Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет88/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

inclusion 
– бұл жаңа халықаралық құжаттардың 
арқасында бүкіл әлемге түбегейлі таралып барлық дамыған елдер үшін 
басқарушы қызметі ретінде қалыптасты. 
1994 жылы Испания мемлекетінде Саламанка қаласында ерекше 
қажеттілігі бар тұлғалардың білім алуына «Саламандық декларациясы» 
қабылданған. Бұл құжатты Дүниежүзінің барлық мемлекеттері ат 
салысты. Аталмыш құжатта барлық адамдардың білім алуына тең құқылы 
екендігі жайлы, ерекше қажетттілігі бар тұлғаларға арнайы білім алуына 
арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтылған. Олар: 

әр баланың білім алуы мен оны жалғастыруға; 

білім алуында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың жалпы 
мектептерде оқуға; 

инклюзивті білімді ұйымдастыру бағыттында жалпы мектептерде 
дискриминациялық көзқарастарды алдын-алу, жою туралы; 

жалпы мектептерде инклюзивті білімді ұйымдастыру; 

арнайы білім беру бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу т.б. 
И. Никитина «интеграция» ұғымы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды 
қоғамның құқылы мүшесі ретінде барлық қоғам өмірлеріне енгізу процесі 
ретінде, яғни оқуды, ғылымды, мәдениетті, экономиканы игеру деген 
анықтама бере отырып интеграциялық оқыту мен инклюзивті білім 
берудің мақсатын ажыратып көрсеткен.
 
Интеграциялық оқытудың мақсаты
– білім беру аумағында жұмыс 
жасайтын әлеуметтік және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру 
үшін жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалардың 
денсаулығын сақтау қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. 
Ал инклюзивті білім беру
– әлеуметтік қажеттіліктері мен жеке 
мүмкіндіктеріне сәйкес оқытудағы білім беру шарттарын ұсыну және қол 
жетерлік сапалы білім алу. Сонымен қатар автор екі модельдің мақсатқа 
жетудің әдістері мен айырмашылықтарын ерекшелеген. Бірлесіп оқыту 
ұжым шартына сәйкес дамуында ауытқуы бар бала мен мұғалімнің (негізгі 
немесе көмекші) нақтыланған жұмыс жасауы. 
Дегенімен, қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде 
мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытуды білдірудің синонимі 
ретінде мамандардың жиі қолданатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет