Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2



Pdf көрінісі
бет9/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94
Бірінші  тәсіл  терапияны  жүргізуші  маман  әлемдік 
музыкалық  әдебиеттерден  біліміне  сүйеніп  және  музыканың 
эмоциялық мазмұнын қабылдау критерийлерін басшылыққа алып 
қойылған  міндетке  сай  музыканы  іріктейді.  Мұнда  ұжымдық 
сараптама (ашық талқылау немесе сауалнама арқылы) жасаудың 
маңызы зор. 
Екінші  тәсіл  музыка  маманы  музыкалық  шығарманың 
эмоциялық  мазмұнының  сипаттамасын  алдын-ала  дайындайды. 
Нақтырақ айтқанда қандай музыка терапияға қолданылуы мүмкін 
екендігін  бағдарлайды.  Одан  кейін  шығармалар  тізімінен 
қойылған міндеттерге сай материал іріктелініп алынады. 
Жалпы  терапияға  қажетті  музыкалық  шығармалардың 
эмоциялық  мазмұнына  сипаттама  жасау  өте  күрделі  екендігі 
белгілі.  Бұл  жерде  кедергі  болатын  нәрсе  эмоциялардың  егжей-


15 
 
тегжейлі  жіктемесінің  болмауы.  Әзірше,  тәжірибеде  қолдануға 
бірінші тәсіл қолайлы болып табылады. 
Үшінші  кезең.  Оқу-тәрбие  үдерісінде  музыкалық  терапияны 
пайдаланудың  келесі  мәселесі  музыкалық  материалдардың 
тиімділігін  тексеру  болып  табылады.  Бұл  жерде  ықпал  ету 
тиімділігін бағалау критерийлерін анықтау мәселесі туындайды. 
Мысалы,  өндірісте  музыканың  әсерінің  тиімділігін  бағалау 
еңбек  өнімділігінің  өсу  дәрежесімен  өлшеніледі,  яғни 
шығарылған  өнімнің  саны  және  сапасымен.  Ал  жоғары  оқу 
орнында студенттің оқу іс-әрекетінің өнімділік дәрежесін есептеу 
қиынға  соғады.  Ең  сенімді  бағалау  критерийі  болып  музыканың 
ықпалымен қалыптасқан тұлға құрылымындағы түрлі деңгейдегі 
оң өзгерістер болып табылады. Бұл жерде ерекше атап өту керек 
музыка тұлғаның бүкіл иерархиялық деңгейлеріне әсер етеді. Тек 
ағзаның  физиологиялық  қалпын  реттейді  деген  жаңсақ  пікір 
болмауы  қажет.  Мұнымен  қатар  тұлғалық  және  әлеуметтік-
психологиялық деңгейлерге де әсері күшті болады. 
Мысалға  терапияға  арналған  бес  минуттық  музыканың 
психофизиологиялық  және  психикалық  қалыптар  деңгейлерінде 
әсерінің тиімділігін алуға болады. Әдіснамалық тұрғыдан осылай 
әсер етудің тиімділігін зерттеу дұрыс емес. Себебі, бес минуттың 
ішінде  адамның  тұлғалық  және  әлеуметтік  қасиеттерін  өзгерту 
мүмкін  емес.  Тұлға  құрылымының  жоғары  деңгейлерінде 
нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  айлар  бойы,  тіпті  жылдап  тұрақты 
музыкалық әсер ету қажет. 
Эксперимент  жұмыстарына  "Гуманитарлық-педагогикалық" 
институты  "Педагогика  және  психология"  мамандығының 
студенттері  (80    студент)  қатысты.  Эксперимент    жұмысы  екі 
бағыттан тұрды: 
1. 
Психофизиологиялық  кернеулікті  жоюға  бағытталған 
эксперимент жұмыстары. 
2. 
Шығармашылық  ойлауды  дамытуға  арналған  тренинг 
сабақтары. 
Эксперимент  жұмысының  бірінші  бағыты  бойынша  зерттеу 
жұмыстары үш кезеңнен тұрды: 
1 кезең. Музыкалық материалдарды іріктеу үшін ақпарат алу. 
Бұл кезең мына төмендегілерден тұрды : 


16 
 
а)  оқу  іс-әрекетін  психологиялық  талдау.  Оқу  іс-әрекетінің 
ықпалымен  қалыптасатын  және  оған  қолайлы  болып  табылатын 
психикалық қалыптарды анықтау
б) студенттердің дербес ерекшеліктерін зерттеу
в)  музыканың  тұлға  құрылымының  барлық  деңгейлеріне 
ықпалын есепке алу. 
2  кезең.  Музыка  терапиясына  пайдаланатын  музыкалық 
материалды  іріктеу.  Бұл  міндетті  шешуде  төмендегілерді  ескеру 
маңызды: 
а)  музыкалық  материалды  оқу-іс-әрекетін  психологиялық 
талдау  және  студенттердің  дербес  ерекшеліктерін  зерттеу 
негізінде жүзеге асыру; 
б)  функциялық  музыка  ретінде  көп  жағдайда  классикалық 
музыка шығармаларын пайдалану; 
в)  музыканы  алғаш  рет  тыңдатқан  кезде  студенттерге  таныс 
емес немесе аз таныс музыкалық материалды алу
г)  адам  психикалық  қалпының  инерциясы  факторын  ескеру. 
Сондықтан да адамның бастапқы эмоциялық қалпынан шығарып 
қалаған қалыпқа біртіндеп әкелетін музыканы іріктеп алу. 
3  кезең.  Музыкалық  материалдың  ықпалын  анықтау  және 
коррекциялау.  Бұл  міндеттерді  шешуде  мына  төмендегілерге 
назар аударылды: 
а)  музыканың  тиімділігін  бағалау  крийтерийлері  тұлға 
құрылымындағы 
әлеуметтік-психологиялық, 
тұлғалық 
деңгейлердегі, 
психикалық 
процестер 
мен 
қалыптар, 
психофизиологиялық деңгейлердегі оң өзгерістер
б)  музыканың  тиімділігін  бағалау  әдістерін  таңдаған  кезде 
тұлға  құрылымының  әр  түрлі  деңгейінде  болатын  процестердің 
жиілік  жыламдығының,  әсіресе  музыканың  әсер  ету  уақытын 
ескеру қажет. 
Психотерапияның  бір  бөлігі  бола  отырып  музыкатерапия 
қазіргі кезеңде бірнеше тәуелсіз топтарға бөлінді. Е.Галинсканың 
жіктемесі  кең  қолданысқа  ие  болып  отыр.  Ғалымның  пікірінше 
музыкатерапия  әдістерін  емдік  ықпалы  бойынша  жеті  топқа 
бөлуге болады: 
 
 


17 
 
1. 
Эмоциялық белсенділікке ықпал жасайтын әдістер. 
2. 
Тренингтік әдістер (жиі бихеовиористтік психотерапия 
аясында қолданылады). 
3. 
Босаңсуға ықпалын тигізетін әдістер (оның қолданылу 
аясы өте кең, бүкіл медицинаны қамтиды деп айтуға болады). 
4. 
Коммуникативтік дағдылар. 
5. 
Шығармашылық әдістер. Ол импровизацияның қимыл-
қозғалыс, вокалдық, аспаптық түрлерінен тұрады. 
6. 
Психологиялық әдістер. 
7. 
Сезімталдықты  жетілдіруге  арналған  музыкалық 
тренинг. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет