Арнайы педагогика


күрделі (кешенді) кемістік дегеніміз әрбірін бөлек алғанда аномальдық



Pdf көрінісі
бет81/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

күрделі (кешенді) кемістік дегеніміз әрбірін бөлек алғанда аномальдық 
дамудың құрылымы мен сипатын анықтайтын бірқатар бастапқы 
ауытқулардың бірігуі
. Зақымданулар бір-біріне көп қырлы ықпал етеді 
және олар өзара күшейе түседі. Оның соңынан, бөлек бір 
зақымданулардың қарапайым сомалық қосындысымен салыстырғанда 
сапалық және сандық тұрғыдан айтарлықтай дөрекілік тұрғысындағы кері 
салдары болуы мүмкін. 
Күрделі кемістіктері бар балалармен коррекциялық-дамытушылық 
жұмыстарды толыққанды ұйымдастыру үшін осы балалардың жіктемесін 
жақсы білу қажет. Өйткені коррекциялық-дамытушылық жұмыстарды 
тиімді ұйымдастыру дұрыс білімнен талап етіледі. 
Күрделі кемістіктерге ие балалардың 
пайда болу
уақыты бойынша
жіктемесін алғаш рет жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы жылдарында 
психолог А.В. Ярмоленко жасап ұсынған болатын. 
Осы жіктемеге негізделе отырып біз кешенді кемістіктерге ие 
балаларды екі топқа бөліп қарастыруды ұсынамыз: 
1. Туа біткен күрделі кемістіктерге ие балалар
: мәселен, көру немесе 
есіту анализаторлары бірдей уақытта туылғаннан зақым алған немесе өте 
ерте балалық кезеңдегі кешенді кемістіктерге ие балалар. 
2. Жүре пайда болған кешенді кемістіктерге ие болған балалар

мұнда бірдей уақытта және әр түрлі уақытта кемістіктері пайда болған 
балалар жатады. 
Күрделі кемістіктері бар адамдардың 
зақымдану деңгейі бойынша
жіктемесі. 
1 топ:
Екі кемістігі де айқын көрінген. Мұнда күрделі кемістік, 
баланың әлеуметтік бейімделуіндегі қиындықтары мен дамуының 
құрылымын бірдей дәрежеде анықтайтын екі бұзылуды қамтиды, мысалы: 
соқыркерең балалар. 


203 
2 топ:
Күрделенген кемістік болып, бірқатар бастапқы бұзылуларға 
ие, бірақ оның біреуі негізгісі, жетекшісі болып, екінші бұзылу айқын 
көрініс таппаған, бірге жүретін сипатқа ие, дейтұрғанмен негізгі, жетекші 
кемістікке ықпал етеді, мысалы: соқыр нашар еститін балалар. 
3 топ:
Екі немесе одан көп кемістіктері жеңіл түрде байқалады, бірақ 
олардың бірігуі тұрақты екінші сатылық ауытқуды шақырады. Бұл топ 
соңғы жылдары жиі кездесетін топ болып табылады. 
Кешенді зақымданулары бар балалардың даму жетістіктеріне сүйене 
отырып жіктемесін алғаш ұсынған ағылшын ғалымы - С.Best. 
1 топ. 
Белсенділік танытатын тип. Кейде «Елена Келлер типі» деп 
аталады. Айтарлықтай дәрежеде жиі байқалатын екі бастапқы кемістікке 
ие, бірақ, соған қарамастан әлеуметтік-еңбек дағдыларын табысты 
меңгерген, білім алатын, қоғамға табысты кіріктірілетін интеллектуалдық 
тұрғыдан сақталған балалар. 
2 топ. 
«Салыстырмалы тұрғыдан бейімделуі жеңіл тип». Кемістіктің 
бірі айқын байқалатын және екіншісі оны сүйемелдейтін зақымдануларға 
ие балалар. Оқыту жетекші кемістік бойынша жүргізіледі. Олар еңбек ете 
алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына ие, білім алуға және қоғамға 
бейімделуге жақсы икемі бар балалар. 
3 топ.
«Бейімделуінде қиындықтары бар балалар». Екі сенсорлық 
кемістігі де айқын байқалмайтын, бірақ осы категориядағы балаларда оқу 
мен әлеуметтік бейімделуде айтарлықтай қиындықтар тудыратын мінез-
құлықтық проблемалары бар, зияты төмен балалар. 
4 топ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет