В. В. Лебединскийдің психикалық дизонтогенезді классификациялауы, келесі нұсқаларға бөлінеді:
В. В. Лебединскийдің психикалық дизонтогенезді классификациялауы, келесі нұсқаларға бөлінеді:
І топқа ретардация типіндегі ауытқулар мен жетілу дисфункциясы жатады:
Жетілмей қалу – мидың ерте кезеңдегі, органикалық зақымдануы нәтижесінде, барлық қызметтер дамуындағы жалпы жетіспеушілік (ең алдымен – әлкен жартышарлар қабығында). Зақымданудың тегі тұқым қуалауы мүмкін (эндогендік) немесе құрсақтағы кезеңде, туу кезінде, ерте жаста әсер ететін сыртқы (экзогендік) факторлар нәтижесінде болуы мүмкін. Жетілмей қалудың көрнекті мысалы ретінде, ақыл-ойдың кемдігінің кең таралған түрі – олигофренияны алуға болады.
Тежелген даму – танымдық және эмоционалды салалардың қалыптасу қарқынының баяулығы, ерте жас кезеңдеріндегі деңгейде уақытша тұрақтап қалуы. Тежелген психикалық даму, генетикалық факторлардың, ұзақ уақыттық науқастардың, тәрбиедегі жағымсыз жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Сонымен қатар, инфантилизмнің түрлі формаларында көрінеді.