Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2



Pdf көрінісі
бет7/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94
Байланысты:
Арт-терапия м мкіндіктері о у- дістемелік рал Орал, 2016 2

Психотерапия-
ның салалары
 
Арт-терапия 
     
Логотерапия 
Музыкалық 
терапия 
Гештальттера-
пия 
 


11 
 
ұзақтығын  анықтайды.  Психолог  студентті  қандай  эмоциялық 
қалыптан  шығарып,  қандай  эмоциялық  қалыпқа  әкелу  керек 
екендігін  анықтайды.  Музыкант  қойылған  міндеттерге  сәйкес 
музыкалық  материалды  іріктеп  алады,  одан  кейін  оның 
қолданлуын  қадағалайды.  Тек  осыдан  кейін  ғана  келесі  кезең  – 
педагогика  және  психология  әдістерімен  музыканың  адам 
ағзасына  тиімділігін  тексеріп,  музыкалық  материал  мен  оны 
берудің  тәсілдерін  түзетуге  көшуге  болады.  Нақ  осы  жерде 
педагогтың, 
психологтың, 
психофизиологтың, 
музыка 
маманының 
тығыз 
байланысы 
қажет. 
Олар 
бірқатар 
педагогикалық,  психологиялық  және  психофизиологиялық 
зерттеулер  көмегімен  ықпал  етудің  тиімділігін  анықтайды. 
Психотерапияда  музыкалық  шығармаларды  қолдану  кезеңмен 
жүзеге асырылады. 
Бірінші  кезеңнің  басты  міндеті  жоғарыда  айтылып  өткендей 
студент  қандай  эмоциялық  қалыптан  шығарылып  қандай 
эмоциялық  қалыпқа  әкелу  керек  екендігін  анықтау  болып 
табылады.  Бұл  жерде  психикалып  қалыптар  адамның  нақты  іс-
әрекетімен  байланысты  болатыны  басшылыққа  алынады. 
Мысалы,  студенттердің  емтихан  тапсыруы  әдетте  психикалық 
кернеулікке,  ал  күрделі  лекциялық  материалды  қабылдауы 
күрделі  психикалық  болдыруға  әкелетіні  белгілі.  Осы  жерде 
С.Л.Рубинштейннің  барлық  сыртқы  әсерлердің  ішкі  жағдайлар 
арқылы  әсер  ететіні  жайлы  классикалық  формуласын  есте 
сақтаған  жөн.  Емтихан  тапсыру  жағдайы  әр  студентте  түрліше 
әсер  етеді,  олар  психикалық  кернеуліктің  әр  түрлі  формасын 
көрсетеді.  Сондықтан  да  эмоциялық  қалыптарды  жайлы  сөз 
қозғағанда студенттердің дербес ерекшеліктерін ескеру міндетті. 
Бірінші кезең тек оқу іс-әрекетін психологиялық талдаумен қатар 
студенттердің дербес ерекшеліктерін зерттеуге арналу керек. 
Музыканы  психотерапия  әдісі  ретінде  қолданудың  ең  дұрыс 
нұсқасы  әр  адамға  жеке  тұрғыдан  ықпал  жасу  болып  табылады. 
Әрине,  жоғары  оқу  орнының  қазіргі  жағдайында  бұл  қиынға 
соғады. 
Техникалық 
құралдардың 
болмауы 
музыкалық 
материалды  қабылдауды  қиындатады.  Бұл  жағдайда  ең  аз 
болғанда  студенттік  топтың  әлеуметтік-психологиялық,  кәсіби, 


12 
 
ұлттық,  жыныстық,  жас  ерекшелік,  тұлғалық  ерекшеліктерін 
басшылыққа аламыз. 
Музыкалық  материалды  іріктеу  барысында  оның  бастапқы 
психоэмоциялық  қалыптан  қалаған  қалыпқа  баяу  көшіру 
керектігін  ұмытпау  қажет.  Егер,  мысалы  психоэмоциялық 
кернеулікті  жою  қажет  болса  басында  қобалжулы,  толқымалы 
болып  келіп  біртіндеп  тыныштану  эмоциясына  көшетін 
музыканы  таңдап  алу  қажет.  Музыканың  тыңдаушының 
эмоциялық қалпын алып жүру маңызды. 
Психикалық  процестері  жәй  жылдамдықпен  жүретін 
студенттер  үшін  эмоциялық  мазмұны  біртіндеп,  баяу  өзгеретін 
музыканы  таңдап  алынады.  Онда  музыканың  дыбысталуы 
салыстырмалы түрде ұзаұ болады. Себебі қысқа уақытта инертті 
адамның  психоэмоциялық  қалпын  өзгерту  мүмкін  емес.  Ал  өте 
эмоциялы  және  психикалық  процестері  жылдам  жүретін  қысқа 
уақытта  эмоциялық  мазмұны  тез  өзгеретін  музыканы  таңдап 
алған жөн. 
Осылайша  психикалық  процестердің  дербес  ерекшеліктері 
мен  студенттердің  эмоциялық  деңгейі  туралы  мәліметтер 
маманға  музыкалық  материалдың  динамикасы  мен  уақытын 
талдауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет