Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет63/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бірінші 
кезеңдегі
мектеп 
бала 
тұлғасының 
қалыптасуына, 
потенциалдық мүмкіндіктерінің тұтастай дамуына, дамудағы кемшілікті 
коррекциялауға, емдеуге, көру қабілетін сақтауға бағытталады. Бастауыш 
мектепте көру қабілетін дамыту, соқырлардың сипап-сезу қабілетін 
дамыту, кеңістікте бағдарлау, сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету, 
ритмика, дене тәрбиесі сабақтары жүргізіледі. Бастауыш мектептің 
оқушылары көрнекі-образды ойлау, теориялық ойлау қабілеттерін, оқу 
әрекетін, есептеу, оқу, жазу дағдыларын, өз-өзіне қызмет етудің 
қарапайым тәсілдерін игереді. Оқыту мен білім беру арнайы оқу 
жоспарына сай оқу бағдарламасымен жүзеге асады. 
Екінші кезеңдегі
мектеп білім алуды жалғастырушы түлек үшін 
қажетті еңбек дағдыларын игертуге, білімін жалғастыруға жағдай жасауға, 
қоғамға араласуына көмек көрсетуге бағытталады. Денсаулықты нығайту 
мен танымдық, тұлғалық, қимылдық сфераны түзетуге арналған 
жұмыстары жалғасады. Мектеп баланың потенциалдық мүмкіндіктерін 
ескере отырып, дүниетанымын қалыптастыруға, еңбекке араласуына, көру 
қабілеті бойынша мүгедектік арқылы жұмыспен қамтамасыз етілуіне 
бағытталған шараларды жүзеге асырады. Оқушылар арнаулы енгізілген 
және кейбір пәндерге байланысты (бейнелеу, сызу, еңбекке баулу) жалпы 
білім беретін мектеп бағдарламасымен білім алады. 
Орта мектеп еңбекке баулуды қамтамасыз етеді. Мектеп оқушының 
қызығушылығын, әлеуметтік-психологиялық бейімделуін, қоғамдық 
өмірге араласуын қанағаттандыруға жағдай жасайды. Осы мақсаттарға 
сәйкес оқу жоспарына міндетті пәндермен қатар оқушының таңдауы 
бойынша пәндері енгізіледі. 


159 
Үшінші кезеңде
кейбір пәндерге байланысты өзгертулер енгізілген 
(информатика, 
еңбекке 
баулу) 
жалпы 
білім 
беретін 
мектеп 
бағдарламасымен ұйымдастырылады. 
Соқыр балаларға арналған мектептердегі оқыту жалпы білім беретін 
мектептің алтынүктелік брайльдық шрифтімен жазылған оқулықтарымен 
қамтамасыз етіледі. Оқу практикасына қабылдау, кеңістікті бағдарлау 
мүмкіндіктерін 
кеңейтуге 
арналған 
оқытудың 
тифлотехникалық 
құралдары (жазуға арналған арнайы құралдар, жарық сигналдарын беруші 
құралдар) кеңінен қолданылады. Нашар көретін балалармен жұмыс 
кезінде көру қабілетін дамытуға арналған жағдайлар жасалады және 
көрудің нашарлығына сәйкес келетін дәптерлер, көрнекі, дидактикалық 
материалдар, оптикалық және техникалық құралдар қолданылады. 
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектепті аяқтаған бала 
жалпы білім беретін орта мектепті бітіргені жөніндегі аттестат алады және 
жалпы негіздегі ЖОО-да білімін жалғастырып, мамандығы бойынша 
қызмет етуіне, халық шаруашылығының жекелген саласында еңбек етуді 
үйренеді. 
Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру бағдарламасының 
ерекшеліктері былайша анықталады: 
-
дайындық сыныбының ұзартылуы (бастауыш сыныптарда); 
-
нашар көретін балаларды бастауыш сыныпта оқытуда көру 
қабілетінің жұмысын қалыптастыру, заттың көрнекі образы мен сөз 
арасындағы сәйкестікті қалыптастыру, жазуға дайындау; 
-
зағип жандарды арнайы Брайльдік жүйе бойынша оқыту; 
-
рельефті-дидактикалық материалдармен жұмыс жасау дағдысын 
қалыптастыру. 
Математиканы оқыту бағдарламасының ерекшеліктері: 
-
дайындық сыныбының ұзартылуы; 
-
микро- және макро- кеңістікті бағдарлау дағдысы мен тәжірибесін 
қалыптастыру; 
-
заттардың кеңістікте орналасуын бағдарлауды өлшеу, сызу 
дағдылары арқылы дамыту, заттың формасы, көлемі, саны, қасиеттері 
туралы ұғым қалыптастыру; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет