Байланысты: Арнайы психологиядағы және арнайы педагогикадағы даму категориял-melimde.com
Дизонтогенездің жасқа сай болуы. Баланың жеке дамуы барысында, оның жетілмеген құрылымы, өсу мен даму қоры арасында үнемі күрес болады. Бірінші немесе екінші фактордың әсер ету күшіне қарай, бір жағдайда анағұрлым тұрақты патологиялық өзгерістерді кәтуге болады, ал екінші жағдайда, жеңіл және коррекциялық-педагогикалық ықпалдармен түзетілетін (Л. С. Выготский, Г. Е. Сухарева, Г. Гельниц) өзгерістер болады. Балалық шақтың сыртқы қауіпке ең сезімтал кезеңі – 3 жасқа дейінгі ағзаның «алғашқы жетілмеген» кезі, сондай-ақ, пубертат кезеңіндегі, ағзаның қайта құрылу кезі. Бір айырмасы, бұл кезеңде баланың үйлесімді қалыптасқан жүйелері, «ересектердей» қызмет жасауға қайта құрыла бастайды, өзінің тепе–теңдік күйін уақытша жоғалтады.