Бұл кезеңде жүректің, бүйректің қалыпты қызметі нашарлайды, соңғы сатыларда миға қан құйылу (инсульт), жүрек «инфаркт», жүрек ентікпесі және жүрек қыспасына (стенокардияға) әкеліп соқтырады. Жүректің бұлшық еттерін әлсіретеді, оның жұмысын тежейді. Арты миға қан құйылуға, соқырлыққа, бауырдың нашарлауына ұласады. Сондай-ақ дер кезінде емдемесе, екі аяқ ісіп, жүректің сол жақ құлақшасы әлсізденеді.
Осындай асқынулардың алдын алу үшін дәрігерге дер кезіңде қаралып, диспансерлік есепке тұруы қажет. Сонымен қатар дәрі-дәрмектерді мезгілімен пайдаланып, уақытында тамақтануды, үй тұрмысында және жұмысында эмоциялық күйзеліске жол бермеуді ұмытпаған жөн. Соңғы 2-3 жылда қан қысымы, әсіресе, ми инсульті, яғни миға қан құйылып кетуі жиі кездесіп жүр.