Арнайы педагогика


«инклюзивті білім беру» мен



Pdf көрінісі
бет89/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

«инклюзивті білім беру» мен 
«интеграциялық оқытудың» 
мәнді айырмашылықтары бар. Инклюзивті 
білім беру мен интеграциялық оқытудың айырмашылықтарының 
критерилерін отандық зерттеушілері де Р.А. Сүлейменова, А.А. 
Байтурсынова анықтап көрсетті. 


224 
Авторлар 
интеграциялық оқытудың мақсаты
– мүмкіндігі шектеулі 
балалардың жалпы білім беру жүйесінің аумағында әлеуметтік және білім 
алуындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру деп түсіндіреді. Ал әр 
баланың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес сапалы білім алу және әлеуметтік 
мұқтаждығын қамтамасыз ету – 
инклюзивті білім беру жүйесіне 
жүктеледі
. Авторлар сондай-ақ екі модельдің мақсатына жетуде 
қолданылатын амал-тәсілдерінің де айырмашылықтарын көрсеткен. 
Біріктіріп оқыту – мұғалімнің (негізгі немесе көмекші мектеп) дамуында 
ауытқуы бар балалармен ұжым жағдайында нақты жұмыс жасау. 
Интеграциялық оқытуда
– қалыпты деңгейде дамыған балалардың 
деңгейіне арналған оқу бағдарламасын меңгере алатын мүмкіндігі 
шектеулі балалар топтарын таңдап алынатын стратегия болып табылады. 
Инклюзивті оқыту
– оқу мекемелерінің құрылымы мен оқу 
бағдарламасының балалар деңгейіне қарай өзгертуді талап етеді. 
Инклюзивті білім беруді енгізу – мүмкіндігі шектеулі балалардың 
әлеуметтік және білім берудегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға, білім 
беру ортасына бейімделуге және тосқауылдарды жоюға септігін тигізеді. 
Шет елдердің зерттеу тәжірибесінің қорытындысы ретінде 
инклюзивті білім берудің 
8- қағидасын ұсынады:
1.
Адамның құндылығы оның мүмкіндіктері мен жетістіктеріне 
тәуелді емес. 
2.
Әрбір адам сезе және ойлай алады. 
3.
Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы және тыңдалуға құқықылы. 
4.
Барлық адамдар өз құрдастарының қолдауы мен достығын 
қажеттенеді. 
5.
Әр түрлілік адам өмірінің барлық жақтарын дамытады. 
6.
Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж. 
7.
Барлық оқушылар үшін жеке прогресс жетістігі олардың жеке 
мүмкіндіктеріне байланысты. 
8.
Нағыз білім беру тек шынайы өзара қарым-қатынас контексінде 
болып жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет