Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2


МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



Pdf көрінісі
бет39/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94
Байланысты:
Арт-терапия м мкіндіктері о у- дістемелік рал Орал, 2016 2

МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 
 
Музыкалық  терапия  –  ақыл  ой-мен  эмоциялық  әрекетке 
байланысты ауруларды ғасырлар бойы анықталған емдеудің түрі. 
Музыканың  емдік  күші  ежелгі  түріктерге,  египеттіктерге, 
индустарға, қытайларға, парсы, гректерге мәлім болған. Пифагор 
көптеген  ауруларды  өзі  шығарған  музыкамен  емдеген. 
Пифагорлықтар  күннің  шығысын,  батысын  әнмен  бастаған. 
Таңертеңгі  ән  миды  оятып,  сергітуге,  күні  бойғы  жұмысқа 
дайындайды,  кешкі  ән  демалуға,  ұйқыға  арналады.  Мыңдаған 
жылдар бойы аналар балаларын бесік жырын айтып ұйықтатады. 
Ұйқысыздық  ауруына  шалдыққан  граф  Кастзерлинг  (Россядағы 
посол)  өзінің  пианисті  Иоганн  Гольдбергты  шақыртып,  И.С. 
Бахтың  шығармаларынан  ойнатып  барып  қана  тәтті  ұйқыға 
батады  екен.  И.С.  Бахқа  риза  болғаны  соншалық  оған  граф 
салмағы өте ауыр алтын бұйым силайды.  Музыкада  бірлестіктің 
(біріктірудің)  қуатты  күші  бар.  Ұлы  скрипкашы  И.Менухин: 
музыка  аласапыранды үйлесімділікке айналдырады; ырғақ  қалай 
барлық  элементті  біртұтастыққа  әкеліп  жинаса,  әуен  жеке 
фразаларды  біріктіреді,  ал  үйлесімділік  біріктірілмейтінді 
біріктіреді.Аласапыран, яғни ешқандай жүйесіз белгілі тәртіппен 
орналаспаған 
үйлесімділікке, 
айғай-шу 
әуенге, 
сазға 
алмастырылған  кезде,  және  біз  осы  музыка  арқылы 
математикалық 
тепе-теңдіктердің 
негізінде 
қалыптасқан 
табиғаттың  жоғарғы  тәртіптегі  заңдылықтармен  ұштасқан  кезде 
кәдімгі  қарапайым  музыкалық  қайталану  өзіне  белгілі  бір  бағыт 
алады,  оның  шексіз  көбейетін  элементтері  күш  алады,  ал 
кездейсоқ  ассоциациялар  (құрама,  одақ)  белгілі  бір  мақсатқа  ие 
болады.  Жаңа  заман  оқу  әдістемесі  әр  түрлі  музыкалық 
элементтерді  қолдануды  қарастырады.  Мысалы:  барокко 
дәуірінің  музыкасы  мәліметтерді  қабылдау  және  меңгеру 
барысында  ақыл-ой  қабілетін  күшейтеді.  Осы  әдістемемен 
оқитын  студенттер  шет  тілін  бар  жоғы  екі  ақ  айда  меңгеріп 
алады,  әрі  оқу  процесінен  рахат  алады.  Шейла  Острандер  және 
Менн  Игредер  «Найлучшее  обучение»  деген  кітабында 
суггестология  ,  софлогия,  аутогеник  а  тәсілдері  туралы  жазады. 
Музыканың  сенімнің  және  ырғақтық  тыныстың  үндестігі 


60 
 
оқытушының 
дауысындағы 
әр 
түрлі 
интонациялармен 
қолданылады.  Өйткені  бұл  тәсіл  оқушыларды  локсациялық 
жиналу (концентрация) күйіне енгізеді. Осындай тәсіл мидың сол 
және  оң  жартышарлардың  қосымша  жұмыс  істеуіне  әкеп 
соқтырады  және  санаасты  сезімдердің  арақатынастардың  жаңа 
мүмкіншілігін ашады. Музыка позитивтік сеніммен (сендірумен) 
қатар  жан  мен  рухтың  бірігуіне  ықпал  етеді.  Оқу  барысында 
пайда  болатын  шаршау  мен  жағымсыз  сезімдерден  арылтады, 
бағыт-бағдарлы 
іс-әрекеттерді 
атқаруына 
ықпал 
етеді. 
Зерттеушілердің  байқауы  бойынша  Бах,  Вивальди,  Темман, 
Корелли,  Гендельдердің  баяу  пассаждық  шығармаларының 
ырғақтық  қасиеттері  қан  тамырының  соғысын  баяулатады, 
адамды  босаңсытып,  оның  сана-сезімін  үйлесімділік  күйге 
әкеледі. Осылайша адам  шаршаудан  арылады.  Осы жаңа  әдістер 
оқушыларды  еркін  тәрбиелеу  мен  тиімді  оқытудың  қомақты 
бөлшегі болып табылады. Олар босаңсыту, жинақыландыру және 
барынша  ықыластарын  арттыру  (музыкаға  деген  көңілін 
арттыру).  Осындай  музыканың  ырғақтық  мүмкіншіліктерін 
пайдалану әдістері тіл үйрену, спортшыларды жаттықтыру, қатты 
аурудан  (остр  боль)  айықтыру  барысында  қолданады.  Атақты 
поляк  пианисті  Артур  Рубинштейн  жас  кезінде  өзінің  бірінші 
концерттік турнесіне (айналып сапар шегу) Америкаға аттанады. 
Бірнеше  ұйқысыз  түндерден  және  теңіз  ауыруының  бірнеше 
приступынан  (дерт  қозу)  кейін  жоғарғы  палубаға  бой  жазып, 
серуендеп  келу  үшін  Рубинштейн  қапырық,  тыншу  каютадан 
шығып  кетті.  Серуен  алаңына  шығытын  есік  жабық  болып 
шоықты да ол біраз пианино ойнамақ болып салонға өтті. Ойын 
барысында  ол  өзінің  тынысының  музыкалық  ырғаққа  үндесіп, 
кеменің  шайқалуынан  қозған  аурудың  бірте-бірте  кете 
бастағанын  байқады.  Бұл  жаңалығана  әбден  сену  үшін  ол 
салоннан  шықпастан  ойынын  жалғастыра  берді.  Көп  кешікпей 
теңіз  шайқалысынан  қорлық  көрген  жолаушылардың  барлығы 
Рубинштейн  ойынын  есту  үшін  музыкалық  салонға  жиналады. 
Олардың  барлығына  сезім  әуен  біркелкі  әсер  етті.  Әуен  естіген 
жолаушылардың холдері жақсара бастады. 
Музыкалық  психология  жас  ғылым  делінгенмен,  оның 
қайнар  көзі  ертеде  деп  жоғарыда  айтылды.  Сол  кездің  өзінде  ақ 


61 
 
музыканың  тірі  жанның,  тіршіліктің  сезіміне,  көңіл-күйіне  әсер 
ететіндігін  білген.  Антикалық  (көне)  аңыздар  мен  мифтерден 
музыкалық  терапияны  қолдану  туралы  көптеген  мысалдар 
келтіруге  болады.  Ежелгі  грецияда  бұл  Апполон  өнер 
қорғаушысы  (покровитель),  жақтаушысы  мен  оның  ұлы 
Аскеплия 
емдеуді 
жақтаушы 
есімдерімен 
байланысты. 
Музыканың  адамға  әсері  негізінде  ежелгі  гректер  ладтарды 
былайша бөлді: 
1. 
фригийлік – ынтықтыратын, жігерлендіретін; 
2. 
медийлік – қайғы-мұңға батыру; 
3. 
дорийлік – қатал, сұрапыл. 
4. 
эолийлік. 
Философтар 
музыкалық 
шығармалардың 
медицинаға 
пайдалылығын  зерттеп,  классификациялады.  Атақты  Гиппократ 
ауруларға музыкатерапия курсын белгілеген. Ибн Сина жақсы ән 
аурудың қозуын  бәсеңсітіп, оның  ойын бөліп,  тіпті тәтті ұйқыға 
да  батырады  дейді.  Европалық  медицинада  музыканың  емдік 
факторына  ерекше  көңіл  бөлінді.  ХІІІ  ғ  ауруханаларда  арнайы 
музыка қолдану арқылы емдеуге жеке бөлмелер бөлген. 
ХХ  ғ  екінші  дүние  жүзілік  соғыстан  кейін  осы  сала  кеңінен 
дами  бастады.  Англияда  Ж.  Альвин  Музыкалық  терапия  мен 
емдік музыка қоғамын құрады. Венада «музыка және медицина» 
атты  симпозиум  өтті.  АҚШ  музыка  мен  медицина  арсындағы 
қарым-қатынасты  зерттейтін  комитет  құрды.  Музыканы 
хирургияда,  кардиологияда,  акушерлікте,  стомотологияда, 
нервтік психикалық ауруларды емдеуде қолданады. 
  Ресейде  музыкалық  терапияның  анықталуы  мен  дамуы 
И.Догель,  И.Тарханов,  В.Мострицкий,  Ц.Спиртов  сияқты  ірі 
ғалымдардың есімімен байланысты. 
Музыкальная  жизнь  (№4  1991)  журналында  «Исцеление 
музыкой» деген Д.Левипаның статьясынан үзінді келтірейік. 
Москвадағы 
№ 

мектеп 
санаториясындағы 
психоневрологиялық  аурумен  ауыратын  балаларға  музыканы 
емдік  фактор  ретінде  қолдануға  мүмкіндік  туды.  Мұнда  туа 
қалыптасқан  травма,  инфекциялық  аурулардан,  ауыр  тұрмыс 
салдарынан  психика  жүйесі  бұзылған  300-дей  оқушы  бар. 
Балаларда ұйқының бұзылуы, үнемі бас ауру, тез шаршау сияқты 


62 
 
сиптомдар  тән.  1965  жылдан  бастап  мен  олармен  музыкалық 
терапия 
сеансын 
жүргізе 
бастадым. 
Дәрігерлердің 
ұсыныстарымен  балалардың  талғамын  ескере  отырып,  бірдей 
жасарлықтағы  10-12  адамнан  тұратын  топ  ұйымдастырдым. 
Сеанс  аптасына  2  рет  түскі  астан  кейін  дүйсенбі  және  жұма 
күндері  өтті.  Яғни,  аптаның  басында,  балалардың  апта  бойғы 
еңбегіне  дайындық  ретінде  ал  аптаның  соңына  олар  шаршаған, 
еңбек  ету  қабілеті  төмендеген  кезде,  ойы  үйіне  қайтуға  елеңдеп 
тұруына  байланысты  өтті.  Сабақ  20-30  мин.  тұрады.  Сеанстың 
нәтижелі  болуы  дұрыс  таңдалған  музыкалық  материалға  және 
ретіне  байланысты.  Бетховен,  Бах,  Шопен,  Григ,Шуберт, 
Моцарт,Чайковский,  Грибоедовтердің  шығармалар  жинағынан 
тұратын 11 программа құрылды. 
Музыкалық  терапия  сеансына  қатысатын  балаларға  дәрі-
дәрмек  мөлшері  азайды,  тәрбиешілер  баланың  тәртібінде  бір-
біріне  деген  қамқорлық  пайда  болғанын,  шыдамдылық  таныта 
бастағанын  байқады.  Оның  математика,  орыс  тілі  сияқты  қиын 
сабақтарға  зейіні  артты;  сабақты  бұрынғыдан  жақсырақ 
меңгеретін  болды.  Сеанс  барысында  педагогтың  сөзі,  даусының 
күші, интонациясы, сондай ақ музыка маңызды. 
Екінші  статья  «Скажите  доктору»  «А-а-а»  (Журнал  «Не 
может  быть»  №  3,  1993).  Физикадан  дыбыс-вибрация  екені 
белгілі. Біз вибрацияны тек құлағымызбен емес, бүкіл денемізбен 
қабылдаймыз.  Әйнекті  пышақпен  тырнағанда  шығатын  дыбыс 
өте  жағымсыз.  Ғалымдар  бұны  апатты  ескертетін  маймылдың 
дауысына  ұқсас  екенін  дәлелдеген.  (вибрация-ішкі  ырғақпен 
үйлеспейді). Ал егер вибрация ішкі ырғақпен үйлесетін болса, ол 
шынында  да  адамдарға  жағады.  Мысалы:  ән  айтатындардың 
гландылары тезірек жазылады. Бірақ барлық адамның қолынан ән 
айту  келе  бермейді.  Еж.  Индустар  ән  айтуды  күліп  тұрып 
дауысты  дыбыстарды  айтумен  теңестіреді.  «И-и-и»  деп  ұзақ, 
біркелкі,  бір  тыныста,  бір  биіктікте  айтылса  ми  жақсы  жұмыс 
істейді,  бүйрек  қызметі  жақсарады;  «Э-э-э»  -ішек  құрылысына 
әсер етеді; «А-а-а» — жұтқыншақ пен көмейге массаж; «О-о-о»- 
кеуденің орта бөлігін қалыпқа келтіреді;  «О-и-о-и-о-и»- жүрекке 
массаж  ретінде,  бұл  жаттығуларды  күні  бір  рет  3-4  рет 
қайталаумен жасауға болады. 


63 
 
Музыкалық  психология-музыканың  адамға  әсер  етуін 
зерттейтін  өнер  психологиясының  бір  саласы.  Музыкалық 
психология  музыкалық  қабілеттің,  музыка  жазу,  орындау, 
қабылдау  және  музыкаға  оқып  үйренудің  психологиялық 
механизмінің;  музыканы  көпшіліктік  қатынаста  қолданудың 
(концерт,  спектакль,  кино);  жұмыс  өнімділігіндегі  музыкалық 
әсердің,  музыканың  адамға  есемдік  әсерінің  (муз.  терапия); 
музыканттың  кәсіптік  шеберлігінің  (профессионалдығының) 
артистік  қасиетінің  көрерменге  әсері  ,көрерменмен  байланысы, 
қарым-қатынасы  (общение  с  публикой)  жасөспірімдердің 
қалыптасуындағы 
эстетикалық, 
өнегелік, 
тәрбиелік 
маңыздарының,  жеке  адамның  творчествалық  потенциалының 
жоғарлауындағы музыка әсерінің қалыптасуындағы, дамуындағы 
,анықталуындағы  мәселелерді  зерттейді.  Музыкалық  әрекеттің 
(муз. ой деятельности) психологиясы музыкалық психологияның 
бір бағыты болып саналады. Ол музыканы тыңдай білу, орындай 
білу және жаза білуді қарастырады. Музыкалық психология білім 
саласы ретінде 19 ғасырдың ортасынан басталып жеке, өз алдына 
дербес  ғылым  болып  бөлініп  шықты.  Бастапқыда  ғалымдар 
дыбыстың жеке қасиеттерін (высоты, тебра, громкости) және есту 
мүшелерінің  күрделі  психологиялық  құбылыс  деп  зерттеп 
бастаған.  Зерттеулердің  болымды  нәтижесі  сезім  мүшелерінің 
қызметінің  әр  түрлі  физикалық  объект  арқылы  әсер  етуінің 
объективті (ақиқатты әділ)мәліметті анықтауы болды.  
Гигиена  дәрігерлері  мен  экологтар  адам  жанын  бірте-бірте 
қажытатын  зиянның  ең  бастыларының  бірі  түрлі  дыбыстар  деп 
есептейді.  Ол  негізінен,  айқай-шу,  автокөліктің  гүрілі, 
музыканың  қатты  дауысы,  желі,  құбырлардың  сан  алуан 
толқынды  дыбысы,  үй  техникаларының  ызыңы,  мезгілсіз 
уақыттағы  үй  жануарларының  дауысы  және  тағы  да  басқасы. 
Алайда  дыбыстың  бәрі  зиянды  емес.  Онымен  адам  жанын 
сауықтыруға,  иммунитетін  нығаутуға  да  болады.  Бұлар: 
музыканың  әдемі  ырғағы,  табиғат  аясындағы  тіршіліктің  (аң, 
құстың  үні,  судың  сылдыры,  тал,  ағаш  жапырақтарының 
сыбдыры,  сарқыраманың  гүрілі,  балықтардың  шолпылы 
дегендей)  таңғажайып  үні  және  адамның  әр  ағзасын 
сауықтыратын қуатты тербелістегі өзіндік дыбыстар.  


64 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет