациясын анықтады. Аталған классификацияда 
есту функциясының бұзылу деңгейі, естудің бұзылуы кезіндегі сөйлеу 
тілінің даму деңгейі, есту қабілетінің бұзылу уақытын есепке алынған. Бұл 
классификацияда балалар төрт топқа бөлінеді: 

сөйлеу тілі дамымаған саңырау балалар (ерте саңыраулыққа 
ұшырағандар); 

сөйлеу қабілеті сақталған саңыраулар (кеш саңыраулыққа 
ұшырағандар); 


140 

сөйлеу тілі дамыған есту қабілеті нашар балалар; 

сөйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар есту қабілеті нашар балалар. 
Есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілі естудің бұзылу 
уақытына қарай анықталады. Егер, есту қабілеті 3 жасқа дейін бұзылса, 
сөйлеу тілі өздігінен қалыптаспайды. Егер, есту қабілеті 3-4 жастан кейін 
бұзылса, фразалы сөйлеу тілі сақталады, бірақ сөздіктерді айтуда, тілдің 
грамматикалық 
құрылымында, 
дыбыстарды 
айтуда 
кемшіліктер 
байқалады. Егер, есту қабілеті мектеп жасында бұзылса, бала фразалы 
сөйлеуді игергенімен, сөздің буындық құрамын ажыратуда, ұяң 
дауыссыздарды айтуда қиындықтарға кездеседі. Сөйлеу тілінің даму 
деңгейі тәрбие жағдайына, коррекциялық жұмыстарының басталу 
уақытына да байланысты. 
Есту қабілеті нашар баланың сөйлеу тіліне тән сөздердің түсінісксіз 
айтылуы, сөздердің қатты дауыспен айтылуы, сөйлеудің баяулауы сияқты 
ерекшеліктер болады. Ерте балалық шақтағы есту қабілетінен айырылған 
нашар еститін баланың сөйлеуінде тілдік жүйелердің барлығы (лексика, 
грамматика, фонетика) бұзылады. 
Есту қабілеті нашар баланың жазбаша сөйлеуінде тіл кемшіліктерінің 
барлығы айқын көрініп отырады. Есту қабілеті бұзылған балалардың 
сөйлеу тіліндегі кемшіліктерден басқа күрделі тіл кемшіліктері 
(ринолалия) байқалады. Есту қабілетінің жеңіл түрдегі бұзылуы кезінде 
баланың қатты дыбыстарды шығарып сөйлеуі есту қабілетін белсенді 
күйге жеткізеді. Есту зақымдалуының күрделі деңгейінде ерін қимылынан 
оқу, тактильді-вибрациялық сезімталдықты қалыптастыру арқылы есту 
қалдығын іске қосуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. 
Есту қабілеті бұзылған балалардағы қосымша кемшіліктерге 
байланысты оларды былайша топтастырамыз: 
- қосымша кемшілігі жоқ есту қабілеті бұзылған балалар; 
- қосымша кемшілігі бар (ой-өрісінің, көрудің, тірек-қимылдың, 
эмоцияның бұзылуы) есту қабілеті бұзылған балалар. 
Сонымен, есту қабілеті бұзылған балалардың тобы есту қабілетінің 
бұзылу деңгейі, есту қабілетінің сипаты (кондуктивті, сенсоневральды, 
аралас түрдегі естудің бұзылуы) естудің бұзылу уақыты, дамудағы 
қосымша кемшіліктер түрінде қарастырылады. 
Саңырау және есту қабілеті нашар балалармен жүргізілетін 
коррекциялық жұмыстардың жетістігі мынадай жағымды факторларға 
байланысты: 
- баланы оқыту жағдайының интенсивті, жүйелі, адекватты түрде 
жүргізілуі; 
- оқыту мен тәрбие процесіне отбасының белсенді араласуы; 
- баланың потенциалдық мүмкіндіктері, дене даму жағдайы, тұлғалық 
қасиеттері (белсенділігі, шыдамдылығы, жұмысқа қабілеттілігі ); 


141 
- сурдотехникалық құралдардың қолданылуы. 
Есту қабілеті бұзылған балаларға коррекциялық көмек көрсету 
жұмыстары дәстүрлі түрде денсаулық сақтау жүйесіне қатысты 
мекемелерде (сурдологиялық кабинеттерде, орталықтарда, бөлімшелерде, 
үлкен ауруханалардағы құлақ ауруларын емдейтін бөлімшелерде) 
жүргізіледі. 
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысы «Мектепке 
дейінгі білім беру ұйымдарына арналған типтік ереже» бойынша 
реттеледі. Ерте балалық шақтағы саңырау және есту қабілеті терең 
бұзылған балаларға білім беру мекемелері: 
- саңырау және нашар еститін балаларға арналған балабақша; 
- аралас түрдегі балабақша; 
- саңырау және нашар еститін коррекциялық жалпы білім беретін 
мектептердегі, мектеп-интернаттардағы арнайы топтарға 1,5-2 жастағы 
балалар тәрбиеленеді; 
- мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған 
білім беру ұйымдары. 
Аталған арнаулы білім беру ұйымдары бірінші сыныптан бастап 10-
12 класс аралығында білім берумен айналысады. 
Есту қабілеті бұзылған балаларды коррекциялық оқыту мен 
тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік негіздері Р.М. Боскис, Г.Л. Выгодский, 
Л.А. Головчиц, С.А. Зыкова, Б.Д. Корсунская, Э.И. Леонгард, Е.А. 
Малхасьян, Н.Д. Шматко, А.Н. Аутаева және т.б. еңбектерінде беріледі. 
Есту қабілетінің бұзылуы кезіндегі коррекциялық-педагогикалық 
жұмыстардың мазмұны бірнеше бөлімдермен анықталады. Олардың 
әрбіреуі тәрбиелік, білімділік міндеттер сияқты, мектеп жасына дейінгі 
есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуын қалыптастыру 
ерекшеліктеріне қарай коррекциялық бағытты құрайды. Аталған 
бөлімдерге жеке-жеке тоқталсақ, былайша сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет