Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет84/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Тәртіп нормаларын қалыпқа келтірудегі оперантты оқыту 
әдістемесі
баланың тәртібін қалыпқа келтірудегі ішкі орта жағдайларын 
қалыпқа келтіруді мақсат етеді. Жұмыстың негізгі бағыты әлеуметтік-
тұрмыстық ортаға бейімдеу, сөйлеу тілін дамыту, оқу пәндерін игертуге 
баулу, шаруашылық дағдыларын қалыптастыруға негізделеді.Оқыту жеке 
түрде жүргізіледі. 
Қарым-қатынасқа түсуге баулу бағдарламасы
арқылы қарапайым 
әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды игерту, кеңістік пен уақыт туралы 
түсініктерді қалыптастыру, сөйлеуге үйрету жұмыстарын орындайды.
 
Психокоррекциялау әдісі негізіндегі холдинг терапиясы 
баланың 
жалпы дамуын қамтамасыз етуді көздейді. 
Қазіргі уақытта Қазақстанда «Ашық әлем» «Дара» «Айнар» және тағы 
басқа аутист балалар мен жасөспірімдерді қолдау қорлары жұмыс 
атқарады. 
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалары: 
1. «Ерте балалар аутизмі» және «аутизм спектіріндегі бұзылвстар» 
түсініктерінің айырмашылығын көрсетіңіз. 
2. Мектеп жасына дейінгі ерте балалар аутизмінің психологиялық 
ерекшеліктерін атаңыз. 
3. Ерте балалар аутизмі кезінде көрсетілетін көмектің түрлерін 
атаңыз. 


216 
БӨЛІМ V 
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯ. 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУЫ
 
§ 27. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ 
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДЕГІ ҚОҒАМНЫҢ КӨЗҚАРАСЫНЫҢ 
ДАМУЫ 
 
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамдық көзқарасының дамуы 
2. Білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға 
кіріктіру мәселесі 
Адам болмысынын даму тарихында мүмкіндігі шектеулі адамдарға 
деген қоғамның қатынасы тіршілік әрекетінде әр кезеңнін әлеуметтік 
деңгейіне сәйкес тіл әдеттерінің формасымен сипатталды. Мұндай 
түсініктерді қазіргі таңдағы адамдардың пікірлері мен көзқарастарынан 
жиі ажыратуға болады. Демек, әрбір кезеңнің моделі бар. 
«Сырқат адам» моделіне
сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлға ауру адам 
болып есептеледі де, онымен емдеу жүргізетін объект ретінде 
қарастырады. Яғни балаға медициналық көмек көрсетудің маңызы зор, 
бірақ мұндай балалардың білім алуындағы мүмкіндіктерінің шектеулігі 
оқыту мен әлеуметтендіруді оңайлықпен меңгерілмейді. Сондықтан да 
білім беру бағдарламалар медициналық ем көрсетумен бірдей 
қарастырылуы қажет. Қоғам мүмкіндігі шектеулі баланы – сырқат адам 
деп қабылдағандықтан, оларға тек медициналық көмек көрсетіп, білім 
беру жүйесін тысқары қалдырады. Қоғамның белсенді дамуымен бұл 
модель адамның мүмкіндіктерін шектейтін ауытқушылықтың себептері 
мен пайда болуын клиникалық ғылыми зерттеуге және қажетті алдын алу 
шаралары мен жеке ауруларды емдеуге ынталандырды. Дегенімен, қазіргі 
таңда өз маңыздылығын төмендетті. 
«Қоғамға қауіп төңдіретін» модель
дамуында ауытқушылығы бар 
тұлғалардың кейбір категорияларына (ақыл-ойы кем, естімейтін, 
психикалық ауытқушылығы бар) байланысты пайда болды. Әлеуметтік 
орта адамдардың пікірінше осы категориядағы балалар ауруды тасушы 
«бақытсыздықты тасушы» материалды және моральды шығын келтіреді 
деген. Аталған мәселеге байланысты қоғам өзін «қауіп-қатерден» сақтау 


217 
үшін әлеуметтік ортадан алшақ орналасқан, кейде қатаң тәртіп негізінде 
жабық мекемелер мен интернаттар ашыла бастады. Мұндай жағдай да 
оқыту мүлдем болмады немесе жеткіліксіз деңгейде болды. 
«Аяушылық білдіру» моделі
адамның жеке тұлғасының дамуына, өз-
өзіңе қызмет көрсетуге ынталануына кедергі келтіреді. Модель мүмкіндігі 
шектеулі адамның өмір бойы балалық жаста қалатын адамдарға (мысалы, 
зиятында ауытқушылығы бар балаларға кеңінен таралған) тән. Бұл 
модельдің негізгі міндеті – бұл білім беру мен дамытуға көмекпен 
қамтамасыз етпей, керісінше, қоғамнан жекелеу арқылы қоршаған 
ортадағы «жамандықтан» мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау, тіршілік 
етудің қолайлы ортасын құру болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет