Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2


МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет40/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   94
МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
«Айқай-шу шектен шықпасын» 
Адамның  басынан  шу  кетпесе,  есту  қабілеті  төмендеп, 
күндердің  күнінде  ауыр  еститін,  тіпті,  саңырау  болып  қалатын  да 
кездері көп, дейді дәрігерлер. Кез-келген кісінің ұйқысының қашуы, 
басының  айналып,  жүйкесінің  тозуы,  ашушаң  болуы  да  жағымсыз 
айқай-шудан  екен.  Медициналық  сараптама  деректеріне  назар 
аударсақ,  жүйкесі  шаршап,  ауырған  адамдардың  тең  жартысының 
сырқатына  кінәлі  ұзақ  уақыт  бойы  миын  жеген  бастағы  шу.  Олай 
болса, ең бірінші әркімнің өз алтын шаңырағы-үйіндегі айқай-шуды, 
жағымсыз  барлық  дыбыстарды  мейілінше  азайтқан  жөн.  Біз  енді 
адам  ағзасына  дыбыстың  қандай  түрі,  мөлшері  зиянды,  залалсыз 
соған тоқталсақ. 
1. Санитарлық талап бойынша, тұрғын үйдегі шу түнде 20-30, 
күндіз 40 децибалдан аспауға тиісті. 
2.  Әлсін-әлсін  қайталана  беретін  екпінді  соққының  (қалада 
көп  қабатты  үлкен  үйдің  іргетасы  үшін  сына  қағу  тәрізді 
соққының) дабылы тұрақты шудан да өте зиянды. 
3.  Шу  мөлшері  117  децибалдан  асса  қандай  әсері  болады? 
Онда бір жарым сағаттан соң реактивті двигательдерді сынайтын 
сынақшының  да  жүйкесі  сыр  береді:  ашушаңдық  танытады, 
қатты  шаршайды,  кірпіктері  тартып,  саусақтары  қалтырап 
мазасызданады. 
4.  140  децибалдан  асқан  шу  адамның  орта  және  ішкі 
құлақтарын зақымдап, саңырау етеді. 
5.  Жиілігі  4  мың  гилогерцтен  асатын  қазіргі  рок  топтары 
музыкасының залалы бәрінен де адамға өте айрықша. 
6. Керісіншіе, нәп-нәзік ойланатын классикалық әуен дыбысы 
адамның есту қабілетін жаттықтырып, жақсарта түседі. 
7. Өндіріс орынындағы шу 80 децибалдан асса, залалды. 
8.  Қысқа  мерзімді  кейбір  шулар  адамға  залалсыз  саналады. 
Олар:  адамның  орта  дауыспен  сөйлеуі  (60-70  децибал 
шамасында), 
теледидардың 
орташа 
дыбысы 
(70-80), 
шаңсорғыштың дыбысы (70-80 децибал). 
9.  Алайда  үйдегі  техникалардың  тұрақты  шуы  зиянды.    
Ғалымдардың 
анықтауынша, 
үйдегі 
шудың 
80 
пайызы 
радиоэлектроникалық  аспаптардың  үлесінде.  Үйдегі  телевизор, 


65 
 
музыкалық  орталық,  шаңсорғыш,  компьютер  басқа  да  құрал-
саймандар  (бозалатаңнан  дырылдайтын  шаш  кептіргіш)  үнемі  іске 
қосылатындықтан, олар әсіресе, сенбі, жексенбі күндері миыңды су 
етіп жіберердей кері әсер етеді. Әрбір үйдегі радионүктелер бұрын 
60-85  децибалға  дейін  дыбыс  шығаратын.  Қазіргі  бес  колонкадан 
тұратын  акустикалық  жүйелі  дауыс  зорайтқыш  кемінде  100-120 
децибалға  дейін  қатты  дыбыс  шығара  алады.  Ол  реактивті 
двигательдің  дауысына  пара-пар.  Мұндай  шу  үйіңді  азан-қазан 
қылып тұрғанда басыңның ауырмауы мүмкін бе? 
10. Дәрігерлер африко-американдықтардың поп-музыкасын ұзақ 
уақыт  тыңдаудың  да  зиянды  екендігін  ескертеді.  Бұл  әуен  оларға 
жаққанымен  басқа  нәсілді  адамдарға  жаға қоймайды.  Американдық 
нейрохирургтер мұны «Әуендік токсикоз» деп атайды. 
11.  Үйде  жас  бала,  жүкті  әйел,  сырқат  адам  бар  болса, 
музыкалық  аспаптарды,  теледидарды  қатты  қоюға,  айқай-шу 
шығаруға  мүлдем  болмайды.  Мұндай  үйде  бапты  да  байыпты, 
жағымды дыбыстағы әуенді тыңдау қажет. 
12.  Шу  естілетін  қабырғаны  оны  басатын  материалмен 
қаптаған  немесе  оған  кілем  ілген  оңды.  Санитарлық  стансада 
дыбыс  өлшейтін  арнайы  аспап  бар.  Көршіңіз  меломан  болса, 
сондай аспаппен оны өлшеп, шағындауыңызға болады. 
13. Үйдегі шуды ретке келтіру-жақсы тынығу, жүйкені азып-
тозудан  сақтау.  Жаңа  баспана  алғанда,  үйіңізді  жөнедегенде 
осыны еске алыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет