4) «Жұмсақ дағдыларды» (soft skills) (софт скилз) – коммуникативтік дағдыларды, сыни тұрғысынан ойлауды, келелі мәселелердің шешімін табу дағдысын, шығармашылық, топта жұмыс жасай білу, өзін-өзі ұйымдастыру тайм-менеджментті, шиеленістерді шешу дағдысын және өзінің педагогикалық тәжірибиесінде көшбасшылық дағдыларды көрсете алады.
Бағдарламаның құрылымы (модульдері):
Үштілділік жағдайында Қазақстан Республикасының ТжКБ жүйесін дамыту мемлекеттік стратегиясы
Білім берудің модульдік кредиттік технологиясын ескере отырып, кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу
BOPPPS моделі бойынша сабақ жоспарын құру
CLIL пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту әдісінің негізгі принциптері
CLIL және TBLT әдістерін интеграцияландыру арқылы пайдалану
Білімді бағалау және бақылау формалары
1-модуль. Үштілділік жағдайында Қазақстан Республикасының ТжКБ жүйесін дамыту мемлекеттік стратегиясы
Тақырып 1.1.
2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың жол картасы
Тақырып 1.2.
Үш тілділік саласындағы отандық және шетелдік білім беру жүйелерінің негізгі тенденциялары
Тақырып 1.1. 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың жол картасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, кәсіп беделін нығайтуға және техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға бағытталған, негізгі басымдықтардың бірі ретінде оқытушылар құрамын даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері белгіленді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы үш тілде білім беруді дамыту бағытын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 5 қарашадағы №622 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы №344 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы №1066 бірлескен бұйрықтарымен бекітілген, «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы», Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) ұйымдарында үш тілде білім беруді кең ауқымды енгізу үрдістерін белгілейді және білім берудің барлық деңгейлерінде үш тілде оқыту үдерісіне қол жеткізу үшін қажетті белгілі шараларды көздейді.
Жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар білім алушының мемлекеттік және ресми тілді – қазақ, ұлтаралық тілдесу тілі ретінде орыс тілін және әлемдік қоғамдастыққа табысты интеграциялануының құралы ретінде ағылшын тілін игеруге ықпал етеді.