Эмбрионалды жарық (кіндік бауының жарығы).Бұл ақау кезінде іш қабырғасының бөлігі кіндік аймағында ішкі ағзаларды қаптайтын жіңішке мөлдір қабық түрінде көрінеді. Жаңа туған нәрестенің кіндік аймағында кіндік бауға өтетін дөңгелек пішінді, диаметрі 5-10 см және одан артық томпаю анықталады. Ол жылтырақ, мөлдір қабықпен қапталған. Бала айқайлаған кезде томпаю ұлғаяды. Қапшықтың қабырғасы арқылы ішек, бауыр шағылысып көрінуі мүмкін. Емі оперативті – жарықты кесу, ол бала туылуымен алғашқы сағаттарда орындалады, егер кешіксе перитонит дамуы қауіпі бар.

Туа пайда болған пилоростеноз(pylorostenosis congenita). Асқазанның шығар бөлігінің тарылуы, қақпа бұлшықеттерінің гипертрофиясы түріндегі аномалияның дамуымен және олардың иннервациясының бұзылуымен байланысты. Бұл астың өтуіне механикалық кедергі болады.

Клиникалық белгілері:- балалар фантан тәрізді құсады, жүдейді; - асқазан созылады, құсық массасынан жағымсыз иіс шығады; - арық балаларда сол жақ қабырға астынан асқсзанның күшейген перисталтикасын анықтауға болады. Емі оперативті – пилоромиотомия.
Хиршспрунг ауруы,ток ішектің ректосигмоидты бөліміндегі нервтік өрімнің туа бітген жетілмеуінен, оның жоғары жатқан бөлімдерінің кеюімен байланысты. Ішек кеңейіп, ұзарып, оның қабырғасы қалыңдайды, (бұлшықет қабатының гипертрофиясы). Ауру іш қатумен және іштің өлшемінің күрт ұлғаюымен көрінеді. Емі оперативті – тоқ ішек бөлігін резекциялау.
Хиршспрунг ауруы, ток ішектің ректосигмоидты бөліміндегі нервтік өрімнің туа бітген жетілмеуінен, оның жоғары жатқан бөлімдерінің кеюімен байланысты. Ішек кеңейіп, ұзарып, оның қабырғасы қалыңдайды, (бұлшықет қабатының гипертрофиясы). Ауру іш қатумен және іштің өлшемінің күрт ұлғаюымен көрінеді. Емі оперативті – тоқ ішек бөлігін резекциялау.