Арендердің алғашқы табылған мүшелерінің өздеріне тән жағымды иістері болғандықтан, оларды ароматты көмірсутектер деп те атайды.
Арендер-молекулаларының құрамында бензол сақинасы бар жалпы формуласы CnH2n-6 карбоциклді көмірсутектер.
Арендердің ең қарапайым мүшесі-бензол С6Н6.
«Молекула құрамындағы көміртектің алты атомы цикл жасап тұйықталады және олар өзара қос байланыс пен дара байланыс арқылы кезектесіп жалғасады» деп бензолдың құрылымдық формуласын ең алғаш неміс ғалымы А.Кекуле ұсынды(1865).
«Молекула құрамындағы көміртектің алты атомы цикл жасап тұйықталады және олар өзара қос байланыс пен дара байланыс арқылы кезектесіп жалғасады» деп бензолдың құрылымдық формуласын ең алғаш неміс ғалымы А.Кекуле ұсынды(1865).
Бензолдың көміртек атомдары ұқсас, электрон тығыздығы бірдей бөлінген, көміртек атомдарының арақашықтықтары өзара тең(0,140нм). sp2 гибридтенген күйде болады.Байланыс энергиясы-490кДж∕моль-ге тең. Байланыс бұрышы 120˚.
Егер бензол молекуласының екі сутек атомы радикалдарға алмасқан болса, онда бензолды орто-, мета-, пара- туындылары түзіледі.
Алынуы
1.Таскөмір шайыры мен мұнайды фракциялап айдап алады. Мұнайды өңдегенде және кокстегенде түзілетін газдарды синтездеу арқылы да алынады.
2.Сәйкес алкандарды өршіткі қатысында ароматтап дегидрлегенде бензол мен оның туындылары түзілетінін білесіңдер:
С6Н14→С6Н6+4Н2
3.Циклогексан мен оның гомологтарын дегидрлеп алады. Н. Д. Зелинский мұнайдың құрамындағы циклогександы Pt, Pd өршіткілері қатысында 300˚С температурады дегидрлеп бензолды алды:
С6Н12→С6Н6+3Н2
4.Ацетиленді белсендірілген көмір қатысында қыздырып бензол алуға болады:
3С2Н2→ С6Н6
Арендердің бастапқы мүшелерінің өздеріне тән иісі бар, олар суда ерімейтін, судан жеңіл сұйық заттар. Бензол улы.
Арендер орынбасу, қосылу, тотығу реакцияларына түседі.
Арендер орынбасу, қосылу, тотығу реакцияларына түседі.
Орынбасу реакциялары:
1.Галогендермен:
С6Н6+Br2→ С6Н5Br+HBr
2.Нитрленуі:
С6Н6+HONO2→ С6Н5−NO2+H2O
3.Бензол гомологтары бензолға қарағанда орынбасу реакцияларына оңай түседі.Мысалы, толуолды азот қышқылымен әрекеттескенде, 2,4,6-тринитротолуол түзіледі. Ол тротил, тол, ТНТ деп те аталады.
Қосылу реакциялары:
4.Гидрленуі: . Ni,Pt,Pd өршіткілері қатысында
С6Н6+3Н2→ С6Н12
5.Галогенді қосып алуы. Ультра күлгін сәулелер әсерінен жүреді.
С6Н6+3Сl2→ С6Н6Cl6
Тотығу реакциялары:
6.Бензолдың гомологтары біркелкі оңай тотығады. Калий перманганаты ерітіндісін құйып қыздырса,ертінді түссізденеді.Метил тобы карбоксил тобына айналып, бензол қышқылы түзіледі.
С6Н5−СН3→ С6Н5−СООН+Н2О
Химиялық қасиеттері
1.Бензолдың құрылымдық формуласын кім ашты?
1.Бензолдың құрылымдық формуласын кім ашты?
А. Ломоносов В. Дальтон С.Кекуле Д.Вюрц Е. Зелинский
2. Циклогександы дегидрлеп бензол алған ғалым?
А. Ломоносов В. Дальтон С.Кекуле Д.Вюрц Е. Зелинский
3. Галогенді қосып алу ... қатысында жүреді:
А.өршіткі В.температура С.ультракүлгін сәулелер Д.қалыпты жағдайда Е. Ni,Pt,Pd өршіткілері
4. Сәйкес алкандарды ... қатысында ароматтап дегидрлегенде бензол мен оның туындылары түзіледі:
А.өршіткі В.температура С.ультракүлгін сәулелер Д.қалыпты жағдайда Е. Ni,Pt,Pd өршіткілері