Қисық мойын (torticollis)-төс-бұғана- емізік бұлшықетінің қысқаруымен немесе мойын омыртқаларының аномалиясына байланысты т.п.б. бастың ақау жағына бұрылып, бекітілген еңкеюі.
Емі: консервативті ем жеңіл дәрежесінде қолданылды. Бастың еңкеюін қарама-қарсы жаққа бекітілуін іске асырады.Ауыр жағдайларда операция көрсетілген-қиылысу немесе төс-бұғана-емізік бұлшықетінің сіңірін ұзарту.
Қосымша мойын қабырғасы мойынның қысқаруын және деформациясын туғызады, бастың қалпын өзгертеді, қантамыр, нервтердің қысылуына әкеледі. Операция жасап қосымша қабырғаларды алып тастайды.
Мойынның ортанғы кисталары және жыланкөздер ductus thyreoglosus қалдығы болып, одан эмбриональды кезеңде қалқанша безінің мойнағы дамиды. Эмбриональды дамудың бұзылысы кистаның және жыланкөздің қалыптасуына әкеледі.

Кисталар қатаң түрде ортанғы
сызықта, тіласты сүйегінің
проекциясында орналасады, осы жерде тығыз дөңгелек, тереңде тіндермен жабысқан түзілім анықталады,жұтынғанда тіласты сүйегімен жылжиды. Кистаның іріңдеуінде жыланкөздер түзіледі.
Емі: хирургиялық-кистаны және жыланкөзді толығымен кесу
Бүйірлік кисталар мен жыланкөздер қалқанша-жұтқыншақ өзегінің қалдығы б.т. Олар көмей мен төс-бұғана-емізік бұлшықетінің арасында орналасады. Фистулографиямен жыланкөздердің қалпын, өлшемін, бағытын анықтайды.