Өкпелік секвестрация үлесішілік, бронхиальды жүйеден дербес орналасқан өкпе аймағының, ортадан шығатын абберантты артерия арқылы қосымша қандануымен байланысты. Қауіптілігі-секвестрленген аймақтың іріңдеуі.
Өкпелік секвестрацияүлесішілік, бронхиальды жүйеден дербес орналасқан өкпе аймағының, ортадан шығатын абберантты артерия арқылы қосымша қандануымен байланысты. Қауіптілігі-секвестрленген аймақтың іріңдеуі.
Кіндік жыланкөздерісаруыз түтігінің немесе несеп түтігінің бітіспеу салдары. Кіндік жыланкөздері эпителимен қапталған. Саруыз түтігінің бітіспеуі толық болуы мүмкін.Жыланкөздің бөлінісі – ішектің сұйықтығы.Жыланкөздің жартылай облитерациялануы кезінде ішектің жыланкөз арқылы сыртқы ортамен қатынасы болмайды, мықын ішектің дивертикул түрінде (меккел дивертикулы) томпаюы анықталады. Несептік түтіктің толық бітіспеуі, қызмет атқарушы қуықты – кіндік жыланкөзбен, жартылай бітуі – несеп қуығының дивертикулы түзілуімен көрінеді.
Диагнозды анықтау үшін фистулографияны орындайды: контрасттық заттың ішекке немесе несеп қуыққа енуі, кіндік жыланкөзінің шығу тегін анықтауға мүмкіндік береді. Меккел дивертикулы, қабынулық асқынудың (дивертикулиттің) немесе ішек түйілуінің дамуымен көрінуі мүмкін. Емі хирургиялық – дивертикулды алып тастау.