Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата06.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#8412
  1   2   3   4   5

 

1

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  ЖОҒАРЫ   ЖƏНЕ ОРТА 



АРНАУЛЫ БIЛIМДЕНДIРУ МИНИСТРЛIГI 

БЕРДАҚ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚ МЕМЛЕКЕТТIК 

УНИВЕРСИТЕТI 

 

ӨЗБЕК ФИЛОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТI 

ТҮРКI ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛ  БІЛІМІ ТАРИХЫ 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған:            ассистент Асанова Жамила 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НӨКIС-2008 жыл 

 

2

 



Кіріспе 

Қазақ тіл білімінің 1917 жылға дейінгі зерттелуі 

Қазақ  тілінің 1917 жылға  дейінгі  кезеңдегі  оқытылуы  туралы  жетерлі 

мəліметке иеміз. Бұл жұмыста ерекше құнды деп академик А.Н.Кононовтың 

«История изучения тюркских языков в Россий» деп атауға болады. Дегенмен 

монографиялық  план  бойынша  қазақ  тілін  зерттеудің  барлық  басқышы 

зерттелмегенмен,  кейбір  авторлар  жол-жөнекей  немесе  арнайы  əруақытта 

лексикография, фонетика-грамматиканың өткен тарихына тоқталып отырды. 

Сондықтан  біздің  мақсатымыз  жалпы  тюркологиядағы  қазақ  тіліне 

байланысты 1917-жылға  дейінгі  кезеңдегі  лексикографиялық  ғылыми 

жұмыстарға жалпы мінездеме беру. 

Шығыс  славяндарының  қыпшақтармен  қарым-қатынасы  ХІІІ-ХV 

ғасырларда  моңғол  үстемдігі  жəне  Алтын  Орда  заманында    бұрынғыдан  да 

күшейе бастады.  

Бірінші  Петр  заманында  Сібірді,  ондағы  түркі  халықтарының  тілдерін 

зерттеу жолға қойыла бастады. 1725 жылы Ғылым академиясы құрылған соң, 

бұл бастама жүйелі сипат алды, Еділ, Каспий бойындағы, Орал, Сібір, Орта 

Азиядағы  түркі  халықтарының  тарихын,  қоныс,  тұрмыс  жайын,  тілі  мен 

əдебиетін  зерттейтін  арнайы  экспедициялар  ұйымдастырылды.  Акад. 

А.Н.Кононовтың  айтуынша  «орыс  тілінің  ескі  қол  жазбаларында  түркі 

тілдерінің сөзі немесе жəне фразаларына орыс тілінде талдау берілген» дейді. 

Түркі  тілдерін  үйренуде  алдымен  қазақ  тілінің  сөздігін  құрастыру  басты 

міндет  болды.  Егер  жалпы  тюркологияда  қазақ  тілінің  фонетика  жəне 

грамматикасы ХІХ ғасырдың екінші жартысында зерттеле бастаған болса, ал 

лексикографиясы  ертеректегі  тарихты  қамтиды.  1787 жылы  академик 

Палластың  басқаруымен  «Барлық  тілдер  мен  наречиелердің  салыстырмалы 

сөздігі» деп аталатын 4 томдық  еңбек (1790-91) шыққан. Онда 19 түркі тілі 

мен  наречиесінен  лексикалық  материал    қамтылған.  А.Н.Кононов  осы 

сөздікте қазақ сөздері берілгеніне қарап, басқа көптеген түркі тілдері сияқты 



 

3

қазақ тілінің зерттеу обьектісіне айналуы ХVІІІ ғ. ІІ жартысынан басталады 



деп есептейді.  

Палластың  сөздігіне  кірген  қазақ  тілінің  сөздері  одан  бұрын  жиналған 

материалдардан  алынған.  Ленинградтағы  Н.Е.Салтыков-Щедрин  атындағы 

библиотекадағы  Аделунганың  архивінде 1774 жылы  шыққан  орысша-

қазақша  сөздік  бар.  Бұл  сөздікте 1600 қазақша  сөз  қамтылған.  Қазақ 

оқырмандарына бұл туралы алғаш С.Исаев таныстырды. Бұл фондта бірнеше 

материалдар:  Лютер  жазған  «Сан  есімдер  мен  арнайы  фразалар» (Омбы, 

1780),  1780-1781 жылы  М.Бекчурин  құрастырған  «Орысша-арабша-

парсыша-мишерше-қырғызша-хиуа-бұхарша  глоссарий»,  М.Радионовтың 

аударуымен «Қазақша сан есімдердің аудармасы» атты еңбектер (1778 жылы) 

бар.  Сонымен  қатар  қазақша  лексикографиялық  материалдар  ішінде 

Палластың архивінде 357 орысша сөздің қазақша аудармасы берілген. 

1787-1789 

жылы 


Санкт-Петербургте 

академик 

Палластың 

иницитивасымен  шыққан  «Барлық  тілдердің  салыстырмалы  сөздігі»  атты 

еңбегінің 104 бетінде 285 орысша  сөздің  қазақша  аудармасы  берілген. 1786 

жылы  шыққан  И.Г.Фальканың  «Салыстырмалы  глоссарий»  атты  еңбегі 

лексикографиялық  жұмыстарға  арналып,  қазақ  тілінің  материалдарымен 

қорытындыланған. 

Көне  қыпшақ  тілін  зерттеудегі  көрнекті  ескерткіш  «Кодекс-Куманикс» 

(Құмандардың кітабы) болып табылады. «Кодекс-Куманикстің» тілі жайында 

əртүрлі  пікір  болды.  Кейбір  ғалымдар  Қырым  жəне  Солтүстік  Кавказдағы 

жаңа қыпшақ тілдерінің (Қырым татарлары, қараим, құмық, қарашай-балкар) 

тегіне жатқан тілді білдіреді деп қараса, біраулер оны Еділ бойындағы татар 

тілінің  диалектілерімен  байланыстырады.  Бірқатар  зерттеушілер,  оның 

ішінде  қазақ  тілінің  тарихын  зерттеушілер,  қазақ,  қарақалпақ,  ноғай 

тілдерінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсететін ескерткіш деп қарайды. 

Бұл  көзқарас  дұрысқа  келеді. «Кодекс  Куманиксте»  қазақ  тілінің  өзіндік 

ерекшелігін  танытатын  дыбыстық,  грамматикалық  құбылыстар  баршылық. 

Мысалы, бірқатар сөз əрі оғыз, əрі қыпшақ тұлғаларында беріліп отырғанмен 


 

4

(тағ-тау, боғун-буун), ескі түркі тіліндегі ғ орнына у айтылуы (қадақ-қадау), 



сөз ортасында ғ-ның түсіп қалуы (йығын-йыйн), ілік жалғауы өзі жалғанатын 

түбір  сөздің  соңғы  дыбысының  əуеніне  бағынбай  –ның/-нің  түрінде  ғана 

келуі (сөзнің, атның) т.б. 

Қазақ  тілі  лексикасын  алғаш  салыстырып  зерттеген  ғалымдардың  бірі  -

көрнекті неміс ғалымы Г.Ю.Клапрот (1783-1835). Оның 1825 жылы жазылған 

еңбегінде алдымен қазақ халқы туралы қысқаша тарихи анықтама, одан соң 

түрік,  Қазан  татары  жəне  моңғол  тілдерінің  сөздерімен  салыстыра  отырып 

жасаған французша-қазақша сөздікше берілген. 

Орыс  түркітанушылары  мен  миссионер-ғалымдарының  қазақ  тілін 

практикалық мақсатта жүйелі түрде даралай зерттеулері ХІХ ғасырдың орта 

шенінен  басталады.  Солардың  ең  алғашқысы  –белгілі  шығыс  зерттеушісі, 

ғалым-миссионер,  профессор  Н.И.Ильминскийдің 1860-61 жылы  Қазанда 

шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» деп аталатын еңбегі.   

Еңбекте қазақ тілінің дыбыс жүйесі, грамматикалық құрылысы жайында 

бірқатар  мəлімет  берілген.  Əсіресе  автордың  қазақ  тіліндегі  дауысты, 

дауыссыз  дыбыстарды  жіктеуі,  олардың  жасалу  жолдарын  талдауы,  буын 

үндестігі,  екпін  туралы  айтқандары  осы  күнгі  түсінікке  жақын.  Автор  қазақ 

тілінің  татар  тілінен  басты  айырмашылығы  фонетикасында  деп  есептейді, 

араб  графикасы  қазақ  дыбыстары,  əсіресе  дауыстыларды,  дəл  білдіре 

алмайды  деді.  Грамматика  бөлімінде    кейбір  сөз  таптары,  біраз  сөзжасам 

жұрнақтары,  күрделі  жəне  қос  сөздер  талданған.  Сөздік  бөлімінде  қазақ 

сөздері орыс тіліне аударылып, сөз мағыналарын кең түсіндіруге мəн берген. 

П.М.Мелиоранский  сөздіктің  шағындығына  қарамастан,  оны  жоғары 

бағалаған. 

Н.И.Ильминскийдің бұл еңбегі туралы айтқанда екі нəрсені ескеру керек. 

Біріншіден,  автор  қазақ  тілін  жеке  тіл  ретінде  емес,  наречие  деп  есептеген. 

Мұның себебі түркі тілдерінің шыққан тегі жағынан бір-біріне жақындығына 

қарап,  ол  кезде  олардың  бəрі  түркі  тілінің  наречиелері  (диалектілері)  деген 

көзқарас  орын  алған.  Екіншіден,  Н.И.Ильминский  өзінің  еңбегін  қырғыз 


 

5

наречиесін  зерттеу  материалдары  деп  атағанмен,  оларды  өзі  атап 



көрсеткендей, «жартылай  Орынбордан,  жартылай  Орал  даласының  батыс 

жəне  жетірулықтар  мен  байұлылықтар  қоныстанған  жерлерден  жинадым», 

деуі  тегін  емес.  Н.И.Ильминскийдің  жинаған  материалдары  С.Аманжолов 

қазақ тілінің батыс диалектісін зерттеу үшін құнды еңбек деп бағалайды. 

Шыққан 

мерзімі 


жағынан 

ендігі 


аталатын 

М.А.Терентьевтің 

«Грамматика  турецская,  персидская,  киргизская  и  узбекская» (СПб, 1875), 

«Хрестоматия  турецская,  персидская,  киргизская  и  узбекская» (СПб, 1876) 

деген  еңбектері.  М.Терентьев  еңбегінің  алғы  сөзінде  өзі  Түркістен 

қазақтарының  сөйлеу  мəнерін  құптайтынын  жəне  грамматикасының  қазақ 

тіліне қатысты бөлімін Н.И.Ильминскийдің еңбегіне сүйеніп жазғанын, кейін 

оны  сұлтан  Жəңгір  Бөкеев  пен  Г.Ибрагимовтың  қарап  шыққанын  ескертеді. 

Еңбек  негізінен  қазақ  тілінің  морфологиясына  арналған,  онда  зат  есім,  сын 

есім,  есімдік,  жалғаулық,  септеулік,  демеулік  жайында  бірқатар  талдаудар 

жасалған. 

Қазақ 


тілінің 

зерттеу 


тарихында 

түркітанушылардың 

негізін 

салушылардың  бірі  академик  В.В.Радлов  еңбектері  ерекше  орын  алады. 

Еңбектерінің  бірі-  неміс  тіліндешыққан  «Солтүстік  түркі  наречиелерңің 

фонетикасы» (Лейпциг. 1882-1883) деп  аталатын  еңбегі.  Онда  түркі 

фонетикасы  жөнінде    сол  кездегі  лингвистикалық  озық  пікірлер  онан  ары 

дамытылып тереңдетілген. Бұл еңбек түркі тілдерінің дыбыстық құрылымын 

салыстырып  зерттеуде  түркітанудағы  алғашқы    елеулі  зерттеу  ретінде  

айрықша  бағаланады.  Автор  бұл  еңбегінде  солтүстік  түркі  тілдеріңдегі 

дауысты,  дауыссыз  дыбыстарды  өз  ішінен  салыстыра  зерттеп,  жасалу 

жолдарына  жан-жақты  талдау  жасаған.  Мысалы,  дауыстылардың 9 түрін 

таңбалап, 

олардың 


айтылу, 

жасалу 


ерекшеліктері, 

сингорманизм 

заңдылығының  пайда  болуы  жайындағы  тұжырымдары  негізінен  қазақ  тілі 

дауыстыларының табиғатына сай келеді. 

В.В.Радловтың  «Опыт  словаря  тюркских  наречий» (СПб, 1888-1911, 4 

томға  біріктірілген 24 басылымнан  тұрады)  атты  көлемді  сөздігі  түркі 



 

6

тілдерінің лексикологиясы мен лексикографиясын зерттеу тарихында елеулі 



орын алады.   

Қазақ тіл білімінің зерттелуінде Петербург университетінің профессоры, 

көрнекті  түрколог  П.М.Мелиоранскийдің (1868-1906) «Краткая  грамматика 

казак-киргизского языка» (І бөлімі, фонетика жəне морфология. СПб, 1894; ІІ 

бөлімі  синтаксис.  СПб, 1897) деп  аталатын 2 бөлімнен  тұратынт  еңбегі 

ерекше  орын  алады.  П.М.Мелиоранский  түркі  тілдерінің  сипаттама 

грамматикасын  жасаудың  теориялық  шарттарын  ұсынады.  А.Н.Кононовтың 

пікірінше, бұл еңбек кезінде осы сияқты зерттеулерге негіз болған. 

Еңбектің кіріспесінде автор «Қырғыз тілі, зерттеушілердің барлығының 

айтатынындай,  түркі  тілдері  ішіндегі  ең  таза,  ең  бай  наречиелер  тобына 

жатады», -дейді

1



Еңбектің  фонетикаға  арналған  тарауы  дауысты  дыбыстар  фонетикасы, 

дауыссыз  дыбыстар  фонетикасы  деген  екі  бөлімнен  тұрады.  Дауысты 

дыбыстардың 9 түрі  көрсетіледі:  а,о,у,ы,і,е  (бұлар  орыс  дыбыстарындай 

делінген), ə,ү,ө. Бұдан басқа қазақ тілінде 11 қосарлы дауысты дыбыс бар деп 

қарайды,  олар:  ай,  ау,ей,  еу,ой,  өй,  өу,  уө,  уа.  Дауысты  дыбыстарды  жуан, 

жіңішке жəне ашық, қысаң деп бөледі. Олардың жасалу жолдары мен өзара 

үндесіп отыратынына кең тоқтаған.    

  П.М.Мелиоранский – қазақ 

тіліндегі 

дыбыстар 

жайында 

Н.И.Ильминский  мен  В.Радловтан  соң  жан-жақты  зерттеп,  пікір  айтқан 

ғалымдардың бірі. Бірақ кейінгі зерттеулер тұрғысынан қарағанда онда қате 

түсіндірілген  жайттар  бар.  Мысалы,  автордың  қазақ  тіліндегі  қосарлы 

дауыстылар бар деген пікірін қазіргі зерттеушілер қолдамайды. Сол сияқты ə 

фонемасын а мен е аралығындағы дыбыс деуі, сонор л дыбысын бірде жуан, 

бірде  жіңішке  айтылатын  екі  түрлі  фонема  деп  қарауы,  дж-ны  айрықша 

дыбыс  деп  түсінуі,  диалектілік  сөздерде  ш  орнына  айтылатын  ч  дыбысын 

жалпы  қазақ  тіліне  тəн  деп  қарауы,  ң  дыбысын  мұрын  арқылы  шығатын  н 

                                                 

1

 

Болғанбайұлы  Ə,  Қалиев  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен  фразеологиясы.  Алматы. 



Санат. 1997.45-б. 

 

7

деп  түсінуі  т.б.  қате  екендігі  кеңес  дəуіріндегі  фонетикаға  байланысты 



еңбектерде көрсетілген. 

П.М.Мелиоранский  қазақ  тілінің  морфологиялық  құрылысын  талдай 

келе,  онда  есім,  есімдік,  етістік,  сан  есім,  үстеу,  жалғаулық,  септеулік, 

демеулік  сияқты 8 сөз  табы  бар  деп  көрсетеді.  Олардың  ішіде  толығырақ 

талдағаны есім мен етістік. 

П.М.Мелиоранскийдің  екінші  кітабы-  қазақ  тілінің  синтаксисіне 

арналған.  Кіріспе  бөлімінде    бұл  еңбекті  жазуда  оған  «Алтай  тілінің 

грамматикасы» (1869) үлгі  болғанын,  қажетті  мысалдарды  көбінесе 

В.Радловтың  түркі  тайпаларының  халықтық  əдебиеті  үлгілеріне  арналған 

еңбегінің ІІІ томынан, біразын Н.Ильминскийдің еңбегінен алғанын айтады. 

Автор  түркі  тілдерінің  синтаксистік  құрылысы  барлығында  бірдей  деп 

түсіндіреді. 

Сөйтіп,  П.М.Мелиранскийді  қазақ  тілінің  грамматикалық  құрылымын 

ғылыми негізде тұңғыш рет жүйелі түрде зерттеген ғалым деуге болады.       

Қазақ  тілі  жайындағы  зерттеулерімен  белгілі  түркологтардың  бірі  -көп 

уақыт  бойы  Орынбор  округінде  татар,  башқұрт,  қазақ  мектептері  жөніндегі 

округтік  инспектор  болып  істеген  В.В.Катаринский (1846-1902). Оның 

«Грамматика  киргизского  языка.  Фонетика,  этимология  и  синтаксис» 

(Оренбарг, 1897) деп  аталатын  еңбегінде  бірқатар  мəселе  бұрынғы 

зерттеулерге  қарағанда  толықтырылып,  басқаша  қаралған.  Фонетика 

бөліміңде  дыбыстардың  өзара  үндесу,  алмасулары,  түсіп  қалулары  толық 

баяндалған. Этимология бөлімінде сын есім, одағай жеке сөз таптары ретінде 

қаралған, демеулік жеке сөз табы ретіңде берілмеген. Зат есімнің жеті септік 

жалғауы  бар  екені,  сын  есім  сапалық,  қатыстық  болып  бөлінетіні,  оның  үш 

шырайы болатынын осы күнгідей талдаған. 

Еңбектің  синтаксис  бөліміндегі  ең  басты  өзгешелік -   бірінші  рет 

құрмалас  сөйлемді  бөлек  алып  қарауында.  Бірақ  автор  қазақ  тіліндегі 

құрмалас  сөйлемнің  түрлерін,  жасалу  жолдарын  жете  талдай  алмаған. 



 

8

Автордың түсіндіруінше, құрмалас сөйлем – алдыңғысы көсемше тұлғасында 



келетін екі не бірнеше етістіктің тіркесіп келуі. 

ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  тіл  біліміңің  дамуы  қазақ  халқының  абзал 

ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты.  

Бір  назар  аударарлық  жері,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  Қазан 

төңкерісіне  дейін 20 екітілдік  (орысша-қазақша)  сөздіктер  жарық  көрген. 

Осы  сөздіктердің  қайта  басылуымен,  қосымша  ретінде 40 жуық 

лексикографиялық  жұмыстар  еңбектер  шықты.  Бұл  екітілділік  сөздіктердің 

көпшілігі  патша  əкімшілігінің  жергілікті  халықтарды  басқарудағы  ісін 

қанағаттандыруға қажет болды. 

Бұл шығарылған сөздіктердің жетістіктері мен кемшіліктері де кездесіп 

отырды. 

1. Негізгі лексикадағы сөздер экономикалық, сол кезеңдегі қазақтардың 

қоғамдық  жəне  мəдени  өміріне  байланысты  болды.  Мысалы, 1860-1880 

жылдардағы  сөздіктерде  кең  қамтылған  сауда-саттыққа  қатысты  сөздер 

болды. Бұл саладағы сөздер біртіндеп қазақ даласына ене бастады. Мысалы: 

өсім (процент), сүтхор (банкир),  пайда (барыш, прибыль), қарыз (заем, долг), 

кіреу  (заклад,  залог),  бексел  (вексель),  сома  (капитал),  мүленшік 

(миллионер), сатушы (продавец) жəне т.б. Осы сияқты көп сөздер ХVIII-ХIХ 

ғасырларда еніп, қазақ тілінде актив қолданыла бастады. 

Бұдан  басқа  бұл  сөздіктерде  мысалы, 1878 жылы  А.Старчевскийдің 

сөздігінде ярмарка сөзі «ақ базар» деп көрсетіледі, ал келесі сөздіктерде орыс 

тілінің  «жəрмеңке»  сөзімен  ауыстырылып,  осылай  қазақ  тілінен  енген 

«вексель» 1878 жылы сөздікте «куə қағаз» кейін «бексел» деп аталған.      

Өткен ғасырдағы екітілділік сөздіктерде мысалы тек саудаға байланысты 

лексика  емес,  өмірдің  басқа  тарауларына,  мəселен,  қазақтардың 

шаруашылығына,  қоғамдық-əкімшілігіне,  мəдени-білімдендіру  өмірлеріне 

қатысты сөздер қамтылды. 

2. Қазан төңкерісіне дейінгі шыққан екітілділік сөздіктерде ислам дініне 

байланысты  сөздер  барынша  аз  беріліп  отырған.  Мəселен, «бог»  сөзі 10 


 

9

шақты  аудармамен  «құтқарушы», «бəрін  де  білуші»  жəне  т.б.  сөздермен 



берілген. 

3. Сөздіктерде көрінетін тағы бір факт қазақ тілінің ауызша тілі сияқты 

жазба  əдеби  тіліне  да  жаңадан  орыс  тілінен  енген  сөздер  еніп  отырды. 

Мысалы, сүтхор, өсімші (банкир), асыраушы (воспитатель), жер сібір, омбы 

(ссылка),  жұмыскер  (работник),  қызыл  үй  (станция),  жүз  жыл  (столетия) 

жəне т.б. 

4.  ХІХ  ғасырдың  ІІ  жартысындағы  барлық  екітілділік    сөздіктерде 

сөздердің 

аудармасы 

əртүрлі 


беріледі. 1861 жылы 

шыққан 


Н.И.Ильминскийдің  сөздігінде  сөздердің  аудармасы  кең  көлемде  жəне 

сөздердің  мағынасына  толық  талдаулар  жасалған.  Ал,  Л.Будагов 

Н.И.Ильминский  сөздігіндегі  көп  сөздерге  жеке-жеке  қосымша  талдаулар 

жасалған.  Мысалы,  төре  сөзі  Н.И.Ильминскийдің  «сұлтан», «судебный 

приговор,  решение»  деп  аударылса,  Л.Будаговта  төре-  «сын  хана  или 

султана»  деп  жəне  екінші  мағынасы  «судебный  приговор,  решение»  деп 

көрсетеді. 

5.  Кейбір 1917-жылға  дейінгі  сөздіктерде  əсіресе  Н.И.Ильминскийдің, 

Л.Будагов  жəне  В.В.Радловтың  сөздіктерінде  реестр  сөзге  этнографиялық 

жəне  филологиялық  жақтан  мəліметтермен  толықтырылған.  Мысалы, 

Н.И.Ильминский тек сөздің орысша аудармасы ғана емес, мысалы, «шақыру» 

сөзін  звать,  кликовать  деп  көрсетіп  жəне  қазақтардың  жануарларды  қалай 

шақыратынын да осындай аудармамен атайтынын көрсетеді. 

1917-жылға  дейінгі  қазақ  лексикографиясында  орыс  тілінің  маңызы 

ерекше, өте көп сөздіктер екітілділік орысша-қазақша жəне қазақша-орысша 

шықты. 


Лексикографиялық  еңбектер  басқа 1917-жылға  дейінгі  қазақ  тіл  білімін 

зерттеудегі үлкен орын алатын фонетикалық жəне грамматикалық зерттеулер 

болды. Егер ХVІІІ ғасырдың 60 жылдарында Россияда түркі тілдерін ғылыми 

жақтан  зерттеуге  негіз  салынды,  ал  ХІХ  ғасырдың    екінші  жартысында, 



 

10

шығыстанудың  тарихында,  əсіресе  түркологияда,  алдағы  уақытта  даму – 



фонетика, грамматика, лексикографиялық зерттеу жұмыстары болады. 

1917-жылға  дейінгі  қазақ  тілінің  фонетика-грамматикасының  дамуына, 

алдымен  орыс  ғалымдары  М.А.Терентьев,  Н.С.Жетпісбаев,  М.Бекимов, 

М.Н.Бектемиров т.б. 



Сұрақтар мен тапсырмалар 

1.  Қазақ тіл білімінің 1917 жылға зерттелуі  

2.  Қазақ  тіл  білімінің  зерттелу  тарихындағы  орыс  ғалымдарының 

зерттеулері 

3.  А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов - қазақ тіл білімінің негізін салушы 

                                              

Əдебиеттер 

1.  Айтбаев  Ө.  Қазақ  терминологиясының  дамуы  мен  қалыптасуы. 

Алматы. Ғылым. 1988. 

2.  Аралбаев  Ж.  Қазақ  фонетикасы  бойынша  этюдтер.  Алматы.  Санат. 

1988 

3.  Болғанбаев  Ə.,  Қалиев  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 



фразеологиясы. Алматы. Санат. 1997. 

4. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997. 

5.  Мырзабеков  С.  Қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесі  Алматы.  Сөздік-Словарь. 

1999. 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

11

 



 

А.Байтұрсынов жəне қазақ тіл білімі 

Жоспары 


1. А.Байтұрсыновтың өмірі  

2. А.Байтұрсынов –қазақ тіл білімінің негізін салушы 

3. Қорытынды 

Тірек  сөздер:  А.Байтұрсыновтың  өмірі,  араб  графикасы  негізінде  қазақ 

альфавитін жасауы, терминология саласындағы еңбектері т.б. 

Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым Ы.Алтынсариннен кейінгі 

ерекше  ағартушы-педагог,  сөз  құдіретін  танытқан  тамаша  ақын,  қазақ 

баспасөз  тілінің  ұлттық  үлгісін  көрсеткен  талантты  публицист,  туған 

халқының рухани дүниесін көтеруге  көп күш жұмсаған мəдениет қайраткері, 

ірі  қоғам  қайраткері  А.Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда  сол  кездегі 

Торғай  уезіне  қарасты  Тосын  ауданының 5 ауылында,  Сарытүбек  деген 

жерде  дүниеге  келген.  Əкесі  қарапайым  шаруа  адамы  Байтұрсын    Шошақ 

баласы арғын Үмбетей батырдың немересі. 

А.Байтұрсыновтың  еңбек  жолын  ағартушылықтан  бастауының  үлкен 

мəні  бар.  Өткен  ғасырдың  соңы  мен  үстіміздегі  ғасырдың  бас  кезінде  қазақ 

интеллигенциясы қалыптаса бастағаны мəлім. Петербург, Омбы, Қазан, Уфа, 

Орынбор т.б. қалаларда оқып, мұсылманша немесе орысша білім алған қазақ 

жастары  шыға  бастады.  Олар  дəулетті  де,  шағын  да,  кедей  ортадан 

шыққандар  болғанмен,  əдеуір  білім  алғандарының  көбі  əкімшілік-сот 

орындарында  қызмет  етіп,  бас  пайдасын,  өз  мүддесін  көздейтін  болды. 

А.Байтұрсыновтың өз тілімен айқанда, «байға мал, оқығанға шен мақсат боп, 

жұрттың  қамын  ойлайтын  адам  аз  боп » тұрғанда,  оқу-білімнен  кенде 

қараңғы  қазақ  қауымының  сауатын  ашып,  білім  беру  жолын  қалап 

алғандарының  бірі  ғана  емес,  бірегейі  А.Байтұрсынов  еді.  Ағартушылық  ісі 

сол  кезеңдегі  қазақтың  əлеуметтік  тіршілігінде  ең  қажет,  ең  игілікті  əрекет 

болатын. 


 

12

1895-1909  жылдарда  А.Байтұрсынов  Қостанай,  Ақтөбе,  Қарқаралы 



уездерінде  ауылдық,  болыстық  мектептерде  бала  оқытады,  екі  кластық 

училищелерде  сабақ  береді.  Бұл  жылдардың  ішінде    А.Байтұрсынов 

Қостанайдан  Омбыға  барып,  қазақ  халқының  тарихын,  этнографиясын, 

фольклорын,  тілін  зерттеуші  А.Е.Алектровпен  танысады.  М.Əуезовтың 

жазғанына    қарағанда,  оның  бұл  танысуы  оқу-білімге  тарту  жөніндегі 

миссионерлердің  ниет-пиғылдарын  жақын  білуіне  көмектеседі,  соның 

нəтижесінде өзінің бұл мəселедегі көзқарасы мен мақсатын түзеді. 

А.Байтұрсынов  мұғалімдер  даярлайтын  оқу  орнын  бітірісімен, 1895- 

жылдардан бастап бала оқытуға кіріседі. 13-14 жыл бойы ауылдық, болыстық 

басатуыш  мектептер  мен 5-6 жылдық  екі  кластық  училищелерде  мұғалім 

болып  істейді.  Бала  оқыта  жүріп,  сол  оқыту  ісіне  қажетті  жағдайла  жайын 

ойлайды:  ең  алдымен,  қазақ  балаларынң  сауатын  қазақша  ашатын  ұлттық 

жазу  таңбалары  бар  ма,  екіншіден,  оқыту  жүйесі  жолға  қойылған,  үкімет 

тарапынан шылған мектептер бар ма, үшіншіден, ондай əліпбиі мен мектебі 

болған  күнде  қазақ  тілідегі  «Əліппесі»  мен  ана  тіл  оқулықтары    бар  ма, 

баланың  ана  тілінде  оқытудың  тиімді  əдістері  қайсы  –міне,  осыларға  назар 

аударады.  Əрине,  бұлардың  бірде-біреуінің  жоқ  екендігін  біледі  жəне 

осыларды  дүниеге келтірмейінше, қазақ даласындағы оқу-ағарту ісін дұрыс 

жүргізу  мүмкін  емес  екендігін  жақсы  түсінеді.  Енді  ол  «барымен  базар» 

болып,  күнделікті  бала  оқытумен  қатар,  жоғарыда  айтылған  жоқтарды 

түгендеуге  кіріседі.  Атап  айтқанда,  А.Байтұрсынов 1910-жылдардан  бастап 

қазақ графикасымен айналыса бастады. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары 

сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза күйінде  қазақ 

тілі  үшін  қолайлы  емес  екендігін  біліп,  оны  қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесіне 

икемдеп,  қайта  түзуді  қолға  алады,  ол  үшін  ең  алдымен  қазақ  тілінің 

фонетикалық құрамын зерттеуге кіріседі. 

1929  жылы 1-мамырда  өз  қолымен  жазған  өмірбаянында «1901 

жылдардан  бастап,  бала  оқытқан  кездерден  бос  уақыттарда  өз  бетіммен 

білімімді толықтырдым, əдебиетпен шұғылдандым. Ол Орынборға келгеннен 


 

13

кейін  ең  алдымен  қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесі  мен  грамматикалық 



құрылысын  зерттеуге  кірістім.  Одан  кейін  қазақ  альфавитін  жəне  емлесін 

ретке  салып,  жеңілдету  жолында  жұмыс  істедім.  Үшіншіден,  қазақ  жазба 

жұмысын  бөгде  тілдік  қажетсіз  сөздерден,  арылтуға,  синтаксистік 

құрылысын  өзге  тілдердің  əсерінен  тазартуға  əрекеттендім.  Төртіншіден, 

қазақ  прозасын  жасанды  кітаби  сипаттан  арылтып,  халықтың  сөйлеу 

тəжірибесіне  икемдеу  үшін,  ғылыми  терминдерді  жасауға  кірістім  жəне 

стилдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» деп жазады. 

Қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесі  мен  оны  таңбалайтын  əріптер  туралы 

пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен  «Қазақ» газетінің 

беттерінде  білдіре  бастайды.  Ол  өз  мақалаларында  қазақ  дыбыстарын 

білдірмейтін   жəне т,с сияқты  араб таңбаларын қазақ алфавитіне  енгізбеу 

керектігін,  сөздің  тұтас  жіңішкелігін  білдіру  үшін  оның  алдына  дəйекші 

дейтін  таңба  қою  керектігін  дəлелдейді. «Қазақ»  газетінің 1913 жылға 34-

санында  «Жазу  мəселесі»  деген  үлкен  мақала  жазып,  онда  кейбір  дауысты 

дыбыстарды таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады. 

Əрі  қарайғы  ізденістерде    араб  графикасын  қазақ  жазуы  үшін  былайша 

лайықтап  алуды  ұсынады: 1) араб  альфавитіндегі  жуан  дыбыстардың 

таңбаларын алмау, 2) қазақ тіліндегі ы,е,и,о,ұ,у дыбыстарының əрқайсысына 

таңба  белгілеу, 3) к,г  дыбыстарынан  басқа  дауыссыз  дыбыстармен  келген 

сөздердің  жіңішкелігін  білдіру  үшін  сөздің  алдына  дəйекші  белгі  қою. 

Бұлайша  түзілген  альфавиттің  сауат  ашудың  дыбыс  жүйесі  əдісіне  сай 

келетіндігі байқалады. 

«Жаңа  емлені»  А.Байтұрсынов  əрі  қарай  да  қырнай  түседі, 

полиграфиялық  жағынан  қолайлы-қолайсыз  жерлерін,  оқыту  процесіндегі 

тиімді-тиімсіз  жақтарын  салмақтайды.  Сөйтіп,  араб  əріптері  негізінде 

лайықтап  жазылған  қазақ  графикасы 1924 жыл  Орынборда  Қырғыз 

білімпаздарының  тұңғыз  сьезінде  талқыланады:  Олар  сьезде  алты  мəселені 

қарайды: 1) жазу  ережелері,  1)  əліпби  мəселесі, 3) қазақша  пəн  сөздер 



 

14

(терминология), 4) ауыз əдебиетін жию шаралары , 5) оқу, ғылым кітаптарын 



көбейту, 6) бастауыш мектептердің программасы. 

 Сөйтіп,  А.Байтұрсынов  реформаланған  араб  жазуы  өз  к зеңінде  қазақ   

мəдени  дүниесінде  үлкен  роль  атқарған,  қалың  көпшілікті  жаппай 

сауаттандыру  ісіне,  жазба  дүниелердің  дамуына,  баспа  жұмысының 

жандануына  игілікті  қызмет  еткен,  прогрессивтік  құбылыс  болды. 

А.Байтұрсыновтың  бұл  тəжірибесін    сол  кезде  өзге  түркі  халықтары, 

мысалы,  өзбектер  мен  татарларды  үлгі  етіп  тұтып,  олар  да  өз  жазуларына 

реформалар жасай бастайды. 

Ғалым  ширек  ғасырдай  күш  жұмсап,  тер  төккен  бұл  еңбегін,  яғни 

реформаланған қазақ   жазуын  қорғап,  бұл  жазу  қазақтың  мəдени  талаптарын 

əбден  өтей  алады  деген көзқарасын  латынға көшу  жайында    үлкен  əңгіме  

басталғанда,    1926    жылы    Баку  қаласында    өткен    Бүкілодақтық      Бірінші  

Түркологиялық      сьезде    барынша    дəлелдеп,  қазақтардың  латынға  көшуіне 

қарсы  болады.  Бұл  жерде  А.Байтұрсыноватың  концепциясынан  ұлтшылдық, 

пантюркистік немесе советке қ арсылық  іздеу мүлде қисынсыз` араб  жазуы 

арқылы   ислам   дінін   уағыздауды   ол   көздеген   жоқ ,  өйткені   ол   дін қамқ 

оршысы  емес,  пантюркистік  пиғылды  болды  деу  де  орынсыз,  өйткені  ол, 

керісінше,  қазақ    ұлтының,  қазақ    тілінің  дербестігін  қатты  қолдаған  адам, 

үшіншіден,  бұл  жердегі  ғалым  əрекетінен  антисоветизм  іздеу  де  нанымсыз, 

себебі  жазу  таңбасының  түрі  идеологияның  мазмұны  мен  бағытын  өзгерте 

алмайтындығын А.Байтұрсынов та,  өзгелерде жақ сы білді. 

А.Байтұрсынов-  қазақ   балаларының  ана  тілінде  сауат  ашуына  көп  күш 

жұмсаған  адам.  Сол  үшін  қазақша  сауат  ашатын  əліппе  құралын  жазды.  Ол 

«Оқу  құралы»  деген  атпен  алғашқы  рет 1912  жылы  Орынборда  басылды. 

А.Байтұрсыновтың  «Оқу  құралы» 1912-25    жылдар  арасында    7    рет  

басылып,  оқу-ағарту  жұмысында  ұзығырақ   əрі  кеңірек  пайданылды. «Оқу 

құралы»  а ( ),  р ( ), з ( ) таңбаларын  танытудан  басталады.  Кітап  бетінің 

төменгі  тұсындағы  сілтемеде  хат  таныту  жолы  көрсетіліп,  сабақ   əдісі  қоса 

беріледі.  А.Байтұрсынов  тек  мектеп  оқушыларына  ғана  емес,  ересектердің 


 

15

сауатын  ашуға  арналған  «Əліп-би»  де  жазған 1912 жылы  мектеп  балаларын 



қазақша  сауаттандыратын  əліппені  жазғаннан  кейін,  көп    ұзамай    енді  

мектепте  қазақ тілін  пəн  ретінде  үйренетін  оқулық   жазуға  кіріседі. «Біздің 

заманымыз- жазу заманы... Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге, сөз 

қандай  орында  қалай  өзгеріліп,  қалайша  бір-біріне    қиындасып,  жалғасын  

жүйесін  білу  керек»  болғандықтан,   «қазақтың   бастауыш  мектебінде  басқа 

білімдермен  қатар    қазақ    тілінің  дыбыс,  сөз,  сөйлем  жүйелерін  де  үйрету 

керек»  дегенді  өзіне  міндет  етіп  алады  ды,  сол  міндетті  атқару  үшін  «Тіл- 

құрал»  деген  атпен  үш  бөлімнен  тұратын  оқулық    жазуға  кіріседі.  Бұл 

оқулықтың  фонетикаға  арналған  бөлімі 1915 жылы  жарық    көреді,  одан  əрі 

жөнделіп, 

толықтырылып 

бірнеше 


рет 

басылды. 

Қазақ 

тілінің 


морфологиясына  арналған 11 бөлімі  бұдан  да  бір  жыл  бұрын 1914 жылы 

баспадан  шыққан.  Синтаксиске  арналған  бөлімі 1916 жылдан  бастап 6 рет 

басылған. 

«Тіл-құрал»-  қазақ    мəдениетінде  бұрын  болмаған  соны  құбылыс.  Оның 

жалғыз  тіл  емес,  өзге  де  пəндерден  оқып  үйренетін  қазақша  жазылған  кітап,  

құрал  дегендерді  білмей-көрмей  келе  жатқан  қазақ    жұртшылығы  үшін 

мүлде  тың  дүние  екендігін  автордың  өзі  де  ескертеді. «Тіл-құрал»  тұңғыш 

оқулық   болумен  қатар,  бастауыш  мектепке, яғни  алғашқы 4-5 жыл  оқитын 

шəкірттерге 

арналғанмен, 

бұл-қазақ   

тілінің 


фонетикалық  жəне 

грамматикалық   құрылымын  талдап,  жүйелеп,  танытып  берген,  қазақ   тілін- 

дегі  тұңғыш  ғылыми  жұмыстың  басы  болды.  Бұл  оқулықтар- «Қазақ    тіл 

білімі»  атты  ғылым  саласының  ана  тіліміздегі  бастамасы  жəне  дұрыс 

жазылған,  жақсы  бастамасы.  Өйткені  қазақ    тілінің  дыбыстық    құрамының 

классификациясы  да,  сөз  таптарын  ажыратып,  сөз  тұлғаларын  көрсетуде  де, 

сөздердің  септелу,  тəуелдену,  жіктелу  тəртібін  танытуда    да,    сөйлем  

түрлерін    ажыратуда    да    күні    бүгінге    дейін    А.Байтұрсыновтың  аталған 

оқулықтарының  негізі  сақталып  келеді.  Тілдік  əр  категорияның 

классификациясынан    бастап,    бүкіл    терминдеріне    дейін    қазіргі    мектеп   

грамматикаларынан А.Байтұрсыновтың оқулықтарының ізін табуға болады. 


 

16

Қазақ    тілін  талдап-тануда  Байтұрсыновтың  еңбегін  жəне  бір  тұрғыдан 



ерекше  атау  керек:`ол  -термин  жасаудағы  іс-əрекеті.  Ғалым  қазақ    тілі 

фонетикасы  мен  грамматикасына  қатысты  категориялардың  əрқайсысына  

қазақша  термин  ұсынады.  Осы  күнгі қолданылып жүрген зат есім, сын есім, 

етістік,  есімдік,  одағай,  шылау  деген  сан  алуан  лингвистикалық    ғылыми 

терминдердің  басшысы  А.Байтұрсынов  болды.  Ол  терминология   мəселесіне   

айрықша   назар   аударған.  Ол      тек      тіл      білімі      саласы      емес, 

əдебиеттанудың   да   көптеген   терминдерін 

жасаған. 

Бұлар  да    өте   

сəтті    шыққан  қонымды  атаулар.  Сондықтан  олар  күні  бүгінге  дейін 

қолданыс  тауып  келеді.  Ғылымның  тек  осы  саласы  емес, жалпы мəдениетке, 

тарихқа  қатысты  əлеуметтік    терминдердің    көпшілігі    Байтұрсынов   

қаламынан  туып,  қазір  автор    ұмытылып,  жалпы  халықтық   кəнігі  сөздер 

болып кеткенін де айту керек. Бұл салаларда оның термин жасаудағы ұстаған 

негізгі  принципі-ең  алдымен  қазақ    тілінің  өз  мүмкіншіліктерін  пайдалану 

болды.  Кезінде  А.Байтұрсыновты  жау  етіп  танытуға    күш  салғандардың 

оған  тағатын  айыптарының  бірі- «А.Байтұрсынов  термин  жасауда  пуристік 

бағыт  ұстады,  яғни  қазақ    тіліне  орыс  сөздері  мен  интернационалдық   

терминдерді  жолатпауға  тырысты»  деген  пікір  болатын.  Бұл  да  əрбір  іс-

əрекеттің  байыбына  бармай,  себебін  іздемей  берілген  солақ  ай  баға.  Егер 

əрбір  құбылысты,  əрбір  іс-əрекетті  өз  кезеңіне  қарап,  сол  кезеңдегі   

жағдайға  қарай  тану  керектігін    мойындасақ,  А.Байтұрсыновтың  термин 

жасаудағы  «қазақшылығының»  негізі  бар  екендігін  көреміз.  Ұстаған 

принципі  дұрыс  екендігін  танимыз.  Ол  принцип  жас  ғылым  салаларының 

терминдерін жасауда қазақ  тілінің өз мүмкіндігіне иек артуға негізделеді. 

Сонымен  қатар  А.Байтұрсынов    интернационалдық    терминдерден  де 

мүлде  бас  тартпағандығын  да  айту  керек.  Мысалы, 1912-жылдың  өзінде  

«Айқаптың»  беттеріндегі    мақалаларында 

грамматика, 

фонетика, 

морфология  деген  халық  аралық    сөздерді  қолданған.  Əрі  қарайғы 

жазғандарында  көптеген  интернационалдық    терминдерді  орыс  тіліндегі   

қабылдаған    түрінде    пайдаланғаны    көрінеді.    Мысалы,    оның    қаламынан 


 

17

шыққан        мақалаларда  проект,  дума,  депутат,  фракция,    доктор,  фельдшер  



деген  сөздерді  кездестіреміз.  Тіпті  орайы  келгенде    өлең  шумағында  да 

европалық   термин сөзді қолданудан  қашпайды. 

А.Байтұрсынов  қазақ    тілін  оқыту  методкасының  да  іргетасын   

қалаушы  болып  жəне  саналады.  Ол-қазақ    тілінде  дыбыс  негізінде  

сауаттандыру  əдісінің  негізін  салушы.  Ол  бұл салада 1910-жылдардан  бастап 

1927-28  жылдарға  дейін  бірнеше  материалдар  жариялаған.  Жазу  таңбаларын 

түсіндіретін  «Баяншы»  атты  кітапшасы 1912-жылдан  бастап  жарық   көрген. 

Бұл  методикалық      құрал  тұңғыш    əліппемен  қатар  дүниеге  келгендігін 

автордың  өзі  білдіреді.  Мұны  дəлелдейтін    жəне  бір  факт-  осы  «Баяншы- 

ның» 1920 жылы  Қазанда    шыққан  басылымында    автор  бұл  құралды  14 

жыл  бойы бала    оқытқан    тəжірибесінен  шығарып  жазғандығын  айтады.  Ал 

оның    бала  оқытқан  кезі - 1895-1909  болатын.  Демек,  «Баяншыны»  ол 

1910-12  жылдары  ұсынған.  Бұл  көлемі  жағынан  өте  шағын,  бірақ    нағыз 

методикалық  құрал. 

А.Байтұрсынов алған білімі, мамандығы жағынан профессионал лингвист 

емес  еді.  Оны  тіл  біліміне  алып  келген,  жоғарыда  айтылды,  оқу-ағарту  ісін 

жолға  қою, халықты жаппай  сауаттандырып,  к өзін  ашу,  сол  арқылы  қазақ  

халқын  ұлттық      теңсіздіктен    құтқару  мақсаты  болатын.  Мамандығы 

лингвист  еместігіне  қарамастан,  Ахмет  Байтұрсынов  тілдің,  оның  ішінде 

қазақ    тілдің  табиғатын,  құрылымдық    категорияларын    дұрыс  аңғарған. 

қазақ    грамматикасын  талдауда    ол  орыс  лингвистикалық    мектебінен 

сусындаған,  бірақ    туыстығы  жағынан  өзгешеленетін  түркі  тілдерінің   

құрылымында  орыс  тілінен  ажыратылатын    ерекшеліктері  болуға    тиіс 

екенін    де  жақсы    сезген.  Əрине,  А.Байтұрсыновтың  грамматикасы  бүгін 

түркологиялық,  жалпы  лингвистикалық  ғылым  талабы  тұрғысынан  келгенде, 

үлкен  теориялық    зерттеулер  емес  екендігі  белгілі.  Өйткені  ол  ең  алдымен 

мұндай  мақсатты    көздеген  емес,  екіншіден,  мектеп  грамматикасының  өзін 

А.Байтұрсынов  бастауыш 

мектеп  оқушылары  ғана  талдап  танытты. 

Сондықтан  «Тіл-құрал » қазіргі  «Қазақ    тілі  грамматикасы»  деп  ұсынылып 



 

18

жүрген  5-7  класс    оқулықтарымен    бірдей    емес.    Бұл    күнгі    мектеп  



программаларына   сəйкестігі жағынан жағынан тіпті қазіргі 1-4 класс «Қазақ  

тілі» оқулық тарынан да ерекшеленеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет