Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата06.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#8412
1   2   3   4   5

Cұрақтар мен тапсырмалар 

1. Қазақ  фонетикасы жайлы орыс ғалымдарының пікірлері. 

2. Қазақ  тілі дыбыс жүйесінің Кеңес дəуірінде зерттелуі. 

3.Дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде қазақ ғалымдарының    

пікірлері. 

4.  С.Кеңесбаевтың,  Ж.Аралбаевтың  қазіргі    қазақ    тілінің  дыбыс  жүйесі 

жайлы  пікірі. 

Əдебиеттер 

1.  Айтбаев  Ө.  Қазақ  терминологиясының  дамуы  мен  қалыптасуы. 

Алматы. Ғылым. 1988. 

2.  Аралбаев  Ж.  Қазақ  фонетикасы  бойынша  этюдтер.  Алматы.  Санат. 

1988 

3.  Болғанбаев  Ə.,  Қалиев  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 



фразеологиясы. Алматы. Санат. 1997. 

4. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997. 

5.  Мырзабеков  С.  Қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесі  Алматы.  Сөздік-Словарь. 

1999. 


 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

35

 



 

 

 

Қазақ лексикологиясының тарихы 

                  Жоспары 

       1. Қазақ  лелсикологиясының 25-30  жылдардағы зерттелуі. 

       2. Фразеологияның зерттелуі. 

       3. Семасиологияның  зерттелуі. 

       4. Қорытынды. 

Тірек  сөздер:`  Лексикологияның  тарихы,  Қ.Жұбановтың  терминология 

саласындағы еңбектері, фразеология, семасиологияның дамуы т.б. 

Лексикология-соңғы 25-30  жылдың  ішінде  қалыптасқан  тіл  білімінің 

жаңа  саласы.  Ол  жеке  пəн  ретінде  бірден  қалыптаса  қойған  жоқ . Алдымен 

оның  жекеленген  салалары  зерттелді  де,  соның  нəтижесінде  қазақ  

лексикологиясы тіл білімінің қомақты  саласы ретінде  көрінді. Революциядан 

кейінгі  1920-30  жылдардан  бері  көпшіліктің  үзбей  көңіл  бөліп  келе  жетқан 

мəселелерінің  бірі-  терминология  саласы  да  осы  лексикологияға  жатады. 

Қазақтың  ұлттық    жəне  əдеби  тілін  байытуда,  қалыптастыруда    терминдік 

лексика  үлкен  роль  атқарды.  1 9 1 7 -ж ы л да н  кейінгі  жылдарда  елді 

сауаттандыру, осыған сай оқулық тар жасау, одан кейінгі кезеңде ғылым мен 

техниканың    дамуына  байланысты  жаңа  сөздерді,  терминдерді  дамыту 

қажеттігі  туды.  Қазіргі  тіліміздегі  терминдер  бірден  жасалып,  қалыптасып 

кете  қойған  жоқ . Алғашқы  оқу-педагогика  жəне    ғылыми-техникалық  

терминдердің  көпшілігі  1920  жылдардан  бастап  жасала  бастады.  Бірақ    ол 

кезде    халықтың  ғылыми  ұғымдарды  түсінуге    дайындығы  аз  болғандықтан, 

термин   жасауда   көбінесе түсінікті болу  жағы    қарастырылды.    Осының   

əсерінен  көптеген  халықаралық    терминдер    аударылып  алынды,  мұның  өзі 

кейбір  терминдердің  мағынасының  бұрмалануына  əкеп  соқты.  Мұндай  жаңа 

бағыттың  алға  басуына  проф.  Қ.Жұбанов  көп  еңбек  етті.  Жалпы  термин 



 

36

жасаудың  жолдары  мен  жеке  терминдерді қалай пайдалану керектігі жөнінде 



ертелі-кеш көптеген мақалалар шықты. 

 Лексикологияның 

кесек 

бір 


саласы- 

фразеология. 

Қазақ  

фразеологиясын  кеңнен    зерттеген  жəне  оның  негізін  салған  ғалым-акад. 



С.К.Кеңесбаев. 

С.Кеңесбаев  еңбектерінде  фразалық    тіркестер  тілімізде  ерекше  орын 

алатынын, бұл тіркестерге  идиомдар  мен  басқа  фразалық   топтар  жататынын 

айтады.  Автор  тұрақты  сөз  тіркестерін    кең  көлемді  алып,  идиом-

фразалардың  ұқсас  жақтары  мен  айырмашылықтарын,    олардың    мақал-

мəтелдерден  жəне  жұмбақтардан  айырмасын  теориялық  тұрғыдан саралап 

көрсеткен. 

Анығырақ    айтқанда  идиом  категориясының  өзіне  тəн  мынандай 

қасиеттері  бар: а) тұтас  бір  ұғым  жеке  сөздердің  ұғымынан  не  жартылай,   

не  мүлде  айрылып    қалады:`    ə)  бұл  тізбектердің  көршілігі  екінші  тілге 

сөзбе-сөз  аударуға  келмейді.  Мақал-мəтелдердің  идиомдармен  ұқсастығы- 

олардағы  сөз  тіркесінің  тиянақтылығында,  бірақ    ол  тиянақтылық   

идиомдардағыдай  бір  кесек  тұтастық  -    лексикалық      мағынамен  өте 

жымдасқан  тұтастық    емес.  Оның  үстіне  идиом  категориясы,  мақалдарға 

қарағанда,  өзінің  сыртқы  құрылысы  жағынан  да  ықшамды  келеді, 

мақалдардай көп элементті болып келмейді. 

Осымен  бірге,  автордың  мына  пікіріне  оқырмандар    көңілін  ерекше 

аударғымыз келеді. «Бірнеше идиом немесе фразалардың ішінде арнаулы бір 

сөз  негізі  желі  боп,  ол  сөз  өзінің  лексикалық    формасы  жағынан  айрықша  

көзге    түсіп    отырады.  Сөйтіп, «таза»  семантикалық    ұя  болмағанмен, 

«лексикалық    ұя»  жасалып  отыр.»  Автор  дəлел  ретінде  тіл,  жүрек,  көз,  ауыз, 

ит,  жеті,  үш,  тоғыз,  қ  ырық    т.б.  сөздерімен  тіркесіп  келетін  идиом  мен 

фразаларды келтіреді. 

Акад.  С.Кеңесбаевтың 1977 жылы    баспадан  шыққан  «Қазақ    тілінің 

фразеологиялық    сөздігі»-  жалғыз  қазақ    тілінде  емес,  бүкіл  түркологияда 

шоқтығы    биік    көлемді  еңбек.  Аталған  сөздікке 1978 жылы  Қазақстан 



 

37

мемлекеттік сыйлығы берілді. 



Қорыта  айтқанда,  акад.  С.Кеңесбаевтың  фразеология  жөнінде  жазған 

еңбектерін  түркологияда  ғана  емес,  жалпы  тіл  білімінде    үлкен  орны  бар 

көлемді де ғылыми терең зерттеулер деп бағалауға болады. 

Қазақ   лексикологиясының  жан-жақты  зерттелуі  проф.  Ғ.  Мұсабаевтың 

есімімен тығыз  байланысты.  Лексикологияның  зерттеу  обьектісі  мен  оның 

бөлімдері    туралы 1954  жылы  шыққан  еңбекте  қамтылған.  Мұнда, 

лексикология,  біріншіден,  белгілі  бір  тілдің  ішіндегі  сөздік  құрамының  

көлемін,  оның  сыр-сипаттарын,  сөз  тудыру  жолдарын,  жаңа  сөз  жасайтын 

тұлғаларын,  нақты  жəне  абстракті  сөздерді,  арнаулы  сөздерді  жəне 

терминологияны,  əдеби  тіл  мен  жергілікті  говорлардағы  сөз  айырмашылық 

тарын т.б.  тексереді.  Екіншіден,  сөздік  құрамнан  шығып  қалатын  ескірген 

сөздерді,  оның көнеру себептерін, сөздік құрамда жаңа сөздердің пайда болу 

жолдарын, тілдің жаңа сөздермен 

баю   жолдарын,   тілге   басқа  бір   

тілдерден   ауысқан   сөздерді,   сөз мағынасының  ауысуын,  сөзбе-сөз  аудару  

(калька)  жолымен  жасалуын,  омоним  мен  синонимдік  дублеттерді  т.б. 

тексеретіндігін автор дұрыс көрсетті. 

Ғ.Мұсабаев  лексикологияның  семасиология    бөліміне  де  жеткілікті 

көңіл    бөліп,  оның  жеке  категорияларын  нақтылы  материалдармен 

түсіндірген.  Мұнда  тарихи  лексикологияның  да  бірсыпыра  мəселелері 

қамтылған.  Еңбекте    қазақ    тілі  лексикасының  стильдік  мəні  алғаш  рет 

қойылып,  дұрыс  шешімін  тапқан.  Бұл  зерттеу  қазақ    тіл  біліміндегі  соны 

бастама болды. 

Ғ.Мұсабаевтың  қазақ    лексикологиясына  арналған  екінші  еңбегі 1959 

жылы  орыс  тілінде    басылып    шықты.    Бұл    еңбегінде    автор    бұрынғы  

жазғанын    əлдеқайда    толықтырып,  жаңадан    кейбір      бөлімдер    қосып,   

жеке    бөлімдерді   алып    тастаған.  Ғ.Мұсабаев  бұрынғы  еңбегінде    берілген 

фразеология,  лексикография  бөлімдерін  бұл кітапқа енгізбеген. Соның өзінде 

де соңғы еңбегі бұрынғыдан көлемдірек шықты. 

Кітапқа  автор  жаңадан  «Қазіргі  қазақтың  əдеби  тілінің  морфологиялық  



 

38

ерекшеліктері»  деген  жаңа  бөлімше  енгізген.  Мұнда  бір  жағынан  түркі 



тілдеріндегі,  оның  ішінде    қазақ    тіліндегі  сөз  тудыру  проблемасын,  сөздік 

құрамындағы  қазақ    тілінің  өзіне  тəн  қасиеттері,  сөздік  құрамының  кейбір 

тарихи  даму  жолдары,  тағы  басқа  толып  жатқан  теориялық    мəселелер  сөз 

етіледі.  Кітапқа  бұдан  бөтен  қазақ   тіліндегі  варваризмдер туралы  да  жаңа   

бөлімше  қосылған.  Кітапта  мазмұн  жағынан  өзгерістер  көп,  бірақ    оның 

бəрін бұл мақалада сөз етуі  мүмкін емес. 

1960  жылы  Ғ.Мұсабаев  жоғарыда  аталған  екі  еңбектің    жəне 11950-59 

жылдары республикалық     журналдарда  жарияланған 

қазақ 

лексикологиясына    арналған мақалалардың негізінде докторлық  диссертация 



қорғады. 

Ғ.Мұсабаев  осы  тақ ырыпты  кейінгі  кезде  де  тереңдете  зерттей  берді.  

Соның нəтижесінде  оның  С.Кеңесбаевпен  бірігіп  жазған  «Қазіргі  қазақ   тілі» 

толықтырылып,  басылып  шықты.  Бұл  кітаптың    «Қазақ    тілінің 

идиомдары    мен    фразалары»    жəне  «Фонетика»    бөлімдерін    С.Кеңесбаев  

жазса,  «Лексика»,  «Лексикология»  бөлімдерін  Ғ .Мұсабаев жазды. 

Ғ.Мұсабаевтың  жазған  бөлімдерінің  өзін    ғана  есептегенде,  еңбектің 

көлемі   1959  жылғы    орыс    тіліндегі    кітабынан    екі    есеге    жуық      өскен.  

Көптеген  бөлімдер толықтырылған. Кітаптың  «Моңғол тілінен енген сөздер»,  

«Түркі  жəне  моңғол  тілдеріне  ортақ    сөздер»  деген  бөлімшелерінде    автор 

бірсыпыра  теориялық    толғаулар  айтқан.  Мұнда  түркі  мен  моңғол  тілдері  о 

баста  туыс  болғандығын,  бір  түбірден  тарағандығын  қыруар  мысалмен 

дəлелдеген. 

     Сөйтіп,   Ғ.Мұсабаев-  қазақ     лексикологиясы    мəселелерін    алғаш 

зерттеген  ғалымдардың бірі. 

Қазақ   лексикологиясын  зерттеуде    əдеуір  еңбек  еткен  ғалымның  бірі  

марқұм проф.  К.Аханов.  Оның  «Қазақ   тілі  лексикасының  мəселелері»  атты 

кітапшасы  басылып    шықты.    Бұл    кітапта    қазақ      тілі    лексикасы    тарихи  

жағынан  даму  сатысында  қандай арналар мен қат-қабаттардан  құралғанын 

сөз  етеді.  Бұның  ішіндегі  қазақтың  байырғы  сөздері  деп  аталатын 



 

39

лексиканың    үлкен    тобы  түркі  тілдеріне  ортақ    екенін  автор  нақты 



мысалдармен  дəлелдеген.    Осы    тараудың  «Түркі  жəне  моңғол  тілдеріне 

ортақ   сөздер»  деген  бөлімшесінде    түркі-моңғол  тілдерінің    субстратты  

мəселесі жөнінде   аз  да  болса  қызықты  пікір  айтқан.  Фразеологияға 

арналған 1V тараудың  ішіндегі  көңіл  аударалық    мəселе- «Орыс  тілінен 

аударма арқылы енген фразеологиялық  тіркестер» деген бөлімшесі. 

К.Аханов 

лексикологияның 

бір 


бөлімі- 

омонимдер 

жөнінде 

кандидаттық    диссертация    қорғады.    Автор    бұл    еңбегінде    омонимдердің  

жасалу    жолдарын    жан-жақты  талдады.  Сонымен  бірге  омонимдерді 

классификациялауы 

да 

ойдағыдай 



шыққан. 

Бұл  еңбек 

  қазақ   

лексикологиясына        қосылған    недəуір    үлес    еді.        К.Аханов        жоғары 

мектептерге  арналған  «Тіл  біліміне  кіріспе»  атты  еңбегінде  де  лексикология 

саласына көп көңіл бөліп, айтарлықтай орын беріп отырды. 

Семасиологияның  бір  саласы  антоним  жөнінде  жазылған  екі  мақала  бар 

жəне  бұл  тақырыптан  Ж.Мусин  диссертация  қорғады.  Семасиологияның 

синоним  саласы  бойынша  Ə.Болғанбаев  «Қазіргі  қазақ   тіліндегі зат  есімдер 

синонимикасы»  деген  тақырыпта  кандидаттық,  ал  «Қазақ    тіліндегі 

синонимдер»  деген  тақырыпта  докторлық    диссертация  қорғады.  Бұдан 

басқа  да    бірнеше  мақала,    бір    кітапша,    қазақ      тіліндегі    синонимдердің  

сөздігін    жəне    көлемді    еңбек  шығарды.  Бұл  еңбектерде  автор  синонимнің 

көптігі  тіл  байлығының  бір  белгісі  екенін,  əсіресе  көркем  əдебиетте 

синонимді  шебер  қолдану  шығарманың  құндылығын  арттыратындығын  сөз 

етіп,   синонимді   қолданудың    жолдарын  көрсетті,  синонимдік  қатар  қалай 

жасалатынын,    синонимнің    түрлерін,  синонимнің  пайда  болу  жолдарын 

егжей-тегжейіне  дейін  баяндайды.  Сонымен  бірге  автор  синонимдердің   

лексикалық    басқа  топтармен  қарым-қатынасы  жəне  айырмасы,  синонимдер 

мен  фразеология,  синонимдер  мен  синонимдік  қос  сөздер  сияқты  тілдік 

құбылыстың басын ашады. 

Семасиологияның  метафора  саласы  бойынша  Б.Хасанов  кандидаттық  

диссертация  қорғады, оның бір кітабы жəне бірнеше мақаласы жарық  көрді. 


 

40

Қазақ  лексикологиясының  ендігі    бір    саласы-лексиканың  құрамы, 



лексиканың қат-қабаттары.  Қазақ   тілінің  сөздік  құрамы  түркі  тілдеріне  ортақ  

сөздерден,  қазақтың  байырғы  сөздерінен,  басқа  тілден  ауысқан  сөздерден, 

диалектілік,  кəсіби  не  терминдік  сөздерден,  көнерген  жəне  жаңа  сөздерден 

құралатыны белгілі. Осылардың ішінде бейтарап  лексика  саласы  тіл  білімінде 

зерттелмей жатқандығы соңғы кезде жиі айтылып жүр. 

Бұл  саладағы  əртүрлі  дəрежеде  зерттелген    лексика    саласы-  басқа 

тілден  енген кірме  сөздер.  Парсы  тілінен  қазақ   тіліне  енген  сөздер  жөнінде 

алғаш  рет 1936 жылы  мақала  жазған  филология  ғылымдарының  докторы 

С.Талжанов.  Мұнда  автор  ертеден бері  иран  халықтарымен  жасалған  саяси, 

экономикалық,  сауда  т.б.  байланыстардың  нəтижесінде  парсы  тілінен  

көптеген  сөздер  енгенін  айта  келіп,  жүзден  астам  сөздің  тізімін  жəне 

аудармасын береді. 

Одан   кейінгі   жылдары   қазақ    тіліндегі  араб-иран 

 

элементтері   



туралы    біраз  мақалалар  шықты  жəне  сөздіктер  басылды.  Қазақ    тіліндегі 

арап-парсы  кірме  сөздерін  кең  көлемде  зерттеген  тіл  маманы-  Л.Рүстемов. 

Ол  осы  тақырыптан  бірнеше  еңбек, мақала жазып, қандидаттық  диссертация  

қорғады. Бұл еңбектерінде  Л.Рүстемов араб- парсы    сөздері  қазақ   тілінде   

лексика-семантикалық    жағынан  қалай    қалыптасты,  мұндай  сөздер    қазақ  

тілінде  қалайша  фонетикалық    өзгеріске   түсті,   грамматикалық    формалар 

жағынан  жекелеген  қандай  өзгерістер  болды  деген  мəселелер  жөнінде  өзінің 

ғылыми қорытындысын айтады. 

Орыс  тілінен  енген  сөздер  жəне  орыс  тілінің  қазақ    тілінен  əсері 

жөнінде  кейбір  мақалалардан  бастап,  соңғы  жылдары  жеке  жинақ, 

монографиялар жарық  көрді. Бұл салада  алғашқы  жазылған  мақалалар  орыс 

графикасына  негізделген  қазақ    альфавитін  насихаттау,  орыс  тілінен  енген 

сөздердің  жазылу    төңірегінде  болды.  Əсіресе, 1950 жылдардан  бері, 

шыққан  мақалаларда,  жинақ,  монографияларда  бұл  мəселе  кеңірек зерттеле 

бастайды.  Бұлардың  ішінде  С.Кеңесбаев  пен  А.Хасенованың  мақалалары, 

жинақтағы  мақалалар  жəне    В.Исенғалиеваның  көлемді  монографиялық  



 

41

еңбегі  жарық  көрді. 



Қазіргі  қазақ    тілі  лексикасының  стилдік  мəнде  қолданылу  мəселесі- 

лексикология мен  стилистиканың  тоғысатын  жері.  Бұл  саладан  да  біз  қазір 

қ ұр  алақан  емеспіз.  Жамбыл     шығармаларындағы     лексика  мен 

фразеологияның     стилистикалық  қолданылуын  М.Жақыпбеков,  ал  қазақ   

мақал-мəтелдерінің    лексика-стилистикалық  ерекшеліктерін  Р.Сəрсенбаев 

зерттеді. 

Қазақ   тілінің  көнерген  сөздері  де  (архаизм,  историзм)  кейінгі  жылдары 

зерттеліп,  тиянақты  шешімін  тапты.  Бұл  саладан  А.Махмұтов  бірнеше 

мақала жазды, кандидаттық  диссертациясын қорғады. 

Қазақ     тіліндегі  көркем  əдебиетте 1920-30  жылдарда    пайда  болған 

неологизмдер  жөнінде  Ш.Бəйтікова  бірнеше  мақала  жазып,  кандидаттық  

диссертация қорғады. 

Көптен   зерттелмей   жүрген   табу   мен 

эвфемизмдерді    К.Ахметов   

тыңғылықты  қарастырып, кандидаттық   диссертация қорғады.  Сөйтіп,    қазақ    

лексикологиясының   зерттелуі   жəне   дамуы деген  мəселені  қорытындылай 

к елгенде  мынаны  айтуға  болады.  Тіліміздің  лексикасын  зерттеуге  арналған 

бірсырыпа  еңбек-мақалалар  шықты,  докторлық    жəне  кандидаттық  

диссертациялар    қорғалды.    Қазақ      лексикологиясының    синоним,    омоним,  

антоним,    метафора,  басқа  тілден  кірген  сөздер  салалары  монографиялық  

дəрежеде  зерттелсе,  метонимия,  синекдоха,      варваризм,      экспрессивтік-

эмоциональды      лексика      салалары  əлі  де  оқулықтарда  айтылудан  аспай, 

терең  зерттелмей  келеді.  Қ азақ    лексикологиясының  осындай  зерттелмей 

жатқан салалары мен əлі де жете зерттеуді қажет ететін бөлімдері бар. 

Осыған  орай  қазақ    лексикологиясының    алдында  біздіңше,  ғылыми  

жолмен  тереңдете зерттелетін мынадай міндет проблемалар бар сияқ ты. 

1.  Қазақ   лексикологиясының  зерттеу  методын,  теориялық   деңгейін  əлі 

де  ұштай,  көтере  түсу  қажет.  Лексикамыздың    тарихи  қалыптасуын  ғана 

емес,  сонымен  бірге  қазіргі  жағдайын  да,  даму  тенденциясын  да  үңіле 

қарастырған мақ ұл. 



 

42

2.  Қ азақ   тілінің  тарихи  лексикологиясын  жан-жақты  зерттеу,  оны  пəн  



ретінде қалыптастыру  мəселесі.  Бұл-  бір-екі  адамның  қолынан  келетін  жұмыс 

емес, ғалымдар алқасы  біріге  зерттей  отырып,  шешетін  проблема.  Тарихи 

лексикология  оқулығын,  немесе    үлкен    монография  жазу  үшін  жұмысты 

əуелі  жеке  тарихи  ескерткіштердің,  нұсқалардың  тілін  зерттеуден  бастау 

керек.  Біз  түркі  тілдері  бір  негізден  тараған  деген  пікірді    көп  айта  да,  жаза 

береміз.  Бірақ    мұның  өзі  де  жалаң  сөз  дəрежесінен  аса  алмай  жүр.  Сондық 

тан  түркі  тілдеріне  ортақ    лексиканы  да,  бір  түбірден  тараған  сөздерді  де, 

сөздер  этимологиясын  да,  жалпы  түркі  тілдерінің  лексикасын  да 

салыстырмалы-тарихи əдіспен  зерттей  отырып,  түркі  тілдерінің  бір  негізден 

даму  заңдылықтарын  да  жете  ашатын  уақыт  болған  сияқты.  Міне  бұндай 

зерттеулердің  бəрі  де  қазақ    тілінің  тарихи  лексикологиясын  жасауға  бірден-

бір сүйеніш, табан тірер таяныш болар еді. 

3.  Лексикологияның  бір  үлкен  саласы-  семасиология  маңында  үңіле  

зерттеп,  толғана  ойланатын  мəселелер  аз  емес.  Мəселен,  сөз  бен  ұғым,  сөз 

бен  мағына  деген  нəрселер  де  арнайы  зерттелгені  мақұл.  Сол  сияқты  көп 

мағыналық    пен  омоним  категориялары  дау-шар  туғызып  тұр.  Сөздің 

мағынасы  мен  қолданылуы  деген  мəселе  де түбегейлі шешімін тапқ ан жоқ . 

4.  Фразеологизмдерді  грамматикалық    жəне  семантикалық    жағынан 

классификациялау,  осы  бағытта  тереңдете  зерттеу  мəселесі,  акад. 

С.Кеңесбаевтың  сөзімен  айтқанда, «Cөз  тіркестерінің  морфологиялық,  

синтаксистік  жəне  лексикалық    табиғатын  жан-жақты  зерттеумен 

байланысты  шешіледі»  тұрақ  ты  сөз  тіркестерін  синтаксистік  жақтан  əлі  де 

зерттей түсу керек екендігін баса айтқымыз келеді. 

5.  Терминология  саласынан  Тіл  білімі  институты  бірсыпыра  сөздіктер 

шығарды.  Алайда  осы  сөздіктердің  жасалу  тəжірибесін,  терминдердің  қазақ  

тіліндегі  даму  жолдарын,  олардың  қолдану  заңдылықтарын,  Келешек 

міндеттерін,  т.б.  тиянақты  түрде  монографиялық    жолмен  зерттейтін  уақыт 

жетті. 


6. Сөз тудыру проблемаларын тіл білімінің өз алдына бір саласы етіп, өз 

 

43

системасынан, өз терминдерімен қалыптастыратын да уақыт жақындады. 



7. Қазақ  тілінің бүкіл сөз табына қатысты синонимикасын да кең көлемде 

зерттеу- аса қажет мəселенің бірі. 

8.  Қазақ    сөздерінің  этимологиясын  тарихи  лексикамен  ұштастыра 

зерттеу  қолға  алынып  отыр.  Бірақ    бұл  аз  уақыттың  ішінде  бітетін  жұмыс 

емес. 

9. Топонимика саласында жер-су аттарының этимологиясын зерттеу -тіл 



білімінің  алдында  тұрған  күрделі  міндеттердің  бірі.  Қазақ    топонимикасын, 

этнонимикасын зерттеу    қазақ халқының,    тілінің тарихымен, этногенезімен    

тығыз    байланысты қарастырылғаны мақ ұл. 

Сөйтіп,  қорыта  к елгенде,  қазақ    лексикологиясын   зерттеу  мəселесінен 

бізде  ауыз  толтырып  айтарлықтай  құнды-құнды  еңбектер  бар.  Мұның  өзі- 

қазақ  лексиколгиясының пəн ретінде қалыптасқанының белгісі. 



Сұрақтар мен тапсырмалар 

1.  Лексикологияның 1917-жылға дейінгі зерттелуі 

2.  Фразеология ғылымының қазақ  тіл білімінде зерттелуі 

3. Семасиологияның зерттелуі 



Əдебиеттер 

1.  Айтбаев  Ө.  Қазақ  терминологиясының  дамуы  мен  қалыптасуы. 

Алматы. Ғылым. 1988. 

2.  Аралбаев  Ж.  Қазақ  фонетикасы  бойынша  этюдтер.  Алматы.  Санат. 

1988 

3.  Болғанбаев  Ə.,  Қалиев  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 



фразеологиясы. Алматы. Санат. 1997. 

4. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997. 

5.  Мырзабеков  С.  Қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесі  Алматы.  Сөздік-Словарь. 

1999. 


 

 

 



 

44

 



 

 

 

 

Қазақ терминологиясының тарихы 

Жоспары 

1. Терминология туралы түсінік 

2. Қазақ тіл білімінде терминология ғылымының қалыптасуы 

3.  А.Байтұрсынов  пен  Қ.Жұбанов  –қазақ  терминологиясын  жасаушы 

ғалымдар 

4. Ө.Айтбаевтың зерттеулері 

 

Тірек  сөздер:  термин,  терминология,  терминология  ғылымының 

қалыптасуы,  А.Байтұрсынов  жəне  Қ.Жұбанов  қазақ  терминологиясының 

негізін салушы, Ө.Айтбаевтың еңбектері т.б. 

1.  Қоғам  өміріндегі  өзара  қарым-қатынастың  ең  басты  құралы    болып 

саналатын тілді əлеумет əрдайым өте жоғары бағалап, оның өзгеріс, өрістерін 

жіті  қадағалап  отырады.  Тіл  қоғамдық  құбылыстың  бірі  ретінде  сол  қоғам 

құрылысын  айнаға  түсіргендей  өрнектейді.  Яғни  қоғам  өмірінде  болған, 

болып  жататын  құбылыстардың  бəрі  тілден  орын  тебеді  де,  тіл  көмегі 

арқылы халық қазынасына айналады. Сонда, тіпті кейде тілдегі кейбір сөздер 

арқылы  ел  басынан  өткен  кезеңдерді  көзге  елестете  аламыз  да,  қоғам 

дамуының  белестері  арқылы  тіл  дамуын  сүзіп  шығуға  мүмкіндік  алып 

отырамыз деген сөз бұл. Сөйтіп, қоғам мен тіл бірінсіз бірі күн кеше алмаса 

керек.  Ендеше  халық  тарихы  оның  тілінде,  яғни  тіл  фактілері  арқылы  біз 

халық тарихын тануға мүмкіндік аламыз. 

Қоғам  дамуы  арқылы  тіл  де  дамиды  дейміз.  Бірақ  тілдің  даму  деңгейі 

оның  барлық  ярусына  бірдей  тəн  емес.  Оның  белгілі  бір  қабаты  өзгеріс, 

өріске онша көне бермейді. Ал оның қайсы бір қатпарлары, жаңалаыққа иін 

беріп, жаңа мағыналық ұғым, түсініктер əкелуге бейім тұрады. Осы тұрғыдан 

алып  қарағанда,  дамыған,  жетілген  тілдің  басты  көрсеткішінің  бірі – оның 


 

45

терминдік  жүйесінің  саралануы  болып  табылады.  Тілдің  қоғамдық  қызметі 



арта түсті, дамыды деп ауыз толтырып айтарлықтай дəрежеге жетсек, осыны 

айтқызатын  терминологиялық  лексика.  Неге  десеңіз  қоғам  дамуы  əлеумет 

өміріне  алуан-алуан жаңалық əкеледі. Ондай өзгерістер, əсіресе төңкерістік 

дүмпулар  ең  алдымен    елдің  сауатын  ашып,  білімін  жетілдіреді,  қоғам 

мүшелерінің өресін биіктетіп, қоғамдық ой-сана мен дүниетанымды кеңейте 

түседі.  

Терминнің  күнделікті  өмірде  араласпайтын  жері  жоқ.  Тіпті  қазіргі 

кезеңде  термин  сөздердің  ауызекі  сөйлеу  тілімізге  де  еніп,  күнделікті  өзара 

қарым-қатынас құралына да айнала бастағанын байқау қиын емес. Мұның өзі 

тілдің,  атап  айтқанда,  əдеби  тілдің  қарқынды  дамуын  байқататын  бір  белгі. 

Керек десеңіз сан салалы ғылыми қажетімізді өтеуге қызмет ететін əдеби тіл, 

ең  алдымен  осы  терминологиялық  лексиканың  өрістеуіне  тəуелді. 

Терминологиялық  жүйесі  жасалмаған,  терминдік  ұғымдары  қалыптаспаған 

тіл, ол əлі əдеби тіл дəрежесіне көтеріле алмаған тіл.  

Терминологиялық  лексиканы  зерттеуде  жəне  оның  қоғам  үшін  мəнін, 

маңызын  анықтауда  орыс  ғалымдары  А.А.Реформатский,  В.В.Виноградов, 

Н.А.Баскаков, 

О.С.Ахманова, 

Ю.Д.Дешериев, 

Т.Бертагаевтың 

т.б. 

зерттеушілердің  ролі  ерекше  болды.  Сондай-ақ  қазақ  тіл  білімінде  де 



терминология саласында бірқанша еңбектер шықты. 

Ал  «термин»  деген  ұғымның  өз  басына  келер  болсақ,  əлі  күнге  бұл 

жайында бірегей пікір қалыптаса қоймаған. Орыс ғалымы В.Н.Прохорованың 

піқірінше  «Бұл  еңбекте  қабылданған  көзқарас  бойынша  термин – бұл 

арнаулы  қолданыс  сферасындағы  ғылыми  немесе  өндірістік-технологиялық 

ұғымның  атауы  болып  табылатын  жəне  дефинициясы  (тиісті  ұғымның 

анықтамасы) бар сөз немесе сөздер тіркесі». Ұсынылып жүрген анықтамалар 

бірыңғай  емес.  Негізінде  кез  келген  сөз  термин  бола  алады,  бірақ  оның 

ерекше  қызметіне  байланысты.  Өндіріс  жағдайында  терминдер  белгілі  бір 

адамдар тобының өзара қарым-қатынас құралы есебінде пайдаланылады.  



 

46

Кəсіби  терминология  əдетте  белгілі  практикалық  мұқтаждыққа, 



күнделікті  қажеттілікке  орай  пайда  болады.  Əдеби  тіл  мен  оның 

функционалдық  стилдері  пайда  болмастан  бұрын  кəсіби  лексика  өзінше 

табиғи  түрде  жасалып  отырады,  кейде  тіпті  оның  əрқилы  жергілікті 

қосарлары  да  қабаттаса  жүреді.  Арнаулы  əдебиеттердің  пайда  болуы  сөздік 

құрамның  бұл  саласының  дамуына  жаңа  бір  леп  қосады,  яғни  дамудың  

басқаша  арнасына  түседі.  Ол  белгілі  бір  мақсатқа    орай  саналы  түрде 

жасалған терминдермен толыға бастайды. Бұлардың негізгі көпшілігі нақты, 

тұрақты  мағыналығымен,  стандартталуымен  ерекшеленеді.  Адамдардың 

саналы  араласуы  термин  жасау  творчествасын  бақылап  қадағалап,  жүйелеп 

отыруға 


мүмкіндік 

береді, 


термин 

сөздер 


жасау 

барысында 

мамандандырылған əдістерді еркін қолданылып отыруға жағдай жасайды. 

Терминология мəселесімен айналысқан ғалымдардың қай-қайсысы да, ең 

алдымен  мұның  өзінің  мазмұны  мен  мəнін  ашып,  анықтамасын  айқындап 

беруге  тырысып  отырған.  Əсіресе,  бұл  проблеманы  лингвистер  тереңірек 

қарастырып келді. Мысалы, бұл жайында О.С.Ахманова еңбегінен мынандай 

жайларды  оқуға  болады. «Термин  дегеніміз    арнайы  ұғымдар  мен  арнайы 

заттарды белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы сөздер мен сөз тіркесі».      

Ал  Д.Э.Розенталь  мен  М.А.Теленкова  терминнің  жоғарыда  айтылған 

белгілеріне  қоса,  бір  мағыналылығына  мəн  береді.  Яғни  тілдегі  сөздердің 

біразы көп мағыналы болып келсе, термин болатын сөздердің олардан негізгі 

айырмашылығы –жалқы мағыналылығында деп түйеді.  

Тіл білімінің белгілі  мамандарының бірі А.Реформатский де термин мен 

терминология  ұғымының  теориялық  мəнін  ашып  беруге  тырысады.  Ол 

термин, ұғым, сөз түсініктерінің өзара байланысы жөніндегі түрлі пікірлерді 

сүзіп шығып, екі түрлі бағытқа ден қояды: бірі –терминді белгілі бір затпен 

байланысты  қарайтындар  да,  екіншісі  –ұғыммен  байланысты  қарайтындар. 

А.А.Реформатский  терминді  ұғыммен  байланыстыра  қарайтын  бағыттың 

белең  алып  келе  жатқанына  назар  аударады.  Ол  мұның  яғни  термин  мен 

ұғымның  өзара  қатыстылығы  əсіресе  ғылымда  айқынырақ  көрінетінін 


 

47

байқайды.  Ол  терминнің  басты  белгілерін  анықтап  беруге  тырысады.  Оның 



дəлелдеуінше терминнің жоғарыда сөз болған ерекшеліктеріне қоса мынадай 

белгілері  бар:  термин  емес  сөздердің  мағынасы  көбінесе  контекст  арқылы 

ашылып  отырса,  термин  сөздер  контекстке  тəуелді  емес.  Сондай-ақ  термин 

сөздерге көп мағыналық, экспрессия жат екенін баса айтады. 

2.  Бүгінгі  күндегі  қазақ  терминологиясы  дамып,  өсіп  сөздік  құрамы 

толысып,  молайып  келеді.  Яғни  тіліміздің  терминдену  сапасы  əлі  де  жүріп 

жатыр. 

Қазақ  терминологиясының  даму  тарихына  келетін  болсақ,  жалпы  қазақ 



терминологиясының  негізін  салған,  терминологияда  алғашқылардан  болып 

еңбек еткен ғалым – А.Байтұрсынов болды. Ғалым қазақ тілі фонетикасы мен 

грамматикасына  қатысты  категориялардың  əрқайсысына  қазақша  термин 

ұсынады. Осы күнгі қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, етістік, 

есімдік,  одағай,  шылау  сияқты  сан  алуан  лингвистикалық  ғылыми 

терминдердің  басшысы  А.Байтұрсынов  болды.  Ол  терминология  мəселесіне 

айрықша  назар  аударған.  Ол  тек  тіл  білімі  саласы  емес,  əдебиеттанудан  да 

көптеген  терминдер  жасаған.  Бұлар  да  өте  сəтті  шыққан  қонымды  атаулар. 

Сондықтан  олар  күні  бүгінге  дейін  қолданыс  тауып  келеді.  Ғылымның  тек 

осы  саласы  емес,  жалпы  мəдениетке,  тарихқа  қатысты  əлеуметтік 

терминдердің  көпшілігі  А.Байтұрсынов  қаламынан  туып,  қазір  автор 

ұмытылып,  жалпы  халықтық  кəнігі  сөздер  болып  кеткен.  Бұл  салаларда 

оның термин жасаудағы ұстаған негізгі принципі – ең алдымен қазақ тілінің 

өз  мүмкіншіліктерін  пайдалану  болды.  Кезінде  А.Байтұрсыновты  жау  етіп 

танытуға  күш  салғандардың  оған  тағатын  айыптарының  бірі – 

«А.Байтұрсынов  термин  жасауда  пуристік  бағыт  ұстады,  яғни  қазақ  тіліне  

орыс  сөздері  мен  интернационалдық  терминдерді  жолатпауға  тырысты» 

деген  пікір  болатын.  Бұл  да  əрбір  іс-əрекеттің  байыбына  бармай,  себебін 

іздемей  берілген  солақай  баға.  Егер  əрбір  құбылысты,  əрбір  іс-əрекетті  өз 

кезеңіне  қарап,  сол  кезеңдегі  жағдайға  қарай  тану  керектігін  мойындасақ, 

А.Байтұрсыновтың  термин  жасаудағы  «қазақшылығының»  негізі  бар  екенін 


 

48

көреміз. Ұстаған принципі дұрыс екендігін танимыз.  Ол принцип жас ғылым 



салаларының  терминдерін  жасауда  қазақ  тілінің  өз  мүмкіндігіне  иек  артуға 

негізделеді. 

Сонымен  қатар  А.Байтұрсынов  интернационалдық  терминдерден  де 

мүлдем  бас  тартқан  жоқ.  Мысалы, 1912 жылдың  өзінде  «Айқаптың» 

беттеріңдегі  мақалаларында  грамматика,  фонетика,  морфология  деген 

халықаралық  сөздерді  қолданған.  Əрі  қарайғы  жазғандарында  көптеген 

интернационалдық  терминдерді  орыс  тіліндегі  қабылдаған  түрінде 

пайдаланғаны  көрінеді.  Мысалы,  оның  қаламынан  шыққан  мақалаларда 

проект,  дума,  депутат,  фракция,  доктор,  фельдшер  деген  сөздерді 

кездестіреміз.  Тіпті  орайы  келгенде  өлең  шумағында  да  европалық  термин 

сөзді қолданудан қашпайды.  

Сонымен  қатар  А.Байтұрсыновпен  бірге  қазақ  тіл  білімінде  қазақ 

терминологиясында  термин  мəселесімен  тікелей  айналысқан  қазақ  ғалымы, 

белгілі лингвист Қ.Жұбанов термин туралы былай дейді: 

«Термином  называется  специфический  вид  определенных  словесных 

обозначений, передающих определенные понятия, установленные на данном 

этапе  развития  науки  и  революционной  практики,  при  чем  передаваемое 

термином  терминологическое  понятие  может  на  совпадать  со  словарным 

значением,  которое  присуще  данной  словесной  велечине  в  обыденной 

жизни».  Қ.Жұбанов  басқа  бір  еңбегінде  дəл  осы  ойын  қазақша  түсіндіреді. 

«Белгілі  бір  ұғымдарды  білдіретін  қарақшылы  сөздер  болады,  о  сөздерді 

əлігіндей ұғымдарға  - ғылым мен төңкеріс жағы қандай сатыда тұрса, міне 

осы  екеуі  теліп  отырады:  сонымен  қатар  термин  сөзінің  терминдік  ұғымы 

мен күнделік тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы да 

мүмкін». 

Проф.  Қ.Жұбанов  терминнің  өзіндік  өзгешелік  сипатын  дұрыс 

түсінбеушіліктен  кеткен  қателерге  назар  аударады.  Мысалы,  ол  аударуға 

болмайтын терминдердің (психология, геометрия) аударылуын (жан жүйесі, 

пішіндеме)  қате  санайды.  Мұның  негізгі  себебі  терминдердің  терминдік 


 

49

мағынасы емес, лексикалық мағынасына мəн беруден дейді. Яғни əңгіме бұл 



жерде  бір тілден екінші тілге аударуда немесе қабылдауда, ең алдымен көңіл 

қойылуға  тиісті  шарт,  оның  терминдік  мəні  болу  керек.  Жалпы  Қ.Жұбанов 

терминге осылай анықтама бере отырып, қазақ терминологиясының дамуына 

бірқанша үлес қосты. 

Қ.Жұбанов  терминология  мен  орфография  мəселелерін  ажыратып 

қарауға  болмайтын 1935 жылы  жарияланған  «Қазақ  орфографиясын  қарау 

мəселесіне»  деген  мақаласында  дəлелдеп  шықты.  Мұнда  ол  əрбір  дамушы, 

мəдениетті  тілдердің  өмірінде  орфография  мен  терминология  ең  басты 

элемент  құрайтынын,  бұлардың  еліміздегі  төңкерістік  процесте  үлкен  роль 

атқаратынын,  таптық  мəні  күнгі  тіл  майданының  осы  бір  пəрменді  саласы 

екені,  осы  мəселелердің  дұрыс  шешілуі  қалың  еңбекші  бұхара  үшін 

сауаттылыққа,  жоғары  мəдениеттілікке,  білім-ғылымға  даңғыл  жол 

ашатынын бұлтартпай дəлелдеп берді. 

Терминді  түсініп,  ол  жөнінде  байсалды  пікір  айту  үшін  ең  алдымен 

термин  деген  не,  оның  жай  сөзден  қандай  мағыналық  айырмасы  бар  деген 

сияқты мəселелердің басын ашып алу керек. Сол сияқты  тіліміздегі атырау, 



қырат, қойнау, бастау т.б. жүздеген халықтық терминдерден географиялық 

ғылыми  терминдер  жасады.  Міне,  осының  бəрі  Қ.Жұбановтың  жоғарыда 

айтқан пікірінің дұрыстығын дəлелдейді. 

Қ.Жұбанов  қазақ  терминологиясының  дұрыс  бағытта  дамуына,  сөйтіп, 

əдеби  тіліміздің  бір  үлкен  саласы – ғылым  тілінің  қалыптасуына    жол 

басшылық жасады жəне оның қажырлы күресінің арқасында қазақ тілі жаңа 

арнада дамыды. 

1920-жылдары  мен 1930-жылдардың  басында  термин  жасауда  пуристік 

тенденция  басым  болды.  Қ.Жұбанов  осы  пуристік  бағытпен  қажымай  күрес 

жүргізді.    

Академик  І.Кеңесбаев  пен  проф.  Т.Жанұзақов  та  терминнің  о  баста 

латын тілінің «шек», «шекара» деген сөздерінен пайда болғанын айта келіп: 

«Ғылым  мен  техниканың,  көркемөнер  мен  қоғам  өмірінің  алуан  түрлі 


 

50

саласына  байланысты  қолданылатын,  тиянақты,  тұжырымды  ұғымды 



білдіретін сөздер мен сөз тіркестері, атау сөз» деп түйін жасайды.  

Ғылыми  əдебиеттерде  кездесетін  пікірлердің  бəрі  де  сайып  келгенде  

негізінен осы тұжырымдарға тоқтайды. 

                жылдары  əрбір  ұлт  тілдерінің  терминологиялық  жүйесін 

қалыптастыру  үлкен  маңызға  ие  болды.  Кеңес  Одағы    құрамындағы 

республикалар  бірнеше  рет  мəжіліс  өткізіп,  ғылым  мен  техника,  əдебиет, 

өнер,  халық  шаруашылығының  сан  салалы  даму  дəуірінде  терминологияға 

назар  аудармауға  болмайтынын  атап  көрсетілді.  Бұл  алғашқы  мəжілістердің 

Қазақстан ғалымдары үшін де  маңызы ерекше болды. Өйткені мұнда қазақ 

терминологиясының  мəселелері  тұңғыш  рет  бүкілодақтық  деңгейде  сөз 

етілді.  Қазақстандық  ғалымдар  М.Балақаев,  Ə.Қайдаров,  Т.Мұсақұлов, 

Қ.Рахимов,  Қ.Əбішев,  А.Əбдрахмановтардың  бұл  маслихатқа  жай  қатысып 

қана  қоймай,  белсене  араласуының  өзі  терминология  саласындағы  ғылыми-

практикалық  жұмыстардың  қаншалықты  дəрежеде  жүргізіліп  отыр.  Əсіресе 

1950-жылдары  қолға  алына  бастаған  қазақ  лексикографиясының,  оның 

ішінде 


терминологиялық 

сөздіктер 

түзу 

принциптеріне 



арналған 

А.Əбдрахмановтың арнайы баяндамасын,  сондай-ақ белгілі  тілші ғалымдар 

М.  Балақаев  пен  Ə.  Қайдаровтың,  биолог    Т.  Мұсақұловтың,  аудармашы 

Х.Рахимовтың  жарыс  сөздерін  қазақ  терминологиясының  даму  белестерін 

танытатын документ деп бағалаймыз. Сөйтіп біздің ғалымдар,мамандар қазақ 

терминологиясының  мəселелерін  одақтық  мəжілістер  талқысына  сала 

аларлық  дəрежеге  көтерілді  деп  айта  аламыз.  Бірақ,  өкінішке  қарай,  термин 

мəселесіне  деген  ықылас  үнемі  осы  деңгейде  бола  алған  жоқ.  Аталған 

мəжілістен  кейін  де  терминологияға  байланысты  одақтық,  аймақтық  кеңес, 

конференциялар  болып  өтті.  Оларға  қазақстандықтар  дəл  алғашқы  кеңеске 

қатысқандай  белсенділік  көрсете  алмады.  Соған  қарағанда,  қазақ 

терминологиясының  ғылыми  мəселелері 60-70 жылдары  азырақ  солғындап 

қалған  тəрізді.  Яғни  практикалық  мəні  бар  жұмыстар    (сөздік  түзу,  мақала 


 

51

жазу т.б.) тоқтап қалмағанмен, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіле 



қоймағанын  айтып отырмыз. 

Осы  алғашқы  кеңестен  бері  ширек  ғасырдан  аса  уақыт  өтіпті.  Сонда 

қабылданған  шешім  бұдан  былайғы  терминологиялық  жұмыстарға 

жолбасшы қызмет атқарғаны мəлім. Бүкілодақтық бұл мəжіліс материалдары 

1960 жылы «Вопросы терминологии» деген атпен  басылып шықты. 

Мамандардың 

бұл 

жолы 


терминологияның 

лингвистикалық   

мəселелеріне  назар  аудару  себебі  ғылым  мен  техниканың  тоқтаусыз  жəне 

жедел  қарқынмен  дамуын  тіл  материалымен  жабдықтап  отыру,  оған  төтеп 

беру қиындығында. Кейде термин жасау барысында оның тілдік жағына мəн 

берілмей,  асығыс  жасалғандарының  шалағайлығы  көрініп  тұрады.  Соған 

қарамастан  мұндай  терминдердің  біразы  қолданыс  дағдымызға  еніп, 

жағымсыз  дəстүрге  айналдыратындары  да  бар.  Терминология  мəселесінде 

кездесетін  мұндай  қайшылықтар  тиянақты  қарастыруды  талап  ететіндіктен 

де  тілшілер жаңадан термин жасау ісінен сырт қала алмайды. 

Сондай-ақ кірме сөздер проблемасының айналасында да, тек тілшілердің 

араласуын  тілейтін  мəселелер  жетерлік.  Сөздерді  қысқарту  арқылы 

(аббревиатура)  жасалып,  тілге  еніп  жатқан  терминдер  қаншама.  Қысқасы, 

терминологияның 

лингвистикалық 

проблемалары 

өте 

көп. 


Көңіл 

аударылмай,  зерттеу  жұмыстарына  объекті  бола  алмай  жатқан  мəселелер 

қаншама. Бұл кеңес, міне осы тектес мəселелерді күн тəртібіне алып шығып, 

істелуге тиісті шаруаның ауқымын əйгілеп берді. 

Терминологтардың  келесі  мəжілісі 1974 жылы (26-29 мартта ) тағы  да 

Ленинград  қаласында  өтті.  Бұл  жолы  түрлі  ғылыми  мекемелерге  қоса, 

ұйымдастырушылар қатарында «Совет энциклопедиясы » баспасы да болды. 

Сондай  –ақ, «Наука», «Русский  язык», «Воениздат», «Машиностроение» 

баспаларының қызметкерлері т.б. мекемелер өкілдері –жалпы саны 63 ұйым 

мен  мекеме  қатысты.  Қатысушылар  саны 232 адам.  Себебі  атаған  мерзім 

ішінде    терминологиялық  жұмыстар  жөнінде  біраз  тəжірибе  жинақталып, 

олардың ғылыми тұрғыдан бағасы беріле бастаған кезі еді бұл. Ол  пікірлер 



 

52

бірнеше кітап, жинақ  түрінде жарық  көрді. Сондай-ақ, Москва университеті 



ұйымдастырған  қазіргі  ғылым  жүйесіндегі  терминологияның  алатын  орны 

(1969),  ғылым,  терминология  жəне  информатика  тілінің  семиотикалық 

проблемалары (1971) деген мəселелерді сөз еткен симпозиумдарды да атауға 

болады.  Сөз  болып  отырған  еңбектерді  жəне    мəжіліс,  симпозиум 

материалдарына  қарағанда  мəселенің  өте,  кең  ауқымда,  бүкілодақтық 

дəрежеде  қойылып,  оның  нағыз  теориялық  проблемалары  қарастырыла 

бастағанын байқаймыз.  

А.Байтұрсынов,  Қ.Жұбановтардан  кейін  қазақ  терминологиясын  жүйелі 

түрде  зерттеп,  терминологияның  дамуына  үлес  қосқан  ғалым    Ө.Айтбаев 

болды.  Ө.Айтбаевтың 1988 жылы  «Қазақ  терминологиясының  дамуы  мен 

қалыптасуы»  деген  атпен  үлкен  еңбегі  жарық  көрді.  Осы  еңбекте  термин 

деген  сөздің  өзіне  түсінік  бере  отырып,  қазақ  терминологиясының  жасалу 

көздерін  көрсетеді.  Қазақ  терминдерін  жасауға  негіз  болған  қабаттар  араб-

парсы  тілінен  кірген  кірме  сөздер,  моңғол  тілінен  енген  кірме  сөздер,  орыс 

тілінен енген кірме сөздерге кең түрде тоқтап өткен.  

ХХ ғасырдың басындағы алуан түрлі тарихи оқиғалар,  саяси өзгерістер 

өмірге түрлі жаңалық əкелді. Азғана уақты өмір сүруіне қарамастан «Айқап» 

журналы  да  қазақтың  жазба  əдеби  тілін  қалыптастыруда,  жалпыхалықтық 

тілдің кейбір стильдік тармақтарын қалыптастыруда, оның терминологиялық 

лексикасын жасауда орасан зор қызмет атқардығын айтып өтеді. 

Ө.Айтбаев  осы  еңбегінде  жазу  мен  терминологияға  тоқтап  өтіп,  араб 

альфавитіне  негізделген  жазу  жəне  термин  жасау  мəселесі, 1917 жылға 

дейінгі  қазақ  жазуы,  латын  əрпіне  негізделген  жазу  жəне  термин  жасау 

мəселесі,  орыс  графикасына  негізделген  қазіргі  жазу  жəне  термин  реттеу 

мəселелеріне ерекше зерттеу жүргізген. 

Қазақ терминологиясының дамуы осы зерттеулермен тоқтап қалған жоқ. 

Қоғамдағы  болып  жатқан  өзгерістер  жəне  тəуелсіздігімізді  алғаннан  кейін 

қазақ тілінің лексикасындағы саны əдеуір дəрежеде артты.     




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет