Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата06.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#8412
1   2   3   4   5

Сұрақтар мен тапсырмалар 

         1. А.Байтұрсыновтың өмірі туралы мəлімет. 

 2. А.Байтұрсыновтың қ азақ  алфавитін жасаудағы  еңбектері 

 3. Терминология саласындағы еңбектері қандай? 



Əдебиеттер 

1.  Айтбаев  Ө.  Қазақ  терминологиясының  дамуы  мен  қалыптасуы. 

Алматы. Ғылым. 1988. 

2.  Аралбаев  Ж.  Қазақ  фонетикасы  бойынша  этюдтер.  Алматы.  Санат. 

1988 

3.  Болғанбаев  Ə.,  Қалиев  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 



фразеологиясы. Алматы. Санат. 1997. 

4. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997. 

5.  Мырзабеков  С.  Қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесі  Алматы.  Сөздік-Словарь. 

1999. 


 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19

 



 

 

 

Қ.Жұбанов жəне қазақ  тіл білімі 

Жоспары 

1. Қ.Жұбанов-қазақ фонетикасының ғылыми курсын   жасаушы  

2. Грамматика ілімінің бастау көздері 

3. Қорытынды 



Тірек сөздер` Қ.Жұбанов ұстаз-ғалым, фонетика саласындағы еңбектері, 

қазақ   тілі морфологиясының  проблемалары,  синтаксис  саласындағы  кейбір 

мəселелері,  термин жасаудағы еңбектері т.б. 

Ғылым,  мəдениет,  өнер  қайраткерлерінің  творчествалық    мұрасы 

санымен  немесе  көлемімен  өлшенбейді,  мəн-маңызымен,  белгілі  салада 

атқарған    тарихи    қызметімен,  жалпы  дамуға  тигізген  əсер-ықпалымен 

өлшенеді,  бағаланады.  Осы  тұрғыдан  келгенде  Қ.Жұбанов-    халқымыздың  

мəдениет,    ғылым,    өнер    тарихындағы    аса    бір    жарқын    құбылыс.  

Творчествалық       жолы   ерте   үзілген,   жан-жақ ты   əрі   үздік   талант   иесі 

Қ.Жұбановтың  бізге  жеткен  барша  ғылыми  мұрасы  бір  томның  көлемінде. 

Қ.Жұбанов негізінен  тіл  білімінің  маманы  бола  тұрып,  халқ ымыздың  арғы-

бергі  тарихын,  əдебиеті  мен  мəдениетін,  өнерін,  сонымен  қатар  Орта  Азия 

халық  тары  мен  Шығыс,  Батыс  елдерінің  мəдениеті,  əдебиет,  өнер  тарихын 

терең білген ғұлама ғалым. 

Оқыған  сайын  алдында  аңғармай  кеткен  жаңа  бір  нəрсе  табылып 

отыратын  жəне  алдын  болжап  қойғандай  қағидалары  ескірмейтін  ғылыми 

еңбектер  болады.  Біздіңше,  Қ.Жұбановтың  фонетикалық    мұрасы    осындай 

еңбектердің  қатарына  жатады.  Оның  үстіне  ғалым  еңбектері  қазақ    тіл 

білімінің,  оның  ішінде  фонетика  саласының,  ғылыми  бастамасы    болғанын  

ескерсек  ғалым    өмір  сүрген    дəуірге  деген,    сол  дəуірде  қалыптасқан 

ғалым  дəстүріне  деген  ілтипатымыз  ерекше  болу  керек. Өйткені  қазіргі қол 


 

20

жеткен  фонетикалық  табыстарымыздың  арғы  ізін  қуа  берсек  Қ.Жұбанов 



өсіп- есейген  дəуірге барып тіреліп жатады. 

Қазақ    тілінің    дыбыс  жүйесін  түгел  қамтып,  оның  жан-жақты  ғылыми 

сипаттамасын  берген  ғалым  қазақ    тілінің  фонетикасын  пəн  ретінде 

қалыптастырған санаулы қайраткерлерінің  бірі  болды.  Ғалым  жазған  «қазақ 

тілі  грамматикасының  арнаулы  фонетика  бөлімі-  бұл  сөзімізге  дəлел.  Онда 

дыбыс,  дыбыстың  саны  мен  сапасы,  дауысты-дауыссыздар,  олардың 

артикуляциясы  мен  акустикасы,  дыбыстау  аппараты,  буын,  сингорманизм, 

екпін  түгел  сөз  болады.  Сөйтіп,  фонетика  бөлімі  бас-аяғы  бүтін  жүйелі 

тарауға айналған. 

Қазақ    тілінің   дыбыс   жүйесін   ғылыми  тұрғыдан 

зерттеу   

мəселесінде    алғаш  көтерген-  проф.  Қ.Жұбанов.  Ол  қазақ    тілін  зерттеу 

жұмысын  «ғылым  дəрежесіне  шығару»  тіл  мамандарының  міндеті  екенін 

отызыншы  жылдардың  басында-ақ   ескрткенді    еді. «Фонетика   тіл дыбысы 

болған    жердің  бəрін  қарай  бермейді,  дыбыс  тілінің    дыбыстарын    ғана  

тексереді», -деп    жазуы  ғылыми  фонетика  мен  оның  обьектісін  жазбай 

танығандығын  көрсетедіі.  Мұны  баса  айтып  отырған  себебіміз-  ол  кезде  

фонетиканың    жалпы    ғылымдағы  орны  ғылыми  қауымның  өзіне  де  жете 

түсініксіз  еді,  зерттеу обьектісінің басын шатастырып жүргендер де аз болған 

жоқ  


Сонымен,  проф.  Қ.Жұбанов    ұсынған    ғылыми    зерттеу    қазақ    тілінің  

дыбыс  құрылысын  фонологиялық  тұрғыдан  зерттеудің  басы  болды. 

50-60  жылдары  дихотомиялық  фонологияның  өріс  алып,  зерттеу  əдісі 

ретінде  дыбыс    белгілерін    жұптап    талдау    ұсынылған    болатын.    Енді  

проф.  Жұбанов  еңбектерінен  осы  зерттеу  əдісінің  сол  кезде-ақ  кеңнен 

қолданылғанын  көріп отырмыз. Мысалы,  дауыссыз  дыбыстарды  үнді-үнсіз, 

үздікті-үздіксіз,  жабысыңқы-жуысыңқы,  сыбыр-сыбыс  деп  жіктеуді  ғалым 

тəптіштеп  қолданған  болатын.  Мұның  өзі  қазақ    тілі  дыбыстарының  өте 

орнықты  жүйесі  бар  екенін  аңғартады.  Қазақ    тілі  дыбыстарының  буын 

ішінде  үндесіп  барып  сөз  құрайтынын  аңғарған  ғалым  «қазақ    тілі-буыншыл 



 

21

тіл»  деп  соны  жаңалық    айтқан.  Қазақ    сөзін  сөз  етіп  тұрған  сингорманизм 



құбылысы  екенін,  ал  сингорманизмнің  иек  артар  тілдік    бөлшегі  б у ы н  

е к е н і н   е с к е р с е ,   Қ.Жұбановтың қаншалықты  көрегендік танытқанын 

көреміз.  Алайды  ғалымның  бұл  бірегей  қорытындысын  əрі  қарай  ешкім 

қолдап, дамытып алып кетпеді. 

Жалпы  буын  теориясы-  фонетикада  ең  күрделі    мəселелердің  бірі.  Осы 

күнге  дейін  буынның  акустика-артикуляциялық  табиғаты  ашылып,  тілдегі 

нұсқасы   айқындалып,  буын  мен  буынның  ара-жігін  ажыратудың  жолдары 

табылған  жоқ . Осы  жайларды  ескерсек  проф.  Қ.Жұбановтың «cөздің  əрбір 

дыбысы  өз  алдына  дыбысталып,  бірінен  бірінің  іргесі  бөлек  бола  тұрса  да, 

жеке  дыбыс  жеке  бөліп  айтуға  келе  бермейді  деген  тұжырымы  қазіргі  буын 

теориясы мен іспеттес. 

Жалпы    проф.  Қ.Жұбанов  қазақ  тіліндегі  буын  категориясының    түр-

тұлғасы ғана  бір  жақты  қарамай,  оның  лингвистикалық  қызметіне,  яғни  оған 

фонологиялық    сипаттама    берумен    бастағаннан    көреміз.  Дыбыстың    жеке  

басын    алып    емес,  оны        алып  қарау-  қазақ    тілі  фонологиясының  өзіндік 

сөлін  тап  басқан  зерттеушінің  қолынан келетін жай. Олай  дейтін себебіміз, 

мысалы,  о  мен  ө,  ы  мен  і  дауыстыларын  бір  дыбыс  деп  қараған 

фонологиялық  қағиданы қазіргі көп қазақ  фонетикасының  қайсысынан  таба 

аласыз?  Ал  Қ.Жұбанов  болса, «ор  деген  сөз  бен  өр  деген  сөздің  екеуінің 

дыбыстары  бірдей»  деп  сол  кездің  өзінде-ақ   жазған.  қазіргі  фонологияның 

жетістіктері  тұрғысынан  қарағанда,  шындығында  да,  ғалым  айтқандай,  қазақ  

тілінде  бір  дыбыстың  жеке  басы  бөлініп  шығып  жуан  да,  жіңішке  де  бола 

алмайды,  қазақ      тілінде  жуан,  жіңішке  болатын  жеке  дыбыс  емес,  буын. 

Сондықтан  бір  дыбыстан  екінші  дыбыстың  басқа  түрлі  айырмасы  болмай-ақ 

,  тек  бірі  жуан, бірі- жіңішке болуына қарай, бір сөз екінші сөзден айрылады. 

Осының  нəтижесінде  дауыстының  да,  дауыссыздың  да  жуан-жіңішке  түрлері 

екі дыбысқа  татиды. 

Қ.Жұбанов  дүниеге  келген 1930  жылдардың  орта  шенінде  қазақ  тіл 

білімінің  тарихи  грамматикасы,  оның  ішінде  тарихи  морфологияның  негізгі 


 

22

жəне  басты  мəселелері жүйелі ғылыми  түрде зерттеу  обьектісі болмақ  түгіл, 



қазіргі  қазақ   тілінің  грамматикалық   құрылысы  диахрондық   аспект  былай 

тұрсын,  статистикалық   тұрғыдан  да,  жан- жақты сипатталып  беріле қойған 

жоқ  еді. 1930  жылдары бұл салада тек алғашқы  іздер ғана салына бастағаны 

белгілі. 

Қ.Жұбанов  қаламынан  шыққан  зерделі  зерттеулердің  бірі- 1936 жылы 

жеке  кітап  болып  жарық   көрген  «Из  истории  порядка  слов  в  казахском  

предложении»   деген  еңбегі.  Сөз  жоқ , бұл  еңбектегі    ғалымның  теориялық  

тұжырымдары, тілдік фактілерді тарихи  дамуы  тұрғысынан  сарапқа  салып,  

диалектикалық    сипаттағы   қорытынды шығару   əдістері   əлі   де талай  тіл 

мамандарын        тамсандырып,    болашақ      зерттеу  жұмыстарына  бағыт 

сілтейді.  Еңбектің  басты  бағыты,  діңгекті  мəселесі-  қазақ    тілінің  тарихи 

синтаксисі,  оның  ішінде    сөйлемдегі  сөздердің  орын  тəртібінің  қалыптасып 

дамуы,  дəлірек  айтқанда,  қазіргі  қазақ    тіліндегі  препозитивтік  орын  тəртібі 

қазақ    тілінде,  одан  арғы  жерді  қамтысақ,  жалпы  көне  түрік  тілінде    əуел 

бастан  бар,  қалыптасып,  тұрақталып  келген  бірегей  синтаксистік  заңдылық  

па, əлде кейінгі бір кезеңдерде  ғана пайда  болып  бой  көрсеткен,  бұрын  басқа 

бір  заңдылық пен  бірге,  яғни  постпозиöиялық   орын  тəртібімен  қатар  өмір 

сүрген,  немесе  соның  орнын   басқан   синтаксистік    норма    ма? -міне,    осы  

проблемалардың    шешіміне    арналған.    Ғалым    өзекті  мəселелердің  негізгі 

түйіндеріне  байланысты  тілдік  фактілерді  тарихи  диалектикалық    тұрғыда 

талдау  үсітен  оған  тікелей  қатысы  жоқ   болса  да,  тарихи  грамматиканың 

басқа  саласының  (тарихи  морфологияның)  бірден-бір  обьектісі  болатын 

кейбір  тілдік құбылыстарды  жол-жөнекей  болса  да  өте  терең  де  жан-жақты 

ғылыми  тұрғыдан  сипаттай  кетеді.  Соның  бірі - келтірілген  сөйлемдегі  адам 

тағы  тіркесінің  құрамындағы  тағы  сөзінің  сілтемеде  берілген  тұлғалық, 

құрамдық  ерекшеліктеріне байланысты талдау.  Мысалы;` Елден  безіп  адам  

тағы    болып    кетіпті    деген    сөйлемдегі    адам    тағы  Қ.Жұбанов  талдап 

көрсеткендей,  анықтауыштық    қатынастағы  тіркес  пе,  əлде  əдеттегі  сөйлем 

құрылысы  ма?  Яғни,    адам-    бастауыш,  тағы  сөзі  тағы  болып  кетіпті 


 

23

деген  көмекші  етістіктермен  тіркесіп  келіп  күрделі  баяндауыш  қызметін 



атқарып  тұр  ма? деген  түбір  мен  сирек  қолданылатын  –ы, -і  қосымшасынан 

құралғанын  көрсетеді.  Демек, сонда  тағы сөзінің мəні, о бастағы мағынасы- 

«таулық», «таудағы  немесе  тауға  тəн екен».  Шынында  тағы сөзі  қазіргі  қазақ  

тілінде  заттық,  субстанциялық    мағынадан  гөрі  сындық,  адьективтік  мəнде, 

кейде адвербиалдық  мəнде  де жиі қолданылады. 

Проф.  Қ.Жұбанов  грамматиканың  мəнін  аша  отырып,  оның  үлкен  бір 

саласы  синтаксисті   «құрастыру,  құрылыс»  деп  түсіндіреді.  Осы  жағынан 

айрықша  көңіл  бөледі.  Қазақ    тіл  білімінде  елуінші  жылдары  сөз  тіркесі 

синтаксисі  өз  алдына  жеке  ғылым  болып  қалыптасты.  Қ.Жұбановтың 

осыған  арнап  «О  формах  сочетания  слов  в  казахском  языке»  атты  мақала 

жазса,  сондай-ақ    оқулық    ретіндегі  «Қазақ    тілінің  грамматикасында»  да 

бұған  арнайы  тарау    беріп,    тоқтала  кетеді.  Автордың  сөз  қисыны  деп 

отырғаны-  біздіңше,  қазіргі  ұғымымыздағы  сөз  тіркесі.  Бұл  жайында  ғалым 

былай деп жазады.`   «Cөйлемде   бір   сөз   болмай,   бірнеше   сөз   болса,   бұл  

сөздер   бір-бірімен қиындасып  тұруы  керек.  Қиынын  келтірмей  құрастырған 

сөйлем  не  тіпті  сөз  болмай шығады  да,  немесе  айтайын  деген  сөзің  болмай, 

басқа  бірдеме  болып  шығады».  Сөз  қисыны  дұрыс  болу  үшін  екі  шартты 

атайды` «əр сөзді орны-орнына  дұрыс  қою  керек» жəне бір сөзді екінші сөзге 

байлап беретін жалғаулар бар` соны дұрыс жалғау керек». 

Сөз  тіркесіне  байланысты  тағы  бір  мəселе-автордың  айтатынындай, 

«жетек  сөз  бен    жетекші    сөз».    Бұл    -тілімізде    қазіргі    баяндалып    жүрген  

меңгерілуші    сөз    бен  меңгеруші  сөз.  Бұларды  ғалым  былайша  түсіндіреді` 

«Cөйлем  ішінде  сөздер  бірін-бірі    ерте    де,  біріне-бірі  ере  де  байланысады. 

Еруші  сөзді  жетек  сөз,  ертуші  сөзді  жетекші  сөз  дейміз».  Осылайша 

сөздердің  бір-біріне  бағына  байланысудағы  заңдылығы  ашылады.  Мұның 

бəрі,  жоғарыдағыдай,  автор  өзі  айтқан  синтаксистің  «құрастыру,  құрылыс» 

табиғатымен  тығыз  байланысып  жатады.  Проф.  Қ.Жұбановтың  қатты  көңіл 

бөлген  мəселелерінің    бірі-  күрделі  сөздер  мен    атаулардың  синтаксисі. 

Жоғарыдағы  аталған  еңбегінде  ғалым  жалқы  есімдердің  күрделі  сөздер 


 

24

арқылы  жасалу  жолында  тіліміздің  талай    заңдылықтары    жатқандығын, 



оларды   аша   білудің   қажеттілігін   ескертеді: «Cинтаксис сложных личных 

имен имеет все основания быть предметом специальной диссертации, так как 

по  слоям,  отлагавшимся  в  ýтих  окаменевших  образованих,  представляется 

возможность  прочитать  значительное  число  страниц    неписаной   истории 

грамматического  развития  языка».  Автордың  еңбектеріне  байланысты  тағы 

айта кететін бір жайт- оның синтаксис зерттейтін обьектілерінің бет-пердесін 

ашып  көрсету.  Бұл  ретте  ол  өзінен  бұрынғы  авторлардың  кейде 

морфологиялық   обьектілер мен синтаксистік  обьектілердің  ара  жігін  дұрыс 

ажыратпай,  екеуін  бір  жерде қарастырып жіберетінін  тап  басып,  дəл  айтады. 

Оған  өзінің  мына  бір  сөзі  дəлел`  «Тегінде,  бұрынғы  авторлар  тілдегі 

синтаксис  қарайтын  нəрселер  мен  морфология  қарайтын  нəрселердің 

шекарасын  аша  алмаған».  Осы  жайды  айта  отырып,  автор  бет  орамал, 



темір  күрек  тəріздес  сөз  тіркестері  мен  белуар,  ашудас  сияқты  кіріккен 

сөздердің  табиғаты  бір  еместігін  дəлелдейді.  Алғашқылары-  жеке-жеке 

сөздер,  соған  орай  жеке  сөйлем  мүшелері,  ал  соңғыларының  құрамы  енді 

жеке  сөздер  табиғатынан  ажырап,  өзара  бір  бүтін  болып    кірігіп    кеткен,  

соған  орай  да  енді  олар  бір-ақ   мүше  болып  танылады.  Осы заңдылыққа 

сүйене отырып, ғалым алғашқы сөздерді  синтаксистің  қарамағына береді де, 

соңғыларын  морфологияға  қалдырады.  Грамматикалық      категорияларының 

қыр-сырын  осылайша  ажыратып  отыру,  сөз  жоқ,  тіліміздің  заңдылық тарын 

жіті ескергендік  болып табылады. 

Сөйтіп,  проф.      Қ.Жұбановтың      сөз      тіркесі,  күрделі      сөздерге   

байланысты  жазғандары    кейіннен    оның    жалпы    сөйлем  синтаксисіне 

арналған  талдамаларында  нақтылана  түседі.  Оның  жоғарыда    аталған  

«Қазақ    тілінің  грамматикасында»  айқын  көрініс  тапқан.  Ғалым  жалпы 

«cөйлем»  деген  ұғымды  өте  кең  дəрежеде,  тіпті  синтаксистік  ұғыммен  пара-

пара  қарастырады.  Сөйлемнің  жеке  түрлері  мен  бөлшектері  болатындығын 

айта  отырып,  оларды  қарастыратын  арнайы  бөлімді «cөйлем  жүйесі  немесе 

синтаксис» деп атайды. 


 

25

Жан-жақты      қабілетті,  кең    алқымды  білімдар  ғалым  сонымен  бірге 



қазақ   əдеби  тілінің, оның тарихының,  ғылыми грамматикасының  мəселелері, 

мəдениеті  мен  өсуінің  проблемалары  жөнінде  еңбектер  жазды.  Біз 

Қ.Жұбановтың  терминология  саласындағы еңбектерін сөз етпекпіз. 

Қ.Жұбанов терминология мен орфография мəселелерін ажыратып қарауға 

болмайтын 1935 жылы  жарияланған  «Қазақ     орфографиясын  қайта  қарау 

мəселесіне»  деген  мақаласында  дəлелдеп  шықты.  Мұнда  ол  əрбір  дамушы, 

мəдениетті  тілдердің  өмірінде  орфография  мен  терминология  ең  басты 

элемент  құрайтынын,  бұлардың  еліміздегі төңкерістік   процесте  үлкен  роль 

атқаратынын,  таптық    мəні  күнгі  тіл  майданының  осы  бір  пəрменді  саласы 

екені,  осы  мəселелердің  дұрыс  шешілуі  қалың  еңбекші  бұхара  үшін 

сауаттылыққа,  жоғары  мəдениеттілікке,  білім-ғылымға  даңғыл  жол 

ашатынын бұлтартпай дəлелдеп берді. 

Терминді  түсініп,  ол  жөнінде  байсалды  пікір  айту  үшін  ең  алдымен 

термин  деген  не,  оның  жай  сөзден  қандай  мағыналық    айырмасы  бар  деген 

сияқты  мəселелердің  басын  ашып  алу  керек.  Осы  бағыттағы  Қ.Жұбановтың 

термин  жөніндегі:` «Ғылым  мен  революциялық    техниканың  қазіргі  даму 

кезеңінде  қалыптасқан  белгілі  бір  ұғымдарды    өзіне  тəн  қасиеті  бар  белгілі 

бір  сөз  нұсқалары  термин  деп  аталады,  сонымен  қатар  күнделікті  өмірде 

кездесетін  сөздің  мағынасы    термин  арқылы  берілетін  терминдік 

мағынамен  сəйкес  келмеуі  де  мүмкін»  деп  берген  анықтамасы  күні  бүгінге 

дейін  өз мəнін жойған жоқ . 

Сол  сияқты  тіліміздегі  атырау,  қырат,  қойнау,  бастау    т.б.  жүздеген 

халықтық  терминдерден 

географиялық        ғылыми      терминдер    

жасалды.    Міне,    осының  бəрі Қ.Жұбановтың жоғарыда айтылған пікірінің 

дұрыстығын дəлелдейді. 

Қ.Жұбанов  қазақ    терминологиясының  дұрыс  бағытта  дамуына,  сөйтіп, 

əдеби  тіліміздің  бір  үлкен  саласы-ғылым  тілінің  қалыптасуына  жол 

басшылық   жасады  жəне оның қажырлы  күресінің арқасында қазақ  тілі жаңа 

арнада дамыды. 



 

26

1920-шы  жылдары  мен 1930-шы  жылдардың  басында  термин  жасауда 



пуристік  тенденция  басым  болды.  Қ.Жұбанов  осы  пуристік  бағытпен 

қажымай  күрес  жүргізді.  Ол  психология  термині  жан  жүйесі,  коммунист- 



ортақшыл,  геометрия-пішіндеме  деп    қате  алынып  жүр.  Бұлардың  бəрі 

термин емес, тек  терминнің  лексикалық   мағынасын қазақша  аудару,  бірақ  

сол  аударманың  өзі  терминнің  мағынасын  жеткізіп  бере  алмайды  деп 

көрсетті.  Сондықтан  ол  мұндай  жағдайда  психология,  коммунист,  геометрия 

сияқты  халық  аралық    терминдерді  қабылдау  қажет  деп  есептеп,  қазақ  

терминологиясының даму бағытын осы жолға салды 



 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

1. Қ.Жұбановтың   өмірі. 

2.Қ.Жұбановтың фонетика саласында қандай еңбектер 

атқарады? 

3. Қ. Жұбановтың морфология, синтаксис 

саласындағы пікірлері.  

4.  Қ.Жұбанов - қазақ    терминологиясының 

көшбастары. 

 

Əдебиеттер 

1.  Айтбаев  Ө.  Қазақ  терминологиясының  дамуы  мен  қалыптасуы. 

Алматы. Ғылым. 1988. 

2.  Аралбаев  Ж.  Қазақ  фонетикасы  бойынша  этюдтер.  Алматы.  Санат. 

1988 

3.  Болғанбаев  Ə.,  Қалиев  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 



фразеологиясы. Алматы. Санат. 1997. 

4. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997. 

5.  Мырзабеков  С.  Қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесі  Алматы.  Сөздік-Словарь. 

1999. 


 

 

27

 



 

 

 

 

 

 

Қазақ фонетикасының тарихы 

ЖОСПАРЫ 

1.  1917 жылға дейінгі  зерттелуі. 

2.  Қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесіндегі  қазақ  ғалымдарының  зерттеулері 

3.  Қорытынды. 



Тірек  сөздер:  `Қазақ    фонетикасының  зерттелу  тарихы. 1917 жылға 

дейінгі 


зерттелуі. 

 

Н.И.Ильминский, 



 

М.П.Мелиоранскийдің,

 

В.Радловтың    қазақ      тілінің    дыбыс  жүйесі  туралы  пікірлері. 



Х.Досмағанбетов,  А.Байтұрсынов,  Ж.Аралбаевтың    қазақ    тілінің  дыбыс 

жүйесі жайлы пікірлері. 

Қазақ 

тілінің 


жыбыс 

жүйесі 


жөнінде 

алғашқы 


мəліметті 

Н.И.Ильминскийдің  «Материалы   к   изучению  киргизского наречия»   деген   

еңбегінен    кездестіре    аламыз.  Н.И.Ильминский  қазақ    тілі  дыбыстарын  екі 

топқа  жіктеп,  дауыстылардың  сегіз  түрін  (а-ə,  е,  ы,  і,  о,  ө,  ү,  у), 

дауыссыздардың  он  тоғыз  түрін  атап  өтеді  (дыбыстарды  өзара 

артикуляциялық   жуық тығына  қарай  жіктеп  көрсеткен).  Н.И.Ильминскийдің 

тіл  алды  ашық    а(ə)  дауыстысын  дербес  фонема  түрінде  қарамай,  а 

дауыстысының    варианты  ретінде  қарайды.  Дауыссыз  дыбыстардың 

құрамында  дж,  ч  аффрикаттары  мен  Һ  спиранты  кездеспейді.  Шамасы 

Н.И.Ильминскийдің  кітабы  батыс  қазақтарының  тіл  материалдары  негізінде   

жазылса 

керек. 


Еңбекте    кейбір 

дыбыстардың 

артикуляциясы, 

комбинаторлық    жағынан  алмасуы  (б-м,  н-д-т,  н-ң,  к-г  т.б.),  қолдану 

ерекшелігі  жəне  екпін  жайынан  қысқаша  мəлімет  берілген.  Одан  соңғы 


 

28

М.Терентьев  жазған  «Грамматикада»  кейбір  дыбыстардың  айтылуы  мен 



комбинаторлық    түрде  алмасуы  (ч-ш,  ш-с,  м-б,  л-д,  к-г)  сөздің  екінші 

буынында  келетін    ы  қысаң  дауыстының  редукциясы  жайында  азын-аулақ  

мəлімет берген. 

Түркі 


тілдерінің 

фонетика 

мəселелерін 

 

зерттеу 



жайында 

В.В.Радловтың  сіңірген еңбегі аса зор. В.Радлов тұңғыш рет түркі тілдерінің 

салыстырмалы  фонетикасын    жасап  онда  қазақ    фонетикасының  əдеуір 

мəселесін  сөз  етті.  Түркі  тілдері  фонетикасының  сан  алуан  мəселелерін 

лингвистиканың сол кездегі компаративистика бағыты бойынша түсіндіреді. 

В.Радловтың «Cолтүстік    түркі  тілдерінің  фонетикасы»  атты  еңбегі 

күні    бүгінге  дейін  өзінің  ғылыми  мəнін  жоғалтқан  емес,    мұнда  қазақ  

фонетикасының    əдеуір  мəселелері,  атап  айтқанда`  дыбыс  құрамы,   сөзде 

дыбыстардың    қолдану  ерекшелігі,  дыбыстардың  тіркесу  заңы,  ол 

дыбыстардың    əр  түрлі  заңдылықтары,  сингорманизм  құбылысы,  екпін 

категориясы  сияқты  өзекті  мəселелер  түркі    тілдерінің  материалдарымен 

салыстырыла  отыра  əңгіме  болады.  Сонымен  қатар  қазақ      тіліне  кейбір 

фонетикалық  қ ұбылыстарға аса назар аударған. 

Қазақ  вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, ə, е, о, ө, ү, і, ұ, ы), консонантизм 

саласы жиырма   дауыссыздан   құралатынын   атап,   дауыссыздарды   қатаң   (қ 

,к,т,п,с,с),    ұяң  (ғ,к,д,з,б,з),  үнді  (н,м,р,л,л)  жəне  аралық    немесе  жарты 

дауысты  деп  төрт  түрлі  акустика-артикуляциялық   топқа  жіктеген.  В.Радлов 

ұсынған  мына  екі  мəселені  мақұлдай алмаймыз`  оның  бірі-  W,J  дыбыстарын 

аралық   дыбыстар  деп  сонон  дыбыстардың  тобына  енгізбеуі,  екіншісі-  бүйір 

(латераль) л сонорының сөзде жуанды-жіңішКелі түрде айтылатын  вариантын 

дербес  фонема  (сөз  мағынасын  ажырата  салатын  қасиеті  бар) деп танылуы. 

Түркі  тілдерінде  дауыссыз  дыбыстар  сөздегі  дауыстылардың  ыңғайына 

қарай  əр түрлі варианта айтыла береді. Мəселен, ал, ел, ол- сөздерін алайық, 

мұнда  л  соноры  дауысты  дыбысқа  байланысты  бірде  жуан  (ал),  бірде 

жіңішке  (ел),бірде  ерінмен  (ол) айтылып тұр, олар атқаратын қызметіне қарай 

бірғана  фонеманы  құрай  алады.  Фонема  сөзде  əлденеше  фонетикалық  -



 

29

комбинаторлық      вариантта  кездесе  береді.  Демек,  В.Радлов  л  сонорының 



фонематикалық  қасиетін теріс түсінген. 

В.Радлов  «Фонетикасын»  сөз  еткенімізде  мына  үш  мəселе  есте  болуы 

қажет`  оның  бірі-  екпін  мəселесі,  екінші  мəселе-дыбыстар  дистрибуциясы` 

үшіншісі- түркі тілдерінің  үндестік  заңы.  В.Радлов  көп  буынды  сөздерде  сөз 

аяғына  түсетін  негізгі  екпіннен  басқа  көмекші  екпіндердің  болатынын, 

көмекші екпіннің фонетикалық  табиғаты үнді екенін айтады. Сонымен  қатар 

дыбыстардың,  əсіресе  дауыссыз  дыбыстардың,  дистрибуциялық   ережелеріне 

едəуір көңіл аударып, дыбыс тіркестері жайында біраз мəлімет берген. 

В.Радлов  түркі  тілдерінде  сингорманизмнің  екі  түрі  бар  екенін  атап 

(палаталды-  езу,  лабиалды-  ерін)  ерін  үндестігі  əлсізденіп  бара  жатыр  деп 

қорытады. 

П.М.Мелиоранский  екі  бөлімнен тұратын  қазақ   тілінің  грамматикасын 

жазып, оның  алғашқы  бөлімін  фонетика  мен  морфология  мəселесіне  арнаған 

болатын.  Фонетика  тарауында    дыбыстардың  артикуляциясы  (жасалуы), 

дыбыстардың  комбинаторлық   түрде  алмасуы,  сөз  шенінде  қолдану  жайы, 

үндестік  заңы  мен  екпін  мəселесі  қ ысқаша түрде сөз болады. 

Қазақ    тілі  дыбыс  құрылысының  арнаулы  жүйемен  зерттеу-  кеңес 

дəуірі  тұсында басталды. Кеңес дəуірі кезінде қазақ  лингвистикасы жасалды, 

оның фонетика, грамматика, лексикология, диалектология, стилистика сияқты  

бірнеше  салалары  пайда  болды.  Қазақ    тілін  зерттейтін  дербес  институт 

ұйымдасты  жəне  көптеген  маман  кадрлар  шықты.    Қазақ      тіл    білімінің  

арнаулы    тармағы  болған-  фонетика  саласында  əдеуір  жұмыстар  істелді, 

фонетика  мен  фонологияның  зерттеу  əдістері,  тəсілдері  анықтала түсті. 

Қазақ  фонетикасын 

арнаулы 

жүйеге 


салып 

зерттеу 


кезеңі 

А.Байтұрсынов  пен проф. Қ.Жұбановтан басталады. 

Қысқасы, 1917-жылға  дейін  орыс  тілі  əдебиеттерде  қазақ    тілі 

фонетикасына  қатысты  негізгі  де  қарапайым  ұғымдар  танымдық   мақсатта 

жалпы  баяндалады.  Қазақ    тілінің  дыбыстық    жүйесі  мен  үндестік 

заңдарынан  біршама  мəлімет  береді.  Қазақ   графикасымен  жазу  тəжірибесі 



 

30

қалыптаса  бастайды.  Мұның  бəрі  айналып  келгенде,  қазақ    тілінің  дыбыс 



жүйесін, айту, жазу нормаларын зерделеуге көмектеседі.  

Тұңғыш  қазақ    газеті  «Түркістан  уалаяты»  мен    қазақ    тарихындағы 

екінші  газет  «Дала уалаяты» шыға бастады. Бұл екі газет те араб графикасын 

пайдаланды. 

ХХ  ғасырдың  басында  қазақ    тіл  білімі  қазақ    топырағында  қаз-қаз 

басып,  бірте-бірте  ғылым  айдынына  шықты.  Мұның  көш  басында  қазақ  

халқының рухани көсемі,  қазақ  тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов тұрды. 

А.Байтұрсынов 1912 жылы  «Айқапқа»  «Жазу  тəртібі»  дейтін  мақала 

жазып,  сол  тұстағы  оқудың  жайына  тоқталады`  орысша,  мұсылманша  сауат 

ашуға  көп  уақыт  кететінін,  оның   қиындықтарын айтады. 

«Оқу  құралының  ең  ұлылығы-бала  оқытатын  кітап»,    оқу    құралы  

«балалардың    жанын    қинамайтын»  болу  керек  дейді.  Ондай  оқулық  

жасау  үшін  алдымен  жазу  жөнделу    керек,  дыбыстар  анықталып, «сөз 

ішінде  қай  дыбыс    естілсе,  сол    дыбыстың  əрпін жазу  керек»,-дейді. Оның 

айтуынша  «қазақ   тілінде 24 дыбыс  бар»,  оның  бесеуі  дауысты,  екеуі  (й,у) 

жарты  дауысты 17 дауыссыз.   Мақалада  осы  дыбыстарды  жазу    үшін    өзі 

ойлап тапқан таңбаларды тəптіштеп түсіндіреді. 

Бұл  біздің  ойлауымызша,  Ахметтің  тіл  турасындағы,  жазу  жайындағы  

алғашқы    мақаласы.  Ахметтің  тырнақ    алды  туындысы  1912    жылы    «Оқу  

құралы.  Қазақша əліппе» деген  атпен жарық  көрді.  Араб графикасын  қазақ  

тіліне    икемдеп,  əр  дыбысқа  жеке  таңба  берді,  олардың  сөздің  əртүрлі 

деңгейінде 

жазылуын 

аңғартатын    мысалдар,    текстер  ұсынды, 

қолданылуындағы  ерекшеліктерді  ескертті.  Арабтың  бір  ғана  у  əрпімен 

жазылатын  бес  дыбысты  бейнеледі.  Олар:  о,ө,ұ,ү,у.  Сондай-ақ    и  əрпін  үш 

дыбысқ а (ы,і,и) пайдаланды. 

Кітапта    қазақ    тіліндегі    дыбыстардың    таңбасы    деп  24  əріпті  

саналамайды    да,  оның    бесеуі    дауысты,  17-і    дауыссыз    деп    көрсетеді.  

Жалпы  санда  й,у  бөліс  кезінде  қалып  қойған.. 

Ахметтің  айтуынша,  дауыстылар  мен  дауыссыздардың  шегін  жалғаулар 


 

31

арқылы  айыруға  болады.  Ал, «толық    дауыстылар  буын  ішінде  дауыссыз 



дыбыстардың  алдында  да,  соңында  да  келетін»  болса,  шала  дауыстылар 

буын  ішінде  дауыссыздардан кейін тұра алмайтынын   дұрыс  аңғарған. 

Оның  жазу,  емле,  терминология  жайындағы  еңбектері  əлі  күнге  дейін  

құнын жойған жоқ . 

Мамандығы  дəрігер  бола  тұрып,  ғылымның  түрлі  саласында  татымды 

еңбек  еткен  Халел  Досмағанбетов    тіл  зерттеушісі  ретінде  бөле-жара  айту 

керек болады. 

1924  жылы    жеке    кітап    болып    шыққан    «Қазақ – қырғыз    тіліндегі  

сингорманизм»  деп  аталатын  еңбегін  қазақ    тіл  біліміндегі  тұңғыш  кең 

ауқымды  ғылыми  зерттеу  деуге əбден  болады.  Мұнда  қазақ   тілінің  дыбыс 

жүйесі,  сингорманизм,  оның  ішінде    тіл үндестігі  егжей-тегжейлі  айтылған. 

Əсіресе кірме сөздердің жөн-жосығы жақсы баяндалған. 

Ахмет те, Халел де тілдің сырын оқулықтан емес, бесіктен біліп, есіктен 

игерген  жандар.  Көбісі  сөгілмеген,  жазудан  теперіш   көрмеген,  бұл  тілді 

білгісі    келгендерге  бұлардың  айтары  көп. 

Проф.  Қ.Жұбанов    ол  қазақ    фонетикасының  өзекті  мəселелері  (атап 

айтқанда-  тіл  дыбыстардың  фонологиясы  мен  жіктелуі,  дыбыстардың  

өзгеру  қ ұбылысы,  үндестік заңы, сөздің буын қ ұрылысы жəне акцентуация 

саласы)  жөнінде  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,    олар    туралы    белгілі  

шешімге  келеді.    Проф.    Қ.Жұбанов    сөздің    дыбыс  құрылысына    талдау   

жасаумен    байланысты    жалпы    фонетиканың      кейбір    басты  мəселесіне 

тоқталып,  олар  жөнінде  соны  пікір   айтады.  Мəселен,  фонетика  ғылымы 

адамнан шығатын дыбыстың барлық  түрі зерттеу обьектісі болмай, тек қана 

адамдардың  қарым-қатынастық    мұқтажын  атқаруға  жарайтын  арнаулы 

мағынамен  байланысты    тіл    дыбыстарының    сырын    зерттейтіні,    тілдің   

дыбыс    қабығы  атқаратын  мағынасынан  жеке-оқшау  түрде  қаралмайтыны,  

екеуі   тұтас  түрде  бір  бүтін  ретінде    танылатыны  осы  ережелерге  сəйкес 

тілдің  дыбыс  құрылысын  баяндау  қажет  екенін  айтады.  Проф.  Қ.Жұбанов 

фонологияның  басты  мəселесінің  бірінен  болған-  фонема теориясы  жөнінде  


 

32

бірқыдыру  пікір  айтады.  «Мəселен,  1)  бір  сөз  екінші  сөзден    өзге болу  үшін  



біреуінің    бір-ақ      бөлшегінің    өзгеше        дыбысталуы    жеткілікті,    түгелімен  

өзгеше  дыбысталуы  шарт  емес:` 2) Бір  ғана  дыбыс  басқа  болса  да,  бір  ғана 

дыбысы  артық    я  кем  болса,  немесе,  бір  дыбысы    да  басқа,  я  артық  -кем 

болмай-ақ,  дыбыстарының  тек    тізілу  тəртібі  басқа  болса  да,  сөздер  біріне 

бірі  басқа  болады:  

3)  Бір  тілде жұмсалатын дыбыстардың жалпы санының  ұшы-қиыры жоқ , 

бірақ,  оның  бəрінің  бірдей    сапасы    əр    түрлі    бола    бермейді.    Сапасы    əр  

түрлі  болатын  дыбыстар  белгілі мөлшерде ғана болады да, көп болмайды». 

Фонема  туралы  айтылған  бұл  үш  түрлі  ереже  күні  бүгінге  дейін 

фонология  саласында  өзінің  ғылыми  маңызын  жоғалтқан  емес,  қайта  олар 

фонологияның негізгі ережелеріне айналып отыр. 

Қазақ    фонетикасының  белді  бір  даму  кезеңі  тағы  бір  жоғарғы  бір 

ғылыми  сатыға көтерілу  кезі-академик  С.Кеңесбаевтың  атымен  байланысты. 

Оның  қазақ   фонетикасына  сіңірген  еңбегі  айрықша. 1938  жылдардан  бері 

қазақ    фонетикасы    жайында    ғылыми-зерттеу  жұмысын  жүргізіп  келеді. 

Проф.  С.Кеңесбаев  қазақ    тілінің  фонемалар  жүйесін    талдау  мəселесіне  

келгенде  атақты  лингвист  Л.В.Щербаның  фонема  туралы    ілімін  негіз-тірек 

етіп,  сөз  мағынасы  мен  тұлғасын  ажыратуға  себі  бар  тілдің  кішкене 

дыбыстық   көрінісін  фонема  деп  түсінеді.  Акад.  Л.В.Щербаның  айтуынша 

«cөз   бен  оның  формаларын    дифференциялайтын,  яғни  адамның  қатынас 

жасау  мақсатында    қызмет  ететін    дыбыстардың    типтерін  фонема  деп 

санаған.  Əрбір  фонема  əлденеше  вариантта  кездесе  береді.  Тілде  нақты 

кездесетін    дыбыстар-  бүтіннің  бөлшегі  арқылы  көрінісі-  жалпының  тілде 

нақты  айтылатын    осындай  түрлері-  фонеманың  варианттары  болады  деген 

тоқтамға    келген.  Акад.  Л.В.Щербаның  фонемалар  сөзде  өзара 

комбинаторлық  түрде алмасып  келе  береді  деп  қорытады». 

И. Кеңесбаев  қазақ  əдеби  тілінің  вокализм  саласы  он  бір  дауысты  

фонемадан 

құралатынын, 

оның 


тоғызы-жалаң 

монофтонг 

(а,ə,е,(ý),о,ө,ұ.ү,ы,і)  фонемалар  да,  қалған  екеуі-  дифтонг,  дифтонгоидтар 


 

33

(и,у)  екенін  анықтап  көрсетеді.  Қазақ    тілінде  а  дауыстысы    шығыс 



тілдерінен  енген    сөздермен  байланысты  пайда  болғаны  дұрыс көрсетілген.  

Дауысты  фонемалардың  фонетикалық    варианттары,  сөзде  қолдану 

ерекшелігі,  өзге  фонемалармен  комбинаторлық    түрде  алмасу  жайлары 

баяндалады.  Сөздің  ең  бас  шенінде  е,о,ө  дауыстылары  дифтонг  сапасында 

айтылатыны  (йə,уо,уө),  сөз  шенінде  келуіне  қарай  дауыстылар  буын 

талғайтындар жəне буын талғамайтындар болып екі  топқа  жіктелуі  мəселен,  

буын    талғамайтындарға`    а,    е,    ы,    і,    и    дауыстылары,  қалғандары  буын

 

талғамайтындарға  жатады,  қосымша  морфемадағы  дауыстылардың 



фонетикалық    мəні-  яғни  морфонологияның  кейбір  мəселесі  сөз  болады. 

Қазақ    консонантизмі 25  дауыссыз  фонемадан  құралатыны,  олардың 

акустика-артикулярлық    ерекшелігі,  орыс  тілі  арқылы  ауысқан  в,ф,х,ч,ц 

дыбыстарының  фонема сапасына өте бастауы  жəне  дауыссыз  фонемалардың 

дистрибуциялық   сыры,  комбинаторлық   жолмен алмасып отыруы тым-тəуір  

айқындалған. 

Акад. С.Кеңесбаев қазақ  тілін, оның дыбыс құрылысын лингвистиканың 

соңғы  табыстарына    сəйкес  зерттеуді,  жаңа  əдістермен    ең  басты  міндет  етіп 

қойған  болатын. Əсіресе,  қазақ   тілінің  дыбыс  құрылысын  қазіргі  өскелең  

тəжірибе   фонеткасының  əдістері  арқылы  тексеруді  күн  тəртібінің  бірінші 

мəселесі  етіп  қойды.  Соңғы  кезде осыған орай қазақ  тілінің  дыбыс жүйесін  

тəжірибе  фонетикасының  əдістерімен зерттеу жұмысы қолға алына басталды. 

 Қазақ  фонетикасын  зерттеу  мəселесінде  қазіргі  структуралық  

лингвистиканың  табыстарын,  жарамды  жəне  ұнамды  əдістерін  қабылдап 

алуымыз  тиіс.  Математикалық    əдістерді  лингвистикаға  мейлінше  енгізіп, 

электронды  есептеу  машинасын  жете  пайдалануымыз  қажет.  Математика 

əдістері  арқылы  тілдің  фонологиялық    жүйесі,  тілдің    құрылысы    арнаулы 

модельге салынады. Бұл сөзді автоматтық  жолмен анықтау  үшін өте қажет. 

Қазақ   тілінің  дыбыс  құрылысы  əрі  синхрония,  əрі  диахрония  жағынан 

да  терең түрде  талдануы  тиіс.  Бұл  тұста  структуралық   фонологияның  əдіс-

тəсілдерін  барынша  пайдаланған  жөн.  Дыбыстардың  өзгеруіндегі  үнемдеу 


 

34

теориясы  мен  фонеманың  дистинктивтік  белгілер  теориясының  тіл  тарихын 



зерттеу үшін мəні бар. 

Туыс  тілдерді  яғни  түркі  тілдері  салыстыра  тексеру  мəселесі   

басқыштау  жолмен баяндалуы тиіс. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет