Арнайы педагогиканың пәні, объектісі, мақсаты, міндеттері Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдық бір бөлігі, оның бір тармағы болып саналады. Біздің елде «арнайы педагогика»



бет2/2
Дата17.11.2022
өлшемі15,23 Kb.
#50934
1   2
Бұзылыстардың жіктелуі. Адамдағы бұзылыстар вариацияларының (түрлерінің) көптігі олардың универсалды (жан-жақты) жіктелуінің құрастырылуын қиындатады. Бұзылыс, дамудың жеткіліксіздігі кенеттен сәтсіз жағдай салдарынан, аурудан кейін, немесе ұзақ уақыт дамып үдейе түсуі мүмкін, мысалы, қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсері салдарынан, ұзақ уақытқа созылған ауру салдарынан. Жеткіліксіз, бұзылыс (толығымен немесе жартылай) медициналық және (немесе) педагогикалық құралдармен жоюлуы немесе семуі мүмкін.
Әлеуметтік сала және педагогика үшін маңызды болып адамның келешектегі ӛміріне – оның арнайы білім алуына, реабилитациясына (оңалтуына) (медициналық, психологиялық, әлеуметтік, кәсіби), күтіміне, арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз етілуіне және т.б. қажеттілігіне әсер ететін кемшіліктердің салдары бойынша жіктеу саналады.
Соңғы педагогикалық жіктеудің негізінде (М.Варнок, 1979) денсаулығының мүмкіндіктері шектелген тұлғалардың білім алуда ерекше қажеттіліктерінің сипаттамасы мен мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесі жатыр. Бұл, мүмкіндіктері шектелген балалардың түрлі категорияларын дифференциалдауға (жіктеуге) ғана емес, сонымен қоса осы жіктеудің негізінде дамуында проблемалары бар әр нақты адамның ерекше білім алуының және әлеуметтік қажеттіліктерінің сипаттамасы мен кӛлемін нақты белгілеуге кӛмектеседі, түзете- білім беру ісәрекетінің бағыттарын- қоршаған физикалық және әлеуметтік аумақта бағдар етуді, физикалық тәуелсіздікті, қозғалысты, іс-әрекеттің әр түрлі болу мүмкіндігін, әлеуметтік интеграция (біріктіру) мен әлеуметтік-экономикалық тәуелсіздігінің мүмкіндігін анықтауға кӛмектеседі. Арнайы педагогиканың әр пәндік саласының ӛзіндік жеке меншік жіктеулері бар.
. Қазіргі арнайы педагогиканың пәндік салалары Қазіргі арнайы педагогика білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған дәстүрлі болмыс арнайы білім беретін мекемелердің жүйесімен байланысты тарихи қалыптасқан пәндік салалардан тұрады. ХХ ғасырдың басында бұл пәндік салалар жаңа ғана құрастырылып жатқан, бүгінгі күні олар дербес, дамыған және дифференциалданған (жіктелген) педагогикалық білімнің 4 ғылыми және тәжірибелік салаларын құрайды. Олардың санына келесілер жатады:
- тифлопедагогика (көру бұзылыстары бар (көрмейтіндер мен нашар көретіндер) балаларды оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарын зерттейді);
- сурдопедагогика (есту бұзылыстары бар (саңыраулар, нашар еститіндер және кейіннен естімей қалғандар) балаларды оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарын зерттейді);
- логопедия (тіліндегі бұзылыстарды (тіл дамуында бұзылыстары бар балалар) анықтау және арнайы оқыту мен тәрбие құралдарымен жою мен алдын алу сұрақтарын зерттейді);
- олигофренопедагогика (ақыл-ойы кем (ақыл-ойында бұзылыстары бар және білім алуда қиындықтары бар тұлғалар) балаларды оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарын зерттейді);
- тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға тән арнайы педагогика саласы;
- дамуында күрделі бұзылыстары бар тұлғаларға тән арнайы педагогика саласы;
- эмоциялық(сезім)-ерік аумағы бұзылған тұлғаларға тән арнайы педагогика саласы.
Жоғары көрсетілген пәндік салалардың әрбіреуі жалпы педагогика сияқты құрылымы үйлесімді ұйымдастырылған. Әрбір пәндік саласының педагогикасының өз тарихы, дидактикасы, тәрбие теориясы мен тәжірибесі, арнайы әдістемелері, сонымен бірге жас ерекшелік қезеңдері бойынша ішкі дифференциациясы (жіктеуі) бар.
Аталмыш пәндік салалардың біріктіретін теориялық-әдіснамалық бастамасы болып арнайы педагогика саналады. Ол теориялық пәндік сала ретінде 20 ғасыр бойы өнделді.
Арнайы педагогика саласындағы ғылыми және тәжірибелік білімдердің дифференциациясы (жіктелуі) педагогикалық білімнің жаңа салаларының біртіндеп пайда болуы мен дамуына әкеледі. Білімнің жаңа салаларының пәні болып бүгінгі күні білім алу кеңістігінен тыс қалған ӛмір сүру іс-әрекетінің мүмкіндіктері шектелген жандар категориясына білім беру мен дамыту проблемалары (мәселелері) болады, бүгінгі күні олар туралы ғылыми және тәжірибелі білім шамалы және арнайы педагогика жүйесінде дербес бағытқа шығару жеткіліксіз. Сонымен қоса, дамуында бірнеше ауытқуы бар балаларға деген педагогикалық назардың күшеюіне байланысты арнайы педагогика ішінде пәндер аралық интеграцияны (біріктіруді) дамытуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет