Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет68/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Танымдық қабілеттердің дамуына сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің 
тигізетін әсері. 
2. Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған мектепте қабылдау 
жұмыстарында сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді классификациялаудың қай 
түрі қолданылады? 
3. Сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзетудегі коррекциялық-
педагогикалық жұмыстардың міндеттерін атаңыз. 
4. Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған мектепте бірінші және 
екінші деңгейдегі оқыту бағдарламаларын саралау жұмыстары қалайша 
жүргізіледі? 
5. Логопедиялық пункттердің міндеттерін, қызметтерін, 
ұйымдастырылуын сипаттаңыз.


172 
§ 22. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕЛГЕН 
БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ЖҮЙЕСІ
1. Ой-өрісінің артта қалуындағы кемшіліктердің мінездемесі 
2. Интеллектісі бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесі 
3. Интеллектуалды дамуы бұзылған балаларға білім беру 
мекемелеріндегі коррекциялық-педагогикалық жұмыстың 
ұйымдастырылуы 
Зиятының зақымдалу жағдайы – ол жеке тұлғаның әлеуметтік 
қызметтерінің мүмкіндіктерін толық қиындататын психиканың туа немесе 
ерте даму кезеңінде жетілмеуімен шартталған ауытқушылық болып 
табылады. 
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды және жас жеткіншектердің 
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері шет мемлекеттерінде терең 
XIX ғасырда зерттеле бастады. Ғылымның түрлі салалары дамуында 
ауытқуы бар балалардың тіршілік әрекетіндегі әртүрлі өзекті мәселерін 
зерттеген және әлі де зерттеп келе жатыр: дәрігерлер, психологтар, 
генетиктер, әлеуметтенаушылар, психотерапевтер, юристер, тіпті соңғы 
уақыттарда - экологтар және диетологтар. Осыған сәйкес бұл топтың 
мүгедектеріне тән көптеген терминдік сөздіктер пайда болды. 
Терминологиялық сөздіктердің алуан түрлілігі оның әр елде әр даму 
тарихында әртүрлі көзқарастың болуына байланысты. 
Л.С. 
Выготский 
зиятының 
зақымдалуы 
түсінігін 
арнайы 
педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен. 
В.М. Астаповтың пікірінше, «зиятының зақымдалуы – ол орталық 
жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуының нәтижесінде болатын 
толық психиканың сапалық өзгеруін» айтамыз. Мұнда тек қана ақыл-ой 
ғана емес, сонымен бірге эмоциялық даму аймағы за зардап шегетін 
дамудың түрі. 
Терминалогиялық 
сөздіктерінің 
кейбіреулерінде 
келтірілген 
мысалдар: олигофрения, психикалық кешеуілдену, психикалық дефект, 
психиканың жеттік дамымауы, психологиялық жетілмеуі, психикалық 
субнорма, психикалық тапшылығы, зиятының жетіспеушілігі және т.б. 
Әрбір терминнің мазмұны осындай тұлғалардың психикалық өзіндік 
ерекшеліктері мен оның себептерінің өзгешеліктерімен немесе баланың 
психикалық дамуындағы ауытқулардың пайда болуына әсер ететін ойлау 
әрекетінің 
механизмдерінің 
бұзылулары 
туралы 
ақпараттармен 
жинақталған. 


173 
Ой-өрісінің жетіспеушілігі бар балаларды зерттеу бірнеше 
ғасырлардан өтеді. «Ақыл-ой кемістігі» психиатриалық түсініктердің ең 
көне ұғымына жатады. Ж. Эскироль ақыл-ой кемістіктің туа біткен және 
жүре пайда болған түрінің арасындағы айырмашылығын сипаттап берген. 
Туа біткен ақылсыздықта психикалық әрекеттің жеттік дамымауы 
байқалады, ал жүре пайда болуында - психикалық ыдырауының белгілері 
үстем болып жатады. 
Туа біткен ақыл-ой кемістігін анықтаудың маңызды жолы 
Э. Крепелинның зерттеуі болып табылды. Ол барлық ақылсыздықтың 
клиникалық формаларын мақсатты түрде бағытталған бір топқа біріктіріп, 
оларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет